Подведите курсор к элементу курса «Тест по растениям», щелкните лкм



жүктеу 23.81 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі23.81 Kb.

Тест тапсырмаларымен жұмыс істеуге нұсқама
Меңзерді (курсор) курстың «Өсімдіктер бойынша тестілеу» (тест по растениям) элементіне әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасына шертіңіз. Тесттің бағалау әдісі, уақыт бойынша шектеу, тестті орындау уақыттары, ашылу және жабылу мерзімі сияқты параметрлері орнатылған диалогтық терезе ашылады.


Тесттің параметрлерімен танысып болған соң – «Тесттілеуді бастау» (начать тестирование) батырмасына басыңыз (келесі мүмкіндіктерді пайдалану уақытында «Соңғы мүмкіндікті пайдалану» (продолжить последнюю попытку) немесе «Тестілеуді басынан бастау» (Сделать тест заново) батырмаларына шерту қажет).



Ескерту: егер тесттің белгілі бір параметрлері болса, онда жүйе тесттің параметрі туралы ескерту терезесін шығаруы мүмкін. Жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін «ОК» - тестілеуді жалғастыру немесе «Болдырмау» (отмена) – тестілеуді тоқтату батырмаларын таңдау қажет.

Тест тесттік сұрақтар блогынан құралады: сұрақ және оған бірнеше жауап нұсқамасы.



Ескерту: көп жағдайда оқытушылар тест тапсырмаларының «Көптің таңдау» (множественный выбор ) (бір сұраққа, ішіндегі біреуі ғана дұрыс болатын бирнеше жауап нұсқамалары) түрін қолданады - бұл түр барлығымызға таныс. Егер тесттік тапсырмаларда дәстүрлі емес тест тапсырмалары кездескен жағдайда - олармен қалай жұмыс істеу қажет екенін «Хабарламалармен алмасу» (обмен сообщениями ) компоненті арқылы оқытушыға қатынаса аласыз.

Өз көз-қарасыңыз бойынша дұрыс деп есептеген жауабыңыздың тұсындағы дөңгелекшеге басыңыз. Егер тест тапсырмалары бақылау жұмысы ретінде берілген болмаса, онда оқытушы тестті жауаптың дұрыс-қателігін тексере алатын (жасыл қанат белгі – дұрыс жауап, қызыл крест – дұрыс емес жауап) «Жіберу» (отправить) батырмасы орналасқан жаттығу режимінде бере алады. Беттің төменгі жағында, тест тапсырмаларынан соң, әмір беретін үш батырма орналасқан: «Сақтау, бірақ бетті жібермеу» (Сохранить, но не отправлять) (жауаптарды сақтау), «Бетті жіберу» (отправить страницу) (жауаптарды сақтау және алдын-ала тексеру жүргізу), «Барлығын жіберу және аяқтау» (отправить все и завершить тест) (жауаптарды тексеріп, ағымдағы тест тапсырмасы бойынша бағалайды).





Қажетті әмірді таңдаңыз.



«Барлығын жіберу және аяқтау» (отправить все и завершить тест) әмірін таңдағаннан кейін, тесттік тапсырмаларға берген жауабыңыз бойынша толық саралау берілген терезе ашылады.





ҚК атауына (біздің мысалымызда «Биология» курсы) шерту арқылы негізгі бетке өтіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет