140-тан астам гренландиялық әйел 1960-1970 жылдары әйелдерге мәжбүрлеп контрацепция қолдандырғаны үшін Дания үкіметін сотқа беріп, 43 миллион крон (2 миллиард 809 миллион теңге) өтемақы талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Assosiated Press сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Бұрын даниялық дәрігерлер гренландиялық әйелдерге күштеп немесе жасырып жүктіліктен сақтайтын құрсақішілік спиральдар мен түрлі контрацептиваларды енгізген.

Аралдың байырғы халқының өкілдері болып саналатын бір топ гренландиялық әйел Дания үкіметін сотқа беріп, 1960-1970 жылдары гренландиялықтардың санын азайту үшін мәжбүрлі түрде әйелдердің жүктілігін алдын алғаны үшін өтемақы талап етті.

1953 жылға дейін Гренландия Данияның колонияларының бірі болды. Қазіргі уақытта бұл – Дания Корольдігінің құрамына кіретін автономды әкімшілік аумақ. 1960 жылдардан 1970 жылдардың ортасына дейін Дания билігі Гренландияда аралдың байырғы халқының санын шектеу үшін туу көрсеткішін бақылау саясатын жүргізді. 

Журналистер тапқан ұлттық мұрағаттардың жазбалары бойынша кем дегенде 4500 гренландиялық әйел Дания билігінің саясатынан зардап шеккен. Оларға жасөспірім кезінде жатырішілік спираль күштеп орнатылған. Оның үстіне кейбір жағдайларда әйелдерге оның енгізілгенін айтпаған. Қыздар қарапайым медициналық тексеруден өткен кезінде ескертусіз осындай шаралар жасалыпты. Гренландия үкіметінің бағалауы бойынша, 1969 жылдың соңына қарай аралдағы бала тууға қабілеттің әйелдердің 35%-ы Дания билігінің бағдарламасынан зардап шекті.

Инуит тайпасының 143 әйелі Дания үкіметіне қарсы сотқа шағым түсірді. Олар Данияның денсаулық сақтау органдары спиральді күштеп орнату арқылы олардың құқықтарын бұзды деп мәлімдеп, жалпы сомасы 43 миллион дат крон (2 миллиард 809 миллион теңге) өтемақы талап етіп отыр. 

Былтыр 70 пен 80-дегі бір топ әйел зардап шеккендерге 300 000 дат кронасы (19 миллион 565 мың теңге) өтемақы талап етіп, осындай талаппен сотқа жүгінген. Дания билігі тергеу жүріп жатқанын алға тартып, сол кезде бұл талапты орындамады.

"Тергеу нәтижесін күткіміз келмейді. Біз қартайдық. 1960 жылдары контрацептива құрбаны болғандардың алды 1940 жылдары дүниеге келген, жастары 80-ге таяп қалды. Біз қазір әрекет еткіміз келеді", –  деді акцияны бастаған психолог Ниа Либерт.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.