«Перспектива Социум» жастар қоғамдық бірлестігі ынталы азаматтарының құрылтай жиналысымен бекітілген №1 хаттама 18 қараша 2013 жыл



жүктеу 93.38 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі93.38 Kb.

«Қоғамтанушылар одағы» қоғамдық бірлестігі ынталы азаматтарының құрылтай жиналысымен бекітілген № 1 хаттама 20 қараша 2013 жыл

«ҚОҒАМТАНУШЫЛАР ОДАҒЫ»

қоғамдық бірлестігінің
ЖАРҒЫСЫ

Орал, 2013



«ҚОҒАМТАНУШЫЛАР ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер:

1.1. «Қоғамтанушылар одағы» Қоғамдық бірлестігі (онан әрі - Бірлестік) коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне, осы Жарғыға (онан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Атауы :

Мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы – «Қоғамтанушылар одағы» Қоғамдық бірлестігі;

Орыс тіліндегі толық атауы –Общественное объединение «Союз обществоведов»;

Мемлекеттік (қазақ) тіліндегі қысқартылған атауы – «Қоғамтанушылар одағы» ҚБ;

Орыс тіліндегі қысқартылған атауы –ОО «Союз обществоведов»;

1.3. Бірлестік және жетекшілік ұйымның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Орал қ., 090006, М.Мәметова көшесі 50/1, 8 пәтер

1.4. Бірлестік қызметі оның барлық қатысушыларының еріктілігі, өзін-өзі басқару және заңдылық ұстанымдарына негізделеді.

1.5. Бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға болып табылады, ол өз меншігіне жекеленген мүлік иемденеді және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша береді, талапкер, жауапкер және сотта үшінші жақты тұлға болады.

1.6. Бірлестіктің дербес балансы, есеп айырысу шоттары, соның ішінде валюталық есеп-шоты, өзінің атауы жазылған мөрі және басқа да реквизиттері болады.

1.7. Бірлестік өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүліктерімен жауап береді. Бірлестік құрылтайшылары мен оған қатысушылар бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.


2. Бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері:

2.1. Бірлестіктің мақсаты –еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамтанушылардың тәжірибесін біріктіру, қазақстандық жастардың белсенділігін арттыру болып табылады.

2.2. Бірлестіктің қызмет ету нысаны:

қоғамтанушыларды күш салуларын, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін әлеуметтік – экономикалық көкейкесті мәселелерді шешуге біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси ілгерілеуге ықпал ететін іс–шараларды өткізу;

қоғамтанушыларға біліктіліктерін арттыруға, әлеуметтік–экономикалық және басқарушылық қызметтің жаңа түрлері мен әдістерін, озық отандық және шетелдік тәжірибені игеруге жәрдемдесу;

қоғамтанушылар арасындағы қарым–қатынасты орнатып, тәжірибе үшін жағдайлар жасау алмасу, өзара қолдауға бағытталған іс–шараларды өткізу;

қоғамтанушылар олардың біліктіліктеріне, практикалық тәжірибе мен қабілеттіліктерге сәйкес келетін жұмыс орынын іздестіруге жәрдемдесу;
3. Бірлестік құқықтары.

3.1. Қолданыстағы заңнамаларда көзделген тәртіп бойынша бірлестіктің құқы бар:



  • өзінің іс-қимылдары туралы ақпаратты еркін таратуға;

  • мемлекеттік өкімет орындарының және жергілікті өзін-өзі басқару орындарының шешімдерін әзірлеуге қатысуға;

  • жиналыстар мен шерулер өткізуге;

  • бұқаралық ақпарат құралдарына құрылтайшы болып, баспа қызметін жүргізуге;

  • мемлекеттік өкімет орындарында, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында, қоғамдық бірлестіктерде өзінің құқықтарын, өзінің мүшелері мен басқа да азаматтардың заңды мүдделерін көрсетіп, қорғауға;

  • қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамаларда көрсетілген өкілеттілікті толық көлемінде іске асыруға;

  • түрлі мәселелер бойынша ынта көтеруге, мемлекеттік өкімет орындарына ұсыныстар енгізуге;

  • басқа да коммерциялық емес ұйымдарға құрылтайшы болуға;

  • қоғамдық бірлестіктерге мүше ретінде кіруге, қоғамдық бірлестіктердің қатысушысы болуға, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдармен одақ және ассоцияциялар құруға;

  • халықаралық тікелей байланыстарды қолдауға;

  • Батыс Қазақстан облысыныңбарлық аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (ұйымдар, бөлімшелер немесе филиалдар мен өкілеттіліктер) ашуға;

  • Бірлестік Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларында көзделген және Бірлестіктің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін өзге де құқықтарды іске асыра алады.


4. Бірлестіктің міндеттері.

4.1. Бірлестік міндетті:



  • Қазақстан Республикасының заңнамаларын, өз қызметіне қатысты халықаралық жалпыға танымал ұстанымдары мен нормаларын, сол сияқты осы жарғыда және өзге де құрылтай құжаттарында көзделген нормаларды сақтауға;

  • өзінің мүлкін және қаржысын пайдалану туралы есепті жыл сайын жариялап отыруға немесе осы есеп берумен танысуға мүмкіндік жасауды қамтамасыз етуге;

  • жыл сайын осы жарғыны тіркеуден өткізген органға өзінің қызметін жалғастырып жүргендігі туралы, тұрақты жұмыс істеп тұрған басқару органының нақты орналасқан жерін көрсете отырып, оның атауы және жетекшілері туралы мәліметтер жөнінде ақпарат беруге;

  • бірлестіктің мүшелерін қаржы қаражатының түсуімен жұмсалу жөнінде хабардар етуге;

  • өзінің мүшелеріне олардың құықтары мен міндеттеріне қатысты құжаттармен танысуға мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;

  • қоғамдық бірлестіктерді тіркеуге алған органның сұрауы бойынша Бірлестіктің басшы органдары мен лауазымды тұлғаларының шешімдерін, сол сияқты салық органдарына жолданатын мәліметтер көлемінде өзінің қызметі туралы жылдық және тоқсандық есеп берулерді көрсетуге;

  • қоғамдық бірлестіктерді тіркеуге алатын орынның өкілдеріне жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге және заңнамалардың сақталуына байланысты танысуға көмектесу;



5. Бірлестіктің мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері.

5.1. Бірлестіктің мақсаттарына және (немесе) оның нақты міндеттеріне қолдау көрсетуге ниет білдірген жасы 16-ға толған және одан жоғары жастағы Қазақстан Республикасының азаматтары мүше бола алады.

5.2. Бірлестік мүшелігіне қабылдау Бірлестік төрағасының атына жазылған өтініш негізінде жүзеге асырылады.

5.3. Мүшелікті тоқтату өзінің еркімен болуы мүмкін, немесе Жарғыны бұзғаны үшін, мүшелік жарнаны уақытылы (тоқсан бойында) төлемеген үшін мүшеліктен шығарылады. Мүшеліктен шығару жалпы жиналыстың шешімі бойынша жүргізіледі.

5.4. Бірлестік мүшелігі болып Қазақстан Республикасы азаматтарымен қатар шет ел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар да ене алады.

5.5. Бірлестік құрылтайшылары оның мүшесі болып есептеледі және осыған сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болады.

5.6. Бірлестіктің қатысушылары – жеке тұлға- тең құқықта болады және міндеттері де тең болады.

5.7. Әрбір мүше құқылы:

- жалпы жиналыстарға қатыстыруға;

- Бірлестіктің басшы немесе бақылау-тексеру құрылымдарына сайлауға және сайлануға;

- Бірлестіктің қызметіне байланысты оның кез-келген құрылымдарына ұсыныстар енгізуге;

- Қабылданған талаптарға сәйкес Бірлестікке тиесілі немесе жалға алынған мүлікті, көлікті, кеңселік техниканы және басқаларды пайдалануға.

5.8. Бірлестік мүшелерінің міндеттері:


  • Бірлестік жарғысының ережелерін сақтауға;

  • Бірлестіктің басшы құрылымдарының шешімдерін орындауға;

  • Өздері сайланған құрылымдардың жұмысына белсене араласуға.


6. Ұйымдық құрылымдары

6.1. Бірлестіктің тіркеуден өткен мерзімде құрылымдық бөліктері (филиалдар мен өкілеттер) жоқ. Филиал және өкілдік құрған кезде тіркеуге тұруы тиіс.

6.2. Бірлестік өз қызметін Батыс Қазақстан облысы аумағында жүзеге асырады.

6.3. Бірлестік өз филиалдары мен өкілетті бөлімдерін БҚО құруға құқылы.


7. Басқару ұйымдары

7.1. Бірлестіктің жоғарғы басқару ұйымы жылына бір реттен кем емес шақырылатын қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.

7.2. Кезектен тыс жалпы жиналыс бірлестіктің 1/3 қатысушыларының талабымен шақырылуы мүмкін.

7.3. Жалпы жиналыс Бірлестік мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда жиналысты өткізу күшіне енеді.

7.4. Барлық шешімдер Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысында қатысушылардың көпшілігі қол көтеріп дауыс берумен қабылданады;

Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне мыналарды жатқызады:



  • Бірлестікті ерікті түрде қайта құру және тарату;

  • Жарғыны бекіту, жарғыға өзгерістермен толықтырулар енгізу;

  • Бірлестіктің төрағасын және орынбасарын сайлау;

  • Бірлестіктің тексеру комиссиясын сайлау;

  • Бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктерін құру;

  • Ұйымдастыру құрылымының, басқару органының өкілеттілігін қалыптастыру және тоқтату тәртібін анықтау құзіреті;

  • Атқару органдарының қаржылық есеп беру тәртібі мен мерзімділігін анықтау, сол сияқты бақылау органының тексеру тәртібін өткізу және олардың қорытындыларын бекіту;

7.5. Атқару функциясын жалпы жиналыспен екі жыл мерзімге сайлаған Бірлестік төрағасы атқарады;

7.6. Бірлестіктің қаржылық және шаруашылық қызметін тексеруді жалпы жиналыспен екі жыл мерзімге сайланған үш адамнан тұратын тексеру комиссиясы жүргізеді;

7.7. Тексеру комиссиясы өзінің қорытындысын жылдық есеп беру мен балансқа әзірлейді;

7.8. Бірлестіктің барлық лауазымды адамдары тексеру комиссиясының сұратуы бойынша қажетті ақпараттар мен құжаттарды беруге міндетті.


8. Бірлестік төрағасы

8.1. Бірлестік төрағасы ұйымдастыру-өкім беру функциясын орындайды, Бірлестіктің атынан қажетті құжаттарға қол қояды, банктерде есеп айырысу, валюта есеп шоттарын және басқа да шоттарды ашады және мемлекеттік өкімет орындарында, өзін-өзі басқару орындарында, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерде Бірлестік мүддесін көрсетеді;

8.2. Бірлестік төрағасы:


  • Бірлестік жиналысында есеп береді;

  • Бірлестіктің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама көтереді;

  • Бірлестік қызметін ұзақ мерзімге жоспарлау процесін басқарады;

  • Мемлекеттік органдар және өзге ұйымдарға қатысты Бірлестіктің өкілетті өкілі болып табылады;

  • Бірлестікті материялдық-техникалық қамтамасыз етуге басшылық етеді;

  • Тексеру комиссиясына қаржының жыл сайынға келіп түсуі мен жұмсалуын көрсетеді;

  • Штат кестесін бекітіп, Бірлестік жиналысының ерекше құзіретіне жатпайтын кадр мәселесін шешеді. Бірлестік төрағасы өзінің өкілетті құқықтарының бір бөлігін орынбасарларына беруге құқы бар.



9. Бірлестік мүлкі

9.1. Бірлестіктің мүлкі ерікті жарнамалар және көмектерден, заң тиым салмаған түсімдерден қалыптасады;

9.2.Мүліктің меншік иесі Бірлестік болып табылады. Бірлестіктің жекелеген мүшесі Бірлестіктің иесіндегі мүліктің бір бөлігіне ие болуға құқығы жоқ.

9.3. Бірлестік иелігіне келіп түскен және аз қаржысы есебінен құралған немесе алынған мүлікке Бірлестік атынан иелік ету құқығы Бірлестік төрағасына беріледі.

9.4. Филиал мен өкілдікке бөлінген мүлік қоғамдық бірлестіктің меншігі болып табылады.
10. Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу тәртібі

10.1. Жарғыға толықтырулар мен өзгертулерді жалпы жиналысқа қатысушылардың шешімі бойынша енгізеді.

10.2. Бірлестіктің жарғысындағы толықтырулар мен өзгертулер заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізіледі және осы тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді.

10.3. Бірлестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы жиналыста ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Бірлестік Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар оларға жалпы жиналысқа қатысушылардың көпшілік дауыс беруі нәтижесінде енгізіледі деп есептеледі.



11. Бірлестікті қайта құру және тарату

11.1. Бірлестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім Бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданады.

11.2. Бірлестіктің мүлкі ол қайта ұйымдастырылғаннан кейін Қазақстан Республикалық Азаматтық кодексінде көзделген тәртібі бойынша жаңадан құрылған заңды тұлғаның мүшеліген көшеді.

11.3. Бірлестікті жалпы жиналыстың шешімі бойынша немесе сот шешімі бойынша таратады.

11.4. Бірлестік таратылғаннан кейін қалған мүлік кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан соң Бірлестікті тарату жөнінде шешім қабылдаған жалпы жиналыс белгілеген мақсаттарға жұмсалады, талас туған жағдайда сот шешімі бойынша шешіледі.

11.5. Қалған мүлікті пайдалану жөніндегі шешім тарату комиссиясы арқылы баспасөзде жарияланады.



11.6. Бірлестікті тарату жөніндегі құжаттар, оны заңды тұлғаларды тіркейтін бірегей мемлекеттік тізбеден шығарып тастау үшін Бірлестікті тіркеуден өткізген органға жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет