Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 2.61 Mb.
бет1/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ОӘК 042-18-20.1.102/03-2014

№1 басылым

11.09.2014 ж.



42 беттің беті - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-20.1.102/03-2014

«Халықаралық құқық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

11.09.2014 ж.


«Халықаралық құқық» пәні бойынша

«5В030100»- құқықтану мамандығына арналған

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ


СЕМЕЙ

2014
Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий



Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Халықаралық құқық


Мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі.

2

Қағидалар

 


Қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар.

3

Халықаралық құқықтық нормалар

Бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері

4

Халықаралық құқықтың қайнар көздері

Халықаралық құқық субъектілерінің келісілген еркінбілдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

5

Индивид

Бұл жекеадам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік

6

De-jure

Бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда, құқық бойынша, тұтастай ресми тану.

7

De-facto

 


Тануы көпжылдық қатынастар орнатуға, экономикалық және әкімшілік сипаттағы шарттар жасасуға міндеттейтін тану.

8

Ad hoc

Субъектінің танылуы жоқ, мемлекетке туындаған мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға түсу, яғни фактілік сипаттағы мойындау.

9

Құқықмирасқорлық

Бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің белгілі оқиғалар мен жағдайлардың туындауы нәтижесінде екінші біреуге өтуі.

10

Халықаралық шарттар ұғымы

 


Шарттық-құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы.

11

Халықаралық шарт

Бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер

12

Pacta sunt servanda

“шарттар орындалуы тиіс” деген рим құқығынан алынған шарттар құқығының негізгі ережесі.

13

Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз

Бірнеше жүйелі сатылардан құрылатын күрделі процесс.

14

Парафирлеу

Шарттың түпнұсқасын жасау.

15

Депоненттеу

Бекіту грамоталарымен алмасу.

16

Промульгациялау

Шартты жариялау.

17

Шарт мәтінін қабылдау

Дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалары мәтінімен келісілетіндіктерін білдіру.

18

Мәтәннің түпнұсқалығын бекіту

Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп танылатын рәсім (грек сөзі authentikos–түпнұсқа, алғашқы қайнар көзден шығады деген мағынаны білдіреді).

19

Ad referendum

Мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екндігімен келісу әдісі.

20

Ескерту дегеніміз

Мемлекеттің кез келген нысанда және кез келген атауда жасайтын бір тарпты жариялауы.

21

Ратификациялау

Бекітушарт процессінің маңызды сатыларының бірі, ол мемлекеттік биліктің жоғары органының халықаралық шартты бекітуін көрсетеді.

21

Халықаралық жариялаудан басқа ішкі мемлекеттік промульгация

Ол қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық шартты ресми жариялау.

 


22

Депозитарий

 


бір немесе бірнеше мемлекеттер, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы лауазымды адамы.

23

Депозитке беру деп

Депозитарийге халықаралық шарттың, бекіту грамоталарының, халықаралық шарттқа қосылу туралы құжаттардың немесе шарттың бұзылғаны туралы құжаттардың түпнұсқасымен сақтауға беруді айтамыз.

24

Халықаралық шарттардың өз күшіне енуі дегеніміз

Шарт тараптарының қатысушылар ретінде заңды құқықтар мен міндеттерге ие болуы.

 


25

Шарттың әрекет етуінің тоқтатылуы дегеніміз

Халықаралық құқыққа сәйкес барлық құқықтық қатынастардың тоқтауы.

 


26

Консенсус

Шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ уйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы.

27

Халықаралық ұйым

Бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық номалары мен қағидалары негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.

28

БҰҰ Бас Ассамблеясы

Оның барлық мүшелерінен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы.

29

Хатшылық

БҰҰ-ның әкәмшілік органы

30

Халықаралық құқықтағы жауапкершілік

Бұл халықаралық құқықтық міндеттемелерді бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектілері үшін туындайтын заңдық салдар.

31

Зиян (залал)

Мемлекеттің құқыққа қайшы тәртібінің салдары.

32

Реституция

Бір мемлекеттің аумағынан тартып алынып, келесі бір мемлекетке шығарылғанмүлікті қайтару.

33

Субституция

 


Егер заттарды қайтара алмаған жағдайда келісім бойынша соған тең бағалы немесе жақын келетін затпен қайтару.

34

Репрессалий

Басқа мемлекеттің бұзған өзінің құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған мемлекеттердің мәжбүрлеу әрекеттері.

35

Абсолюттік жауапкершілік

 


Бұл мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекет өзінің органдары арқылы халықаралық аренаға шығады, яғни мемлекет өзінің атқарушы, заң шығарушы, сот органдарының барлығының әрекеті үшін жауап береді.


2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

Тақырып 1. Халықаралық құқықтың ұғымы.

1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық құқық - құқықтың ерекше жүйесі.



2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және жүйеленуі мен үдемелі дамуы.

1. Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық қүкык нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орны туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтаушы деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.Г.Санакоев, Д.Г.Томашевский, т.б).Халықаралық құқықтар мағынасында алғанда мыналарды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды; екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекеттік құрылымдардың орнығу процесін; үшіншіден, халықаралық ұйымдарды; төртіншіден, мемлекеттер тобын; бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.Жоғарыда аталғандардан басқа, халықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық-құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің ерекшелігі - оның негізгі белгісі, мемлекеттің біріншіден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден, одан тыс та өмір сүре алатындығы.Сонымен, халықаралық құқықтың даму және қызмет ету проблемаларын айқындағанда, осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін, халықаралық жүйе үғымы мен компоненттерін анықтауға тура келеді.Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.Халықаралық құқық өзінің генетикалық және мәні жағынан мемлекетпен байланысты болғанына қарамастан, жеке бір мемлекеттің құқығы болып есептелмейді, сондай-ақ мемлекеттегі жоғары құқық болып та табылмайды. Ол мемлекеттердің өзара қатынасын бекітуші және қамтамасыз етуші мемлекетаралық құқық болып табылады.Егер ішкі мемлекеттік құқықтың барлық салаларында субъектілер ретінде, яғни құқықтар мен міндеттемелерді иемденушілер жеке және заңды түлғалар болса, халықаралық құқықта субъектілер екі топқа бөлінеді: 1-топ - негізгі субъектілер: а) тәуелсіз мемлекеттер; ә) өз тәуелсіздіктері үшін күресуші ұлттар мен халықтар; 2-топ - қосымша субъектілер: а) халықаралық ұйымдар; ә) мемлекетке ұқсас құрылымдар. Халықаралық құқықтың соңғы жылдардағы дамуынан индивидтің халықаралық құқықтың субъективтілік теориясы көпшілік алдында таныла бастады.Халықаралық жария құқық - бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық түрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

2. Халықаралық құқықтың қызмет етуі - бұл халықаралық құқық жүйесі мен құқықтық ортаның, яғни халықаралық құқық жүйесі компоненттерінің әрекеттесуі болып табылады. Мәселеге бұл тұрғыдан қарау халықаралық құқықтың рөлін, оның дамуын бағдарлауға, оның әрекеттілігінің бейбітшілікті және халықаралық ынтымақты арттыру құралы ретінде одан әрі танылуына септігін тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету дегеніміз халықаралық құқықтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыру процесі болады.Халықаралық құқық адамзат қоғамы дамуының әр түрлі сатыларында түрлі рөл атқарған. Белгілі халықаралық заңгерлердің бірі Ф.Лист халықаралық құқықтың көбіне аяқ асты болып келгенін атап көрсеткен. Алайда мемлекеттер және халықаралық қатынастың басқа субъектілері халықаралық жария құқық нормаларының міндетті күшін жоққа шығара алмайды.Халықаралық құқықтың басты қызметі - оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері түрлі құралдарды қолдануы мүмкін.Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады: біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттін көпшіліктаныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады; екіншіден, халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады; үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді. Мәселен, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зерттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен, 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, 1963 ж. елшілік қатынас туралы Вена конвенциясы, 2002 ж. "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.Шетел сөздерінің осы заманғы сөздіктерінде жүйелеуді былайша түсіндіреді.Жүйелеу (лат.codification) - құқықтың жеке салалары бойынша мемлекет заңдарының жүйеленуі, әдетте ол, әрекеттегі заңдарды қайта қарап, ескірген заңдардың күшін жою арқылы жасалады. Аталған анықтамаға сүйене отырып, біз жүйелеудің негізгі бағыттарын айқындай аламыз:

1) Әрекет етуші нормаларды, институттарды, қағидаларды, халықаралық құқық салаларының тура және нақты мазмұнын белгілеу;



  1. Ескірген нормаларды өзгерту немесе қайта қарау;

  2. Халықаралық құқықтың үдемелі дамуын ескере отырып, жаңа нормаларды, институттарды, қағидаларды, салаларды анықтау;

  3. Халықаралық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын, салаларын нормативтік бекіту.

Халықаралық құқықты жүйелеумен айналысатын халықаралық ұйымдардың ішінен Халықаралық құқық Институты Штаб-пәтері -Брюссель мен халықаралық құқық Ассоциациясы - штаб пәтері - Лондон айрықша орын алады, олар 1873 ж. құрылған болатын.

Осы заманғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді. Бұл оқу құралында халықаралық жеке құқыққа қатысты мәселелер қамтылмағақ сондықтан олардың арақатынасы туралы мәселелерді айтып өткеніміз жөн болар.Аталған мәселе көпке дейін халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде талас тудырып келді, бұл проблеманың гснезисі былайша сипатталады. Бұл мәселеге байланысты мынадай үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келді:

1) Халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлігі және құқық ретінде өз бетінше өмір сүре алмайды. Ол азаматтық құқық жүйесіне жатады. Мұндай пікір алғаш 1926ж. И.С.Перетерскийдің еңбектерінде айтылды;


  1. Интернационалдық позиция, Халықаралық жеке құқық - халықаралық құқықтың бір бөлігі, яғни Халықаралық жеке құқық Халықаралық жария құқық-халықаралық құқық.

  2. Халықаралық жеке құқық кейде азаматтық құқықтың арнайы салаларының бірін құрайды, бірақ негізінен Халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.

Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқық арасындағы толық байланыс халықаралық жеке құқықтың мемлекетаралық қатынастарды емес, халықаралық өмірді сипаттайтындығына байланысты болады. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері халықаралық жеке құқық үшін де белгілі бір мәнге ие болады.Мемлекет шетел элементтері бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысы бар мәселелерді өзінің ішкі заңдарымен немесе халықаралық келісімдермен шешкенде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне өз көзқарасын белгілейді, халықаралық жеке құқықтың осы ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысатынынан, мемлекеттердің халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.

 Өзін өзі бақылау сұрақтары

1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық құқық - құқықтың ерекше жүйесі.

2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және жүйеленуі мен үдемелі дамуы.



Ұсынылатын әдебиет

  1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. - М., 2000.

  2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право: Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.

  3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2001.

  4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2000.

  5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.

  6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.

Тақырып 2. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.

1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.

2. Халықаралық құқықтың қағидаларының мазмұны

1. Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің бірі, оның негізгі қағидалары рөлінің үдемелі дамуында, басқаша айтқанда, ол белгілі бір қатынастардағы халықаралық құқық субьектілерінің тәртіптеріне негізделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгілі бір обьектісіне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетін құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзімді, әрі өзгеріп тұратын мән-жайлардың әсеріне көп ұшырамайды. Сонымен бірге, нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзім ішінде қалыптасады. Қағидалар дегеніміз - қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар болып табылады.Халықаралық қуқықтың негізгі қағидалары - халықаралық құқықтын өзінің пайда болуы кезеңімен сәйкес келмейтін санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгілі бір сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары - бұл халықаралық-құқықтық салада болып жатқан түбегейлі өзгерістерді айқын бейнелейтін негізгі бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелері болып табылады, оның халықаралық-құқықтық толық нормалары мен арақатынасын заңдағы нормалардың конституциялык қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.Халықаралық құқықтың негізгі қагидалары — өзіндік сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Біріншіден, қағидалар барлык құқықтық жүйеге таралады. Екіншіден, олар міндетті (императивті) сипатта jus cogens. Үшіншіден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден, қағидаларға заңдылық өлшемі тән болады.Халықаралық құқықта қағидалардың екі түрлі санаты бар: жалпы, негізгі қағидалар; және тар мағынадағы тәртіп ережелерің бекітетін арнаулы қағидалар.Осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, біріншідеқ БҰҰ Жарғысында бекітілгеа Бірақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын түжырымдау жөнінде арнайы мақсатты көздемегендіктен, олардың кейбіреулері өте қысқа мазмүндалған. Сондықтақ бірқатар мемлекеттердің бастамасымен, бірнеше негізгі қағидалардың мазмүнын айқындау үшін БҰҰ да бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.1970 ж. Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:

- Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау


қағидасы; - Ішкі істерге араласпау қағидасы; - Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы; - Мемлекеттердің өзара міндетті ынтымақтасу қағидасы; - Халықтардың теңдік және өзін-өзі басқару қағидасы; - Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; - Міндеттемелерді адал орындау қағидасы.Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумауы керек. 1975 ж. Хельсинки кеңесінің Қорытынды Актісінде 10 кағида бар. 1970 ж. Декларациядағы тізімге мыналар қосымша енгізілді: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін қүрметтеу қағидасы. Айтып өтетін бір жайт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектілерінің басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгілеуді өзіне мақсат тұтпайды. Әрбір жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүріп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигізбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерін еркін зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиімді пайдалану қағидасы және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы; әуе кемелерін заңсыз қол сұғу актісінен қорғау және т.б. қағидалар негізгі қағидалар болып табылады.Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаларын былайша жіктейді.Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз, бейбіт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.Келесі топқа халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тікелей қолдайтын қағидалар кіреді. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады.Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасы; мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасы; халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет