Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



жүктеу 3.35 Mb.
бет10/18
Дата26.08.2018
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Қайнату – қайнаған суға бұзылмайтын заттарды заласыздандырудың қарапайым, қолайлы және сенімді тәсілі. Ол ыдыстарды, түкіргішті, дәретке отыратын орынды, іш киімдерді, орамалдарды, халаттарды, тамақтардың қалдықтарын залалсыздандыруға қолданылады.

Көптеген бактериялар қайнаған суда сол сәтте – ақ немесе 2 - 5 минутта өледі. Кейбір вирустар (гепатит В,С), сібір жарасы спорлары (ұрықтары) 60 минуттан кейін өледі, сіреспе, делбе ауруларының спорлары 3 сағаттан кейін, ал ботулизм (тамақтан уланатын ауыр ауру) спорлары - 6 сағаттан кейін өледі. Қайнаған суға 2% - дық ас содасы ерітіндісін немесе сабын қосса оның залаласыздандыру әрекеті күшейеді.

Жоғары температурада қыздыру барлық микроорганизмдерді, соның ішінде олардың спорларын да өлтіреді. Бұған денеге жіберілетін металл заттарды (уколдың инесі) газ отына залалсыздандыру, спиртке матырылған ыстық тампон (тығын) жатады. Шылапшындарды, темір заттар­ды (қайшылар, тістеуіктер, қысқыштар және т. б.) осылай залалсыздандыруға болады.

От құнды емес зақымдалған заттарды: макулатура, қоқыс, шүберектер, дәкілер т.б. өртеу үшін пайдаланылады.

Физикалық әдіс пен құралдар дезинфекцияның қарапайым және ең оңай тәсілі болып табылады. Олардың санатына күн сәулесі мен ультра күлгін сәулесімен емделу, қоқыс пен құндылығы жоқ заттарды өртеу, ыстық су бүрку жатады. Ультракүлгін сәуле (УКС) үлкен бактерицидтік қабілетке ие. Ультракүлгін шамдарды жағу кесте бойынша қатаң жүргізілуі тиіс, оны үйде барлығы білуі керек, өйткені ультракүлгін сәулелер ауруға соқтыруы мүмкін - көздің тез қарығуы, терінің күюі. Шамның жарығы төбеге немесе қабырғаға бағытталады.

Күн сәулесі жақсы залалсыздандырады, бұл оның спектрінің ультра күлгін бөлігіне байланысты.



Залалсыздандырудың химиялық әдістері ауруды күту кезінде бас­ты залалсыздандыру тәсілі болып табылады.

Хлор әгі хлор өткір иісі бар, ақ кристалды ұнтақ. Хлор әгімен залал­сыздандыру хлордың бөлінуіне негізделген. Хлор әгі ішек аурулары, ауа инфекциялары, зооноздар (малдардан жұғатын аурулар), сіреспе ауруларында қолданылады.

Кальций хлориді тұзының үштен екісі — препарат, хлорлы әкке ұқсас, бірақ құрамында 50% дейін активті хлор бар. Ұзақ сақталына алады (2-3 жыл). Хлорлы әк сияқты, 0,1% - 15% концентрациясы сәулелену ерітіндісі түрінде қолданылады.

Хлорамин (БХБ) – хлордың әлсіз исі бар ақ немесе сәл сарғыш ұнтақ. Құрамында 30% дейін белсенді хлор бар. Өзінің белсенділігін 30% дейін төмендетпей жылдар бойы сақтала алады. Хлорлы әктен айырмасы хлора­мин маталардың бояуларын бүлдірмейді. 0,2% - 10% концентрациялы ерітіндісі қолды, щеткаларды, асхана ыдыс – аяқтарын және басқаларды за­лалсыздандыру үшін қолданылады.

Төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен және жыл­дам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған және бұзылған ошағы ретінде және соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар:



  • сумен жабдықтау және құбыр жүйесі;

  • азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру және сауда объектілері;

  • коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары;

  • балалардың мектепке дейінгі мекемелері және мектептер;

  • зардап шеккен және зардап шекпеген тұрғын үй қорлары;

  • зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері;

  • көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары;

Эпидемиологиялық ошақтан орын ауыстыру кезінде анықталған жұқпалы ауруды жұқтырушыларды қалған зардап шегушілерден оқшаулайды. Қауіпті аймақтан аурулар мен саулардың бірігіп көшірілуі олардыі өміріне сыртқы қауіп төніп ұурған (өрт, су тасқыны және басқалар) кезде ғана жүзеге асады. Ауруларды сараптау уақытша ашылған немесе стационарлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.

Көшірудің барлық кезеңінде жұқпалы аурумен ауырғандарды екі топқа бөледі.



Бірінші топқа – байланысы жоқ (жұқпалы емес) немесе бурцеллез, туляремия, менингококты ауру сияқты шағын байланыстағы, кейбір түрлері геморрагиялық безгек, ботулизм және басқа жұқпалы аурулар.

Екінші топқа – аурулары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар, байланысы бар (жұқпалы) және өте тез жұғатын – оба, сібір жарасы, іш ауруы, тырысқақ, вирусты гепатит, қызамық, қызылша, Ласса безгегі, Эбола безгегі, Марбург ауруы және тағы сондайлар.

Дәрігерлік көмек алып жатқан басқа зардап шегушілерден бөліп, екі топтың да ауруларын жеке орналастырады және емдейді. Дала жағдайларында оларға арнап шатырлардан лагерь жасалады, ол ТЖ жағдайларын жою үшін тартылған адамдардың және басқа зардап шегушілердің лагерлерінен арақашықтығы қауіпсіз жерге орналасады.

Апат ауданындағы алдыңғы кезектегі шаралардың бірі – тереңдетілген санитарлық – эпидемологиялық барлау болып табылады. Апат ауда­нындағы санитарлық – эпидемологиялық іздестіру – кұтқару қызметі улы зат­тармен және патогенді микробтармен, ауыз суымен, азық – түлік тағамдарымен, сыртқы орта объектілерімен және зардап шеккен халықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, зақымданған адамдарды дер кезінде анықтау мақсатында қадағалау және зертханалық бақылау ұйымдастырады.

Нақты шараларға байланысты апат болған ауданда зертханалық ба­қылау мен желілік бақылау міндеттері белгіленеді.

Жергілікті жердің радиоактивті зақымдануы кезінде:


  • жергілікті жердегі радиация деңгейін анықтау;

  • ауыз суының ластануын, азық – түлік тамақтарының, мал және өсімдік тағамдарының радиоактивтілігін анықтау;

  • радиациялық қорғау шараларын негіздеу мақсатында сыртқы орта объектілері мен жергілікті жердің радиоактивті зақымдануының адамдар үшін қауіптілігін бағалау;

  • азық – түлік тағамдарына, шикізат пен ауыз суына оларды пайдалану мен ішуте жарамды екендіктері туралы тұжырым жасауға сараптама өткізу.


Дератизация – әдістері, құралдары. Дератизация – жұқпалы аурулардың көзі болып табылатын (оба, ту­ляремия және басқа) кеміргіштерді құрту. Дератизация жасау үшін биоло­гиялық, химиялық және механикалық әдістер қолданылады.

Биологиялық әдіс хайуанаттар (мысық, ит және т.б.) мен бактериалды мәдениетке пайдалануға негізделген.

Механикалық әдісте әр түрлі аулар және қысқыштар қолданылады.

Жетекші әдіс химиялық әдіс болып табылады. Зооқумарин, ратиндан, мырыш фосфады және жейтін жемдеріне қосып беретін тышқан дәрісі кеңінен қолданылады. Жер асты коммуникациялық ғимараттарда дератизация кезінде газ тәрізді заттар қолданылады – нілдеткіш қышқыл, бромды метил, күкіртті газ және басқалар

Кеміргіштерді жою үшін ұсынылатын химиялық зат.

Зоокумарин – өзіне тән исі бар ақ немесе сұрғылт ұнтақ. Сақталуы тұрақты. Суға ерімейді. Ацетонда жақсы ериді, спиртте жаман, эфирде нашар ериді. Әрекеттің созылуы 7 – 15 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Ратиндан – көгілдір не басқа түсті (бояғыш затқа байланысты) түссіз ұнтақ. Сақталуы тұрақты, суға ерімейді. Органикалық еріткіштерде ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 5 – 8 тәулік. Қан тамырларның өткізгіш қасиеттерін бұзып, қан кетуіне апарады.

Мырыш фосфады – сарымсақтың иісі бар қою – сұрғылт ұнтақ. Сакқтау кезінде фосфорлы сутек бөле отырып біртіндеп ыдырайды. Суда ерімейді қышқылда тез ыдырайды. Әрекет етуінің ұзақтығы 2 – 3 тәулік.

Монофторин – күлгін түсті кристалл, сақталуы тұрақты. Спиртте, ацетонда ериді, ыстық суда нашар ериді. Әрекет етуінің ұзақтығы 1 тәулік.

Өлген кеміргіштердің сүйегін мүмкіндігінше жинап, залалсыздандырып барып көмеді. Егер кеміргіштер өте қауіпті жұқпалы ауруларды тасушылар болып табылса, онда олардың сүйектерін тездетіп өртеу керек. Эпидемологиялық ошақта жұмыс істеу және өте қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын аурулармен байланыста болу кезінде қорғану костюмдерін кию керек.



Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.

  2. Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.

  3. Эпизоотия, Эпифитотия.

  4. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.



Дәріс №8. Өртке қарсы шаралар
Жалпы сұрақтар

  1. Өрт қауіпсіздік ережелері.

  2. Өртті болдырмау шаралары.


Өрт қауіпсіздік ережелері. Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.

Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі. Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.

Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.

Нысанның өрт қауіпсіздігі регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.

Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.

Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.

Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.

Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.

Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.

Өрт - бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. ТЖ-ның кез келген көзі секілді өрттің де зақымдаушы факторлары бар. Олар: түтін, уытты газдар, жоғары температура, конструкциялардың қирауы, тоқпен зақымдану.

Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті. Өндірістегі мекемелерде, оқу орындарында, т.б. нысандарда жиі кездесетін өрт – жарылыстың себептері әр түрлі. Олар өндірісті орналастыруға, ережеге сай пайдалануға, техникалық тәртіпті сақтауға байланысты. Жанудың алдын алу үшін, ең алдымен оның сипаттамасы мен түрлерін таныстырып өтейік.

Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі. Өрт барлық жерлерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.

Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей қалған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұтанады. Өрттің біразы адамның кінасынан, найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жанынан, басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы) күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызған болады. Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі.

Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін затттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгертілуі мүмкін.

Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу (техникамен немесе жарылыспен), алдыңғы жағын өртеу (күйдіру), ыстық шоқты сумен немесе химиялық затпен сөндіру (оның ішінде ұшақпен) және басқалар.

Практика өрттің шығуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуі онымен күрестен гөрі оңай және арзан екендігін көрсетеді.

Өрттен сақтандыру – оны ескертуге, өрттен болатын залалды болдырмау және оны табысты сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені

Әр бір тосын жағдайда шақыратын-101 өрт қызметі телефонын білуге тиіс. Егер лифтінің ішінде қалсаңыз еш уақытта абдырамаңыз, өйткені арнайы тежегіштер (ұстаушы) жүйесінің арасында лифтінің шахтаға құлауы мүмкін емес. Лифтінің кез – келген жылдамдығында ол автоматты түрде жұмыс істейді.

Лифтіні тек өрт кезінде ғана емес, тіпті подъезде түтін болса, жақын жерде қоқыс иістенсе пайдалану да аса жағымсыз. Мұндай жағдайда лифт шахтасы сорғыш құбыр ретінде жұмыс істейді. Тіпті от аймағына түспей-ақ жанған азық – түлікпен уланып қалуға болады.



Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі. Жыл сайын өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады.
Жеке меншік үйлердегі техногендік себептермен (эл. жабдықтар, пештер) болатын өрттер, негізінен, 20 жыл бұрын тұрғызылған ескі құрылыстарда болатындығын есепке алу керек. Мұндай үйлердің иелерінің көп жағдайда жылу жүйелері мен эл. жабдықтарын жарамды қалыпта ұстауға материалдық жағдайлары жоқ.

ШҚО ТЖД тұрғын үйлерде болатын өрттер көбінесе отпен абайсыз болу, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде шылым шегуде абайламау және т.б. себептерден болатынын еске салады.  Отпен абай болыңыз, өрттердің алдын алыңыз.

Халық тығыз орналасқан орындарда өрт болса, адамдар жаппай қаза табады. Өрттің негізгі себептері: электр торабындағы бұзылулар, газдың шығуы, тоққа қосылып тұрған электр құралдарының жануы, сөндірілмеген шырпылар мен темекі қалдықтары, отқа бейқам, бейберекет қарау, өрт қауіпсіздігін сақтамау.

Халық баршаға белгілі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау керек.



Өртті болдырмау шаралары. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.



Орманда жүргенде есіңізде болсын:

  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Ескерту шаралары: Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.
Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу

Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.

Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек:


  • үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу;

  • аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;

  • бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;

  • баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау;

  • электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;

  • бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға , электр желісңн өте көп жүктемеу;

  • шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда қауіпсіздікті сақтау;

  • өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.

Өрт кезінде адамдарға ауаның жоғары температурасы, түтін, көміртек оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда адамдарды құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек:

  • жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу;

  • түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа әсерінен жалынның өрщуінен сақтану;

  • түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру;

  • жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу;

  • жерге домалап, отты сөндіру, жүгіруге болмайды; өртті сөндіргенде өрт сөндіргіш құралдарды, өрт крандарын, су, құм, топырақ және т.б.заттарды пайдалану;

  • электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;

  • егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу;

  • жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау кезінде негізгілермен қоса, қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

    1. Өртті болдырмау шаралары

    2. Тұрмыстағы өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу

    3. Өрт кезіндегі іс әрекет



Дәріс №9 Тұрғындарды қорғау
Жалпы сұрақтар

  1. Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері.

  2. Инжененрлік шаралар.

  3. Тұрғындарды эвакуациялау.


Тұрғындарды қорғау бойынша шаралар өткізу кезеңдері. Негізгі принцптері. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылатын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары біздің республикамызда ең басты мақсат болып табылады.

Халықты қорғау қағидасы – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР Үкіметі белгілеген ереже.

Халықты бейбіт уақыттағы төтенше жағдайдан және осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, қорғаудың негізгі үш тәсілі арқылығ, кешенді шараларды өткізумен іске асырылады:


  • Қорғаныс ғимараттарына адамдарды жасыру;

  • Тұрғындарды көшіру мен бытыраңқы орналастыру;

  • Халықтың өзін - өзі қорғау құралдары мен қамтамасыз ету.

Халықты қорғаныс ғимараттарына жасыру халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылының қауіпі туған жағдайда қорғанудың негізгі және ең сенімді әдісі. Қорғаныс ғимараттары – бұл панахана, радиациядан қорғау орындары және қарапайым панаханалар. Халықты панаханаға жасыру арқылы қорғаудың ең басты жолы – қорғаныс ғимараттарын әрдайым дайын ұстау. АҚ дабылы болғанда халықты тезірек панаханаларға кіруге оқыту. Сондай – ақ, ТЖ болғанда панаханалар мен радиациядан қорғайтын орындарды басқару пунктері ретінде де қолдана алады.

Халықты көшіру, әсіресе бейбіт уақытта болғанда ТЖ-ға сонымен қатар, соғыс уақытында қала тұрғындарын осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғауға тән. Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттар мен бактериалды құралдардың ағзаға, теріге және киімге түсіп кетуінен қорғауға арналған.

Олар төмендегідей бөлінеді:


  • Тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ауаны сүзетін және ауаны кіргізбейтін газқағарлар, респираторлар, шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ – 1) және мақта мата таңғышы);

  • Теріні қорғау құралдары (арнайы оқшаулап қорғайтын киім)

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану – халықты қорғаудағы басты шаралардың бірі.

Халықты қорғау Республикамыздағы АҚ – ның басты міндеті, себебі адамдар – ең жоғары құндылық болып табылады, сондықтан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ алдын алу мен іс – қимылдар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты.


Инжененрлік шаралар. Тұрғындарды эвакуациялау.

Халықты инженерлік қорғау шаралары: алдын ала бүкіл республика аумағында; экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларымен бірге; жеке жүргізіледі. Панахана АҚ топтарына жатқызылған қалаларда және аса қажетті нысандарда тұрғызылады. Радиациядан қорғайтын панаханалар – қала сыртында (қауіпсіз аймақта) салынады. Халық қорғаныс ғимараттарын дұрыс пайдалануға үйрену қажет, халыққа хабарлау жүйесі АҚ дабылы мен ТЖ қауіпі пайда болу кезіндегі іс-әрекетті беру жөніндегі ақпаратты беруге тұрақты даярлықта болуы тиіс.

Қорғаныс ғимараттары - бұл инжерелік ғимараттар, ол халықтың радиоактивтік, химиялық, бактериалдық және жарылғыш заттармен зақымдануын төмендетуге арналған.

Эвакуация - адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.

Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.

Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.



Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет