Мемлекет басшысының жарлығымен Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол президент күзет қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану. 

Азаматтық авиация академиясында білім алған. Мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".

2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;

2022 жылғы қаңтарда президент Өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған. 

ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық  медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.