Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі, блогер Толқын Тұрарбекқызы оқырмандарын жігерлендіретін жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Өнер иесінің жұбайы өмірден түйген ойларын көпшілікке бөлісті. 

“Идеал өмірді күтумен, шынайы өмірім өтіп жатыр. Бұл – дәл қазіргі қоғамда жиі кездесетін дерт. Барымызды көре алмай, жоқты аңсаумен нығметті сезіне алмай жатырмыз. Алланың нығметін санасам, есебіне жете алмайды екенмін. Көзімнің әлемді көруі – мен ақшаға сатып ала алмайтын нығмет еді. Біз әр таңды көргенімізге шүкір етіп ояна алмаймыз. Шүкірсіздік көбейген сайын өмірге көңіл толмайды. Ал, өмір – ең үлкен сый. Әр адамның басында әртүрлі тағдыр бар. Олар бір-біріне ұқсамайды. Неге біз біреудің өміріне қарап қызығамыз”, – деп жазды блогер. 

  • "Жүрегімді елжіретті": Ләйлә Сұлтанқызы 3 жастағы сіңлісінің ерекше қасиетін баяндады

  • "Оны өзіме бағындырғым келді": Айжан Байзақова күйеуінің ел білмейтін құпиясын бөлісті

Жұлдызды келіншектің айтуынша, өмірге көзқарасын өзгерткен тұңғышы көрінеді. Денсаулығында кінәраты бар сәбиді көп жерге емдетуге апарған. 

“Кәусарым! Сән қызымен өткізген уақыт сондай шүкіршілікке толтырды. Ұзақ жыл бойы Кәусардың денсаулығы түзелсе, өмірім идеал болар еді деген ойда жүріппін. Сондықтан көп қуанышты бағалай алмай, қиялымдағы өмірді аңсаумен біраз уақыт өткізіп алдым. Таңдау – әркімнің өзінде. Болмашы мәселеден түңіліп, өзін жеп те өмір сүре алады. Ал кейбір адамдар тамшыдай ғана бақытты көріп, бақытты өмір кеше алады. Өмірге аяқсыз келген Ник Вуйчич те өмірден түңіліп, құрдымға кетсе бола еді. Бірақ ол өзінің шектеулі екеніне қарамай, шексіз мүмкіндіктерді пайдаланды. Міне, бір ғана үлгі алатын дүние”, – деді Толқын. 

Фото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Еске салайық, Төреғали Төреәлінің әйелі тұңғыш қыздары Кәусардың мүгедектігі бар тұлға екенін жасырмай айтқанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.