Қырғызстан мен Қытай шекарасында 4,6 балдық жер асты дүмпулері орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жер сілкінісін төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және төтенше жағдайлар департаменті сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:52-де жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы – 4,6", – делінген хабарламада.

Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілгені айтылды. ТЖ тағы да жер асты дүмпуінің болу ықтималдылығы төмен екенін айтты.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.