Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы зат сатып алу кезінде кэшбек пен дисконттық қарталарды қолдануға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Кешбэк жүйесінде карта иесі белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда банк клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін банкке белгілі бір комиссия төлейді. 

ҚМДБ мәліметінше, кешбэктің үкімі дебеттік, кредиттік және бонустық төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болаады. 

“Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы. Кредиттік карта – банк пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы. Бонустық карталар – бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта”, – делінген хабарламада. 

КМДБ мәліметінше, дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.

“Ал кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.

Бонустық картадан түскен сыйақыны мына шарттар негізінде пайдалануға болады: төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы және берілген бонус шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы, бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы; бонусты сый ретінде беруі; бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс”, – делінген хабарламада. 

"Талақ" пен "ажырасамын" сөзі бір мағынаны білдіре ме – ҚМДБ жауабы

Сонымен қатар ғұламалар кеңесінің шешімінде дисконттық карталар туралы да айтылған. Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар т.б. жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. 

“Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ”, – делінген ҚМДБ шешімінде. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.