П.ғ. к. Абуова Н. А., оқытушылар Тәуекел Б. А., Нұрғалиев Н. Ш



жүктеу 95.89 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі95.89 Kb.

п.ғ.к. Абуова Н.А., оқытушылар Тәуекел Б.А., Нұрғалиев Н.Ш.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
БАКАЛАВРИАТ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНЖЕНЕРЛЕРДІ ҒЫЛЫМИ ДАЯРЛАУДАҒЫ АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІҢ РОЛІ
Қазіргі таңда елімізде қоғамдық даму мен әлемдік жаһандану талаптары-на сай ауыл шаруашылық өндірісінің түрлі ұйымдық құрылымдарында инно-вациялық технологияларды қолдану, техниканы ұтымды пайдалану, оған техни-калық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары талаптар қойылуда. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында техникалық еңбектің жоға-ры білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларына жан-жақты сипаттама бе-рілген [1, б5]. Ал, Елбасы 2008 жылғы 6-ақпандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Білім және ғылым министрлігіне үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасап, толық аяқтау міндетін қойды [2, б 11].

Мұның барлығы инженерлік-техникалық мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарындағы оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылуымен, арнайы пән-дер үшін материалдық-техникалық базаны нығайтумен және болашақ маманды ғылыми тұрғыда даярлаумен тікелей байланысты. Қазіргі заманғы ғылыми-тех-никалық білім жүйесіне негізделген инженерлік іс-әрекеттер техникалық білім-нің негізгі мақсатын да нақтылап береді. Инженер еңбегінің заманауи форма-сын қалыптастыру үшін оларға берілетін ғылыми білімді күшейту қажет деп са-наймыз. Ол үшін болашақ маманның шығармашылық, ізденімпаздық және бел-сенділік іс-әрекеттерін оқу-зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыстыратындай дәрежеде ұйымдастыру қажет. Бұл мақсатқа болашақ инженерді зерттеу қабі-леттілігіне бейімдеу арқылы жетуге болады.

Ғылыми білім беруді ұйымдастырудың ғылыми негізделген қағидаларын қолдану бакалавриат жүйесіндегі арнайы пәндердің мазмұнын ғылыми тұрғыда қайта құруға және инженердің ғылыми-зерттеушілік білімін, қабілетін қалып-тастыратын ғылыми білімнің белгілі бір структурасын жасауға мүмкіндік бере-ді. Дегенмен, зерттеу іс-әрекеттері арнайы пәндерді оқытудың сипатына байла-нысты емес. Мұндағы негізгі мәселе – арнайы пәндерді оқытуда инженерді өн-діріс пен жаңа құрылымдағы ауыл шаруашылығын басқаратын ғылыми қабілет-пен қамтамасыз ету міндетіне келіп тіреледі.

Осыған сәйкес 050806 – «Агроинженерия» мамандығының «Машина пай-далану» арнайы пәніндегі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау операция-лары жаппай қызмет көрсету теориясымен байланыстырылады және оның не-гізгі есептеу-графикалық нәтижелерін ғылыми тұрғыда талқалана отырып, оқу процесіне қолданылады. Жаппай қызмет көрсету теориясы егін жинауды толас-сыз әдіспен ұйымдастыруға қажет техника санын анықтау үшін өте тиімді тео-рия болып есептеледі [3, б 6]. Қазір Республикамыздағы барлық шаруашы-лықтардың – фермерлік шаруашылық, шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және т.б. өз құрылымдары жаңаша құрылған. Осы шаруашылықтардағы техника тапшылығы әлі де болса жоғары. Ал егін жинауда толассыз әдісті меңгерген инженер қолда бар техниканы алдын-ала есептеулер арқылы басқа шаруашылыққа жалға бере алады. Өз шаруашылы-ғына агромерзім бойынша техниканы ұтымды пайдалану критерийлері арқылы егістік аудандарына қажетті техника, жанар-жағар май, еңбек және қаржы шығындары анықталып, оның мол пайда әкелетіні анықталды.

Мысал үшін, 800 га күріштік жері, 17 дана жаткасы, 11 дана бастыру ком-байны және 14 тасымал көлігі бар шаруашылыққа астық жинау кезінде жоғары өнімділікте жұмыс жасап, шығынды мейлінше аз жұмсайтын техника санын есептеу жолын ұсынамыз. Жаппай қызмет көрсетудің негізгі параметрлерін есептеуде мына формулалар қолданылады.


  1. Параметр

мұндағы, - талаптар ағынының тығыздығы, - жүйедегі қызмет көрсету уақыты көрсеткіш заңының параметрі.

,

,

мұндағы, F - егістік ауданы, га; Дк – жұмыс күн саны; к – дестеге салу агромерзімінің ауытқуын ескеретін коэффициент, к = 1...1,2;  - бір атыздың ауданы,  = 2,4 га; В – жатканың алым ені,м; Vж – жатканың жүріс жылдамдығы, м/с; Тсмауысым уақыты, сағ;  - ауысым уақытын пайдалану коэффициенті; ксм – ауысым саны.




  1. Барлық жатка бос болғанда

/n0 болғанда

мұндағы, n – жүйедегі жатка саны

3) Жүйеге R талап түсіп, R жатка дәнді дестеге салу ықтималдығы

1Rn болғанда

4 )Барлық жаткалар бос болмағанда



болғанда

5) Орташа күту уақыты болғанда

мұндағы, tобс= 1/ - жүйедегі орташа қызмет көрсету уақыты.

6) Кезектің орташа ұзындығы

7) Бос тұрған жаткалардың орташа саны

8) Жаткалардың бос тұру коэффициенті

Осы көрсеткіштер есептелгеннен кейін, күрішті дестеге салатын жатка-ның тиімді санын анықтайды. Бұл экономикалық көрсеткіш төмендегі фор-муламен есептеледі.



→ min

мұндағы, U – егіннің түсімділігі, т/га; Цр - 1тонна күріштің бағасы тг/т; СR – жаткалардың күтіп бос тұруынан келетін шығын, тг.


Енді 800 га күріштік алқапты ору операциясының көрсеткіштерін есептейміз.

  1.   27,7/8,75  3,15 3

  800/ (101,2 2,4)  27,7 ,  

  3 болғанда n = 4 деп қабылдап, есептеу жүргіземіз

2) Р0 =

3)

4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн

5) tож= (0,1140,509)/1 = 0,058 күн

6) Мож = атыз

7) N0 = 0,037

8)

9) С = 6,1 2,4 5  2500 + 0,98  5000 = 187900 тг



n = 5 болғанда,

2) Р0 =

3)

4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн

5) tож= (0,1140,232)/1 = 0,0132 күн

6) Мож = атыз

7) N0 = 0,037

8)

9) С = 0,87 2,4 5  2500 + 1,696  5000 = 34580 тг



n = 6 болғанда,

2) Р0 = 0,0392 3) 4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн

5) tож= 0,003 күн 6) Мож = атыз 7) N0 = 2,4 8)

9) С = 0,158 2,4 5  2500 + 2,4  5000 = 16740 тг



n = 7 болғанда,

2) Р0 = 0,037 3) 4) tобс=1/8,75 = 0,114 күн

5) tож= 0,0016 күн 6) Мож = 0,073 атыз 7) N0 = 3,023 8) 3

9) С = 0,073 2,4 5  2500 + 3,023  5000 = 17305 тг


Алынған мәліметтер бойынша кезектің орташа ұзындығының Мож, ком-байнның бос тұру коэффициентінің Кпр, атыздар мен комбайнның күтіп тұ-руынан келген шығынның жатка санына тәуелділігі түсірілді (1-сурет).
Кезектің орташа ұзындығының Мож, комбайнның бос тұру коэффициентінің Кпр, атыздар мен комбайнның күтіп тұруынан келген шығынның С жатка санына nж тәуелділігі


Кпр
0,5

0,4


0,3

0,2









Мож









Мож
1,5
1,0
0,75

0,5























Кпр











С


















С, тг
140000

100000

50000

20000


4 5 6 7 nж

1-сурет – Есептеу нәтижелерінің тәуелділігі



1-суреттен жасайтын қорытындымыз – жатканың саны 6 болғанда кезектің ұзындығы мен жалпы ору жұмысы кезінде пайда болатын шығындар азайған. Сондықтан астықты дестеге салу жұмысында 6 жатканың қатар жұмыс жасауы шаруашылық үшін тиімді болмақ. Сонда шаруашылық қалған 11 жатка комбайнын басқа шаруашылыққа жалға бере алады. Осы 6 жаткамен орылған атыздағы дестені ысырапсыз және уақытылы бастыратын комбайнның тиімді саны тура осы жолмен анықталады. Нәтижесі 1-кестеде берілген. Мұндағы қорытынды бос тұру коэффициентінің төмен, ал күтуден келетін шығынның ең аз мөлшері ретінде тағы 6 комбайнды көрсетеді. Тасымал көлігінің қажетті санын да дән бастыру комбайнының жұмысымен тікелей байланыстыра отырып, арнайы формулалармен есептейміз [4,б 68].
1-кесте – Комбайнның қажетті санын анықтау көрсеткіштері



Параметр-лер

= 2 болғандағы астық бастыру комбайнының саны

3

4

5

6

7

Р0

0,11

0,13

0,14

0,135

0,138



0,44

0,17

0,062

0,018

0,005

tож

0,057

0,011

0,0024

0,0006

0,00015

Mож

2,67

0,34

0,068

0,0135

0,003

N0

0,99

1,98

3,12

3,99

5,8

Kпр

0,33

0,49

0,624

0,66

0,86

C

81750

12650

5160

3705

4394

Есептеулер нәтижесі арқылы біз, бір маусымға қажет егін жинау агрегат-тарының санын анықтай аламыз. Жалпы, ЖҚК жүйесі арқылы астықты толас-сыз әдіспен жинаған шаруашылықтар мол экономикалық тиімділікке қол жеткі-зе алады деп болжам жасауға болады және басқа өндірістік және технология-лық процестерді аталған әдіс бойынша меңгерген болашақ агроинженер мама-ны Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға, өнім сапасын арттыруға, ең-бек өнімділігін жоғарылатып, әр жыл сайынғы жұмсалатын шығын мөлшерін кемітуге өзіндік үлесін қоса алады.


Резюме
В статье дан анализ подготовки бакалавров аграрного сектора по спе-циальности 050806 – «Агроинженерия». Для повышения уровня их подготовки на примере дисциплины «Машинаоиспользование» приведено применение тео-рии СМО для технологического процесса уборки. Использование методов СМО позволяет на научной основе освоить свою специалисть.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Рспубликасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 320-ІІІ ҚРЗ // ЕҚ, № 160 15.08. 2007

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты //2008 жылғы Қазақстан халқына арналған Елбасы Жолдауы. Ана тілі № 7. – 2008

  3. Новиков О.А., Петухов С.И. Прикладные вопросы теории массового обслуживания. – М., Изд-во «Советское радио», 1969. – 400 с.

  4. Рахатов С.З. Научные основы проектирования производственных процессов уборки риса по критериям ресурсосбережения. Монография. – Кызылорда, 2002. – 168 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет