Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



жүктеу 2.61 Mb.
бет4/13
Дата29.08.2018
өлшемі2.61 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Гуманитарлық құқықтың қағидалары алғаш рет 1966 ж. тұжырымдалған болатын. Олардың төрт тобы бар: негізгі, жалпы, жанжалдар құрбандарына қатысты және соғыс құқығына қатысты қағидалар.Негізгі қағидаларға халықаралық құқық мазмұнының негізін қалайтын, бастапқы идеялар жатады, олар:

- ізгілік қағидасы;

- кемсітушілікке жол бермеу қағидасы;

- қарулы қақтығыс құрбандарын қорғау және ізгі қатынас жасау қағидасы;

- азаматтық халықты, азаматтық объектілерді әскери қимылдардан қорғау қағидасы;

- медициналық қызметкерлерге қол сұғылмаушылығы қағидасы;

- халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын міндетті түрде сақтау қағидасы;

- халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын елеулі бұзғандық үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік қағидасы;

- әскери қажеттіліктің адамға құрметпен үйлесімділік қағидасы;

- қақтығысушы тараптардың әскери қимылдарды жүргізу әдістері мен құралдарын таңдауын шектеу қағидасы.

Адам құқықтарына байланысты жалпы қағидалар қатарына мыналар жатады:

- жеке адамға қол сұғылмаушылық қағидасы;

- азаптаулар, айуандық жазалауларға жол бермеу қағидасы;

- адам құқығының заң алдында кепілді мойындалу қағидасы;

- ар-намыс, отбасы құқықтарын, сенімдер мен дәстүрлерді құрметтеу қағидасы;

- меншік құқығынан заңсыз айыруға жол бермеу қағидсы;

- барлық адамдарға тең және құрметті қатынас жасау қағидасы;

- жеке бас қауіпсіздігінің қағидасы;

- репрессалий, ұжымдық жазалау, депортациялар, кепілге алуға жол бермеу қағидасы;

- гуманитарлық конвенциялар ұсынатын құқықтардан бас тартуға жол бермеу қағидасы.

Жанжалдар құрбандарына қатысты қағидаларға:

- медициналық қызметкерлерді қорғау қағидасы;

- медициналық қызметкерлердің кез келген дұшпандық әрекеттерден аулақ болу қағидасы;

- аурулар мен жаралыларды күтіп-қарауына байланысты адамды қудалауға жол бермеу қағидасы;

- ұлттық билікте де, халықаралық деңгейдегі билікте де қарауындағы адамдарды қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік міндет қағидасы.

Жанжалдасушы тараптар әскери қимылдар жүргізген кезде төмендегі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:

- бейбіт халыққа, азаматтық тұлғаларға, азаматтық нысандарға шабуыл жасауға жол бермеу қағидасы;

- қорғалмайтын нысандарға шабуыл жасауға жол бермеу қағидасы;

- бейбіт халық үшін қауіпті болатын күштердің босатылу қаупін тудыратын құрылыстарға шабуыл жасауға жол бермеу қағидасы;

- бейбіт халықты әскери нысандарды қорғау үшін және шабуыл жасауға пайдалануға жол бермеу қағидасы;

- бейбіт халыққа құрметпен қарау қағидасы;

- қоршаған ортаға орны толмастай залал келтіруге жол бермеу қағидасы;

- қарулы жанжал мақсаттарына шамалас келмейтін залаларды қарсы жаққа келтіруге жол бермеу қағидасы;

- қарудың және соғыс жүргізудің тыйым салынғаи түрлері мен әдістерін қолдануға тыйым салу қағидалары жатады.



3. Халықаралық қарулы жанжалдар кезінде ХҚКК төрт Женева конвенциясы мен оларға Қосымша I хаттаманың негізінде әрекет еді. Бұл шарттарда қызметтердің кейбір түрлерін ХҚКК-нің жүзеге асыру құқығы танылған:

- кеме апатына ұшыраған әскери қызметкерлерге, жаралыларға, ауруларға және жәбірленушілерге көмек көрсету;

- әскери тұтқындарға барып тұру;

- бейбіт (азаматтық) халық мүдделері үшін әрекет ету;



- қамқорлыққа алынған адамдармен қатынас жасау кезінде құқық нормаларының сақталуын бақылайды.Елдің ішінде қарулы жанжалдар болған кезде ХҚКК төрт Конвенцияға, сондай-ақ II Хаттамаға ортақ 3-баптың негізінде әрекет етеді. Бұл құқықтық құжаттарда ХҚКК ұсыныстар ұсыну құқығы танылған, мысалы көмек көрсету бойынша операцияларды жүзеге асыру мақсатында, қарулы қақтығысқа байланысты ұсталған адамдарға жолығу сияқты қызметтің жанжалдасушы тараптарға ұсыну туралы.Қарулы жанжал көлемі қамтымайтын зорлық-зомбылық жағдайларында ХҚКК Қозғалыс Жарғысына сай әрекет етеді, онда гуманитарлық бастамашылық құқығы мойындалған. ХҚКК бейтарап және тәуелсіз бітістіруші қажет болған барлық жағдайда өз қызметін ұсынады. Осы құқықтардың бәрі жинақтала келіп, ХҚКК халықаралық қауымдастықтың берген мандатын құрайды. Сол арқылы, халықаралық қауымдастық Комитетінің өз тарихында жасаған бастамашылығын жоғары бағалайтындығын көрсетті.ХҚКК жеке бастамаға орай пайда болған еді. Алайда ХҚКК өзіне Женева Конвенциясы мен Қосымша Хаттамалар жүктеген әр түрлі міндеттерін орындап шықты, сөйтіп оның қызметі халықаралық сипатқа ие болды. Оның міндеті соғыс құрбандарын қорғау болып табылады.ХҚКК мандаты оған делегацияларды (өкілдіктерді) ашып және өз делегаттарын мемлекеттер мен жанжалдасушы тараптармен диалог жүргізуге жіберуіне мүмкіндік береді.ХҚКК халықаралық құқық субъектісі болып табылады, оған әдетте үкіметаралық ұйымдар пайдаланатын барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар беріледі. ХҚКК-ге юрисдикциялық иммунитет берілген, соған сәйкес ХҚКК әкімшілік және сот қудалауына ұшырамайды, сондай-ақ оның ғимараттарына, мұрағаттарына және басқа құжаттамаларына қол сұғылмайтындығына кепілдік беріледі.Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Халықаралық қозғалысының негізін қалайтын қағидаларға ізгілік, әділдік, бейтараптық, тәуелсіздік, еріктілік, тұтастық, әмбебаптық сияқты қағидалар жатады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және оның қайнар көздері.

  2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.

  3. Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.

Ұсынылатын әдебиет

  1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.

  2. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е изд. - М., 2000.

  3. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-ІІ.

  4. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.

  5. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение Соединенными Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.

  6. Абашидзе А.Х. Защита меньшинств по международному и внутригосударственному праву. - М., 1996.

  7. Авраменко И.М. Международное морское право: Учебное пособие. - Ростов н/Д, 2001.

Тақырып 9 Дипломатиялық және консулдық құқық

  1. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.

  2. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.

  3. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.

4.Консулдық құкық ұғымы, қайнар көздері. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.

1. "Дипломатия" ұғымы грек сөзі diploma - екі бүктелген бет, құжат деген мағынадан шыққан. Бұл жерде "дипломды ұстаушы" деген сөз алғашқы мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім грамоталары.

Кең мағынадағы дипломатия ұғымы - бұл халықаралық құқық субъектілерінің өкілдіктері жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі, халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін бейбіт жолмен қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия - бұл халықаралық құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар, әдістер мен тәсілдер көмегімен мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.

Тар мағынадағы дипломатия ұғымы — бұл келіссөздер жүргізу мен шарттар, келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын білуге, халықаралық қатынас тарихын, жеке елдер тарихын, халықаралық құқықты, жеке елдердің конституциялық құқықтарын, шет тілдерді зерттеп-білуге негізделетінін айту керек.

Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекеттердің сыртқы саясат мәселелерінде оның маңызды құралының бірі - дипломатия әрқашан бірінші орында келеді. Бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердің, тұтастай халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады.Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі орган түріндегі дипломатиялық аппараттарды (Сыртқы істер министрлігі, елшіліктер, миссиялар, консулдықтар) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық аппарат - бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі, оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымымен айқындалады.Дипломатиялық аппаратты жетілдіру, дипломатиялық кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ен озық тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту - халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.

Дипломатия — бұл мемлекеттің сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибе тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметтін дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен әдіс-тәсілдерінің қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары деңгейдегі көп жақты келіссөздерді жатқызуға болады.Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге, халықаралық құқықтың басқа субъектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық салаларының ішіндегі анағұрлым жүйеленген және үдемелі дамыған салалардың бірі. Дипломатиялық құқық - бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең алдымен елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғ. басына қарай елшілік құқық дипломатиялық құқықка айналды.

Дипломатиялық құқық - бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық құқық субъектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді қолдау және нығайту мақсатындағы ресми органдарының жағдайы мен қызметін (функциялары мен мәртебесін) реттейді.Бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарында "сыртқы қатынас құқығы" деген ұғым кездесіп қалады.

Консулдық мемлекеттердің иммунитеттер көлемі дипломатиялық өкілдік иммунитетіне жақын келеді. Штаттық консулдардың жеке иммунитеттерінің шеңбері мен көлемі дипломаттарға қарағанда тарырақ келеді, консул белгілі бір жағдайларда жергілікті сотқа тартылады; тінту иммунитеті оның қызметтік мекемесінде ғана болады, ал қол сұғылмаушылық иммунитеттері оның қызметтік хат жазысулары мен мұрағатында ғана болады. Консулдық конвенцияларға, көптеген мемлекеттердің ішкі мемлекеттік заңдарына сәйкес, консул жеке хаттарын қызметтік хаттарынан бөлек ұстауы тиіс.Халықаралық құқыққа сәйкес, консулдың қызметтік әрекетін орындауына қатысты құжаттар мен ресми хат-хабарларға қол сұғылмайды. Консулдық үй-жайларға абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасы консулдық шенеуніктер туралы 1928 ж. Гавана конвенциясында, Бустаманте Кодексінде бекітілген. Консулдық қатынас туралы Вена Конвенциясының 31-бабына сәйкес, өрт және апат жағдайларында консулдық мекеме үй-жайларының абсолютті қол сұғылмаушылық қағидасының бұзылуы мүмкін.

Консулдың жеке басының артықшылықтары мен иммунитеттері. Консулдық конвенциялар мен ұлтгық заңдарда консулды аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа, алдын ала қамау тәртібінде ұстауға болмайды деп белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды. Консулды аса ауыр қылмыс жасады деп ұстау оның экзекватурасынан айырумен байланысты болады.Консулдық өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болғанымен, оларды асыра пайдаланбауы тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің барлық заңдары мен ережелерін қатаң орындауы қажет. Әдетте, консул сот органдары сот немесе әкімшілік іс жүргізу бойынша куә ретінде шақырғанда, баруға міндетті. Іс-тәжірибеде мұндай жағдайда консулға сыпайылық деп аталатын артықшылық беріледі. Мысалы, сотқа келу туралы шақырту консулға ерекше хатпен және келмеген жағдайда қандай да бір санкциялар қолданылады деп көрсетілмей жіберіледі. Егер, консул куәгерлік жауап беруден бас тартса, оған мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Консулдық эмблемаларды дұшпандық қастандықтан қорғаудың зор маңызы бар. Консулдық орналасқан мемлекет консулдарға өзара келісу негізінде ерекше артықшылықтар береді, олар қол сұғушылықтан қорғалуға жатады. Мұндай артықшылықтарға консулдың өз мемлекетінің тәртібі негізінде консулдық тіршілігі мен тұрмысын ұйымдастыру құқығы, өз атына баспа басылымдарын, консулдық орналасқан елге әкелуге тыйым салынған басылымдарды қоса алғанда жаздыртып алу құқығы; консулдық орналасқан жерде түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға шақырылу құқығы және консулдың өз өкілдігімен қатынасудағы артықшылықтарын жатқызуға болады.Консулдық конвенциялар мен көптеген мемлекеттер іс-тәжірибесін саралап көргенде байқалғанындай, консулдық иммунитеттің көп жағдайларда дипломатиялық иммунитетпен сәйкес келетінін атап айту керек.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.

  2. Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері, артықшылықтары және иммунитеттері.

  3. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.

  4. Консулдық құкық ұғымы, қайнар көздері. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.

Ұсынылатын әдебиет

  1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.

  2. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е изд. - М., 2000.

  3. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-ІІ.

  4. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.

  5. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение Соединенными Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.

  6. Абашидзе А.Х. Защита меньшинств по международному и внутригосударственному праву. - М., 1996.

  7. Авраменко И.М. Международное морское право: Учебное пособие. - Ростов н/Д, 2001.

Тақырып 10. Халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық нормалар мен байламдар

1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызы

2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлері

3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалану



1. Халықаралық дербес құқықты реттейтін шетел элементі бар қарым-қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл мәселеде кақтығыстағы екі заңның қайсысын қолдану керек екені туралы сұрақты шешу керек. Коллизиялық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Бұл мәселе халықаралық дербес құқыққа тән ерекшелік болып табылады. Халықаралық дербес құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негізгі мазмұнын құрайды. Халықаралық дербес құқықтың өзіне тән реттеу тәсілдері мен әдістері бар. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі.

Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану аркылы шешілуі мүмкін. «Коллизия» (латын сөзінен «collisio») - ол кақтығыс немесе қайшылық деген мағынаны білдіреді. Заңдардың коллизиясы деп айтканда, әр түрлі мемлекеттер арасындағы құқықты таңдау қажеттігін айтады. Құқық коллизиясының екі себебі бар:



  • жеке құқықтық қатынаста шетел элементінің болуы;

  • қатынасқа байланысты әр түрлі мемлекет құқығының мазмұндарынын ерекшілігі.

Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе белгілі жағдайда қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін көрсетеді. Коллизиялық ереженің кажеттілігі, біріншіден мына мәселеге байланысты: мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір-біріне ұксамауы. Бірақ тәжірибе жүзінде қолданылатын құқық мәселесі құқық қолданушыда белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек қана қандай коллизиялық ереже қолдануды, қай мемлекет құқығына сілтеме жасауды, сонымен қатар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, істі шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес шешіп алу қажет.

Коллизиялық ереженің мақсаты бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір кұқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды. Осы тәртіп негізінде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық ереженің заң әдебиеттерінде «даулы», «сілтемелік» деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.

Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық ереже азаматтық айналым қатысушыларына жүріс-тұрыс ережесін анықтайды. Халықаралық дербес құқық құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық ереженің косылуы, сипаты бойынша біртекті карым-қатынастарды екі түрлі әдіспен реттеу қажеттілігі негізделеді. Халықаралық келісімдердегі материалдық құқықтық ережемен бірге халықаралық дербес құқық ішіне ішкі заңнамадағы материалдық құқықтық ережелер кіреді. Олар шетел элементі бар азаматтық қатынастарды реттеу үшін арнайы белгіленген. Бұл нормаларға жататындар: сыртқыэкономикалық қызметті реттейтін ереже, инвестициялар режиміне қатысты ережелер, Қазақстан азаматтарының шетелдегі мәртебесін анықтайтын ережелер, Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен іс жүргізу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын ережелер.

Коллизиялық ережеге заңды-техникалық тұрғыдан назар аударсақ бұл халықаралық дербес құқықтағы қолданылатын ең қиын ережелер деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің мазмұнын анықтаудағы белгілі бір ережелерді қарастыруды талап етеді. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді.



2. Коллизиялық норма халықаралық дербес құқықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын түсіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар коллизиялық норманың құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық норманың ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін алдын ала айқындайды.

Әрбір коллизиялық норма басқа жай құқық ережелерге қарағанда екі бөлімнен тұрады. Коллизиялық норманың екі элементтен құрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспозиция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің құрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалық тұрғыдан талдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция).

Сонымен, коллизиялық норманың құрылымын карастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық норманың көлемі болып табылады, ол коллизиялық норманың қандай құқыққатынасында қолданылатыны туралы анықтайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы құқығы.

Коллизиялық норманың екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам - бұл тиісті қарым-қатынаста қолданылатын заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдің заңын қолдану қажеттілігін көрсетеді.

Коллизиялық нормаларда кездесетін байламдардың келесі түрлері бар:

Lex loci contractus - бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бойынша, шартқа қай мемлекетте қол койылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқыэкономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен міндеттері қол қойылған жердің заңнамасымен анықталады. Бірақ заң бойынша жақтарға заңды таңдау еркіндігі берілген.

Lex societatis - бұл заңды тұлғаның ұлтына байланысты байлам. Бұл байлам, егер заңды тұлға бір елде тіркелген болып, екінші мемлекетте жұмыс істеп, ал оның бас органы үшінші мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшін осы төрт ілімге, қағидатқа сүйенеміз:


  1. инкорпорация немесе тіркеу қағидаты - заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;

  2. отырықшылық қағидаты - заңды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;

  3. қызмет ету қағидаты заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады;

4) бақылау теориясы - бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.

Lex voluntatis - бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз еріктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар қай мемлекеттің заңын немесе қай конвенцияны қолданатын шартта нақты көрсету керек.

Lex venditoris - бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқыэкономикалық мәмілелеріне тән.

Lex rei sitae - бұл коллизиялық кағидат меншік құқық саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді. Қазақстанның заңнамасында мүлік қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңнамасымен меншік құқығы анықталады. Бірақ егер мүлік мұра ретінде қарастырылса, онда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің заңнамасымен реттеледі.

Lex loci delictii comissii - бұл коллизиялық байлам құқық бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтірілген болса, онда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады.

Lex fori - сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады.

Lex personalis - жеке тұлғаға байланысты ереже. Онын өзі екі түрде қарастырылады: 1. Lex patriae - азаматтыққа байланысты заң; 2. Lex domicilii - тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң.

Lex loci selebrationis - бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке киылды сол мемлекеттің заңы қолданылады.

Жоғарыда аталған байлам формулалары сәйкес карым-қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактілі түрде байланысын ескереді. Тәжірибеде шетел элементімен шиеленіскен қарым-қатынасты ұлттық құқық ережелеріне бағындыру мысалдары кездеседі. Бұл ұлттық заңның қолдану шектерін кеңейту, өзінің заңды және жеке тұлғалардың кұқықтарын қорғау мен қызметін женілдетуге тырысуымен түсіндіріледі.

Коллизиялық нормада байлам өз бетінше болуы мүмкін емес және ол көп жағдайда көлемге байланысты болады. Бұл элементтер арасында белгілі бір байланыстар болады, ол қай елмен қатынас тығыз байланысты, сол елдің құқығына сілтеме жасайтын коллизиялық формулаға сілтеме жасаудың мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз.

Коллизиялық байламдар қатарына кейбір жағдайда қатынас тараптарымен таңдалған елдің құқығына бағынатын ерік автономиясын жатқызады. Бірақ бұндай бір жағынан ұксас, екінші жағынан әр түрлі құқық институттарын теңестіру дұрыс емес болып табылады. «Ерік автономиясы» кейбір ғалымдардың айтуы бойынша (мысалы Л.П. Ануфриева) коллизиялық байламдардың түрі болып саналмайды, ол қолданудың өзіне тән ерекшеліктері бар, кең мағынаға ие қолдану шарттары басқаша болатын, халықаралық дербес құқықтағы дербес құқықтық институт болып табылады. «Ерік автономиясы» - бұл коллизиялық байламдарды анықтау және оны тіркеу тәсілінің құқықтық алғышарты болып табылады.

Қазіргі халықаралық дербес құқықта коллизиялық нормалар көп түрлі және көп санды болып табылады. Оларды түрлерге бөлудің критерийлері кең. Бұл ерекшеліктер, халықаралық байланыстар кезінде пайда болатын қатынастар топтардың ерекшеліктерін айкындайды және осы нормалардың тәжірибеде қолдану кезінде зор маңызға ие.

Ең біріншіден, халықаралық-құқықтық унификацияға бағытталған, ұлттық заңдармен бекітілген және халықаралық шарттармен көзделген коллизиялық нормаларды айыра білу қажет. Олардың арасындағы айырмашылықтар олардың әрекет ету аясымен және оларды қолдану тәртібінен байкалады. Халықаралық шарттармен бекітілген коллизиялық ережөнін әрекет ету аясы, бұл шарттар қатысушылардың барлығынын қолдануына байланысты кең болады. Ал кұқық қолданушы органдардың және құқық қолданушы тәжірибенің ерекшеліктері екеуінің арасындағы айырмашылықты одан әрі нығайта түседі. Бірақ ішкі заң ережелері мен халықаралық-құқықтық шарт ережелерінің болуы қайнар көздердің, яғни осыдан туындайтын тұжырым халықаралық дербес құқық ережелерінде де, екі жақтылық сипатына алып келмейді, себебі бұл ішкі заң пайдасына, халықаралық құқықтық шарт ережелерін басшылыққа алмауға алып келеді. Көп жағдайда мемлекет өзі дербес коллизиялық норма массивін қалыптастырады. Бірақ қазіргі кезеңде, ерекше маңызға халықаралық құқықтық кұралдар арқылы коллизиялық құқықтық реттеу, шарттық тәртіп арқылы реттеу дамуда. Ол мемлекеттердің, біртұтас халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық және өзге де норманың, сәйкес халықаралық, шарттарды қабылдау және дамыту, ұлттық құқықтық ережені унификациялау атына ие болды. Маңызды сараланудың бірі коллизиялық байлам нысанына байланысты саралану болып табылады. Бұл белгі бойынша коллизиялық ережелерді бір жақты және екі жақты деп екі топқа бөледі. Бір жақты - бұл қолдануға жататын елдің қазакстандық, неміс, ағылшын құқығын тікелей атайтын байлам нормасы. Бір жақты ереже әдетте ез елінің құқығын қолдануды белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1104-бабының 3-тармағында былай делінген: «Қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген козғалмайтын мүлікке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады». Бірақ бұған қарамастан, екі жақты ережелер кең таралған. Екі жақты коллизиялық ереже нақты мемлекетті атамайды. Оған құқықты таңдауға мүмкіндік беретін, жалпы белгінің болуы тән. Мысал ретінде, ҚР АК-не сәйкес, «мұрагерлік бойынша қатынастар... мұра калдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің кұқығы бойынша анықталады».

Бұл ереженің байламы, жалпы белгісі ретінде: «мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерін көрсетеді».

Реттеу тәсілі бойынша коллизиялық нормалар императивті, диспозитивті, альтернативті болып үш топқа бөлінеді. Императивті нормалар түпкілікті, азаматтық-құқықтық қатынастардың тараптарымен өзгертіле алмайтын құқықты қолдануға қатысты ұйғарымдар.

Диспозитивті нормалар құқықты таңдау бойынша жалпы тәртіпті бекіте тұра, тараптарға оны басқа тәртіппен өзгерту мүмкіндігін береді. Диспозитивті нормалар әдетте тараптар құқығы, егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрініс табады. Мысалы, ҚР АК-нің 1108-бабының 2-тармағына сәйкес: «Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады».

Альтернативті нормалар - мазмұнында, ереже көлемінде көзделген, жеке құқықтық қатынасқа қолданылатын құқықты таңдауды көздейтін бірнеше ережелері бар нормалар. Құқық қолданушы орган және тараптар онда көзделгеннің әрқайсысын қолдана алады. Бірақ, көрсетілген тәртіптердің біреуі бойынша қатынас реттелуі жеткілікті болады. Мысалы, мәміленің нысаны ол жасалған жердің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмелені, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанының сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни, шетелде жасалған мәміле нысанына екі альтернативті байлам қолданылады: оның жасалу жері заңы және Қазақстан Республикасы құқығы.

Альтернативті нормалар халықаралық дербес құқықта салыстырмалы түрде жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы халықаралық байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бұл құқықтық саланың дамуымен соның ішінде әр түрлі құрылымдардың қүрделенуі, реттелетін қатынастардың ерекшеліктерін ескеруге негізделген, көлемдердің және байламдардың бөлшектелуімен тығыз байланысты.

Коллизиялық норманың мәніне қарай: генералды (бас) және субсидиарлы (қосымша) болып екі топқа бөлінеді. Генералды норма қолданудағы артықшылыққа ие, қолданылатын құқықты таңдау кезіндегі басты ереже. Мысалы, егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі. Мұндағы басты ереже ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмеуі қажет. Субсидиарлы норма басты нормамен байланысты бір немесе бірнеше құқықты таңдау ережелері, ол басты ереже белгілі бір себептерге байланысты қолданылмаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, субсидиарлы нормалар бірінші, екінші, үшінші және т.б. дәрежелі болып бөлінеді. Басты және барлық дәрежелі субсидиарлы нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болып, ішкі байланысқа негізделген өзінше ереженің ассоциациясын құрады.

Сонымен катар, коллизиялық нормалар құқықтық қатынастың қүрделігіне байланысты бөлінеді. Олар: жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы коллизиялық нормалар қатынастың мәніне қолданылатын құқықты анықтайды. Ал арнайы нормалар бұл қатынасты жүзеге асыру барысында туындаған косымша сұрақтарды шешуге арналған құқықтық қатынасты бекітеді. Жалпы және арнайы коллизиялық нормалар жүйесін қолдану кажеттілігі, бірнеше мемлекет аумағында орындалатын шарттарды карастырғанда пайда болады мысалы, (тасымалдау шарты).

Қазақстан Республикасы үшін ТМД-ға мүше мемлекеттердің құқығын унификациялау мәселесі ерекше маңызды болып табылады. Бұл халықаралық дербес құқық мәселесін шешетін жағдай. Қазіргі кезде осы мәселені шешуге 1995 жылы 13 мамырда қабылданған ТМД елдері үшін заңнама акті ретінде ұсынылған Үлгілі азаматтық кодекс мүмкіндік береді. Осындай актілердің шығарылуы біртұтас құқық кеңестігін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқық таңдау мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет