Пікірталас тақырыбы: Менің құқығым Мақсаты



жүктеу 29.13 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі29.13 Kb.

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев

атындағы №17 қазақ орта мектеп

құқық пәнінің мұғалімі

Көптілеуова Жанар Сазанбайқызы


Пікірталас тақырыбы: Менің құқығым
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге және саяси сауаттылыққа баулу;

Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту

Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге, құқықтық нормативтік актілерді орныдай, құрметтей білуге, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция,Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.

Барысы:

Кіріспе сөз

Бала құқығы туралы Конвенцияның қабылданғанына 24 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойып, қабылданғанына 19 жыл толуына орай бүгінгі «Менің құқығым» тақырыбының аясында пікірталастырмақпыз.

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Епнт, Т.Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтебе би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін,оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?

1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы Конвенция БҰҰ қолданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Енді осы мәселе төңірегінде өздерің зерттеу жұмыстарын жүргізіп, құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.



I кезең: «Біліп жүрейік»

  • 1-маусым-халықаралыөқ балаларды қорғау куні

  • 20-қараша- дүниежүзілік балалар күні

  • 10-желтоқсан- адам құқығы күні

  • 10.12.1948ж-адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады

  • 1959ж- әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды

  • 1979 ж- халықаралық балалар жылы өтті

  • 20.11.1989ж- БҰҰ-да құқықтары туралы Конвенция қабылданды

  • 28.01.1993ж- ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды

  • 08.06.1994ж- Қазақстан Республикасы бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

  • 30.08.1995ж- ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып,екінші рет қабылданды



II кезең

«Құқық-әділет пен парасат жолы» Қатысушылардың құқық туралы пікір, көзқарастарын тыңдау


III кезең

« Құқық бұзушылықтың түрлері» слайдтағы суреттер бойынша әңгімелеу



Қорытынды
Сіздер, балалар құқықтық сауаттылықты өз деңдегйінде меңгерсеңіздер, соғұрлым құқықтық білім алып,мемлекетіміздің көркейуіне, дамуына үлес қоса алатын боламыз. Құқықтық тәрбие әрқайсыңның бойыңа жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әрбір жасөспірім санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Әрқайсымыз құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қоса білуіміз керек.

17 ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп



Сыныптан тыс жұмыстар

Тақырыбы: Менің құқығым
Пікірталас


Өткізген: Көптілеуова Жанаркүл


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет