Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 4.3 Mb.
бет17/23
Дата29.08.2018
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Өнертапқыштық деңгей. Өнертабыстың патентке қабілеттігінің келесі критерийі болып өнертабыстың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылатын өнертапқыштық деңгей саналады, себебі, оның көмегімен ғылыми және техникалық прогреске қандай да бір зерттеменің үлесі бағалана алады. Жаңа болып табылатын кез келген шешім техника деңгейіне үлес қосады деп есептелінбейтіндігі анық. Техника саласында қандай да бір білімге кол жеткізіп, орта маман жасалу жолы анық жөне шығармашылық негізі жоқ белгілі құралдардың жаңа комбинацияны көрсететін объектіні жасай алады. Сондыктан, әр түрлі елдердің патент заңдарында өнертабысты қарапайым инженерлік зерттемелерден немесе объектілерден айыруға (бұл өнертапқыштық деңгей) мүмкіндік беретін өнертабыстың шығармашылық сипатын анықтайтын критерий қалыптасқан. Германияның Патенттік заңында бұл критерий өнертапкыштық қызмет деп аталады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, егер маман үшін ол техника деңгейі туралы мәліметгерден айқын кездеспейтін болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. Техника деңгейі туралы мәліметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзінде жалпы жұртқа мәлім болған кез келген мәліметтерді қамтиды.

«Өнертапқыштық деңгей» критерийі «маман» түсінігі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасының Патент заңында «маман» түсінігі ашылмайды, бірақ оның мазмұны бірқатар елдердің патент заңдарында берілген. Маман ретінде жұмыс істейтін, оның өтініш берілген өнертабыс саласы жататын саладағы барлық жалпы білімдері белгілі болған тәжірибелі тұлға танылады. Маман объектіні жасау үшін белгілі шешімдерді біріктіре алса, онда ұсыныс өнертапқыштық деңгей талабына жауап бермейді.

Шығармашылық бастау болуы жағынан өнертабысты бағалау «шығармашылық» түсінігінің субъективті болуынан қиынға соғады. Себебі, өнертабыстың патентке кабілетгігінің аясында туындайтын даулардың көбісі осы критерий бойынша туындайды.



Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтің басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсіпте пайдалануға жарамды деп танылады.

Өнертабыстың өнеркәсіптік қолданылуын тану үшін келесі талаптардың жүзеге асуы қажет:

- өтініш материалдарында өтініш берілген өнертабыс объектілерінің мақсаты керсетілуі тиіс;

- өнертабыс формуласында сипатталған түріндегі өнертабыстың жүзеге асырылуы мүмкін болатын құралдар мен әдістер өтініш материалдарында көрсетілуі тиіс (өтініш материалдарында ондай мәліметтер болмаса, өнертабыс басымдық алған күнге дейін дүние жүзіне жалпы жұртқа мәлім болған қайнар көзде көрсетіле алады);

- өтініш беруші көрсеткен өнертабыс мақсаты шын мәнінде жүзеге асырылуы мүмкін болуы.

«Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылық» түсінігі кең мағынада қолданылу қажеттілігін атап өту қажет, ол кандай да бір техникалық шешімді пайдаланудың максимальді тиімділігін меңземейді. Аталған критерий міндеті мен мәні өнертапқыштық қызмет салаларының біреуінде қолданылудың кағидалық мүмкіндігін көрсету.

Өнеркәсіпте қолдану жарамдылығы талабының негізгі мәні белгілі бір материалдық кұрал түрінде техникалық шешімді жүзеге асыру, сонымен қатар, аталған өнертабыс арқылы өтінім беруші көрсеткен техникалық шешімге жету, жетпеуін анықтау мүмкіндіктерін тексеру болып табылады. Жаңашылдық және өнертапкыштық деңгей критерийлеріне қарағанда, өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы техника деңгейі мен басымдық күнімен тікелей байланысты болмаса да, қатысты.

Заттың аса маңызды касиеттерін көрсететін белгілер елеулі болып табылады. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне, атап айтқанда, формуласы бойынша пайдалы модельді құқықтық корғау көлемін анықтау кезінде дара ақпараттын мәндік маңызы бар және оның қажеттілігі пайдалы модельді қолдану кезінде техникалық нәтижеге жету үшін қалған елеулі белгілермен өзара байланыста жеткіліктігі туралы бір мәнді ақпарат беретін белгі елеулі больш табылады.

