Пилоттық органдардың тізбесі



жүктеу 125.59 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі125.59 Kb.


№ исх: 939 от: 29.12.2017

№ вх: 1057//939 от: 12.01.2018



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы « » желтоқсандағы № қаулысына

1-қосымша


Пилоттық органдардың тізбесі


  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

  2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).

  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдары.

  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдары.

  5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

  6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті.

  7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Астана қаласының Әдiлет департаменті Алматы ауданының әдiлет басқармасы.

  8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әдiлет департаменті Сарыарқа ауданының әдiлет басқармасы.

  9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті Есіл ауданының әдiлет басқармасы.

  10. Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.

  11. Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органы.

_________________________


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы « » желтоқсандағы
№ __ қаулысына

4-қосымша



Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне

бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер


  1. Осы Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) пилоттық режимдегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібін айқындайды.

  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  1. бонус – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;

  2. есепті кезең – бағалау жылының бірінші қаңтарынан бастап отыз бірінші желтоқсанын қоса алғанда, он екі айды құрайтын күнтізбелік жылға тең мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижелерін бағалау кезеңі;

  3. материалдық көмек – қиын қаржылық жағдайдағы мемлекеттік әкімшілік қызметшіні қолдау мақсатында жүзеге асырылатын ақшалай төлем;

  4. мемлекеттік органның нысаналы индикаторлары – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Астана қаласының әкімі, Маңғыстау облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы арасында жасалған меморандумда белгіленген пилоттық органның нысаналы индикаторлары;

  5. нысаналы бонус – «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы «__» желтоқсандағы № __ қаулысының
    1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мөлшерде көзделген мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;

  6. нысаналы бонус қоры – бекітілген штат саны лимиттеріне сәйкес осы пилоттық органның әрбір мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің нысаналы бонусынан қалыптастырылған пилоттық органның бонус қоры;

  7. түзетілген бонус – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша нысаналы бонусты түзетуден кейінгі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусы;

  8. түзетілген бонус қоры – пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның нысаналы бонус қорын түзетуден кейінгі пилоттық органның бонус қоры;

  9. түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – ТНИ) – қол жеткізу олардың қызметінің тиімділігін көрсететін, саяси қызметшінің меморандумына/«А» корпусы қызметшісінің келісіміне сәйкес не «Б» корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігін негізге ала отырып белгіленетін көрсеткіштер;

  10. үстемеақы – «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне белгіленетін лауазымдық айлықақысына ақшалай қосымша ақы.

  1. Пилоттық органда Материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қалыптастырылады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіретін Комиссияның ережесі мен құрамы пилоттық орган басшысының (егер осы пилоттық органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген болса), аппарат басшысының не Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімімен бекітіледі. Комиссияның ұсынымдары материалдық көмектің мөлшері туралы шешім қабылдау үшін негіз болады.

  2. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының қызметін бағалау осы тұлға үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бағалау жылының қаңтарында белгілейтін басымдықтардың негізінде жүзеге асырылады.

  3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге материалдық көмек көрсету, сондай-ақ пилоттық органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу пилоттық органның ағымдағы әкімшілік шығыстарын үнемдеу есебінен қаржы жылы ішінде жүзеге асырылады.

  4. Пилоттық органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар пилоттық органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда да штат санының бекітілген лимиттеріне сәйкес есептелген, пилоттық органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.


2. Бонустарды төлеу тәртібі


  1. Бонустарды төлеу пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде нысаналы бонус қорын қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.



  1. Пилоттық органның «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің түзетілген бонус қоры есепті кезеңдегі пилоттық органның нысаналы индикаторларына қол жеткізу нәтижелері бойынша пилоттық органның «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің нысаналы бонус қорын түзету нәтижесінде айқындалады.

  2. Нысаналы бонус қоры түзетілгеннен кейінгі бюджет қаражатының қалдығы пилоттық орган бюджетін кейіннен түзету арқылы мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатады.

  3. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы пилоттық органның нысаналы индикаторларға қол жеткізуіне және есепті кезеңдегі келісімде айқындалған ТНИ/басымдықтарға қол жеткізуіне байланысты болады.

  4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің түзетілген бонусы есепті кезеңде пилоттық органның нысаналы индикаторларға қол жеткізуіне, құрылымдық бөлімшенің ТНИ-ге қол жеткізуіне және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің өз ТНИ-іне қол жеткізуіне байланысты болады.

  5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу есепті кезеңде оның қызметін бағалаудың басталған күніне сынақ мерзімін аяқтаған күннен бастап және мемлекеттік қызметтегі лауазымға орналасқанына кемінде үш ай болған жағдайда төленеді.

  6. Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу пилоттық органның түзетілген бонус қорын ескере отырып, 2018 жылдың қорытындысы бойынша пилоттық орган қызметін бағалау нәтижелері бекітілгеннен кейін бір ай ішінде жүргізіледі.

  7. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалаудың басталу күніне дейін жұмыстан шығарылған кезде есепті кезең үшін бонус төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісімен айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босату күні болып табылады.

  8. Есепті кезең ішінде пилоттық органның ішінде бір лауазымнан басқа лауазымға ауысу кезінде немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бұрын атқарған лауазымында, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі шартымен жаңадан орналасатын лауазымында бонус төленеді. Түзетілген бонусты есептеу кезінде есепті кезеңде әрбір лауазым бойынша жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады.

  9. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бонустардың мөлшері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде айқындалған тәртіппен және мерзімде жүргізілген олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

  10. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін бонустар мөлшері Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде айқындалған тәртіппен және мерзімде жүргізілетін олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша айқындалады.

  11. Бонустар төлеу туралы шешімді:

  1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – бонустар төлеу жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қабылдайтын жауапты хатшыларды қоспағанда, пилоттық органның бірінші басшысы;

  2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін:

пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса);

пилоттық органның жауапты хатшысы;

пилоттық орган аппаратының басшысы;

мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды.



  1. Бонустар төлеу:

  1. 5 ТНИ-дің ішінде үшеуінен кемі орындалған кезде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне;

  2. ТНИ-дің/басымдықтардың 60 %-нан кемі орындалған кезде «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне;

  3. мемлекеттік әкімшілік қызметшіге қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеру жүргізу кезеңінде;

  4. осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүргізілмейді.

  1. Пилоттық органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мемлекеттік әкімшілік қызметшіде тәртіптік жаза болған жағдайда оған мемлекеттік қызметшінің түзетілген бонусының 50 % мөлшерінде бонус белгілейді.

  2. Бонустар мөлшерін есептеу әдістемесін пилоттық органдармен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.


3. Материалдық көмек көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету:

  1. оның отбасы мүшелері, жақын туған-туыстары және
    жекжаттары (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, әпке-сіңлісі, қарындасы,
    ата-анасы және балалары) қайтыс болған;

  2. некеге тұрған;

  3. бала туған, бала асырап алған;

  4. қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу, оның ішінде оның асырауындағы жақын туған-туыстарына емдеу (санаторийлік емдеуден басқа, күнтізбелік он күннен астам стационарлық немесе амбулаторлық емдеу) жүргізілген;

  5. оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалған (тонау, ұрлық және басқа), сондай-ақ дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа) салдарынан мемлекеттік әкімшілік қызметшіге мүліктік зиян келтірілген;

  6. зейнеткерлiкке шыққан жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Материалдық көмек көрсету:

  1. пилоттық орган басшысының не оны алмастыратын адамның (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса);

  2. пилоттық органның жауапты хатшысының;

  3. пилоттық орган аппараты басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші материалдық көмек көрсету туралы өтінішті осы Қағидалардың 22-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап екі ай ішінде береді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші материалдық көмек көрсету туралы өтінішті осы Қағидалардың 22-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда оқиғалар басталған сәттен бастап бір ай бұрын береді.

  1. Материалдық көмектің мөлшерін осы Қағидалардың 23-тармағында аталған тұлғалар белгілейді, ал осы Қағидалардың 22-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған жағдайларда материалдық көмек төлемінің мөлшері Комиссия ұсынымдарының негізінде белгіленеді. Бұл ретте біржолғы материалдық көмекті төлеу мөлшері жетпіс бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

  2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты мемлекеттік әкімшілік қызметшінің жазбаша өтініші, растау құжаттары және Комиссия ұсынымдары негізінде осы Қағидалардың
    23-тармағында аталған тұлғалар қабылдайды.

  3. Материалдық көмекті төлеу мемлекеттік әкімшілік қызметшіге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтың негізінде жүргізіледі.


4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
лауазымдық айлықақысына үстемеақылар белгілеу тәртібі



  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар:

  1. өзінің негізгі жұмысынан босамай, «Б» корпусының уақытша болмаған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің функцияларын орындағаны;

  2. мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшіге практикалық көмек (тәлімгерлік) көрсеткені;

  3. орындалған көлеміне қарай, мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс, сондай-ақ негізгі қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты болатын мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін.

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысына үстемеақылар төлеу:

  1. пилоттық органның басшысы не оны алмастыратын адамның (егер осы мемлекеттік органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса);

  2. пилоттық органның жауапты хатшысының;

  3. пилоттық орган аппараты басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

  1. B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін үстемеақылар төлеу және олардың мөлшері туралы шешімді аппарат басшысы және жауапты хатшы жетекшілік ететін B-1, C-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, пилоттық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен (болған жағдайда) келісу бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалар қабылдайды.

«Б» корпусының өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін үстемеақыларды төлеу және олардың мөлшері туралы шешімді олар үшін шешімді ведомствоның басшысы орынбасарының ұсынымы бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша ведомствоның басшысы қабылдайтын ведомстволардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, пилоттық органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынымы бойынша пилоттық орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарымен (болған жағдайда) келісу бойынша осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген тұлғалар қабылдайды.

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақыларды төлеу:

  1. осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, уақытша болмаған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақысының отыз пайызына дейінгі мөлшерде;

  2. осы Қағидалардың 28-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, лауазымдық айлықақының жиырма пайызына дейінгі мөлшерде;

  3. осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда – ай сайын, лауазымдық айлықақының бес пайызына дейінгі мөлшерде жүргізілуі мүмкін.

  1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне үстемеақылар төлеу:

1) осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісіне қатысты ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы тексеру жүргізу кезеңінде;

4) тиiстi пилоттық органда бiр айдан аз жұмыс iстеген жағдайда жүргізілмейді.


_________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет