Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



жүктеу 3.35 Mb.
бет17/18
Дата26.08.2018
өлшемі3.35 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Радиоактивтілік дегеніміз не?

  2. Жеке және медициналық қорғаныс құралдары

  3. Қобдиша ұялары бойынша медициналық құралдардың орналасуы

Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №7 Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек. Санитарлық өңдеу жүргізу ережелері.

Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Радиация ұшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор. 
8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № 1 радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық құралдарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді. 

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді. 


Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. 
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады. 
2 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады. 
III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді. 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды. 


Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс. 
Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий - 50г.) береді; ацорбент радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет. 
Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағынан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дезактивация кезінде -киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс құралдарынан; РЗ түседі санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мөн көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды жабады.

Бақылау сұрақтары

  1. Ионизирлік сәулеленуді қандай құралдармен өлшейді?

  2. Ионизирлік сәулеленудің түрлерін және олардың негізгі функциялардың сипаттамасын атандар.

  3. сәулеленуден қорғаудың тәсілдері қандай?


Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №8 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Су басу зонасын анықтау. Су басу кезіндегі халықтың іс - әрекеті.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Егер сіздің ауданыңыз су басудан жиі зардап шегетін болса, су басуы мүмкін аумақтың шекарасын сондай – ақ, сирек су басатын, тез жететін және тұратын жерден алыс емес жерлер мен қыраттарды есте сақтап, зерттеп алған жөн. Жеке сақтандыру шараларына мыналар жатады: толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; жақын орналасқан жерлердің топографиялық биік нүктелерімен танысу; жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауыл қою, топырақ төгу. Отбасы мүшелеріңізді жеке және топтасып көшу, сондай – ақ кенеттен және қарқынды су басу кезіндегі тәртіп ережелерімен таныстырыңыз. Алдын ала көшу кезінде алып кететін қажетті құралдардың, мүліктердің, дәрі дәрмектердің тізімдерін дайындап қойыңыз. Дайындалған құнды заттарды, керекті жылы киімдерді, азық – түлік қорын, су және дәрі дәрмектерді арнайы чемоданға салып қою керек.

Су басу кезінде не істеу керек. Су басудың қаупі туралы және көшіру туралы хабарландыру берілген кезде көрсетілген тәртіп бойынша су басу қаупі төніп тұрған аймақтан қауіпсіз жерге немесе қыратқа шығыңыз, өзіңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, қажетті киімдерді, екі – үш күнге жететін бұзылмайтын тамақ қорын алыңыз. Ең соңғы көшіру орнына тіркеліңіз.

Жеке аулада селдің суы кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:


  • жақын бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз

  • аулада су ағатын орларды қазыңыз

  • үй ауласын үйіп көмуге қолда бар материалдарды дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз). 

Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, ауыз суы мен азық-түліктің аз мөлшердегі қорын дайындау қажет. Су болмайтындай жерге құжаттарды салыңыз. Бағалы заттарды, қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.
БАҚ-ның ақпараттарын және көлік құралдары мен кәсіпорындардың   үзілмелі белгілері және сирена дабылдарын мұқият бақылаңыз.  

Су басу жайлы хабар алысымен асығыс және көшірілу пунктері ұйымдастырылған бағытқа қарай үй-жайларыңызды тастап шығыңыз.

Егер су деңгейінің жоғарылағанын байқасаңыз жедел аудандық, қалалық ТЖ қызметіне, жергілікті атқарушы органдарға хабарласыңыз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндірініз, от жағатын пештерді өшірініз, үйдің сыртындағы барлық қалқитын бұйымдарды бекітіңіз немесе оларды үйдің қосымша бөлмесіне орналастырыңыз. Егер уақыт болса құнды заттарды үстіңгі қабатқа немесе тұрғын үйдің шатырына орналастырыңыз. Есік терезелерді жабыңыз. Ұйымдастырылған көшіру шаралары болмаған жағдайда көмек келіп жеткенше немесе судың деңгейінің түскенінше үйдің жоғарғы қабатында, талға немесе жоғары тұрған жерлерге орналасыңыз. Бұнымен қоса үнемі апат белгісін беріңіз: күндіз жақсы көрінетін матаны іліп қойыңыз немесе таяққа қадап алып сол матамен бұлғап белгі беріңіз, ал түнде жарықпен немесе дауыспен белгі беріңіз.

Құтқарушылар келген кезде ұстанымдылық танытып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына қарай өтіңіз. Құтқарушылардың талаптарын қатаң орындап, жүзу құралдарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеңіз. Қозғалыс кезінде көрсетілген орыннан алшақ кетпеңіз, жүзу құралының бүйіріне отырмаңыз, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыз.