Пайдалы модель елеулі белгілерінің жиынтығы техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, оған құқықтық қорғау беріледі.

Өнертабыстар техника деңгейіне қарағанда, пайдалы модель үшін техника деңгейін анықтауда екі ерекшелік бар.

Бірінші ерекшелік - техника деңгейі туралы мәліметтер пайдалы модельге басымдық берілген күнге дейін жұртқа мәлім болған, арыз беріліп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар дүние жүзінде жарияланған мәліметтерді және Қазакстан Республикасында жарияланған пайдалы модельдер мен өнертабыстарды қамтиды. Пайдалы модель объектісі «Аэростат» болса, онда оны оған ұқсас объектілермен емес, аэростаттармен салыстыру қажет.

Екінші ерекшелігі - техника деңгейіне мақсаттас кұралдарды Қазақстан Республикасында қолдану туралы мәліметтер кіреді, яғни пайдалы модель жаңалығы абсолютті емес, өнертабыстарға қарағанда әлемдік қатысты болып табылады.



Өнеркәсіптік үлгі. Өнеркәсіптік үлгі түсінігі. Өнеркәсіптік үлгілер түрлері.

Қазақстан Республикасының 991-бабының 4-тармағы мен Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіптік қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

Анықтамадан көріп отырғанымыздай, бұйымның сыртқы түрінде көркемдік және конструкторлық шешім болуы керек. Бір ғана құралдың қолданылуы бұйымның өнеркәсіптік үлгі болып танылуына жеткіліксіз. Бұйымның функционалдық мазмұны онын, анық көркемдік нысанына сәйкес болуы тиіс, керкем және техникалық (конструкторлық) белгілерінің біртұтастығымен сипатталуы қажет. Сыртқы нысаны ретінде онын пайдаланылуы мен қолданылуы процесінде тұтынушы көретін түрін түсіну керек. Оның сыртқы нысаны ішкі құрылымына және бұйымның функционалдық мақсатына сай болуы тиіс.

Патент Заңының әрекеті өнеркәсіптік үлгінің көптеген түрлеріне тарайды. Оларға көлемді, жазық және аралас өнеркәсіптік үлгілер жатады.

Көлемді өнеркәсіп үлгі ретінде негізін дамыған өлшемді көлемді-кеңістіктік құрылым құрайтын композиция танылады. Мысалы: радиатордың сыртқы нысанын анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешім.

Жазык өнеркәсіптік үлгі екі өлшемді сызыкдық түстеңдірілген элементтер байланысымен сипатталады. Мысалы: кілем, мата сыртқы нысанын анықтайтын шешімдер.

Аралас өнеркәсіптік үлгі аталған екі шешімге тән белгілермен сипатталады. Мысалы: ыдыстың сыртқы түрін анықтайтын көркемдік-конструкторлық шешімдер.

Өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары.

Өнеркәсіптік үлгі патентке қабілеттігінің белгілі талаптарына немесе критерийлеріне жауап берсе, оған корғау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес ондай талаптарға мыналар жаткызылады: жаңашылдық, бірегейлік және өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы. Бұл критерийлер өтініш берілген мерзімге олардың болуын дәлелдеу және бүкіл мерзімге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты таңдалады. Сонымен катар, олар әлем тәжірибесінде таралған өнеркәсіптік үлгілердің патентке қабілетгігі талаптарына сай.

Жаңашылдық. Өнеркәсіптік үлгі бұйымның эстетикалық және эргономиялық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгі басымдығының күніне дейін дүние жүзінде жалпыға мәлім мәліметтерде белгісіз болса, жаңа деп танылады. Яғни, абсолютті әлемдік жаңашылдыққа ие өнеркәсіптік үлгілер ғана құқықтық, корғалады.

Өнеркәсіптік үлгі жаңашылдығын бекіту кезінде жалпыға мәлім мәліметтермен қатар, басқа тұлғалармен берілген ертеректегі басымдықты өтінімдер және тіркелген өнеркәсіптік үлгілер есептеледі.

