Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Еңбек көші-қоны және осы саладағы мемлекеттік саясат



жүктеу 4.3 Mb.
бет19/23
Дата29.08.2018
өлшемі4.3 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

3. Еңбек көші-қоны және осы саладағы мемлекеттік саясат.

Еңбек көші-қоны бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әрбір мемлекет осы үрдісті реттеу және дамыту мақсатында, ең алдымен, өз мемлекетінің көші-қон саясатын анықтайды.

Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты ез азаматтарымыздың мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабында көші-қон саясатының ең алдымен, өз азаматтарымыздың мүддесін сақтауға табан тіреуі керек екені айтылады. Ұлттық, еңбек нарығын, біздің азаматтардың экономикасын қорғау жөніндегі пікірлері кейінгі кезде, Қазақстан Республикасынын көші-қон саясаты туралы тұжырымдамасында, аймақтық саясат туралы тұжырымдаларында және өзге де нормативтік актілерде көрініс тапты.

Көші-қон саясатының мақсаты - көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекетгік кауіпсіздігін нығайту және көшіп қонушылардың құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.

Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына кағидаттарға: көшіп қонушылардың кұқықтарын сақтау мен корғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік, белгілері, шығу тегі, діни нанымы, сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге, көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардын ережелерін орындауды қамтамасыз етуге; жергілікті халық пен көшіп қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Көші-қон ахуалының қазіргі жағдайына және даму перспективасына талдау жасау; біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезеңде оларды шешуші негізгі бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді. Көші-қон саясатының неғүрлым елеулі басымдықтары: өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасы аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту; эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішінде республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу; ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету; халықаралық еңбек нарығында қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру.



Еңбек көші-қонын реттеу. Орталық және жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалануға бақылау жасайды:

  1. Отандық еңбек нарығын қорғауды.

  2. Бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етуді.

  3. Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан еңбекші көшіп қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушілердің шетел қызметкерлерін нысаналы пайдалану, еңбек келісім-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көші-қон проблемаларын шешуде өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыруы қажет. Заңсыз енбек көші-қонына қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыру және шетелдік қызметкерлердің жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақытылы кетуіне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдіктерді жер аударуды бақылауды ұйымдастыру.

Мемлекет орталық және жергілікті атқарушы органдар арқылы инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытудағы жауапты өз мойнына алады. Жеке меншік сектордың бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындарына жұмыс күшін тарту, қызметкерлерді алу, оларды көшіру және тұрмыс пен еңбектің қолайсыз жағдайлары ретінде жеңілдіктердің барлық түрлерін беру кәсіпорын есебінен жүзеге асырылатын болады.

Халықаралық еңбек нарығына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, эмигранттар арасынан білікті мамандарды қайтып оралуын ынталандыру.

Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық шарттар енгізген шектеулер шеңберінде өзінің экономикалық мүдделерін, ішкі еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көші-қонды реттеуді жүзеге асыратын болады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде Қазақстан Республикасы өзінің гео-саяси және экономикалық. мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп қонушыларды және ішкі еңбек нарығында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асыратын болады.

Көші-қон саясатының сыртқы саясат саласында міндеттері: ТМД-ға қатысушылардың жан-жалдарды болдырмау мен этникалық және діни проблемаларды бейбіт жолмен шешу, көші-қон процестерін реттеу және көшіп қонушылар шыққан елдермен тиісті ақпараттар алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттар жасасуы; көші-қон жөніндегі ұлттық заңнамаларының үйлесімін жасау; Қазақстанның еңбеккер көшіп-қонушылардың құқықтары туралы екі жақты және көп жақты келісімге қосылуы. Алайда, тұжырымдама шетелдік жұмыс күшін тартудағы саясатты анықтаса да, іс жүзіне бұл саясаттың мақсаттары жүзеге асуда деп айту қиын.

Еңбек көші-қонының қазақстандық енбек нарығының жагдайына және ұлттық заңнамаға әсер етуі.

Қазақстан Республикасы Ата заңында көші-қонды реттеудің заңды негіздері бекітілген. 1993 жылғы қабылданған алғашқы Конституцияның 6-бабында: «Қазақстан Республикасы аумағында жүрген және оның азаматы болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық құжаттар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ барлық міндеттерді атқарады, бұған Қазақстан Республикасы заңдарында және мемлекетаралық шарттарында көзделген шектеулер кірмейді» делінген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері, еңбек көші-қон қатынастарын реттейтін заңнама мен өзге нормативтік құқықтық актілер түбегейлі өзгерістерден өтті. Осы қатынастарды реттейтін негізгі принциптер 1995 жылғы Конституцияның 21-бабында көрініс тапты: «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз калауынша таңдап алуға құқығы бар».

Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Сондай-ақ, Конституцияның 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар». Сондай-ақ, Конституцияның 24-бабында былай делінеді: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша немесе төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». Демек, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруға және белгілі бір еңбек қызметі түрімен айналысуға құқылы дегенді білдіреді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-тарауының 14-бабында: «Республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес езі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды тұлғалар кұру, заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу кұқығы болады» делінген. Еркін жүріп-тұру нормасы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Жарлығында бекітілген 16-бапта: «Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетел азаматтарының болуына рұқсат етілген аумағында еркін жүріп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажет болғанда, Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген органдардың актілерімен белгіленеді» делінген.

Жоғарыда көрсетілгендей, шетелдіктердің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар Жарлығымен (19.06.95); Еңбек туралы Заңмен (10.12.99); Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңымен (8.10.03); Халықты жұмыспен қамту туралы Заңымен (23.01.01) және де өзге де заңдар мен заңға тәуелді актілермен реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» заң күші бар Жарлықта дипломатиялық пен консулдық өкілдіктердің басшыларына және қызметкерлерінің артықшылықтары мен иммунитеттері қарастырылмаған. Осы заңға сәйкес, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады. Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысты байланыста болса, шұғылдана алмайды.

Шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты міндетті кепілдікте болады.

Казақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға еңбек қызметінің белгілі бір түрлерімен айналысуға шектеуші жағдайларына жеке-жеке тоқталайық. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 шілдесіндегі Заңының 13-бабы: «Мемлекеттік қызметші ретінде тек ҚР азаматы ғана бола алады». Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағында: «Нотариус қызметін тек қана Қазақстан Республикасының азаматы жүзеге асырады» делінген. Дәл осындай талаптар судья лауазымына, прокурорға т.б. қойылған.

ТМД шеңберінде «Инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімде (24.02.93) еңбек қатынастары, соның ішінде жұмысқа қабылдау мен шығару, еңбек режимі мен еңбекақы төлеу жағдайлары, кепілдіктер мен өтемақылар тараптардың инвестициялары бар кәсіпорындарда инвестициялауды жүзеге асыратын мемлекеттің заңының жеріне сәйкес реттеледі деп көрсетілген.

Шетелдіктер өзге мемлекеттердің аумағында саяси құқықтарды пайдаланбайды және белгілі лауазымға ие бола алмайды немесе мемлекеттік қауіпсіздікпен байланысты қызметтің түрлерімен шұғылдана алмайды. Қазақстан Республикасымен Ресей Федерациясының арасындағы шартқа сәйкес, Ресей Федерациясында тұрақты түратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартында тікелей келесі мәселелер көрсетілген, басқа тараптын аумағында тұрақты тұратын басқа тараптың азаматтары келесі құқықтарды пайдалана алмайды:

а) жоғарғы мемлекеттік лауазымға және биліктің өкілетті органдарына сайлауға және сайлану;

б) бүкілхалықтық сайлауға қатысу (референдум);

в) дипломатиялық қызметтегі лауазымдарды, қауіпсіздік органдарындағы және ішкі істер органдарындағы лауазымдарды иемдене алмайды;

г) орталық атқарушы билік органдарында лауазымдарды, судья лауазымын, прокурор лауазымын иемдене алмайды;

д) облыстық, аудандық, ауылдық әкімшіліктің басшылары мен орынбасарларынын лауазымын иемдене алмайды.

Басқа тараптың аумағында тұрақты тұратын басқа тараптың азаматтары «Облыстық, аудандык, ауылдык әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орынбасарларының лауазымын, сондай-ақ жергілікті атқарушы биліктін құрамына кіретін комитеттерді басқару мен өзге ұйымдарды басқаруды жүзеге асырады, тараптардың келісілген тәртібіне сәйкес» (4б.2,3т).

Шетелдіктердің міндеттерінің ішінде енбек қатынастарымен байланысты міндеті салық төлеу. Қазақстан Республикасында заңды түрде бекітілген салықтарды, алымдарды, міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы болып табылады. Жеке табыс салығын Қазақстан Республикасы азаматтары мен шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар төлейді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Шетелдік мүшелері бар кәсіпорындарда шетелдіктер жұмысшыдан бақылау кеңесінің мүшесіне дейін қызметті иемденеді. Субъектке ақы төлеу, зейнетақымен камсыздандыру мәселелері әрқайсысымен жеке еңбек шартында шешіледі. Олар жалақыны шетелдік валютада алады және тиісті салықтар мен міндетті төлемдерді төлеген соң еркін түрде шетелге жалақысын аударады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетелдіктердің еңбек қатынастарында кейбір элементтер, егер тараптар осы қатынасты реттейтін мемлекеттің заңын таңдамаса, онда шетел мемлекетінің заңымен реттелуі мүмкін. Нақты еңбек қатынастары екі жақты мәмілемен реттеледі. Шетелдік қатысушылары бар арнайы экономикалық аумақтағы кәсіпорындар өздері дербес жұмысқа алу, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер мен өтемақылар мәселелерін жоғарыда аталған жағдайларды ескеріп шешеді.

Шетелдіктер еңбек қызметін Қазақстан Республикасы аумағында бастау мақсатында Қазакстан Республикасына кіру үшін алдын ала рұқсатты және шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсат беретін лицензияны алуы қажет. Шетел мемлекетіне кіру тәртібі осы мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Көптеген мемлекеттерге шетелдіктердің кіруі жұмысқа тұру жөніндегі рұқсат алуына тәуелді болады.

Осындай келісімдер Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Австрия т.б. мемлекеттерде бар. АҚШ, Австрия, Швеция және бірқатар мемлекеттерде шетелдіктердің кіруіне жыл сайынғы квоталар және арнайы жұмыс іздеп келетіндерге квоталар бекітіледі.

Қазақстан Республикасында шетелдіктердін келу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Президенттің заң күші бар Жарлығында көрініс тапты. 22-бапта: «Егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленген болса, шетел азаматтары қолданыстағы паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасына келе алады» делінген. Қазақстан Республикасына келу шетел азаматтарына мына жағдайларда:



  • егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса;

  • егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни дұшпандықты өршітетін болса;

  • егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса немесе сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныған болса;

  • егер ол Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын қуылған болса;

  • егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезінде Казақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республикалық, кедендік, валюталық, немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактілері анықталған болса;

  • егер келу туралы өтініш жасалған кезде ол өзі жайында жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды тапсырмаған болса, рұқсат етілмеуі мүмкін.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 5-бабына сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында еңбек және кәсіби қызметін жүзеге асыру тәртібі және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады және уәкілетті органдармен олардың жергілікті қызметінің рұқсаты мен бақылауы арқылы іске асады. Еңбек көші-қонын реттеуде артықшылық ішкі, ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған. Бірақ, Қазақстан Республикасының аумағына заңды түрде келген енбекші мигранттарды еңбек нарығындағы жағдайға байланыстырып шығаруға тыйым салынған.

ТМД-ға мүше-мемлекеттер азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасы аумағында осы Заңға және мемлекеттер жасасқан екі жақты немесе көп жақты шарттармен реттеледі (8-бап). Демек, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің азаматтары үшін неғұрлым оңайлатылған режим бекітілген.

Әскери қызметтегі тұлғалардан басқа Қазақстан Республикасы азаматтары шетел мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар. Бұл мәселе мәні бойынша «Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымактастық туралы» Келісімді (15.04.94) іске асыру болып табылады.

ТМД мемлекеттері қабылдайтын келісімдерге қоса аймақтық келісімдерді қабылдайды. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Қырғызстан мен Өзбекстан Республикалары арасында Бірыңғай экономикалық аймақты жасау туралы шартының 3-бабында: «тараптар бірыңғай экономикалық, аймақты қалыптастыру барысында жұмыс күші мен капиталдың еркін орын ауыстыруына қажетті құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды жасайды» делінген.

Тараптардың әрқайсысы дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгендігі туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті және шыққан Тараптың аумағында белгіленген тәртіпте еңбекке орналасатын тараптың өзге де құжаттарын рәсімдеусіз мойындайды және бірыңғай экономикалық аймақта азаматтарға визасыз режимді қамтамасыз етеді.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 34-бабына сәйкес көші-қон үрдістерімен басқарылатын уәкілетті орган (Көші-қон агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен өзге шетелдік мемлекеттердің үкіметтері және еңбек көші-қонымен айналысатын құрылымдық бөлімшелерімен келісімдер жасауға құқылы.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың іске асыратын еңбек қызметінің кейбір түрлері «Көші-қон туралы» Заңдағы еңбек көші-қонына сәйкес келмейді. Бұл қызмет түрлеріне темендегілер кіреді:


  • Қазақстан Республикасы аумағындағы әскери қызмет бөлімшелеріндегі қызмет;

  • дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамындағы қызмет;

  • Қазақстан Республикасына оқу барысымен немесе өндірістік тәжірибесімен келгендер;

  • мемлекетаралық шарттарға, сондай-ақ, Қазақстандық және шетел ұйымдарының арасында жасалған еңбек қызметі туралы контрактілеріндегі еңбек қызметтері;

  • Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген діни бірлестіктердегі кәсіби қызметі;

  • Қазақстан Республикасында аккредиттелген бұқаралық құралдары, радио және теледидар өкілдері;

  • Қазақстан Республикасына келетін қайырымдылық және ізгілік көмек көрсету;

  • шетелдік ұйымдарға тиесілі теңіз және өзен кемелері, әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері қызметтері.

Жоғарыда аталған түрлерден басқа Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбек көші-қоны болып табылмайтын өзге де еңбек қызметі түрлерін бекіте алады.

Бүгінгі күнгі ұлттық еңбек нарығына келесі теңденциялар тән: жұмыспен қамтылған халық санының қысқаруы; жұмыссыздар санының азаймауы (2001 жылдың 1 сәуіріндегі статистикалық мәліметтер бойынша жалпы халық санынан жұмыссыздар саны 12,7% жетті); күннен күнге сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің нығаюы; жасырын жұмыссыздықтың көбеюі. Осының барлығы халықтың эмиграциясына әкеліп соғады. 2001 жылдың 1 қазанындағы бүкіл халық санағының мәліметтеріне сәйкес, халық саны 14810 мың адам, ал 1991 жылғы санақ бойынша 16793 мың адам, яғни халық саны 10 жыл ішінде 2 млн. адамға немесе 11,3% төмендеді. Адамдардың саны көбінесе, солтүстік және орталық облыстарда: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қарағандыда қысқарды. Қазақстан Республикасында 2000 жылғы ресми мәліметтерге сүйенсек, орташа жалақы 90,6 АҚШ долларын құрайды. Дегенмен, біздің отанымыздан 75000 эмигрант Ресейге қоныс аударды. Жоғарыда аталған фактілердің көші-қон саясатына теріс тұсы - мемлекетіміздің еңбек әлеуетінің сапалық құрамы нашарлайды. Республикадан жоғары білікті мамандар кетуде. Бірақ, соңғы жылдары Моңғолиямен 35%, Иранмен 8%, Түркиямен 2% көші-қонның оң сальдосы байқалуда.

Көші-қон туралы Заңда (13.12.1997) шетелдіктердің Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметі карастырылған. Иммигрант - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ болып табылатын жеке тұлға. Қазакстан Республикасына енбек көші-қоны бойынша, бірақ азаматтықты ауыстыруды мақсат тұтпай келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер мемлекеттік келісімдермен басқадай тәртіп қарастырылмаған болса, Қазақстаннан тысқары жерде тұрақты қонысы болуға тиіс.

1990 жылдардан бастап, Қазақстан Республикасында реэмиграция үрдісі қарқынды түрде дамыды. Мысалға 1991-2000 жылдар аралығында Республикамызға 183 мың адам келді.



Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудағы көкейкесті мәселелер.

ТМД шеңберінде еңбек көші-қоны жұмысшы еңбек күшін импорттаушы мемлекеттің экономикалық даму деңгейіне байланысты. Бұл аспектіде Ресей ТМД мемлекеттері ішінен ең тартымды, ал Орта Азиялық мемлекеттерден Қазақстан деп есептеледі.

Мысалы: Ресейге, әсіресе еңбекші иммигранттар негізінен Украинадан келеді. Украиндық карбованецтің Ресейлік рубльге қарағанда курсы әлдеқайда төмен, сондыктан да, украиндық еңбекші иммигранттарға жалақыны Ресейден алып, ал кейін оны өз Отанында жұмсау тиімді болады. Дәл осындай жағдай Қазақстаңда байқалуда. Бізге, әсіресе Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның еңбекші иммигранттары жұмыс істеуге келеді. Импорттаушы мемлекеттің кәсіпорындарына бұл тиімді: біріншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланады, екіншіден, еңбек жағдайларының қауіпсіздік пен гигиеналық мәселелеріне еңбекші иммигранттар жоғарғы талаптар қоймайды. Үшіншіден, жергілікті қызметкерлер жалақының төменгі мөлшеріне келіспейтінін біліп жұмыс беруші өзіне арзаң, еңбекші жұмысшылар штатын қалыптастырады.

Рұқсат берудің тәртібі. Жұмыс беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:


  1. жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санын, санатын көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде рұқсат беруге өтінішті;

  2. орталық аткарушы орган бекітетін басшылар, мамандармен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына (БА), жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірынғай тарифтік біліктілік анықтамалығына (БТБА) сәйкес, әр лауазым үшін белгіленген біліктік талаптарын;

  3. шетел тілін және халықаралық стаңдартты білу, шетелдегі жұмыс тәжірибесі кажеттілігінін негіздемесін;

  4. өтініш берген күннен бастап, 1 айдан аспайтын мерзімде уәкілетті органның өңірлік дерек қорынан бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстардың болуы туралы анықтаманы;

  5. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін, кемінде 1 ай бұрын және 3 айдан кешіктірмей жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқаларын;

  6. орталық атқарушы органының Web-сайты арқылы енбек нарығының республикалық дерек қоры бойынша іздестірудің нәтижелерін;

  7. бұрын берілген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты (бар болса);

  8. жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген бас тартуын;

  9. тартылатын шетелдік жұмыс күші санының негіздемесін ұсынады.

Уәкілетті орган:

1. Жұмыс беруші ұсынған құжаттарды, олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарап, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешім қабылдайды.

Комиссия туралы ережені уәкілетті орган орталық атқарушы органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді. Комиссияның құрамына орталық аткарушы орган, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық жөніндегі агенттігі аумақтық органдарының өкілдері енгізіледі.

2. Жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

Рұқсаттың нысанын орталық атқарушы орган бекітеді. Жұмыс беруші уәкілетті органды рұқсат беру туралы жазбаша хабарландырылған күннен бастап, бір ай ішінде рұқсат алуы керек.

Рұқсат уәкілетті орган әкелінетін шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растаған сәттен бастап қолданылады.

Уәкілетті орган берген рұқсат тиісті облыстың, Астана мен Алматы қаласының аумағында ғана қолданылады және оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды.

Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыстарда және (немесе) Астана және (немесе) Алматы қалаларында пайдалануы қажет болған жағдайда, жұмыс берушінің тұрғылықты жеріндегі уәкілетті орган орталық атқарушы органның келісімі бойынша екі және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана және (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бере алады.

Рұқсат мынадай жағдайларда:


  • осы ережеде көзделген құжаттар толық және тиесілі рәсімделмесе;

  • бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттары орындалмаса;

  • бөлінген квотадан асып кетсе берілмейді.

Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде қабылданған шешімнің негізділігі мәніне орталық атқарушы органға өтінішпен бара алады.

Орталық атқарушы орган жұмыс берушінің өтінішін қарайда, уәкілетті органнан сұратып алған қажетті материалдарды зерделейді және нәтижелері бойынша қорытындыны тиісті уәкілетті органға қарауға жібереді, бұл туралы жұмыс берушіге хабардар етеді.

Жұмыс беруші төменгі жалақыны белгілеуі, жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген бас тартуын қамтамасыз етеді. Демек, жұмыс беруші тек жеке басының экономикалық, мүддесін басты орынға қоюға жоғарыда аталған мәселе жол береді.

Осы ережеге №55 қаулымен (20.01.03) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. № 322 (27.03.04) қаулыдағы қосымшада бұл ереженің бірнеше баптарын өзгертті. Тоқталып кететін болсақ, № 55 қаулыға сәйкес 3-тараудың 13-тармағы орталық атқарушы орган рұқсат беру кезінде жұмыс берушіге рұқсат беру категориясына сәйкес арнайы шарттарды орындауды жүктейтін болған:

1) 1санат үшін орташа арнаулы және жоғарғы білімі бар қазақстандық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

2) 2 санат үшін - бұдан әрі шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

3) 3 санат үшін - шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық мамандарды дайындау, Қазақстан азаматтарына қосымша жұмыс орындарын құру.

Ал № 322 қаулыға сәйкес 4-тарау рұқсат беру шарттарының 13-тармағы уәкілетті орган рұқсат беру кезінде жұмыс берушімен келісім бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенін орындалуын жүктейді:



  1. Қазақстандық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру.

  2. Бұдан әрі шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

  3. Қолда бар жұмыс орындарын сақтау.

  4. Қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру.

Біздің пікірімізше, соңғы өзгерістер жұмыс берушіге рұқсатты алу үшін бұрынғы ережеге қарағанда, неғұрлым оңай шарттарды қояды, яғни, біріншіден, жұмыс берушінің келісімі керек, екіншіден келісімін берсе 4 шарттың ішінен өзіне ең қолайлысын таңдауға құқық берілген. Әрине, кез келген жұмыс беруші осындай шарттардың өзіне міндеттеліп жүктелуіне келіспейді. Мүмкін, заң шығарушы органдар бұл өзгерісті заңсыз шетел жұмыс күшін тартпауы мақсатында енгізген шығар. Жұмыс берушінің өзі құқылы жай рұқсатты немесе ауыртпалығы бар рұқсатты алу, ал оларға міндеттер мен шарттарды жүктемеу келешекте Қазақстан Республикасында заңды шетел жұмыс күші болатындығына әкеліп соғады.

4-тараудың 21-бабында шетел жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру 3 санатқа бөлінген.



  1. 1-ші санат ұйымның басшы құрамын тартуға;

  2. 2-ші санат - құжаттарды белгіленген тәртіппен расталған жоғары және кәсіптік орта білімі бар мамандарды тартуға;

  3. 3-ші санат - білікті жұмыс күшін тартуға.

Ал № 322 қосымшада 4-ші санат түрі көрсетілген – еңбекші мигранттардың еңбек көші-қоны және оларды әлеуметтік корғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар.

1990 жылдардан бастап, бұрынғы Кеңес республикаларынан реэмиграция үрдісі белсенді түрде дамыды және Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болғандардың (репатрианттардың) оралуы байқалды. 1991-2000 жылдар арасында 183 мың адам Қазақстанға келді. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демографиялық агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы бекітетін квотасына сәйкес тұлғаны иммигрант деп тану немесе танымау туралы шешімді қабылдайды. Сонымен қатар соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының аумағында шетел жұмыс күшін тартудың тәртібі әлі күнге дейін даулы және көкейкесті мәселе. Бұл мәселенің өзектілігі: 1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатымен және Орта, Шығыс Азия мемлекеттерінен заңсыз қоныс аударушылардың үлкен ағымынан туындады.

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы саясаты ірі өнеркәсіптің пайдалы казбаларды табу, қайта өндіру және тасымалдау саласының; жабдықтарды өндіру, кен орындарды (газ және мұнай) игеру, машина құрылысы, білім беру, құрылыс салаларының дамуына бағытталған. Ірі өнеркәсіптік кешендерді салу үшін мемлекетімізде, жергілікті кәсіпкерлер де материалдық-техникалық ресурстармен жеткілікті дәрежеде қамтылмаған, сондықтан да өндірістік жүйені жоғары деңгейде қалыптастыру үшін шетел капиталын тартуға біз мүдделіміз.

Тәуелсіздігін алған соң, Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартудың тәртібіне байланысты бірнеше нормативтік актілер қабылданды. Алайда, заңнама жиі өзгерістерге ұшыраған соң шетел жұмыс күшін тартудың тәртібінде рұқсатты алу процедурасына қойылатын талаптар қатан болды. Осы қатынастарды негізінен «Халықтың көші-қоны туралы» Заң (13.12.97), «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заң (23.01.01.) және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінін қаулысы реттейді.

2000 жылдан бастап, шетел жұмыс күшін тарту үшін квота белгіленді. Заң шығарушылардың квота енгізуі біздің пікірімізше бұл қатынастар шеңберіндегі ақаулықтарды жойды. Квотаны енгізу туралы мәселеге мемлекеттің еңбек, халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік корғау органдары өздерінің бірнеше жобаларын ұсынды. Осы органдардан басқа казақстандық кәсіпкерлер мен шетел инвесторларының өкілдері жобаларға өз түсініктемелерін және ұсыныстарын білдірді. Нәтижесінде, Казақстан Республикасы Үкіметінің №836 қаулысымен (19.06.01) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі бекітілді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет