Оралда дәмханада жарылыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаладағы дәмханалардың бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат берді.

"Қазіргі уақытта Орал кафесінің бірінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 5 адам, яғни екі ер адам және екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Ал бір ер адам травматология бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Барлығы Орал қалалық көпсалалы ауруханасында дәрігерлік бригаданың бақылауында", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жағдайды бақылауда ұстайды. Түнде ол өрт орнына барып, ТЖД мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті тапсырмалар берді.

Фото: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласында Rizyq кафесінің екі қабатты ғимараты қираған еді. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.