Су басқан аймақтан өздігінен шығуға тек қана зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету керек болған жағдайда ғана шығу ұсынылады. Бұған қоса сенімді жүзу құралы болу керек және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен қозғалған кезде апат белгісін беруді тоқтатпаңыз. Суда жүзіп жүрген және батып бара жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.

Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді, ауыр киімді шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде қалқып жүрген заттарды іздеп, көмек күтпей ақ оларды пайдалану керек.

Су тасқыны кезінде кіреберіс жолдар мен көпірлер жедел қалпына келтіріліпзардап шегушілерге тамақ пен киім жкткізіледі. Қосымша үйінді, су ағызатын каналдар мен бөгеттер тұрғызылады, бұрыннан бар бөгеттердің шайылған жері мен саңылауы бекітіледі. Өндіріс қондырғылардың құтқару, жөндеу, ғимараттар мен үй жайларды тез қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Су кеткеннен кейін үзілген және ілулу тұрған электрөткізгіштерін, зақымдалған газ құбырынан сақталу қажет. Үйге кіреде оның бөліктерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу қажет. Суда табылған азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды.

Су тасқыны жағдайындағы көшіру туралы, әдетте, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның арнайы шешімімен жарияланады. Көшірудің басталатындығы және тәртібі туралы халыққа жергілікті радиоторабы желілері мен жергілікті теледидар бойынша хабарланады. Жұмыс істейтіндерге сонымен қатар, кәсіпорын, мекеме мен оқу орындарының әкімшілігі, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтіндер пәтер иелері коорперативтері арқылы хабарлайды. Халыққа көшіру нүктесіне жиналатын орынмен, оған келу мерзімі жаяу көшкен кездегі бағыт, сондай – ақ, жергілікті жағдайда, күтілген апатқа, оны ескерту уақытына орайлас басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда халық қауіпті аудандардан дүние мүлкімен бірге көшіріледі, сол үшін көлік бөлінеді.

Көшіру су басқан аймаққа жақын орналасқан елді мекендерге жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттар мен жергілікті тұрғындардың үйіне уақытша қоныстандырылады.

Су басқан аумақтағы адамдарды ізеужедел ұйымдастырылып, сол үшін Азаматтық қорғаныс құрамаларының экипаждары таратылады және басқа да қолда бар күштер мен құралдар пайдаланылады.

Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстанымдылық танытып, құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс. Құтқару құралдарына басы артық адам отыруға болмайды.

Құтқарушылар келген кезде қайыққа немесе катерге айқай шусыз бір бірлеп өту керек. Қайық қозғалған кезде орын ауыстыруға, қозғалуға, бортқа отыруға рұқсат етілмейді. Балаларға, қарттар мен сырқаттарға бірінші кезекте көмек көрсетілетінін есте ұстаңыз.

Тосын су тасқыны жағдайында (тоғанның, бөгеттің бұзылуынан болған) халыққа барлық қолда бар техникалық хабарлау құралдарымен, оның ішінде жылжымалы қондырғылардағы дауыс қатайтқыштың көмегімен жүргізіледі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Төтенше жағдайлар туралы түсінік

  2. Қауіпті гидрологиялық құбылыстар

  3. Су тасқыны, су тасқынының түрлері

  4. Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар

  5. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында

сақтық шаралары
Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №9 Химиялық барлау құралдары және оларды қолдану. Ағзаның улаушы заттармен зақымдануы. ӘКУЗ уланған кездегі алғашқы көмек. ИПП -8 құрылымы және мағынасы.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Жаппай жою қаруынан халықты қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар). Жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен және жеке қорғану құралдарымен (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) таныстыру.

Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:



  • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

  • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

  • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

  • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі мен және енімен сипатталады.

Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді ХҚО дегі апат туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл құралдары қосылады, бұл «Баршаныздың назарыңызға» ескерту дабылын білдіреді. Зақымдау аймағынан шыққаннан кейін санитарлық өңдеуден өту қажет. Әлсіз зақымданғандар медицина мекемелеріне барады.

Химиялық зақымдау қаупін жою және алдағы іс-әрекет тәртібі туралы халыққа ТЖ жөніндегі басқарма немесе полиция органдары хабарлайды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда апаттың салдарын жою үшін қандай шаралар ұйымдастырылады?

  2. Зақымдалу ошағында барлау жүргізу кезіндегі барлау буынының әрекеті қандай?

  3. Залалсыздандыру топтарының әрекеттері

Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №10 Улаушы және әсері күшті улаушы заттармен уланғандағы алғашқы медициналық көмек. Санитарлық өңдеу және дегазация жүргізу тәртібі.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Химиялық қару – улы химиялық заттарды (УХЗ) қолдануға негізделген жаппай зақымдау құралының бірі. УХЗ улағыш заттар мен уыттылар жатады, ол адам мен жануарлар ағзасын зақымдауға арналады, сондай-ақ УХЗ өсімдіктердің әр түрін зақымдау үшін қолданылатын фитотоксиконттар да жатады. Химиялық қаруларды объектілерге жеткізу үшін авиация, ракеталар, артиллерия мен инженерлік және химиялық әскери заттар қолданылады.
Химиялық қарудың ұрыстық қасиеті мен өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

  • УЗ мен токсиндер өте улы болады, азғантай дозаның өзінде ауыр және өлім қаупін тудыратындай зақымдайды;

  • УХЗ-дың тірі организмді зақымдау әрекетінің биохимиялық механизмі;

  • УЗ мен токсиндердің қару-жарақ пен ұрыс техникасына, ғимараттарға, құрылыстарға өтіп, ондағы қорғалмаған тірі күшін зақымдау қабілеті;

  • УХЗ-дың белгілі бір уақыт бойы жергілікті жерді, қару-жарақты, ұрыс техникасы мен атмосферадағы өзінің зақымдау күшінің әрекет ету ұзақтығы;

  • қарсыластардың УХЗ-ды қолдану фактісін және оның типін дер кезінде табудың қиындығын белгілеу;

  • тірі күшті зақымдау дәрежесі мен сипатын басқарудың мүмкін болатындығы;

  • химиялық қару зардаптарынан қорғану және оны жою үшін химиялық барлаудың, жеке және ұжымдық қорғану, газсыздандыру, санитарлық өңдеу, антидот және т.б. әр түрлі кешендер шарасын қолдану қажеттілігі.

Химиялық қаруды қолдану нәтижесінде ауыр экологиялық және генетикалық зардаптар болуы мүмкін. Химиялық қаруды қолданудың экологиялық зардабы УЗ-дың жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ топыраққа, суға, ауаға тигізетін әсерімен байланысты, одан қоршаған ортаның жағдайы шиеленісіп, адамның өмір сүруін қиындатады. Генетикалық зардаптар келешек ұрпақтың дамуында жағымсыз із қалдырады.

Улағыш химиялық заттар (УХЗ) әрекеттері жөнінен:



  • жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ - VХ (ви-икс), зарин, заман;

  • тері-іріңдік әрекетті УЗ – иприт, люизит;

  • тұншықтырғыш әрекетті УЗ – фосген, дифосген;

  • жалпы улы әрекетті УЗ – синил қышқылы, хлорциан;

  • тітіркендіргіш әрекетті УЗ – СS (си-эс), СR (си-ар);

  • психохимиялық әрекетті УЗ – ВZ (би-зет) деп бөлінеді

Химиялық қарудың зақымдаушы факторларына УХЗ-дың әр түрлі күйі жатады. УХЗ-дың ұрыстық күйінің түрлері: бу, аэрозоль және тамшылар. Бу – газ тәрізді түрде болатын зат, Аэрозольдар – ауада тұратын және сұйық бөлшектерден құралған дисперсті гетерогенді (біртектес емес) жүйелер. Тамшылар - өте ұсақ бөлшектер.

Бу және жұмсақ дисперлі аэрозоль қалпындағы химиялық зат ауаны уландырып, дем алу арқылы тірі жанды зақымдайды (ингаляциялық зақымдану).

Қатты дисперлі аэрозоль және тамшы түріндегі УХЗ жергілікті жерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әскери киімді, қорғану құралдарын, суларды зақымдап, қорғалмаған тірі жанды оның тері бетінде бөлшектердің түскен кезінде де, олардың зақымданған жер бетінің булану нәтижесінде түсу немесе тірі жанның зақымданған жермен түйісу жасағанда да зақымдауға қабілетті.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін.

Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіріледі:



  • үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;

  • уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін, радиацияға қарсы препараттарды, антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;

  • зақымдану, қирату, өрт және су басу аймақтарын мейлінше орынды жеңу тәсілдерін таңдау;

  • зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін қатаң сақтау.

Көрсетілген шаралар мазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.




Аталуы

Маркасы

Алдыңғы

Салмағы, кг

Сүзгіш газтұмылдырықтар


РШ - 4

ШМ – 41 МУ

ШМС


1,8

ПМГ

ШМГ




ПМГ – 2


ШМ – 66 МУ

1,1

ШМ - 62

0,9

ПМК

М - 80




Жекеленген дем алу аппараты

ИП - 46

ШВС

4,6

ИП – 46; МИП - 4

ШВС

5,5

ИП - 5

ШИП - 26

3,4

Тұмылдырық Гопкалит патроны

Р - 2

ШИП - М

5,2

ДП - 1

Жартылай маска

0,06
Сүзгіш газтұмылдырықтары дем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет