Сағындық Тоғамбай бастаған үш боксшымыз Әзірбайжанда өтіп жатқан турнирде алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Сағындық Тоғамбай Баку қаласында өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінде әлем чемпионы Лорен Альфонсо Домингесті айқын басымдықпен ұтты. 92 келіде жұдырықтасқан отандасымыз үш раунд бойы қарсыласына қысым көрсетіп, жарқын жеңіске жетті. Одан бөлек, 60 келідегі Талғат Сырымбетов пен 71 келідегі Дархан Дүйсебай да алтыннан алқа тақты. Талғат жергілікті спортшы Азрак Бабировты жеңсе, Дархан өзбекстандық Бекзод Хамидовтен айласын асырып кетті. Өкінішке қарай, 48 келідегі Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдешов (54кг) финалда ұтылып, күмісті місе тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтың алғашқы айналымында ұтылып қалғанын жаздық.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.