ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша



жүктеу 1.94 Mb.
бет1/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.94 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ







ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша

«5В050900 - Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012ж.


Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған

қаулы №1 «25» тамыз 2012 ж.


Кафедра меңгерушісі __________________Бертаева К.Ж. э.ғ.д., профессор

АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ 1 « 27 » тамыз 2012 ж.
ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры

___________________________ профессор Р.К.Машанова.



Мазмұны








Бет



Пәннің типтік оқу бағдарламасы

4



Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

14



Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)

26



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

27



Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

29



Дәрістер кешені

33



Семинар сабақтарының жоспары

77



Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар

81



Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

84



Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

87



Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі

91



Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету

91


ANB 2211 Ақша,несие,банктер

3 кредит
1.Т.Рыскулов атындағы Қазақ экономикалықУниверситеті әзірлген және ұсынған.
2. Пікір жазғандар:э.ғ.д., доцент Мақыш С.Б. – Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалыө универстеті; э.ғ.д., профессор Д.Абленов – Қазақ қатынас жолдары университеті
3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 30 желтоқсан 2009 жылғы №611 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды.
4. Типтік оқу бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «050509-Қаржы» мамандығы бойынша әзірленген
5. Республикалық Оқу әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды 2009 жыл 25 маусым№1 хаттама

Түсініктеме жазбахат
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа талаптары оқу бағдарламасының жаңа құрылымы мен оның мазмұнын сипаттайды.

«Ақша, несие, банктер» курсы – кең профильді маман ретінде банкирлер дайындауға негіз бола алатын теориялық курс. Бұл курс экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және тағы да басқа оқу пәндерімен қосыла отырып, ақша-несиелік қатынастар, банктік қызмет теориясы және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастыра отырып, олардың экономикадағы маңызы мен қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесідей мақсаттарды көздейді:

• студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

• пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;

• барлық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.



«Ақша, несие, банктер» оқу пәнінің міндеттері:

• студенттерге ақша, несие, банктердің теориясы бойынша қажетті теориялық білімнің белгілі-бір минимумын беру;

• оларға банк сферасында қызмет істеу үшін қажетті практикалық машықтарды (навыки) дарыту;

• банк қызметінің болашақ профессионалдарына алдағы уақытта болуы мүмкін, ықтимал банктік жаңашыл қызметтер, интернет-технологиялар және тағы басқа өзгерістерге бағыт беріп қою.

«Ақша, несие, банктер» курсының бағдарламасы мемлекеттік стандарттарға және мазмұндау логикасына сәйкес бес дербес бөлімге, сонымен бірге, оқу пәнінің негіздік проблемаларын қарастыратын өзара байланысты бірсыпыра бөлімшелерге бөлінген.

«Ақша, несие, банктер» курсының сызбасы меңгеру процессін белгілі-бір дәрежеде оңайлатуға, ал керек кезде, осы курсты оқитын мамандықтар бойынша бөлінетін сағаттарды есептегенде, кейбір бөлімдерді немесе тақырыптарды қалдырып кетуге мүмкіндік беретін құрылымдық түрде берілген.


Пәннің мазмұны

Кіріспе

«Ақша, несие, банктер» курсының мәні, оның басқа оқу пәндерінің арасында алатын орны. Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Осы пәннің объектілері мен зерттеу әдістерін сипаттау. Қарастырылатын тақырыптарға қысқаша тоқталу. Пәндердің өзара байланысы. Оқу әдістері мен жүргізілетін сабақтардың түрлері. Студенттердің білімін, олардың өзіндік және зерттеу жұмыстарын бағалау, қадағалау формалары. Қажетті әдебиеттер тізімін ұсыну.


Негізгі бөлім

1 бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер

1.1. тақырып. Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша формалары. Ақшаның атқаратын қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі ретінде және баға масштабы. Баға – құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның жүзеге асуы.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс Заңы. Шаруашылық айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау. Төлемдер айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақша қор жинау және қазына жасау құралы ретінде. Қоғамдағы қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Әлемдік ақшаның құрылымдық формаларының эволюциясы.

Әлемдік ақшаның құн өлшемі, айырбас құралы және жалпы байлықтың қоғамдық заттануы ретіндегі атқаратын қызметтері. Ұлттық валютаны және халықаралық есептесу бірліктерін әлемдік ақшалар ретінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Қазіргі таңдағы алтынның ролі.

1.2. тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші ақшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз – қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Ақшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.



1.3. тақырып. Ақша реформалары және валютаны

тұрақтандыру әдістері

Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.



2 бөлім. Несие және несие жүйесі

2.1. тақырып. Қарыз капиталы, пайыз және несие

Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және қоғамдық ұдайы өндіріс – несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу заңдылықтары. Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы ерекшеліктер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.

Несиелік капитал мен несие қорларының (несиелік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар нарығы.

Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар – несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Процент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшеліктері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты процент төлеу көздері.

Несиенің атқаратын қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.

Несиелік капиталды орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.

Несие формалары. Банктік несие – несиенің неғұрлым кеңірек дамыған формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміздегі және шетелдегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.

2.2. тақырып. Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.

Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.

Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.

Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.



2.3. тақырып. Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері

Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.



3 бөлім. Банктер және банк жүйесі.

3.1. тақырып. Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы

және дамуы

Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның ролі.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.

Қазақстан Республикасының Орталық банкі – Ұлттық банк. ҚР Ұлттық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен басқаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі.



3.1. тақырып. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің

функциялары мен операциялары

Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын басқару. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекіту. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.

Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.

Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүргізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк – «банктердің банкі». Ұлттық банк – Үкіметтің басты банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.



3.3. тақырып. Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері мен

олардың қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі.



3.4. тақырып. Коммерциялық банктердің активті және пассивті, комиссиондық-делдалдық операциялары

Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық-делдалдық және сенім (траст) операциялары.

Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.



4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары,

құрылымы мен құралдары

4.1. тақырып. Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.

4.2. тақырып. Қор биржасы

Қор биржасының пайда болуы және дамуы. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде қор биржасымен басқару. Қазақстан Республикасының қор биржасы, мақсаттары мен қызмет түрлері. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері. Брокерлік және диллерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.

5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар.

5.1. тақырып. Валюта жүйесі және валюталық қатынастар

Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік. Валюта жүйесінің элементтері.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.

Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер.

Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу және есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.

Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.

2005 жыл 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

5.2. тақырып. Халықаралық валюталық-несиелік институттар

Халықаралық валюталық қор (ХВҚ–МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.

Әлемдік Банк Тобы, оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК–МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА–МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР).

Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері.


    1. тақырып. ҚР-дағы халықаралық қаржылық

институттардың қызметі

Азиялық даму банкі (АзДБ-АзБР), оның міндеті мен қызметтері.

Халықаралық есеп айырысу банкі және оның операциялары.

Қазақстан Республикасындағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі.



«Ақша, несие, банктер» пәні бойынша

курс жұмыстарының тақырыптары

  1. Ақша теориялары

  2. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері: олардың ерекшеліктері мен модификациясы

  3. Ақша жүйесі: түсінігі және элементтері

  4. Ақша жүйесі түсінігі және оның негізгі типтері

  5. Ақшаның түрлері және оның даму эволюциясы

  6. Металл ақша айналысы, олардың даму тарихы мен қағаз ақшаларға көшу себептері

  7. Қағаз ақшалар және олардың айналу заңдылықтары

  8. Несиелік ақшалардың сипаттамасы

  9. Ақшаның атқаратын қызметтерін сипаттау

  10. Электрондық ақшалардың сипаттамасы

  11. Вексель және оның айналысы

  12. Коммерциялық банктердің вексельдік операцияларының түрлері

  13. Чек: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері және олардың Қазақстан банктерінде қолданылуы

  14. Несиелік ақшалар: түсінігі, түрлері және оларды банк жүйесінде қолдану

  15. Несие жүйесі, оның тетіктерін сипаттау

  16. Несие жүйесі несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығы ретінде

  17. Несие жүйесі және оны мемлекеттік реттеу

  18. Несие жүйесінің қазіргі таңдағы проблемалары

  19. Ақша реформалары ұлттық валютаны тұрақтандырудың әдісі ретінде

  20. 1922-1924жылдардағы ақша реформалары

  21. 1993 жылғы Қазақстандағы ақша реформасы

  22. Ақша айналысының сипаттамасы және оның даму эволюциясы

  23. Несиенің мәні, қажеттілігі және оның формалары

  24. Несиелік ресурстар және оның құрылу көздері

  25. 1930-1932 жылдардағы несиелік реформа

  26. Нарықтың даму шарттарындағы несиенің ролі

  27. Несиелік процент және оның экономикалық мазмұны

  28. ҚР коммерциялық банктері, олардың атқаратын қызметтері мен жүргізетін операциялары

  29. Ақшаның мәні мен қажеттілігінің қазіргі таңдағы анықтамасы

  30. Нарықтық экономикадағы ақшаның қажеттілігі

  31. Несие теориялары

  32. ҚР банк жүйесінің дамуы

  33. ҚР несие жүйесінің дамуы

  34. 1987-1988 жылдардағы банк жүйесіндегі реформалар және банктер қызметін нарықтық негізге көшіру қажеттілігі

  35. Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкі және оның атқаратын қызметтері

  36. Қазақстанда вексель айналысының дамуындағы коммерциялық банктердің ролі

  37. Арнайы банктер: түсінігі, олардың түрлерін сипаттау

  38. Орталық банктер, олардың түрлері мен атқаратын қызметтері

  39. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

  40. Проценттің экономикалық мәні және Қазақстан пайыз саясаты

  41. Қазақстан Респубикасы Ұлттық Банкінің жүргізетін операциялары

  42. Коммерциялық банктер: мәні, түрлерінің сыныптамасы мен қызметтері

  43. Инфляция: мәні, көріну формалары, түрлері

  44. Инфляция және ақша

  45. Инфляция және банктік процент

  46. Батыс елдерінің Орталық банктері және ақша-несиелік саясатының әдістері

  47. Қазіргі таңдағы ҚР-ң ақша-несиелік сферасындағы ағымдық тенденциялар

  48. Банктердегі кассалық айналымды болжамдау ақша айналысын реттеу ретінде

  49. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі

  50. ҚР банк жүйесіне әлемдік дағдарыстың әсері

  51. Банк жүйесі: түсінігі, түрлері және құрылымы

  52. Қазақстан Республикасында несиелік мекемелердің дамуы

  53. Несиелік бюро: мәні және оны Қазақстанда құрудың қажеттілігі

  54. АҚШ банк жүйесі

  55. Жапонияның банк жүйесі

  56. Анлияның банк жүйесі

  57. Бреттон-Вуд жүйесінің дағдарысы, қазіргі әлемдік ақшалар

  58. Ұлттық Банктің Ақша-несие саясатының жаңа бағыттары

  59. Несиелік серіктестіктер және оның несие жүйесінің дамуындағы ролі

  60. ҚР-да несиелік институттардың дамуы

  61. ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары

  62. Ломбардтар, олардың мәні және маңызы

  63. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары

  64. Банк жүйесінің даму перспективалары

  65. Қазіргі таңдағы зейнетақы қорлары

  66. Қазақтан Республикасының зейнетақы реформасы

  67. «Қазақтан ипотекалық компаниясы» АҚ

  68. ҚР сақтандыру нарығының даму перспективасы

  69. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдеу (сақтандыру) жүйесінің дамуы

  70. Несиелік капитал: мәні, көздері және ерекшеліктері

  71. Коммерциялық банктің активті операциялары

  72. Коммерциялық банктің пассивті операциялары

  73. Коммерциялық банктің операциялары

  74. Экономикасы дамыған елдердің қазіргі таңдағы ақша жүйесінің даму ерекшеліктері

  75. ҚР-дағы қолма-қолсыз есеп айырысу формалары

  76. Банктік карталар: түсінігі, атқаратын қызметтері, түрлері

  77. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары

  78. Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері

  79. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық банктер

  80. Ресей Федерациясының банк жүйесі

  81. Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің дамуы

  82. Төлем тапсырмалары және чектермен есеп айырысу

  83. Нарық шарттарындағы несие ролінің жоғарылауы

  84. Ипотекалық несиелеу (шетелдік тәжірибе)

  85. Төлем карточкаларының дамуы және қазіргі проблемалары

  86. Қазақстанда ақша айналымын тұрақтандыру проблемалары

  87. Жаңа евровалюта, оның даму перспективалары

  88. Ақша массасы және ақша агрегаттары: қазақтандық тәжірибе, проблемалары мен перспективалары

  89. ҚР банк жүйесінің сенімділігін жоғарылату және тұрақтандыру проблемалары

  90. Ақша нарығының дамуындағы банктердің ролі

  91. Коммерциялық банктердің қазіргі таңдағы сипаттамасы

  92. Қазақстан банктерінің эмиссиялық қызметі

  93. Банктік тәуекелдер және олардың түрлері

  94. Жаңа Евровалюта және халықаралық төлем жүйесі

  95. Ақша айналымын реттеудегі Орталық Банктің ролі

  96. Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттары

  97. Коммерциялық банктердің трасталық операциялары

  98. Қазақстан несиелік саясатының ағымдық жағдайы

  99. Аккредитивпен есеп айрысу формасы

  100. Әлемдік валюталық жүйе: түсінігі, элементтері, эволюциясы

  101. Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары

  102. Қазақстанаралық қор биржасы

  103. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары

  104. Халықаралық есеп айырысу формалары: түсінігі, негізгі формалары

  105. ҚР банк жүйесін реттеудегі Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу Агенттігінің ролі

  106. Халықаралық Валюталық Қор және Әлемдік Даму және Қайта Құру Банкі

  107. Тұтыну несиесі және оның ҚР-да дамуы

  108. Инфляция, пайда болу себептері мен салдары

  109. ҚР ҰБ-нің ақша-несиелік саясаты

  110. Жеке тұлғаларды несиелеу

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ақша, несие, банктер. Оқулық Г.С.Сейткасымовтың басшылығымен. Алматы, Экономика 2000, 2006, 2009;

  2. Ақша, несие, банктер. Оқулық О.И.Лаврушиннің басшылығымен. Москва, Финансы и статистика, 2005; 2009;

  3. Валютные отношения. Ю.Ф. Сименовтың оқу құралы. – М. Финансы и статистика, 2002;

  4. Грязнова А. Реструктурирование кредитных организаций в зарубежных странах. – М. Юнити, 2000;

  5. Деньги, кредит, банки. О.И.Лаврушинның жетекшілігімен. – М.,2002;

  6. Деньги, кредит, банки. В.Коллесникованың жетекшілігімен. – СПБ, Питер, 2001;

  7. Деньги, кредит, банки. Г.С.Сейткасымовтың жетекшілігімен. – Алматы, экономика, 1996;

  8. Дэвид С. Кидуэлл, Ричард Л.Петерсон., Дэвид У.Блэкуэлл. Финансовые институты, рынки и деньги. – СПБ,. Питер, 2000;

  9. Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги. Практикум. Е.Жуковтың жетекшілігімен. – М. Юнити, 2001;

  10. Долан Э.Дж., Кэмпбелл Колин Д., Кэмпбэл Розмари Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М., 1991;

  11. Диана Мак-Нотон. Банки на развивающих рынках. 2-томда. - Әлемдік банк институты. 1998;

  12. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 1999. – 234 б.;

  13. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы категорияларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі./ - Алматы: ҚазМБА, 1999;

  14. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000. – 328 б.;

  15. Кураков Л.П., Тимирясов В.Г., Кураков В.Л. Современные банковские системы. Оқу құралы. – М. Гемос, 2000;

  16. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Красавина Л.Н. жетекшілігімен оқу құралы. – М. Финансы и статистика, 2002;

  17. Мишкин Ф. Экономическая теория денег, банковского дела и финансовых рынков. – М. Аспект пресс, 1999;

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абдильманова Ш.Р. Банковский маркетинг на рынке услуг населения, Алматы, Жібек-Жолы, 2000ж.

  2. Саниев М.С. – Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. Алматы қаржы және статистика институты.

  3. Афонина С. Электронные деньги. Оқу құралы. – СПБ., Питер, 2001;

  4. Ауриемма Майк Дж., Роберт С. Коли. Индустрия банковских пластиковых карточек. Ағылшын тілінен аударма. – М. Инфра, 1997;

  5. Банковские системы развитых стран. Щербакова Г.Н. жетекшілігімен. – М. Экзамен, 2001;

  6. Балабанов И.Т., Гончарук О.В., Савинская Н.А. – Деньги и финансовые институты. – Оқу құралы. – СПБ., Питер, 2000;

Нормативтік-құқықтық база:

  1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң

  2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»Заң

  3. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заң

  4. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заң

  5. «Төлемдер мен ақша аудару туралы» Заң

  6. «ҚР-ғы вексель айналысы туралы» Заң

  7. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң

  8. «Валюталық реттеу және валюталық қадағалау туралы» Заң

  9. «ҚР-ның ХВҚ-ға, ХҚҚДБ-ға, ХҚК-ға, ХДА-ға, ИККА-ға, ЕҚҚДБ-ға, АзДБ-не, ИТРКО-на мүшелігі туралы ҚР-ның 2001 ж. 6 желтоқсандағы №264 Заңы.

  10. ҚР Үкіметінің 2 шілде 2002 ж. №713 «Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы.

Басылымдар:

  1. ҚР Ұлттық Банкінің хабаршысы – арнайы басылым

  2. ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені – орыс және ағылшын тілдеріндегі арнайы басылым

  3. Банки Казахстана – ҚР Банктер Ассоциациясының журналы

  4. Кезеңдік басылымдар «Деловая неделя», «Панорама», «Деловой Казахстан» және т.б.

Интернет-көздері:

http://ipoteka.kz/-БТА Ипотека

http://www.hsbc. kz/-HSBC

http://www. Demirbank.kz/ru/-Демирбанк

http://www.centercredit.kz/-БанкЦентркредит

http://www.hsbk.kz/-Жилстройсбербанк

http://www.atfbank.kz/-АТФ банк

http://www.kib. kz/-Казинвестбанк

http://www.nurbank.kz/-Нурбанк

http://bta.kz/-БанкТуранАлем

http://www.kkb.kz/-Казкоммерцбанк

http://www.bankcaspian.kz/-Банк Каспийский

http://www.eurasian-bank.kz/-Евразийский банк

http://epay.kkb.kz/jsp/about/index.jsp- Центр Авторизации пластиковых карт

http://www.lariba.kz/-Ларибанк



http://www.halykbank.kz/-Народный банк

http://www.alb.kz/-Альянсбанк



Алматы экономика және статистика академиясы
« Қаржы » кафедрасы


ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ақша, несие,банктер» пәні бойынша

5В050900 - «Қаржы» мамандығы




Оқыту нысаны

Күндізгі бөлім

Сыртқы бөлім

ЖБ

КжТБ

Барлығы кредит

3

3

3

Курс

II

I

I

Семестр

III

II

II

Емтихан (семестр)

III

II

II

Барлығы,

оның ішінде:



135

135

135

Лекция (сағ)

30

9

9

Практикалық (семинар) сабақтары (сағ)

15

6

6

СОӨЖ ( сағ)

45







СӨЖ (сағ)

45

120

120

Каталог: finance
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы
finance -> Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Я, Винокуров Андрей, внутренний паспорт сн 795091, беру на себя финансирование поездки в Словакию на период с 02


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет