Ақтөбе облысындағы шаруалар ірі қара малдары үшін өтемақы ретінде үш миллион теңгені алмаған. Ол Ойыл ауданында өткен прокурорлық тексеру барысында белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Үш мал иесі бруцеллезбен ауырған ірі қараны мал соятын орынға тапсырған. Олар бұл үшін өтемақы алуға құқылы еді. Орта есеппен мал басына – 140 мың теңге. Алайда халық бұл ақшаны мал дәрігерінің кесірінен ала алмаған. Ол сиырлар туралы мәліметтерді базаға енгізбеген. Тексеруден кейін қажетті қаражат ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің есепшотына аударылды.

 

 

  • Павлодар облысында ауру малдың сүтінен үш жасар бала бруцеллез жұқтырған

"Тұрар" шаруа қожалығы 2023 жылдан бері мал дәрігерінің қателігінен 11 бас ірі қараға 1,5 миллион теңге өтемақы төлемеген. "Сенім" шаруа қожалығында 800 мың теңге және "Әділетте" 676 мың теңге өтемақы төленбеген. Кінәлілер қатаң тәртіптік жазаға тартылды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкенттегі ет қоймасы антисанитариялық жағдайда жұмыс істеп, ішінде егеуқұйрық өріп жүргені айтылды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.