Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың қанынан есірткі заттары табылған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокурор Айжан Аймағанова мәйітке жасалған сот-медициналық сараптама Салтанат Нүкенованың қанынан 1,5%-тен аз мөлшерде спирт болғанын анықтады. Ол ағзаға шамалы ғана әсер етеді. 

"Нукенованың ішкі ағзаларын химиялық-токсилогиялық зерттеу кезінде есірткі, дәрілік және психотроптық заттар табылған жоқ. Қуыққа талдау жүргізгеннен кейін есірткіге сынама жасалды, ол да теріс нәтиже көрсетті", — деді Айжан Аймағанова.

Сондай-ақ, мәйітке сараптама жасағанда Нүкенованың алдыңғы және артқы жыныс мүшелерінен ешқандай зақым таппады.

Салтанат Нүкенова қаза тапқанға дейін 6-14 сағат бұрын алған жарақаттарын санау үшін прокурорлардың бірнеше минуты кеткен. 

Бұған дейін әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетілетіні туралы хабарланған.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов — қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.