Өтініш берілген көркемдік-конструкторлық шешімнің жаңашылдығы өтінім берілген және оның аналогтарымен танылған белгілі үлгілердің, елеулі белгілерін салыстыру жолымен өнеркәсіптік үлгіні тіркеуге өтінімнің басымдық мерзіміне бекітіледі. Белгілі үлгілер функционалдық мақсаты мен елеулі белгілері жиынтығының белгілі көркемдік-конструкторлық шешімдермен толық сәйкес келуі өтінім берілген үлгінің жаңашылдық критерийіне сәйкес келмейтіндігін тануға және өтінім берілген үлгіні тіркеуден бас тартуға алып келеді.

Өндірістік үлгіні тіркеуге өтініш оның ашылған мерзімінен 6 айдан кешіктірмей берілген болса, өтінім берілген үлгіге қатысты ақпаратты қоғамға ашу өтініш берілген үлгінің жаңашылдығына әсер ететін жағдай ретінде танылмайды.

Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады. Өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілері бұйымның эстетикалық ерекшеліктерінің шығармашылық сипаты негіз болса, ол бірегей болып танылады. Өтініш берілген үлгіні неғұрлым жақын аналогтан айыратын елеулі белгілерін айқындау жүргізіледі. Бірегейлікті тексеру кезінде өтініш берілетін үлгінің ерекшелендіретін белгілердің шығармашылық өзіндігі бекітіледі.

Өнеркәсіптік қолдануға жарамдылығы. Өнеркәсіптік үлгі, егер ол сәйкес бұйымды жасау жолымен бірнеше рет қайта өндіріле алса, енеркәсіптік қолдануға жарамды деп танылады. Басқаша айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс жағдайларында шексіз мөлшерде қайта өндірілетін үлгілер патенттік корғау алады.

Патенттік қорғау бірегей болып табылатын бұйымдарда қолданылатын шешімдерге таралмайды, себебі олардың эстетикалық құндылығы таралымға тускен кезде жоғалады. Қайта ендіру қабілеті ерекше көркемдік-конструкторлық шешімнің патенттік-құқықтық қорғалуын қажет қылады. Бұйым қайта өндірілмейтін болса, оның патенттік қорғау кабілетгігі жойылады. Бұл жағдайда бұйымға авторлық құқық, нормалары таралады. Өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығын бағалау кезінде таралымға түсу қабілеті ғана емес, өтінімде көрсетілген немесе белгілі құралдар мен материалдар көмегімен өтінім берілген бұйымның жүзеге асырылуы да тексеріледі. Егер бұйымды кең масштабта қайта өндіру мүмкін болмаса, онда ол өнеркәсіптік қолдануға жарамдылық критерийіне сәйкес болып танылмайды.



Тауар таңбасы.

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы - бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз корғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі.

Бұл анықтамадан тауар таңбасының басты міндеті - қандай болмасын өндірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін басқа өндірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу, яғни тауар немесе қызметті дараландыру болып табылады.

Таңба неғүрлым кернекті болса, соғүрлым оның иесінің оны құқықтық корғау, жарнама және өткізу салаларында сәттілігі үлкен болады.

Тауар таңбасы тауарлар мен қызмет маркетингінде маңызды орын алады, ол тауарлар мен қызметті көрнекті қылады.

Тауар таңбасы - бұл, әдетте, көру арқылы жақсы қабылданатын, жеңіл есте сақталынатын, өзге тауар белгілерінен ерекшеленетін, металл, материя, қағаз және т.б. сияқты әр түрлі материалдарға жақсы салынатын графикалық көрініс.

Тауар таңбасы ретінде сөз немесе сөздер тобы, мысалы «аспирин» «колгейт», «таид», «адидас», «проктер энд гембл» және т.б. тіркеле алады. Сонымен катар, акустикалық тауар таңбасы - тауар таңбасын көрсетумен берілетін арнайы әуен тіркеле алады.

Жана тауар таңбасын енгізу үшін көптеген батыс фирмалары шамамен 30-40 миллион доллар қаражат жұмсайды. Жоғарыда аталған McDonald»s корпорациясы 5 жыл ішінде ғана жарнамаға 57 миллион доллар жұмсады.

Тауар таңбасы нарықтық, қатынастардың барлық қатысушылары үшін маңызды.

Тұтынушы үшін тауар таңбасы бірыңғай тауарлар іздеу кезінде бағыт беруші құрал болып табылады.

Өндіруші үшін тауар таңбасы - нарықты жаулап алушы құрал болып табылады, себебі тауар таңбасы оның тауарларын әр түрлі өндірушілердің бірыңғай өнімдерінен дараландырады.

Мемлекет мүддесіне келер болсақ, мұнда тауар таңбасының нарыкта тәртіп орнату құралы болып табылатындығын атап өту қажет, себебі ол өндірушіні тануға, тұтынушының, өндірушінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

Тауар таңбасына келесідей екі талап койылады:

- тауар таңбасы айрықша болуы тиіс;

- мораль мен қоғамдық тәртіпке қайшы болмауы тиіс, сонымен қатар, тұтынушыны шатастырмауы керек.

Тауар таңбасы ол қолданылатын тауарлар үшін айрықша болуы тиіс. Мысалы, «сусын» сөзінде ерекшелендіретін кабілет жоқ және алкогольды не алкогольсыз сусындар үшін тауар таңбасы бола алмайды, себебі ол тауарлардың бүкіл категориясын анықтайды.

Екінші талап жайында айтар болсақ, оның мақсаты - тұрпайы тауар таңбаларын, сонымен қатар, жалған және тауардын сапасы мен өзге қасиеттеріне және олардың географиялық шығарылған жерлеріне қатысты шатыстырушы тауар таңбаларының тіркелуін алдын алу екендігін атап ету қажет. Тауар таңбасы шығарылған жерді көрсетуі кажет. Мысалы, Казақстандық өндірушілер атынан танымал «Шампанское» не «Коньяк» (жалған географиялық, атаулар, себебі, Шампань провинциясы мен Коньяк қаласы Францияда орналасқан) тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды. Мысалы, «pure wool» (таза жүн) деп синтетикадан жасалған киімдер, белгілене алмайтын өзге де жалған таңбалар қорғалмайды.

Тауар таңбасы корғалуы үшін ол тіркелуі қажет.

Тәжірибеде көптеген тауар таңбалары, әдетте тауарлар немесе қызметтер бірнеше түрлері үшін тіркеледі. Кейбір өндірушілер олар өндіретін әр түрлі өнімдер үшін бір тауар таңбасын қолданады. Өзгелері бірнеше тауар таңбасын қолданады. Фармацевтикалық, фирмалар да өздерінің әрбір дәрі-дәрменіне қатысты тауар таңбаларын тіркеуге ұмтылады.

Тауар таңбаларының түрлері.

Тауар таңбалары туралы заңның 5-бабында тауар таңбалары ретінде тіркеле алатын белгілер түрлерінің толық тізімі берілген. Оларға әр түрлі өндірушілердің бірыңғай тауарлары мен қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін сөздік, әріптік, сандық, бейнелік, көлемдік және өзге белгілер немесе олардың комбинациясы жатады.

Көп жағдайда сөздік тауар таңбалары қолданылады. Оларға тілдерде шынайы бар (мысалы, тамаша, метелица), немесе жасанды жасалған, қиялдың (Пенталгин, Кармет), сонымен қатар, сөз тіркестері (Шыңғыс хан, Снежная королева) және де тұтас сөз тіркестері немесе лозунг - слогандар (мысалы «өз шелінен өзгеше жоғарылатарың жоқ сенің») сөздер жатады.

Көлемдік тауар таңбалар кеңістікте бейнеленген үш өлшемді объектілер болып табылады. Әдетте, көлемдік тауар таңбалары ретінде тауарлардың ерекше орамалары корғалады (мысалы, иіссулардың флакондары).

Аралас тауар таңбаларына бейнелік, сөздік, көлемдік элементтерінің әр түрлі комбинациялары жатады. (мысалы, қанатты барс үстіндегі батыр бейнесі «Отандық маркасы» сөздерімен үйлесуі).

Жоғарыда аталған тауар таңбалары түрлерінен басқа сенсорлық, (дыбыстық, жарықтық, иістік) және де тауар таңбаларының өзге түрлері бар. Олардың анық және бір мәнді идентификациясы кезінде ғана олар тіркеле алады.

Дыбыстық тауар таңбасы - ол фонограмма түрінде бекітілген және нота жазбаларында көрсетілген немесе дыбыс түрівде кәрсетілген жағдайда ғана қорғала алады (мысалы, электромассажер үшін теңіз дауысы). Бүкіл әлемде тіркелген дыбыстық тауар таңбаларының саны аз. Қазақстанда мұндай тіркеулердің мысалдары әлі жоқ.

Ұжымдық тауар таңбалары ерекше категорияны құрайды. Мұндай таңбаларды пайдалану шарттарына сай олар біртұтас сапалық не өзге сипаттамамен тауар өндіретін (не (немесе) жеке кәсіпкерлер ұйымының атына тіркеледі. Мысалы, Қазақстаңда танымал «Сарыағаш суы» Ассоциациясының мүшелері өндіретін «Сарыағаш» минералды суының сапасын бақылау мақсатында өз өнімін біртұтас ұжымдық тауар таңбасымен (аққу бейнесімен) шығарады және сатады. Ұжымдық тауар таңбасы ретінде тауар таңбаларының жоғарыда аталған кез келген түрі тіркеле алады.

Тауар таңбалары олар тіркелген ақ-қара түрінде де, түсті түрінде де тіркеледі.

3. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы доминанты нарықтық қатынастарға өтумен және әлемдік қауымдастыққа интеграциямен байланысты экономикалық реформалар болып табылатын жан-жақты реформалаудың тарихи кезеңінен өтуде. Республикамыздың он төрт жылдық егеменді дамуы ішінде реформалар базасы құрылып, дамуда. Бүкіл экономикалық қатынастар спектрін реттеудің құқықтық іргетасы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі танылады.

Шаруашылықтың жаңа талаптарына интеллектуалдық меншік, заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың субъективті құқықтары мен міндеттері саласында құқықтық қатынастарды реттеу өзгерді.

Бұдан 1999 жылдың 16 шілдесінде патент құқығы субъектілерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Патент Заңы қабылданды. Бұл акт өз кезегінде аталған құқықтық қатынастарды алғашқы реттеу бойынша міндетін аткарған 1992 жылдын 24 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасы Патент Заңының орнына келді.

Қазакстан Республикасында патент қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бірінші тобын ҚР Конституциясы құрайды. Конституцияның 20-бабы шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Бұл норма интеллектуалдык меншік туралы заңнама дамуының құқықтық негізін құрайды.

Өкінішке орай, ҚР Конституциясында «интеллектуалдық меншік» термині көрініс таппаған. Мысалы, 1993 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған Ресей Федерациясы Конституциясының әдеби, көркем, ғылыми, техникалық және өзге де шығармашылық түрлеріне арналған 44-бабында «интеллектуалдық меншік заңмен қорғалады» деген ережесі бар. Құқықтық жүйенің өзге бөліктерінің құқықтық саясаты мен дамуы үшін негізгі заңның фундаменталдық маңыздылығын ескере отырып, ҚР Конституциясы 20-бабының 1-тармағын «интеллектуалдық меншік заңмен кепілдендіріледі» деген сөздермен толықтыру қажет.

Патент құқығының объектілеріне қатысты құқықтық қатынастарды Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі де (49, 52 тарауларды караңыз) реттейді.

Аталған саладағы заңнама жүйесінің негізі болатын ҚР АК 1999 жылдың 1 шілдесінде оның Ерекше бөлімі күшке енген кезде ғана толықтай қалыптасты. ҚР АК (Интеллектуалдық меншік құқығы» деген 5-бөлімі интеллектуалдық меншік құқығының жеке объектілерін құқықтық корғау режимін реттейтін комплексті заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің болуы мен дамуы үшін құқықтық іргетасы болып табылады. Бұл бөлім интеллектуалдық меншік құқығының жалпы сұрақтарын реттейтін 78 баптан тұрады. Бұл уақытқа таман 1992 жылдан күшіне енген Патент Заңы мен Тауар таңбалары туралы Заң қайта қаралып, олардың жаңа баспалары 1999 жылдың шілдесімен белгіленеді.

Яғни, АК-нің Ерекше бөлімінің 5-бөлімі кешірек жасалды, сондықтан ол қазіргі уақыт бойынша әрекеті ұзақ патент заңнамасы мен комплексті заңдар түрінде тауар таңбалары жөніндегі заңнаманың жалпылануы, ал жалпы айтқанда - интеллектуалдық меншікті құқықтық корғаудың мүлтіксіз жүйесін жасау бойынша жұмыстың жалғасы болып табылады.

ҚР АК-нің қарастырылып отырған бөлімі еліміздің арнайы заңнамасының дамуының іргетасы болып табылатын интеллектуалдың меншік объектілері бойынша қағидалы, жалпы ережелерді бекітуге бағытталған.

Бұл бөлімнің баптарында интеллектуалдық меншікті құқықтық реттеу саласындағы әлемдік жетістіктер бекітілген, еліміз қатысып отырған маңызды әлемдік конвенциялар, сонымен катар, болашақта қатысатын келісімдер талаптары ескерілген.

ҚР АКнің 5-бөлімі өз мазмұнымен ерекше және ТМД елдері Үлгілік Азаматтық кодексінің сәйкес бөлімдерінен қағидалық бағыттарымен ерекшеленеді. Атап айтканда, интеллектуалдық меншік иесінін айрықша құқығын, қызметтік шығармашылық режимдері мен өзгеде ерекшеліктерін көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 1 шілдесінде қабылданды.

Аталған заң өнертабыстар, пайдалы модельдерді және өнеркәсіптік үлгілерді жасау, қорғау және пайдаланумен байланысты қатынастарды реттейді. Олардың жалпы атауы үшін «өнеркәсіп меншігі» термині қолданылады.

ҚР-ның жаңа Патент Заңын қабылдау Қазақстандық заңнаманы КР-ның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруін талап ететін Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісімі (ТРИПС) талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен негізделеді.

Қазақстан Республикасының Патент заңын сегіз тарау құрайды: («Жалпы ережелер»; «Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке қабілеттігінің талаптары»; «Авторлар мен патент иеленушілер»; «Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға ерекше құқық»; «Қорғау құжатын алу тәртібі»; «Қорғау құжатының қолданылуын тоқтату және қалпына келтіру»; «Авторлардың, өтініш берушілердің және патент иеленушілердің құқықтарын корғау»; «Қорытынды ережелер»).

Қазақстан Республикасы Патент Заңының құрылысы жоғары деп бағалауға болады, себебі бұл актідегі нормативтік материал патенттік кұқықтық қатынастардың даму кезектерімен және цивилистика жетістіктерін есепке алу арқылы анықталған.

Қазақстан Республикасы Патент Заңының 1-бабында Заңда қолданылатын негізгі түсініктер мен терминдер мазмұны ашылған. Осылай, атап айтқанда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылған. Аталған объектілердің бір түсінікке жиналуы олардын ұқсастығымен негізделеді. Әрине, олардың арасында айырмашылықтар бар. Осының негізінде өнеркәсіптік меншік объектілері әрқайсысының патентке қабілеттілігі талаптары жеке нормаларда ашылған (ҚР Патент Заңының 68 баптары).

1992 жылғы ҚР Патент Заңынан кейін бұл заң патенттік құқықтық қорғаудан рационализаторлық ұсыныстарды алып тастады.

Жаңа Патент Заңымен бірге патент саласын құқықтық реттеуге өзгерістер енгізілді:

- қызметтік өнертабыстар құқықтық режимі біршама өзгертілді,

- патенттік құқық объектілеріне қорғау құжаттарының әрекет ету мерзімі өсті;

- қорғау құжатын алуға өтінімнің тапсырылған күні мен берілген күні айкындалған және бөлінген;

- авторлар мен патент иеленушілердің өнертабыстың жаңашылдығы мен өнертапқыштық деңгейіне әсер етпейтін оның мәнін ашу мерзімдеріне талаптар катаңдалған;

- мәні бойынша сараптама жүргізу туралы сұрау салу мерзімі қысқартылды;

- соңынан пайдалану құқығы енгізілді.

38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді норматавтік құқықтық акт болып табылады, себебі оны халықаралық-құқықтық (37 бапты қараңыз), азаматтық-құқықтық (11-15 баптарды караңыз), азаматтық іс жүргізушілік (33 бапты караңыз), әкімшілік (25-29 баптарды караңыз), еңбек (8-баптың 2-тармағын караңыз) сияқты әр түрлі саладағы қатынастар құрал ретінде қолданылады. Аталған актіде патент құқығы объектілеріне әлемдік патенттік-құқықтық тәжірибе шеңберінде таралған талаптар (патентке кабілеттілік талаптары), сонымен катар, берілетін құқық көлеміне қарай лицензиялық шарттардың көп түрі және корғау құжатын басқа тұлғаға беру мүмкіндігі карастырылған (14бапты караңыз).



4. Барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын аса маңызды мекеме мамандырылған мемлекеттік ұйым болып табылады. Казақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанынан ұлттық патент ведомствосы (Казпатент) құрылды. Егемен Казақстанның қалыптасуының бүкіл кезеңінде Республиканың басқару аппараты бірқатар құрылымдық қайта кұруларды бастан кешірді. Басқару органдары бір-біріне косылып, бір орталықтан басқарыла бастады. Казақстан экономикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдардың бірі саналатын Казпатентте бұдан сырт калған жоқ. Ол бұрынғы өнеркәсіп және сауда, экономика және сауда, энергетика, индустрия және сауда министрлігінің құрылымына агенттік болып енді, кейін патент және тауар таңбалары жөніндегі дербес республикалық мемлекеттік кәсіпорынға айналды.

2000 жылғы қыркүйекте ол ҚР Әділет министрлігі құрамына енгізілді. 2001 жылғы наурыздан бастап КР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитеті, сондай-ақ оған бағынатын Казақстан патенттік сараптама институты (КИПЭ) құрылды. Сөйтіп, казір де бұл комитет Қазақстанның ұлттық патент ведомствосы болып табылады, ал оның сараптама жұмысын КИПЭ атқарады.

Біздің елімізде интеллектуалдық меншікті құқықтық корғау саласында арнайы құзыретті бас мемлекеттік орган, өзгеше айтқанда, Қазақстанның патенттік ведомствосы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет болып табылады. Ол 2001 жылдың 29 наурызындағы ҚР Президентінің «ҚР құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралың № 536 бұйрығына сәйкес қабылданған ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29 наурызындағы № 411 «ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет сұрақтары» қаулысымен құрылды.

Бұл нормативтік актілер интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттік басқару құрылысын тамырымен өзгертті.

Бұрын әрекет еткен құзыретгі органдар мен ұйымдар - патенттік ведомство қызметін атқарған ҚР Әділет министрлігінің патент және тауар таңбалары жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын мен бұрынғы ҚР Әділет министрлігінің авторлық құқықтары жөніндегі ведомство орнына біртұтас жаңа интеллектуалдық меншік жөніндегі комитет келді.

Аталған комитетпен қатар, бұл саладағы құқықтық қатынастардың жаңа субъектісі пайда болды. Бұл жоғарыда аталған ҚР Үкіметінің №411 қаулысымен құрылған бұрынғы қазақстандық патенттік сараптама институты. Бұл ұйымға мына қызметтер жүктелген болатын:

- өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары) өтінімдер кабылдау, осы өтінімдерге сараптама жүргізу және өтінім берілген өнеркәсіп меншігі объектілерінің қорғау қабілеттігі шарттарына сәйкестігін анықтау;

- селекциялық жетістіктерге өтініштерді және интегралды микротәсімдер топологияларын тіркеуге өтінімдерді қабылдау, осы өтінімдерді бекітілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу;

- тіркелген өнеркәсіп меншік объектілерін, селекциялық жетістіктер мен интегралды микротәсімдер топологиялары реестрін жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу;

- қорғау құжаттарына сараптама және өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерін және интегралды микротәсімдер топологияларын қорғау мәселелері бойынша ресми бюллетеньдерді жариялау;

- Патенттік кооперация туралы Шарт пен Еуразиялық патент конвенциясы мен Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне сәйкес қызметтерді жүзеге асырумен байланысты халықаралық өтінімдерге сараптама жүргізу.

КР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің интеллектуалдық меншік институтының Республикалық мемлекеттік казыналық кәсіпорнын кұру» туралы каулысымен бұрынғы КИПЭ функциялары қысқартылған атауы «РГКП НИИС» жаңа институтый жүктелді. Яғни, сараптама органдарына РГКП НИИС-ті, ал ғылыми-ақпараттық органдарға - Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық институтты (КазгосИНТИ), Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананы жатқызуға болады.

Патенттік кітапхана патент жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады, себебі өнертапқыштар мен өзге субъектілердің шығармашылық қызметі ақпараттық ресурстарсыз мүмкін емес. Патенттік сараптама жүргізу үшін де адамзаттың өнеркәсіптік меншік объектілерінің бәріне қатысты білім саласындағы жетістіктерін есепке алу қажет.

Мемлекетте патенттік кітапхананың болуы Париж конвенциясына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. «Одақтың әрбір мемлекеті өнеркәсіптік меншік істері жөніндегі арнайы қызмет пен қоғамның өнертабысқа патенттермен, пайдалы модельдермен, өнеркәсіптік үлгілермен және тауар таңбаларымен танысу үшін орталық, койма қүруы тиіс».

Біздің елімізде патенттік кітапхана қызметін көпсалалық кітапхана, техникалық және онымен сабақтас ғылымдар саласында мамандырылған әдістемелік-библиографиялық, орталығы болып табылатын Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) табылады.

РҒТК құрамында 1965 жылдан патенттердің «орталық коймасы» қызметін тікелей атқарған Республикалық патенттік кор (РПҚ) әрекет ететін. Қазіргі уақытта РПҚ-да әлемнің 50 мемлекетінен және үш халықаралық аймақтық патент ұйымдарынан 21 миллион данадан астам құжат жиналған.

Авторлық құқық сияқты патент құқығы мәні бойынша адамның интеллектуалдық шығармашылық қызметі нәтижесін корғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бірақ, авторлық құқыққа қарағанда, патент құқығы адам шығармашылығының тек ғылыми-техникалық саласына ғана қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызмет өнімдері ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданудың қолданбалы аспектілеріне қатысты болғанда ғана, патенттік-құқық объектісі бола алады.

Интеллектуалдық меншік объектілері арасында өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер сияқты интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері маңызды орын алады. Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атауьшен бірге олар «өнеркәсіптік меншік объектілері» жалпы атауымен қамтылады. Бұл Қазақстан Республикасының аумағына да таралатын 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті корғау жөніндегі Париж конвенциясының 1бабымен бекітілді.

Патенттік қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі реттелгенімен ерекшеленеді. Авторлық құқықпен салыстырғанда, объектіні тіркеу мен өнертабыс жасалғаннан кейін алғашқы патент құқықтарын бекіту нысандалуымен ерекешеленеді. Себебі, бірегей болып табылатын әдебиет немесе өнер туындыларына қарағанда, өнертабыс қайталануы мүмкін. Бұл өнеркәсіптік үлгілер үшін маңызды болғанымен, патенттеу объектілері нысанымен емес, үлкен коммерциялық құндылықка ие мазмұнымен бағалы. Патенттік қатынастардың үлкен коммерциялизациясына өзге тұлғаға толық немесе бөлшектеп берілуі мүмкін патент иеленушінің құқықтары көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазакстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуіне және ұлттық, заңнамада Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім «ТРИПС» талаптарының көрініс табу қажеттілігіне, сондай-ақ Азаматтық кодекстің жалпы және ерекше белімдерін қабылдаумен байланысты қабылданды. Онын мәтіні Азаматтық кодекс және басқа казіргі заңнама терминдерімен сәйкестендірілді, алайда патент жүйесінің әретет ету қағидалары өзгермеді.

Патенттік құқықтық қатынастар күрделілігімен ерекшеленеді, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану және патенттеуді жеңілдету мақсатында патенттік ведомство нұсқаулық әдістемелік ақпараттар жариялайды.

1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді, олар:



  1. 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы;

  2. 1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;

  1. 1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы конвенциясы;

  2. 1970жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісім-шарт.

1995 жылдың 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде қол койылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет