Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



жүктеу 3.35 Mb.
бет15/18
Дата26.08.2018
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Беттің - жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы жара айналасының жырылуымен, қан кетумен, аурумен, ауызды ашу, сөйлеу, дем алу қызметінің бұзылуымен қоса жүреді. Жұмсақ ұлпалардың жарақаты ауру салдарынан естен танумен, қан кетумен асқынып кетуі мүмкін.

Алгашқы көмек. Қысып тұратын таңғыш тану, жергілікті суық қою. Қан кеткен жағдайда ірі артерияны саусақпен басу арқылы қанды тоқтату керек.

Көздің зақымдануы. алғашқы көмек. Көздің соғылуы екі түрлі болады: 1 – тікелей. Бұл жағдайда жарақаттаушы заттың көзге тікелей тиюі. 2 – жанама. Бұл жағдайда дененің және бет сүйегінің зақымдануынан орын алады. Көз соғылуының белгілері: ауыру, қабақтың ісуі, көру өткірлігінің төмендеуі. Алгашқы көмек. Таңғыш тану.

Қабақтың зақымдануы кесетін немесе үшкір заттардың кіруінен, өтпейтін заттың тиюінен орын алады. Жарақаттанудың белгілері: әр түрлі көлемдегі жарақаттар, қабақтан қан ағу, icy, қабақ түсінің өзгеруі. Алгашқы көмек 1% зеленка ерітіндісімен тазалау, таңғыш таңу.

Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы. Іш қуысында өмірге аса қажетті ағзалар орналасқандықтан, бұл аумақтың зақымдануы өлімге алып келуі мүмкін. Бауырмен көкбауырдан зақымдалу кезінде қатты қан кетеді және жеңіл жарақатталады.

Іш қуысы жарақатының белгілері мен симптомдары:

  • қатты ауыру, іштің ауыруы немесе жаншылу әсері;

  • көгеру;

  • құсу (кейде қан құсу немесе қара түсті), әлсіздік;

  • үлкен дәретіндегі қан (үлкен дәреті қара түсті).

Іш қуысынан қан кету ішкі және сыртқы болуы мүмкін. қан көрінбеген жағдайда да ішкі ағза жарақаттанса, ішкі қан кетудің болуын елемеуге болмайды. Ішкі қан кету естен тануға алып келеді.

Іштің жарақаты өте қатты ауырады. Оған қоса іш қуысына қанның немесе бөгде заттың түсуі аса қатты зардаптарға алып келеді.

Іш қуысының соғылуы тікелей жарақаттың салдарынан болады. Іш қабырғасы сырылу, гематома болуы мүмкін.

Іштің жабық зақымдануы қарын ішілік қан кетумен қоса жүреді. Іштен айтарлықтай күшпен ұрғанда, көлік басып кеткенде және биіктен құлаған кезде орын алады. Қан кету көзі жыртылған көкбауыр, бауыр, жіңішке және жуан ішектің қан тамырлары болып табылады. Зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда болады, мұндай жағдайда дененің басқа бөліктері де жарақаттанады. Егер зардап шеккен адам ес – түсін білетін болса, басының айналғанына, шағымданып, денесін суық тер басады. Тігінен тұрған кезде басы айналады. Тамыр соғысы жиілеп ентігеді.

Іштің жабық зақымдануы ағзалардың жарылуымен қоса жүреді. Ең жиі жағдайда жіңішке ішек, одан кейін жуан ішек, асқазан және қуық зақымданады. Ішек – қарын ішіндегі заттың іш қуысына ағуы іштің қатты ауыруына («қанжар сұққандай») алып келеді. Зардап шеккен адам бозарып, әрбір қимылы қатты ауыртпалық тудырады. Іші қатты ауырып, тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді.

Алғашқы көмек. Бұл жағдайда ең дұрыс көмек – жарақатын дер кезінде анықтап, зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу керек. Егер іштей қан кету болса, ішіне суық басу керек. Наркотикалық анальгетик егуге болмайды. Қуыс ағзаның жарылуы және қатты ауыру кезінде 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Қолдың зақымдануы – шығу, сыну. Иықтың шығуы қолын созып немесе артына қайырып құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның қолы бір жағына қарай шығып кетеді. Қолын түсіру қиынға түседі, ауыру тудырады. Шыққан иық сау иыққа қарағанда ұзарып тұрады.

Алғашқы көмек. Әдетте зардап шеккен адамдар қолының ауруы басылатындай қалыпты өздері тауып алады. Жарақат алған қолын сау қолымен көтеріп ұстап тұрады. Қолын күшпен түсіруге тырыспау керек. Таңу кезінде қолтығының астына мақта – дәке орамын қойып, қолын

денесіне таңып тастау керек.

Қолының басы мен білегін орамалға асып қою керек. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек. Сыну әрқашан айқын бола бермейді.

Қолдың иық сүйектерінің сынуы. Зақымдану шынтағымен, иығымен құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның иығы шыдатпай ауырады. Шынтағынан денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұру. Иықтың көлемі өзгеріп, қатты ауырады, ақырын сипап көргенде және қозғалтқанда сынған сүйектің дыбысы естіледі.

Алғашқы көмек. Қолын орамалға асып қою, қатты ауырса, денесіне таңып тастау. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Иықтың ортаңғы бөлігінің сынуы тік құламаған жағдайда (шынтақпен құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ тікелей жарақат алғаңда (иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка тән сипаттар: иықтың қысқаруы мен деформациялануы, сынған жердің қалыпсыз қозғалуы, сүйек сынықтарының қытырлауы.



Алгашкы көмек Таңғыш қалақ салу, сынықты таңып тастау. Таңғыш қалақты сау жауырыннан бастап саусағына дейін салу керек. Қолды шынтақ буынында тік бұрыш қылып бүгу. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.

Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну. Жамбастың шығуы апат кезіңдегі қатты күш әсер еткенде, зардап шегуші авто көліктен тыс болған жағдайда немесе биіктен құлаған кезде оралады. Ұршық буыныңда қатты ауру пайда болады, толығымен қозғалмай, аяқ көтеруге жарамай қалады. Тізе сау аяққа қарай ішке шамалы бұрылған, сау аяқтан сыртқары бұрылу жиі болмайды. Зардап шегуші арқасымен немесе сау қырымен жатады.

Алғашқы көмек. Зардап шегушіні зембілге арқасымен жатқызу керек. Аяқты астына жастық пен киім төсеу арқылы таңып тастау, бірақ аяқтың қалыбын бұзбау керек.

Бұл жағдайда әдеттегі таңғыш қалақтарды пайдалану мүмкін емес. Аяғын күшпен түзеу немесе бұрау жамбас мойнының сынуына алып келеді. Ауруды басатын дәрілерді егу ұсынылады.



Жамбастың сынуы. Қарт адамдардың жамбас мойынының сынуы болмашы жарақаттан (бойынан үлкен биіктіктен құлаған кезде) болуы мүмкін; жастарда автокөлік басып кеткенде, биіктіктен құлаған кезде орын алады. Осылар жамбас сүйегінің сынуына себеп болады. Зардап шеккен адамның ұршық буыны қатты ауырады, аяғы сыртқа қайрылған, ісік жылдам пайда болады. Жамбасы қысқаруы мүмкін, қимылы бұзылып, сынған сүйектің сықырлауы мүмкін.

Алгашқы көмек Ауруды басатын дәрі егу керек. Дитерихс таңғыш қалағын немесе ол болмаған жағдайда екі таңғыш қалақ тану керек: ұзынын – қолтықтың астынан сыртқы тобыққа дейін, ал кішісін – шатынан бастап ішкі тобыққа дейін тану керек. Аяқ ұшы 90% жағдайында орналасуы керек.

Тізе сүйегінің зақымдануы. Зақымданудың себебі – сирақтың тік тұрып, кенеттен бұрылуы. Зардап шегушінің аяғы тізе тұсында 120-130° бұрышпен бүгілген, тізені бүтуге немесе жазуға талпынған кезде серіппе тәрізді кедергі пайда болады.

Алгашқы көмек. Зардап шегушіні арқасымен жатқызып, тізе буынының астына жұмсақ жастықша қою керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Зақымданған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету

  2. Адам жарақаттанғанда өзіне өзі көмек көрсету ережелері


2 Тәжірбиелік сабақтар
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №1 Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі. Жара кезіндегі асқыну
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік. Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету); Зардап кезеңдерін анықтау. Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру; Талаптарға сай көмек көрсету
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік

Ядролык қарудың зақымдаушы факторлары өр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерішң күшпен зақымдануына әкеп соғады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы жөне т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған жөне таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлык жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) жөне терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде, бет және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін. Жаралаушы кұрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:


  • кесілген (пышақпен, алмаспен, өйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану — жара шеті ажырап, катты қанайды);

  • шабылған (балтамен сүйектер зақымдануы мүмкін);

  • шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен, кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ыктимал);

  • соғылған жара, оқ тиген жара және т.б.

Кейбір жағдайларда, мысалы ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тас-тар, кірпіш, ағаш бұтақтары жөне т.б.)әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір закымдануымен, канның аз кетуімен сипатталады.

Жаралар ок тиген (оқтық, жарықшақтық жөне т.б.), тесіп өткен (ок немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (ок немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жат текті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі кан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) кабаттасып келеді.

Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету жөне баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Жара туралы түсінік, олардың жіктелуі.

  2. Жаралаушы кұралдың түріне және тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың түрлері

  3. Жара кезіндегі асқыну



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №2 Жара кезіндегі кезек күттірмейтін алғашқы медициналық көмек
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары

Алғашқы медициналық көмек көрсету:



  • Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

  • Зардап кезеңдерін анықтау;

  • Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

  • Талаптарға сай көмек көрсету.


Көп таралған зақымданулар және алғашқы көмек көрсету.

Травматикалық шок: Көбінесе травма немесе күйіктен болады.



Керек:

  • Зардап шеккен адамды арқасымен жатқазып, құсқан кезде басын жанына қарату;

  • жүрегі соғып тұрғандығын тексеру керек. Егер соғып тұрса – реанимацияны бастау қажет.

  • қан кетуді тез арада тоқтатып, сынған жерлерді қауіпсіздендіру.

  • ауруды бәсеңдететін таблетка дәрі. Егер жоқ болса, 50-70г. ішімдік беру қажет.

Болмайды:

  • қатты зардап шегушіні таңусыз орнын ауыстыруға;

  • күйіктен кейін жабысып қалған киімін шешуге;

  • іші ауырған кезде су беруге.


Қатты қан кету

Керек:

  • зақымданған тамырды қолмен қысу;

  • зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;

  • қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.



Естен танып қалу

Керек:

  • зардап шегушіні арқасымен жатқызу, жағасын, белін босату (шешу);

  • қолын, арқасын, кеудесін спиртпен, арақпен, одекалонмен сүрту;

  • ыстық суға батырылған матаны маңдайына қою, нашатыр спиртін иіскету.


Болмайды:

  • ауыстыруға, көтеруге, отырғызуға, басын салқын матамен орауға.




Аяқ-қол саусақтарының сынуы

Керек:

  • таяқ, қамыс бөлігін қойып, орап тастау;

  • сынған қолды немесе аяқты жоғары көтері тастау;

  • салқын компресс қою, ауруды бәсеңдететің таблетка беру.




Болмайды:

  • сынған сүйекті дұрыстаймын деп тырысуға;

  • сүйек шығып тұрған жерге таяқшалар қоюға;

  • керек емес жағдайда киімін және аяқ киімін шешуге.


Жүректің қатты ауыруы

Керек:

  • отыру немесе жату, валидол немесе интроглицерин таблеткасын тілдің астына қою.


Болмайды:

дене қозғалысын қажет ететін жұмыстарды істеуге, дәрі қабылдамастан ауруды жеңуге тырысуға.



Іштің қатты ауыруы

Керек:

  • жату, ішке салқын нәрсе қою.


Болмайды:

  • ішке жылы нәрсе қоюға, клизма жасауға, су ішуге, ауруды қойғызатын шараларды қолдануға.

Бастың қатты ауыруы

Керек:

Болмайды:

  • басты жылы орауға, наркотик, седуксен, эленциум және т.б. транквилизаторларды қыбылдыуға.

Жара

Керек:

  • жараның жан-жағын иодпен немесе спиртпен сүрту, стерильді таңғыш қою, зақымданған аяқ-қол сүйектерін байқау.


Болмайды:

  • қолмен жарақатты сүйеуге, жарақаттағы ұқыпты байланған шүберекті қозғауға.

Тынысты тоқтатуға:

Керек:

  • жарақаттанушының басын артқа шалқайту;

  • төменгі иектерді саусақтармен тарту;

  • жарақаттанушының аузына терең дем жіберу және шығару

  • минутына 12-14 рет терең дем шығарып тұру.


Жүрекке сырттан массаж жасау:

Керек:

  • жараққаттанушыны арқамен сүйеу;

  • жарақаттанушының кеудесіне алақаныңды айқастыра қою;

  • кеудеге 3-4см төменірек 3-4 ретмикалық серпіліс жасау;

  • әр 15-30 секунд сайын жарақаттанушының аузына дем жіберу;

  • массажды минутына 50-60 ритімде жалғастыру;

  • жарақаттанушы өз-өзіне келгенше массажды тоқтатпау.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

    1. Зардап шеккен адамды алып шығу (үйіндіден, газға уланған жердан) және зардап шегушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайды болдырмау (шок, асфиксия, қан кету);

    2. Зардап шегушіні медициналақ көмек көрсетуге ыңғайлы жерге көшіру;

    3. Басқа қандай таңғыш таққан ыңғайлы?

    4. Қолға қандай типті таңғыш салады?

    5. Аяққа қандай типті таңғыш қолданылады?

    6. Қан тоқтату қаншаға бөлінеді?



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №3 Сүйек сыну туралы түсінік және олардың белгілері. Сыну түрлері, олардың асқынуы. Травмалық шок, профилактика
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Cүйектің сынуы, жарақаттан уыттану,соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Сүйектің сынуы туралы түсінік және олардың белгілері. Шоктың пайда болу себептері жөне оның ауырлық кезеңдері
Сүйек тұтастығының бұзылуы — сыну деп аталады. Бұл механикалық күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары. Егер сынық екі жарықшақты болса, онда ол:

  • Жабық (терінің закымдануынсыз);

  • толық (сүйектің бүкіл тұтастығының бөлігі бұзылуы), толық емес (сүйек шыбығының белгілі бір бөлігі бұзылуы)
    болып бөлінеді.

Закымданған сүйектің өзінде едәуір өзгерістер болуымен бірге, оның айналасындағы жұмсақ тіндер де (тері, бұлшық ет, буын жүйке) өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Сынық белгілері:

  • сынған жердің катты ауруы (шұғыл, сол жердің ауруы), аяқ-кол функцияларының бұзылуы — толық сыну кезінде анық, ал толы емес сыну кезінде және шаншылған немесе аяқ-қол сүйегінің бірі сынуы кезінде онша білінбейді;

  • аяқ-қол сүйектерінің қысқаруы (тексеру немесе өлшеу кезінде), аяқ-қол сүйектері формасының өзгеруі (деформация-майысу);

  • зақымданған жердегі қалыпсыз козғалыстың болуы (сипалап көру кезінде), кейде сықырлау немесе сүйек сықырлауы (сынықтардың қажалуы — қолмен сезуге немесе естуге болады), кейде дене қызуының көтерілуі (алғашқы күндері —38°С-қа дейін);

  • бас сүйегі, қабырға, омыртқа мен жамбас сүйектері сынған кезде бас пен омыртқа кемігі, өкпе, қуық, тік ішек және басқаларының закымдану белгілері айқындалады.

Сынық түрлері мен олардың асқынулары

Толық сынық түрлері:



  • көлденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);

  • қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең (аяқ-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);

  • бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығына параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында, бұранда тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);

  • аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді,Ш—тәрізді) сызығы.

  • шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді.

Сүйек тұтастығының бұзылуы саны бойынша жекеленген және көптеген, жарықшақты болады (сүйектің үш және одан да көп сынуы, көбінесе ок тиген жараларда).

Сыну кезінде сүйек сынықтарының орны ауысуы мүмкін (бұлшық еттің жиырылуы сүйек сынығына жабысып тұрған) инфекцияның дамуы (жұмсақ тіндердің іріңдеуі, зақымданған сүйекте іріңді некротикалық процестің дамуы —оқ тиген жара остеомиелиті).

Балаларда ерекше сынықтар жиі байқалады — мертігулер сүйек дөңесі бетіндегі сынық, сүйек асты-үсті аз жылжуы, эпифизиолиздер, сүйек ұштарындағы сүйектенбеген эпифизарлы шеміршек аумағындағы сынық.

Сынық кезінде зардап шегушіні толық тыныш қалыпқа келтіру керек. Бұл шоктың пайда болу себептерін азайтады, жұмсақ тіндер мен тамырлардың сүйек сынықтарымен зақымдануының алдын алу кажет. Егер сынықтар ашық болса, онда алдымен қан кетуді тоқтатып, жараға таңғыш салады. Киім мен аяқ киім шешіледі немесе тігісінен сөгіледі. Жарақаттық уыттану туралы түсінік (жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы) және оның белгілері

Жұмсақ тіндер көбінесе (аяқ-қолдың) киратылған ғимараттар, кұрылыстар, шахталардағы опырылған тау жыныстарының сынықтарымен шаншылып калуы мүмкін.

Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері

Шок—ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну жөне рефлекторлык тітіркендіргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталық нерв жүйесінін жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады. Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсақ тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және кеуде қуысы мүшелерінің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байкалады. Оның себептері: салқындау, едәуір көлемде қан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.

Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) — козу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте қысқа уакытқа созылып, екінші фазаға ауысады — самарқаулык, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық қан қысымы төмендейді,мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен танбауы да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды немесе реакциясы өте әлсіз болады.

Жарақаттық шок белгілері:



  • қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды);

  • терінің жамылғыш қабаттарының бозару, қарашықтың үлкейіп, көздің шүдірейіп кетуі, әлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;

  • тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс
    болмауы, дене температурасының (32—30°С-қа дейін) және
    артериялық қан қысымының төмендеуі, аурудың бет-әлпетінің қозғалыссыз қалуы, кейде
    шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінің болуы.

Шок құбылысының даму мерзіміне сәйкес оның алғашқы немесе ерте (жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш (2—6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және аскынған (қан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға бөлуге болады: қозу (кысқа мерзімді және тұрақсыз) және сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).

Жарақаттық шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:

  • жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына—90—110. Жоғарғы артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы;

  • орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде
    мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы
    минутына —110—130 рет. Артериялық қысымы 70—85 мм
    сынап бағанасы;

  • ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр
    соғысы минутына — 130—160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз,
    сезілмейді. Артериялық қысымы 60—70 мм сынап бағанасы
    және одан төмен;

  • ақтық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет