Пікір жазғандар: Қайыржан Мақанов



жүктеу 42.26 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі42.26 Kb.



ЖАНАТ ТЕМІР

Аққу сезім

(әндер жинағы)

Астана қаласы

Білім басқармасы

№38 «Шаттық» балабақшасы


Пікір жазғандар:
Қайыржан Мақанов

«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, сазгер.



Қалибек Деріпсалдин
Астана 2016

ҚР – ның еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері, Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші - композитор


Жинақтағы әннің ноталарын компьютерде терген және редакциясын қараған

Кенжалина Аида

Бұл әндер жинағына әнші – композитор Жанат Темірдің 19 әні еніп отыр. Әндердің тақырыбы туған жер, Отан, батыр бабалар және лирикалық негізінде жазылған.




Осы еңбегімді, Егеменді еліме,Сүйікті Отаныма, Қадірлі Қазағыма арнаймын.
Танымал, талант иесі

Халқымыздың азаттық жолындағы күресінің тал бесігі, аттарынан ат үркетін атақты сазгерлер мен ақындардың, әнші – күйшілердің мекені, өнер ордасы болған көне Торғай өңіріндегі, бұрынғы Батпаққара (қазіргі Аманкелді) ауданының жерінде туып өскен: Қырықмылтық руынан күйші – жырау Жанбатыр, Сұнтай руынан Аяп әнші, Таңат руынан Сейдахмет ақын, тағышы руынан Өтеулі ақын, оның інісі Мұхамеджан ақын, әрі әнші – сазгер т.б. өнер тарландарынан кейін, осы аталған өңірде Құтжан Қанжығалин мен Қазыбек Әбенов, Байғоныс Мұхамеджанов, Төкен Елтебаев,

Мейрамхан Қапышов, Башарин Қажығалиев, Қабжелел Мұқатов,

Сартай Жамалов, Сейіт Тымпиев, Бақытбек Сейілов, Сапар Әбенов, Жауынбай Шаймерденов, Ораз Қожасов, Қыпшақ Қойғарин сынды т.б. көптеген әнші – күйшілері өсіп жетіліп аудан өнерін Республика көлеміне көтеріп, асқақтатқанды. Олар бұл дүниеден өткен.

Ал бүгінгі күні аудан өнерпаздарының арасынан өзінің әсем әндерімен елге танымал болып жүрген композитор, әнші, ұстаз, - Жанат Борашқызы Темірдің ауылға оралатыны заңды құбылыс екеніне ешкім таңдана қоймас. Оған себеп жуырда ғана жарық көрген, бас – аяғы сүйкімді әуенге толы «Аққу сезім» деп аталатын Жанаттың 19 әнінен тұратын жинақ кітабы куә деуге болады. Енді аздап шегініс жасайық...

Жанат Темір 1965 жылы 26 қазанда Аманкелді ауданында дүниеге келді.

1986 жылы Арқалық қаласының музыка училищесін, 2005 жылы

Арқалық Педагогика институтының музыка факультетін жақсы аяқтады.

1986 – 93 жылдары Аманкелді ауданы орталығындағы Төкен Елтебаев атындағы балалар музыка мектебінің хор, теория – сольфеджио пәндерінен дәріс берді.

Осы кезеңде ол ән шығару өнерін бастап та кеткен еді. Оның бұл қиын да, күрделі өнерге ден қоюына себеп болған, есімі бүкіл елімізге белгілі әнші – сазгер, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз

Қалибек Деріпсалдин еді. Ол Жанаттың ең алғашқы әндерін тыңдап, «Қадамына гүл бітсін» - деп ақ батасын берген.

1993 – 95 жылдары Жанат Борашқызы Рудный қалалық педагогика колледжінде дәріс бере жүріп, сазгерлік өнерін одан әрі ұштай берді. Ол енді шығармашылық шеберлігін кеңейтіп, әндерді әр бағытта шығара бастады. Қостанайлық Жолбарыс Баязитов, Серікбай Оспанов, Хамитбек Мұсабаев, Марфуға Бектемірова, Бейбіт Оспанов, Нұрболат Мешітбаев,

Еренғайып Әбдіқалықов секілді ақындардың өлеңдеріне: «Туған жер», «Туған ел», «Асқар да асқар, асқар бел», «Аққу сезім», «Асыл жар»,

«Ана әлдиі», «Сені іздеймін», «Ақ шағалам», «Достарым»,

«Сол күндерді сағындым», «Ақ әже», «Туған елдің самалы – ай» әр түрлі жанрды қамтыған. Яғни хор, эстрада, домбырамен қосылып айтатын дәстүрлі әндері Нұрболат Ибраев, Айкерім Саматова, Алма Адаханова, Фариза Едресова, Ақтоты Садуақас, Айша Ерлан сияқты әншілердің орындауында елге таралып жатты. Ол әндер Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, Астананың 10 жылдығына, Қазақ мемлекетінің 550 жылдығына, автордың өзі өскен жерінің әсем табиғатына, бірге өскен достарына, анасы мен әжесіне, ұлы махаббатқа арнаған лирикалық туындылары.

1993 жылы Қазақстан композиторларының «Үкілі үміт» Республикалық конкурсында Жанат Темірдің ақын Бейбіт Оспановтың өлеңіне жазылған

«Ақ шағалам» деп аталатын лирикалық әні жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, лауреат атанды. Еліміздің профессионал композиторлары қатысқан аса салмақты конкурсында дәл осындай жеңіске жетуі сөз жоқ, аса ірі табысы еді.

«Ақ шағалам» әні шашасына шаң жұқтырмайтын бүкіл қазақтың аса сүйіп айтатын туындыларының бірі екендігін талай рет дәлелдеген көркем шығарма. Сондықтан да оның ғұмыры ұзақ болмақ. Бұдан кейін Астана қаласында өткен «Балбөбек» байқауында Жанаттың «Астана вальсі» әні жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Қазіргі кездері Жанат Борашқызының әндерін жас әншілер еліміздің үлкен – үлкен сахналарында орындап, зор жетістіктерге жетіп жүр. Оған әркез жанашырлық көмек көрсетіп жүрген: Шолпан Катранова, Алма Досымбекова, Жанат Кируова, Райхан Хасенова, Нұрбике Аубакирова, Айгүл Маденова, Ляззат Ахметова,

Қайырбек Ерғалиев, Ғалия Жамалова, Ақшагүл Мұқанова,

Қалибек Деріпсалдин және әндеріне көркем мәтін жазған жоғарыда айтылған арқалы ақындарға Жанат Борашқызы дән риза. Жанаттың еліне бергенінен әлі берері көп. Сондықтан да осы аса талантты қызымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, үлкен шығармашылық табыс тілейміз.



Қайыржан Мақанов -

«Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, өнертанушы, сазгер.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет