Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 2.61 Mb.
бет3/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.61 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзін өзі бақылау сұрақтары

1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері.

2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.

3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты



Ұсынылатын әдебиет

1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. - М., 2000.



  1. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право: Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.

  2. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2001.

  3. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2000.

  4. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.

  5. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.

Тақырып 5. Халықаралық құқықтағы аумақ және басқа кеңістік мәселелері.

1 Халықаралық құкықтағы аумақ ұғымы және оның түрлері. Мемлекеттік шекаралар.

2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың халықаралық құқықтық режимі.

3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.



1. Аумақ ұғымының халықаралық құқықтағы кең мағынасы жер шарының құрлық және су айдынын, жер асты қойнауы мен әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен ондағы аспан денелерін білдіреді.Құқықтық режимнің негізгі түрлеріне қарай барлық аумақ (территория) мынадай үш типке бөлінеді:

- мемлекеттік аумақ;

- халықаралық аумақ;

- аралас режимді (конвенциялық) аумақ.

Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің тәуелсіздігімен байланысты және осындай аумақ, шегінде нақты мемлекет өзінің аумақтық үстемдігін жүргізеді.Халықаралық режимдегі аумаққа белгілі бір мемлекетке жеке - дара тиесілі емес, халықаралық құқыққа сәйкес, барлық мемлекеттердің ортақ пайдалануындағы мемлекеттік аумақтан тыс жатқан жер кеңістіктері жатқызылады.Аралас режимдегі аумақ - бұл бір мезгілде халықаралық және шекаралас жатқан мемлекеттердің ұлттық заңдары әрекет ететін аумақ.Мемлекеттік аумақ құрамына құрлықтағы жер мен жер асты қойнауы және жер мен су үстіндегі әуе кеңістігі кіреді және олардың шегі мемлекеттік шекарамен белгіленеді. Мемлекеттің құрлықтағы жеріне оның шекарасы көлеміндегі барлық жер кіреді. Мемлекеттің су аумағын ішкі сулар мен аумақтық теңіздері құрайды. БҰҰ Конвенциясының 1982 ж. теңіз құқығы бойынша ішкі суларға мыналар жатады:


  • теңіз сулары, оның ішінде аумақтық теңіздердің енін есептеуге арналған бастапқы түзу сызықтардан жағаға қарай орналасқан мемлекет - архипелегтардың (аралдар тобы) сулары;

  • порттағы сулар;

- жағалаулары бір мемлекетке ғана тиесілі шығанақ сулары, егер олардың ені 24 теңіз милінен аспаса, сондай-ақ тарихи шығанақтар;

БҰҰ-ның Халықаралық Соты. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құралдарының жүйесі ішінде БҰҰ-ның Халықаралық соты төрелік соттан кейінгі орынды алады. Халықаралық сот пен төрелік соттың ұқсастығын екі жағдайда да соңғы шешімді шығару дауласушы тараптардың еркіне байланысты еместігінен керуге болады, ал келіссөздер жүргізу, ізгі қызмет пен бітістіруде керісінше сипатта. Шығарылатын шешімнің аяқталған сипаты мен оның тараптар үшін міндеттілігі - төрелік сот пен халықаралық соттың ортақ және басты негізгі белгілерінің бірі, дегенмен өзіндік бір азғана өзгешелігі болуы да мүмкін. Тараптардың сотқа және төрелік сотқа жүгінуі, тек бұл органдардың міндетті юрисдикциясын бекіткен дауларды қоспағанда екі жағдайда да ерікті болады.Халықаралық сот пен төрелік соттың ұйымдастырушылық - қызметтік сипаттағы айырмашылықтары бар. Халықаралық сот төрелік соттан өзінің тұрақты ұйымдық нысанымен ерекшеленеді, яғни ол қандай да бір даудың болуынан тәуелсіз түрде тұрақты әрекет етеді және барлық даулар үшін сот құрамы тұрақты болады. Халықаралық сотта дауларды қараудың тұрақты және жақсы белгілі рәсімі бар. БҰҰ-ның Халықаралық соты халықаралық жанжалдарды бейбіт шешу құралдарының ішіндегі ең қатаңдауы болып келеді. Ол көбіне мемлекеттер арасындағы дауларды қараудың ең соңғы сатысы және оны мәні бойынша шешудің соңғы нысаны болып табылады. Сондықтан, Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы даулар мен алауыздықтарды бейбіт жолмен шешу және әлемдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету стратегиясының негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.Аумақтық дауды шешкен кезде, кез келген дауды шешудегі сияқты мән-жайдың ақиқаттығын анықтау проблемасы туындайды. Барлық дәлелдемелер мен тараптардың сөздерін зерттеп, түпкілікті қателікті тауып, кінәлы тарапты анықтау ең дұрыс жағдай болып есептеледі. Алайда, іс жүзінде әрқашан олай бола бермесі анық және мұндай жағдайда аумақтық даулардың өте күрделі және шиеленіскен оқиғаларын көптеп мысалға келтіруге болады және онда заңи мәселелерге қауіпті саяси проблемалар да қосылатындықтан, бастапқы оқиға тарих тереңіне кіріп кетеді. Мұндай күрделі жағдайларда аумақтық дауларды шешу үшін халықаралық құқықтың түрлі нормалары мен тұжырымдамалары қолданылады, олар шекараны анықтауға, сондай-ақ аумақтың кімге тиесілі екендігін бекітуге көмектеседі.



Өзін өзі бақылау сұрақтары

1 Халықаралық құкықтағы аумақ ұғымы және оның түрлері. Мемлекеттік шекаралар.

2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың халықаралық құқықтық режимі.

3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.



Ұсынылатын әдебиет

  1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.

  2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.

  3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.

  4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е изд. - М., 2000.

  5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-ІІ.

  6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.

  7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение Соединенными Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.

Тақырып 6. Халықаралық шарттар құқығы

1. Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық шарттар құқығы. Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.



  1. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.

  2. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)

  3. Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.

1. Халықаралық шарттар құқығы - шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы. Халықаралық шарттардың құқығы осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала осы заманғы халықаралық құқықтың қызмет тәртібін, шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарын айқындайды. Шарттық құқықтың мұндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен, осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық шарттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Халықаралық шарттың өзі халықаралық шарттар құқығыпың объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралық құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Құқықтың осы саласының құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз. Жоғарыда атап етілгендер халықаралық жария құқықтың осы заманғы жүйесінде халықаралық шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.

Халықаралық шарт - бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда айта кететін бір жайт, халықаралық құқықтағы шарт шарттық процесс қатысушыларының ерікті ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария құқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең құқықты шарттардың алар орны ерекше скені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделген.Ал, өкінішке орай іс жүзінде кездесетін теңқұқықсыз шарттарды не сипаттайды?

Халықаралық шарттың заңи жарамдылығы оның ерекше қасиеті болып саналады. Тек жарамды халықаралық шарт қана халықаралық құқықтың субьектілері үшін міндетті қайнар көз болып табылады.Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясында жарамдылық мәселелері, нақтырак айтқанда жарамсыздық мәселелері V бөлімде қарастырылған. Халықаралық шарттардың жарамдылығы халықаралық құқық көздейтін заңи негіздері ғана ие. Басқаша айтқанда, жарамдылық оның халықаралық-құқықтық толыққандылығын, құқыққа сай екендігін айқындайды, соның күшімен шарт оның қатысушыларының орындауы үшін міндетті және шарттың талаптарына процестің басқа қатысушыларының қосылуы үшін мүмкіндік береді. Жарамды халықаралық шарттар - бұл заңдық күшіне халықаралық құқық тұрғысынан шәк келтіруге болмайтын және оларға қарсы ешқандай халықаралық-құқықтық қарсылықтар келтіруге болмайтын шарттар.Халықаралық шарттардың жарамдылық презумпциясы 1969 ж. Вена Конвенциясының 42-бабында қарастырылған. Осы бап келісуші субьектілердің арасындағы шарттық қатынастардың тұрақтылығын бекітеді, pacta sunt servanda қағидасының қолданылуын растайды. Мұндай жағдайда жарамдылықтың іс жүргізу және материалдық аспектілері тұтастай біріккен. Іс жүргізу аспектісі шарт жасау процесінің құқыққа сай екендігін көрсетеді, яғни тараптардың шарт процесіне қатысу құқықтары болу керек; тараптар шарттың талаптарын орындауға міндетті. Шарттық ережелердің халықаралық құқықтық стандартқа сәйкес келуі жарамдылықтың материалдық жағын құрайды.1969 ж. Конвенцияның 46-53-баптары шарт субьектілеріне қатысты; халықаралық құқық субьектілерінің ерік білдіруіне; шарттың обьектісі мен мақсаттарына қатысты жарамсыздық талаптарын айқындайды. Шарттың жарамсыздығы абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Абсолютті жарамсыз халықаралық шарттар ең басында-ақ жарамсыз болады. Мұндай негіздерге мыналарды жатқызуға болады: мемлекет өкілін мәжбүрлеу; күш қолданамыз деп қорқыту арқылы мемлекетті мәжбүрлеу; жалпы халықаралық құқықтыц (jus cogens) императивтік нормасына қайшы келу. Өкінішке қарай, халықаралық құқықтың шарттық қатынастарының даму тарихында абсолютті жарамсыз шарттар кездесіп тұрады. Оған Германияның Чехословакиядан Судет облысын алу туралы 1938 ж. Мюнхен келісімін жатқызуға болады. Бұл шарт Гитлер үкіметінің Чехословакияда "неміс мәселесін" реттеу үшін емес, Чехословакияны жаулап алудың келесі сатысын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жасаған алдамшы айласы еді. Салыстырмалы жарамсыз шартты даулауға мүмкіндік бар. Салыстырмалы жарамсыз шарттардың негіздеріне: қателесу, алдау, өкілді сатып алу жатқызылады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары

1. Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық шарттар құқығы. Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.



  1. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.

  2. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)

  3. Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.

Ұсынылатын әдебиет

  1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.

  2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.

  3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.

  4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е изд. - М., 2000.

  5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-ІІ.

  6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.

  7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение Соединенными Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.

Тақырып 7. Халықаралық жария құқықтағы адам құқығы

  1. Халықтар жағдайын халықаралық-құқықтық реттеу. Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері.

  2. Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Баспана құқығы және босқындардын құқықтық жағдайы.

  3. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.

  4. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.

1. Кез келген мемлекеттегі халықтардың құқықтық жағдайы оның ішкі заңдарымен айқындалады. Бұдан мемлекеттердің осы саладағы ынтымақтасу мүмкіндіктері мен мүдделілігі болмай қалады деген ой тумауы керек.Кез келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір мемлекеттің аумағында өмір сүріп жатқан индивидтердің жиынтығын көрсетеді. Халықтың құрамы, әдетте, өзінің азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан құралады. Сондай-ақ, "аралас мәртебесі" бар халықтар санаты да болуы мүмкін, яғни олар екі азаматтығы бар адамдар болып табылады. Тар мағынадағы "халық" үғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең мағынада талдау да кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды халык деп айтады.Халықаралық құқықта азаматтық мәселелерін реттейтін шарттық және әдет-ғүрыптық нормалар жүйесі бар. Мысалы, оларға азаматтық мәселелері жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердін, қос азаматтығы бар адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жок адамдардың мәртебесін айқындау жатқызылады. Халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінде адам құқықтары жөніндегі ынтымақтастық проблемалары мен перспективаларына айрықша орын беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан барлық өзгерістер тікелей немесе жанама түрде болсын, халықтар мәселесіне ықпалын тигізіп отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен күрес жүргізудегі ынтымақтастық мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-біріне беру туралы мәселені де шешіп отырады. Егер мемлекет ғарыштық зерттеу саласында ынтымақтастық жүргізсе, онда ғарыш кемесі экипажының апат, бақытсыздық немесе мәжбүрлі түрде қону жағдайларында көмектесудің құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай қарулы жанжал жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі екі жақты келісе отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер үшін босқындарды баспанамен, азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Халықаралық-кұқықтық нормалардың мемлекет халқының жағдайына жанама әсер етуі әр түрлі болатыны сөзсіз, осыған орай халықаралық құқықтағы сапалық өзгерістердің ішкі заңдарға әсер ету дәрежесі мен сапасы да артып келеді.Сонымен, халықаралық құқықта жеке мемлекеттер халқының жағдайына халықаралық құқықтың ықпал етуінің екі бағыты байқалуда. Бірінші бағыт, жалпы сипаттағы ықпал етумен сипатталады. Ол халықтың қандай да бір бөлігінің халықаралық құқықтың әсер ету объектісі болмаған кездерінде орын алады. Бірақ, осылай болғанымен, халықаралық стандарттар мемлекеттердің халықтың қандай да бір бөлігінің құқықтық жағдайын өзгертуіне қозғау салады.

БЖКБ Бас Ассамблеяның рұқсат беруімен репатрациялау және орналастыруға байланысты міндеттерді атқара алады, сондай-ақ азаматсыздықты қысқарту туралы конвенцияға сәйкес азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету жөнінде белгілі бір қызметтер атқарады.БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелер жүйесі өз жұмысын адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыттайды. Мысалы, 1919 ж. Ұлттар Лигасына байланысты автономды ұйым ретінде құрылған Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) еңбек саласындағы халықаралық нормаларды тұжырымдау мен оларды тиімді жүзеге асыруды өзінің негізгі міндеті ретінде таниды. Еңбек саласындағы халықаралық конвенциялар мен ұсыныстар мәжбүрлі еңбекке тыйым салу, кәсіподақтар құқығын қоса алғанда, ұйымдасу құқығын қорғау; еңбек саласындағы кемсітуді жою, ерлер мен әйелдердің тең еңбектеріне теңдей ақы алу қағидасын қолдану, еңбекпен толық қамтуды колдау, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру сияқты адам құқықтарына қатысты болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдени мәселелер жөніндегі міндеттері өзінің Жарғысына сәйкес "бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмектесу, БҰҰ Жарғысында танылған нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамастан, барлық халықтар үшін әділдік, заңдылық, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын көпшіліктің құрметтеуін қамтамасыз ету үшін білім, ғылым және мәдениет жолымен халықтар ынтымақтастығын күшейтуден тұрады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) кіріспесіне сәйкес, жоғары деңгейдегі денсаулыққа ие болу кез келген адамның негізгі құқықтарының бірі және үкімет өз халқының денсаулығы үшін жауап береді, әрі ол денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында тиісті шараларды жасаған уақытта ғана сақтала алады. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) әлемдік экономиканың дамуына және адамзатты ашаршылықтан қорғауға өз үлесін қосып келеді. Бұл ұйым негізінен алғанда тамақтануды жақсарту мен өмір сүру деңгейін арттыруға байланысты, еңбек өнімділігін көтеруді және ауыл шаруашылығының азық-түліктері мен өнімдерін тиімді бөлуді қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысады және сол арқылы әлемдік экономиканың дамуына үлес қосады, оның қызметі адамзаттың жиі кездесетін проблемаларының бірі, атап айтқанда, әлемдік азық-түлік проблемаларын шешуге көмек көрсетуге бағытталған.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жалпы еуропалық ұйым болып табылады. Бұл аймақтық ұйым дау-жанжалдардың алдын алу, одан сақтандыруды, Еуропадағы дағдарысты және жанжалдан кейінгі жағдайды қалпына келтіруді реттеуді қамтамасыз етеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ЕҚЫҰ қадамдары жан-жақтылы сипатта болып келеді. Ол қарулануды бақылауды қоса-алғанда, қауіпсіздікті орнықтыруға, превентивті (ескерту) дипломатияға байланысты мәселелермен, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларымен, адам құқықтары, сайлау барысын бақылаумен, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікпен айналысады. Тұтастай алғанда, ЕҚЫҰ қызметінің жоғарыда аталған барлық бағыт-бағдарлары қандай да бір қатынастар саласында адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Тікелей алғанда, бұл демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюроның (ДИ АҚБ) қызметімен қамтамасыз етіледі. ЕҚЫҰ-ның бұл құрылымдық бөлімшесі сайлау өткізуді бақылайды және ұлттық сайлау органдары мен адам құқықтары жөніндегі институттардың қалыптасуына көмектеседі.

Өзін өзі бақылау сұрақтары



  1. Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Баспана құқығы және босқындардын құқықтық жағдайы.

  2. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.

  3. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.

Ұсынылатын әдебиет

  1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. - М., 2000.

  2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право: Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.

  3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2001.

  4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд. - М., 2000.

  5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова. - М., 2000.

  6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И. Кузнецов. - М., 1998.

Тақырып 8. Халықаралық гуманитарлық құқық

  1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздері.

  2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.

  3. Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.

1. Халықаралық гуманитарлық қуқық - бұл ізгілік қағидаларына негізделген және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Ол әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуын тоқтатқан адамдарды қорғайды және соғыс жургізу құралдары мен әдістерін таңдауды шектейді. Халықаралық гуманитарлық құкықты сондай-ақ "соғыс құқығы" немесе "қарулы жанжалдар құқығы" деп те атайды.

Халықаралық гуманитарлық құқық мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Халықаралық гуманитарлык құқықтың қалыптасуының қайнар көздері ретінде ережелер мен нормаларды айтуға болады, олар әлемнің барлық діндері мен мәдениеттерінде кездеседі. Осы заманғы халықаралық гуманитарлық құқықтың дамуы ]860ж. басталды. Сонан бері мемлекеттер осы заманғы жағдайлардағы соғыс жүргізу тәжірибелеріне негізделген және ізгілік пен мемлекеттердің әскери талаптарының арасындағы қатаң тепе-теңдікті орнатуға арналған әдеттегі ережелердің бірқатарын мойындауға келісті. Халықаралық гуманитарлық құқықтын дамуына улес қосқан мемлекеттер саны артты.

Халықаралық гуманитарлық құқық екі құқықтық проблеманың зерттелуін қамтиды:


  1. әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе қатысуларын тоқтатқан адамдарды қорғау;

  2. соғыс жургізу әдістеріне, атап айтқанда, қарудын кейбір түрлерін және әскери тактиканы қоса алғанда, әскери қимылдар жүргізу әдістеріне шектеулер қою.

Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдарға қатыспайтындарды, атап айтқанда: азаматтық халықты, медициналық және рухани қызметкерлерді қорғайды. Халықаралық-құқықтык ормалардың қорғауында сондай-ақ әскери қимылдарға қатысуын ақтатқандар да болады. Мұндай санатқа: жараланғандар, кеме апатына ұшырағандар, аурулар мен тұтқындар кіреді.Халықаралық гуманитарлық құқықтың құқықтық нормаларына орай оның қорғауындағы адамдарға шабуыл жасауға тыйым салынады. Олардың жеке адамдарына қол сұғуға болмайды және олардың ар-намысына тиетін, кемсітетіндей қатынас жасалмау керек. Аурулар мен жаралыларға көмек көрсету қажет. Конвенциялық нормаларға сәйкес, қарулы қақтығыстарға байланысты әскери тұтқындар мен ұсталған адамдарға тиісті тамақтандыру, тұрғын-үй және сот кепілдіктері беріледі. Госпитальдар мен санитарлық-көлік құралдары сияқты объектілер қорғауда болады және оларға шабуыл жасауға болмайды. Халықаралық гуманитарлық құқық қорғауда болатын жерлер мен адамдары тану ушін қолданылуы мумкін турлі эмблемалар мен сигналдарды қарастырған. Мұндай эмблемаларға Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай эмблемасы жатады.Халықаралық гуманитарлық құқық әскери қимылдардың кез келген ұралдары мен әдістеріне тыйым салады. Олар:

- әскери қимылдарға қатыспайтындар арасында айырмашылықтардың болуына жол бермейді, мысалы азаматтық тұлғалар мен оларға қатысатын адамдар арасында;

- артық залалдар немесе артық қасіреттерге;

- қоршаған табиғи ортаға елеулі немесе ұзақ мерзімді залал келтіретін жағдайда.



Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары паршалайтын оқтарға, химиялық және биологиялық қаруларға, соқыр қылатын лазер қаруларына тыйым салды.

Халықаралық гуманитарлық құқық қарулы жанжалдарға ғана қолданылады, ол ішкі тәртіпсіздіктерді қамтымайды және мемлекеттердің куш қолдануға жол беретін жағдайларына таралмайды. Бұл жағдайлар халықаралық құқықтың жеке, бірақ маңызды саласымен реттеледі, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бейнеленген. Халықаралық гуманитарлық құқық жанжал туған кезде қолданылады және оны кімнің бастағанынан тәуелсіз турде жанжалдасушы барлық тараптарға әрекет етеді.Халықаралық қарулы жанжалдар мен халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдардың арасында айырмашылықтар болады. Біршшісіне, кем дегенде екі мемлекет қатысатын жанжалдар жатқызылады. Олар төрт Женева Конвенциясы мен Қосымша хаттамада мазмұндалған көптеген нормалардың әрекетіне бағынады. Халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға қолданылатын құқьіқ нормалары көлемі аздау. Олар жалпыға ортақ Конвенцияның 3-бабында, II Қосымша Хаттамада мазмұндалған. Дегенмен, халықаралық қарулы жанжалдар жағдайында да, халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға да халықаралық құқық нормаларын барлық тараптар қатаң сақтаулары тиіс.Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарына қатысты құқықтың арасындағы ерекшеліктер туралы айту керек. Кейбір ережелерінің ұқсастығына қарамастан, халықаралық құқықтың бұл екі саласы жеке-жеке дамыған және құқықтық нормаларының мазмұны әр түрлі болып келетін Халықаралық-құқықтық актілерінде көрініс тапқан. Халықаралық гуманитарлық құқыққа қарағанда, адам құқықтарына қатысты құқық бейбіт кезеңдерде қолданылады, ал қарулы жанжал кезінде, оның кейбір нормаларының қолданылуы уақытша тоқтатылуы мүмкін.Өкінішке қарай, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының әлемде болып жатқан қатынастарда бұзылуы жиі кездеседі. Көбіне-көп қарулы жанжалдардың құрбаны бейбіт тұрғындар болып келеді. Көпшілік жағдайларда, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары азаматтық тұлғаларды, тұтқындарды, ауруларды және жаралыларды қорғауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ қаруды қолдануды шектеуге жәрдемдеседі. Өйткені, халықаралық гуманитарлық құқық соғыс кезінде қолданылады, оның құқықтық нормаларын орындау көптеген қиыншылықтарға тап болады. Сондықтан, халықаралық құқықтың осы саласының құқықтық нормаларының тиімді пайдаланылуы бірінші кезектегі маңызы бар мәселе болып қала беруде.Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары мен қағидаларының сақталуына жәрдемдесу мақсатында бірқатар шаралар жасалды. Мемлекеттер халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларымен өзінің қарулы күштерін және барлық халықты таныстыруға міндетті. Олар осы құқықтың бұзылуының алдын алуы керек, ал қажет болған жағдайда оны бұзушыларды жазалап отыруы тиіс. Оның ішінде, олар Женева Конвенциясы мен Қосымша Хаттамаларды елеулі түрде бұзатын жағдайларда, әскери қылмыстар деп қарастырылатындарды жазалауды көздейтін заңдарды қолданысқа енгізуі керек.I Женева Конвенциясы қабылданған, 1864 ж. басталған жүйелеу процесі осы заманғы бірқатар қайнар көздердің қалыптасуына әкелді. Халықаралық гуманитарлық құқықтың мазмұны түгелдей 1949 ж. төрт Женева Конвенциясында бейнеленген: әрекеттегі армиялардағы жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; Теңіздегі қарулы күштер құрамынан кеме апатына ұшыраған жаралылардың, аурулардың және адамдардың жағдайын жақсарту туралы Женева Конвенциясы; әскери тұтқындармен қатынас жасау жөніндегі Женева Конвенциясы; Азаматтық халықты соғыс кезінде қорғау туралы Женева Конвенциясы.Женева Конвенцияларының ережелері 1977 ж. оған қосымша екі хаттама қабылдау арқылы одан әрі дамытылды.Қарудың кейбір түрлерін және соғыс жүргізудің кейбір әдістеріне тыйым салатын бірқатар шарттар бар. Оларға 1907 ж. Гаага Конвенциясы, Бактериологиялық (биологиялық) қаруға тыйым салу туралы 1980 ж. Конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы 1993 ж. Конвенция. қарулы жанжалдар кезінде мәдени құндылықтарды қорғайтын 1954 ж. Конвенция жатады.Халықаралық гуманитарлық құқықтың көптеген нормалары бүгінде әдеттегі нормалар ретінде, яғни барлық мемлекеттерге қатысты әрекет ететін жалпы нормалар ретінде мойындалып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет