Қазақстанның екі облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, қарлы боран мен көрінудің шектелуіне байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген.

“Ақмола облысында "Щучинск-Зеренді" 0-77 км, Щучинск қ. — Зеренді а. аралығына — 77 км.

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. дейін – 100 км”, – делінген хабарламада. 

Шектеу көліктердің барлық түрлеріне қатысты.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 302 бірлік техника мен 441 адам жұмылдырылған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.