ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша


Инфляция. Инфляцияның себептері. Инфляцияның түрлері



жүктеу 1.94 Mb.
бет10/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6. Инфляция. Инфляцияның себептері. Инфляцияның түрлері.

7.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күрес әдістері.

Тапсыру уақыты: 9- апта


10-Тақырып. Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері мен олардың қызметін ұйымдастыру

1. Банктердің негізгі қызметтері.

2. Банктің іс-әрекетін қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі.

3. Банктік лицензия түсінігі.

4. Банктердің банкротқа ұшырауы барысындағы қолданылатын іс-қимылдары.

Тапсыру уақыты: 10- апта


11- Тақырып. Банктердің активті және пассивті, комиссиондық-делдалдық операциялары

1.Банктердің актив және пассив операцияларының сипаттамасы.

2.Пассив операциялары.

3.Банктердің өз қаражатын құру әдістері.

4. Банктердің өз қаражатының және тартылған қаражатының құрылымы.

5. Банктердің актив операциялары. Несиелік операциялар.

6. “Несиелік желі” түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кенілдеп берілетін ссудалар.

7. Вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операциялар.

8.Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар.

9.Банктердің комиссиялық-делдалдық және сенім (траст) операциялары. Банктер интерактивті бизнесте.

Тапсыру уақыты: 11- апта


12- Тақырып. Бағалы қағаздар нарығы.

1.Бағалы қағаздар және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексель.

2.Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі.

3.Бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібі.

Тапсыру уақыты: 12- апта


13 -Тақырып. Қор биржасы

1. Қор биржасының пайда болуы мен дамуы.

2. Дамыған нарықты елдердегі қор биржаларын басқару мен ұйымдастыру.

3.Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметі мен мақсаты.

4. Қор биржасы мүшелерініңміндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.


5. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Оның кәсіби мамандары: брокерлер мен диллерлердің қызметі.

6.Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.

Тапсыру уақыты: 13- апта


14-Тақырып. Валюта жүйесі және валюталық қатынастар

1.Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық, аймақтық (халықаралық), дүниежүзілік. 2.Валюта жүйесінің элементтері.

3.Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму көздері: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.

4.Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы.

5.Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер.

6.Валюта курсы туралы түсінік. Шетел валютасымен несиелеу мен есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері.

7.Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.

8.Валюта саясаты және банктің валюта-қаржы портфелін басқару.

Тапсыру уақыты: 14- апта


15- Тақырып. Халықаралық валюталық-несиелік институттар

1.Халықаралық валюта қоры (ХВҚ–МФВ) және оның халықаралық қатынастарда алатын орны мен қызметі.

2.Әлемдік банк тобы, оның құрылым бөліктері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК–МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА–МАР), Инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚКДБ-МБРРР).

3. Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеті мен мақсаты және оның құрылымдық ұйымдастырылуы мен басқарылуы.


Тапсыру уақыты: 15- апта



8. ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Ақша, несие, банктер» пән – кең профильді маман ретінде банкирлер дайындауға негіз бола алатын теориялық курс. Бұл пән экономикалық теория, макро және микро деңгейдегі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, менеджмент және тағы да басқа оқу пәндерімен қосыла отырып, ақша-несиелік қатынастар, банктік қызмет теориясы және оны ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастыра отырып, олардың экономикадағы маңызы мен қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

«Ақша, несие, банктер» оқу пәні келесідей мақсаттарды көздейді:

• студенттерге ақшаның, несиенің және банктердің теориялық аспектілері бойынша, ақша және несие жүйелерінің қызмет істеу негіздері бойынша, халықаралық несиелік-есеп айырысу және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

• пәннің мәні мен мазмұнын сипаттайтын терминологиялық-ұғымдық аппарат беру;

• барлық ұғымдардың өзара байланысы мен олардың ішкі логикасын ашу.



Ағымдағы бақылау оқу семестріндегі әрқайсысы баллдық жүйемен бағаланатын, студенттердің түрлі тапсырмаларды орындаудан тұрады. СӨЖ түрлері және тапсырылу мерзімі мен көлемі келесі кестеде көрсетілген:

Тапсырма түрлері:


тапсырма түрлері

Тапсыру мерзімі

Тапсырма көлемі

1.Эссе (тақырып 1)

1-апта

Жазбаша; А4 1бет.

2.Аннотация (тақырып 2)

2-апта

Жазбаша; А4 1бет

3.Презентация (шағын топтарда жұмыс, тақырып 3-4)

3-4 апталар

Жазбаша; А4 3 беттен кем емес. Ауызша -5 минут.

4.Ситуациялық есептер шығару және құрастыру (шағын топтардағы жұмыс)

5-10 апталарда

А 4 1-1,5 бет. Жазбаша.

5.Блок – сызба (тақырып 5-10)

11-12 апталар

Жазбаша, А4 2 беттен кем емес.

6.Экономикалық талдау жасау (әр салық түрлерінен)

13-14 апталар

Жазбаша. А 4 2-4 бет.

7.Шолу және аннотация (тақырып 14-15)

15 - апта

Жазбаша, А4 2-3 бет.




  1. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында «Салықтардың мән мен мазмұны бойынша пікірталастар» тақырыбында эссе жазу қарастырылған. 1 не 2 беттен тұрады (А 4).

2. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгіңгі жағдайына сипаттама» (тақырып 2) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбы «ҚР-да қазіргі кездегі салық жүйесінің проблемалары мен міндеттері». Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

  1. Шағын топтардағы жұмыс. Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі үшінші тапсырма – «Салық саясаты: типтері, мақсаттары, бағыт-бағдары» және «Салық механизмі: құрылымы мен элементтеріне сипаттама» тақырыбындағы презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.



Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

4. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір салықтың түрі бойынша (бар ставка мен жеңілдіктердің түрлерін пайдалана отырып) белгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру. Жеке салықтар бойынша бір студент құрастыруға болады, ал, кешенді түрде есеп құрастыру шағын топ құруды талап етеді. Кешенді түрдегі есептер бір ғана салық субъектісінің бірнеше салықты төлеуіне негізделген. Сондықтан, топ мүшелері салықтың түрлерін өзара бөліп алады және келесі біреулері олардың бәрін біріктіріп, бір жүйеге келтіреді.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

  1. Блок – сызба құрастыру – нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді. Кейбір бағыттары: салықтың қалыптасу және даму кезеңдері (реформа жүргізілген кезеңдер) объекісі мен төлеушісі, жеңілдіктерінің түрі (бар болса), ставкасы, төлеу мерзімдері, есептеу механизмі және т.б.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

  1. Экономикалық талдау жасау – сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде салықтық түсімдердің өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

  1. Шолу және аннотация - соңғы екі тақырыпқа, ортақ тақырып «Салық әкімшілігін жүргізу: проблемалары мен жетілдіру жолдарына» арналады. Мұндағы мүмкін болатын бағыттар: салық әкімшілігін жүргізу нысандары мен әдістеріне тоқталып, ондағы кездесетін кейбір проблемалық мәселелді атап өту керек және оны болдырмау немес жетілдірудің қандай жолдары бар екендігіне тұжырымдар жасап, оны негіздеу қажет.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-3 беттен тұрады, ауызша 3 минут, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

Жазбаша жұмыстарды бағалау критерийлері

А:

  • Тақырып жан – жақты аргумент келтіріле отырып, ашылған;

  • Жұмыс студенттің материалды өте жақсы білетіндігін көрсетіп, мақсатты түрде жан – жақты талданса және тұжырымдар келтіріліп, жалпыланса;

  • Баяндаудың логикалық жағынан үйлесімділігі, құрылымының дұрыс болуы;

  • Жұмыс әдеби тілмен жазылып және оның мазмұны стилдік жағынан сәйкес келуі қажет;

В:

  • Тақырып мейілінше толық ашылуы қажет;

  • Жұмыс, тақырып бойынша материалды жақсы білетіндігін және алыну көздерін өзінің ойларын негіздеуге дұрыс қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

  • Баяндама логикалық жағынан үйлесімді болуы шарт;

  • Жұмыс литературалық дұрыс тілмен жазылуы керек;

С:

  • Тақырыптың тек басты мәселелері ғана ашылуы;

  • Жалпы алғанда дұрыс, біржақты немесе тақырып бойынша толық жауап берілмеген және одан аз да болса ауытқушылық бар болса;.

  • Ойды жеткізген кезде үйлесімділік бұзылса;

  • Жұмыс жәй сөздермен жеткізілсе;

Д:

  • Тақырып үстіртін ғана ашылса;

  • Жалпы тақырып бойынша жеткіліксіз жауап берілсе, тақырыптан ауытқушылық айтарлықтай болса.

  • Ойды толық жеткізе алмау, баяндаманың логикалық жағынан үйлесімсіз болуы;


9.Студентің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

Жалғыз бір өзі дербес білім алу мақсатында жасалатын шаралар зерттеулер деп аталады.

Зерттеулердің келесідей түрлері бар:


  • Индуктивті зерттеу;

  • Дедуктивті зерттеу;

  • Эксперимент/жаңалық.

Индуктивті зерттеу кезінде оқытушы қойылған мәселені шешуге бағыттайтын жағдайларды қамтамасыз етсе, ғылыми концепциялар жеке дербес өз бетінше қарастырылады. Студент, сонымен қатар, сәйкессіздіктерді бейнелеуге, қазіргі мәселелерді, дискомфорт туғызушы негізгі мәселелерді қарастыруы қажет.

Дедуктивті зерттеу кезінде негізгі концепциялар мен оқытушы ұсынатын концепциялар негізге алынуы тиіс. Студенттер іс жүзіндегі аспектілерді өз бетімен қарастырулары қажет.



СИНКВЕЙН ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
«Синквейн» – бұл белгілі бір тәртіп бойынша жазылатын, 5 жол тармақтан тұратын өлең шумағы. Студенттен оқу материалын, алынған ақпаратты қысқаша өлең шумақтарымен түйіндеу талап етіледі.

Синквейн жазу процесі: 4 жол тармақ – тақырыпқа қатысты айтылатын бірнеше сөздерден құралған толық фраза-ұсыныс. 5 жол тармақ – жеке өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін, тақырыпқа жаңа көрініс беретін түйін-сөз.


ТЕКСТПЕН ЖҰМЫС

Студент үшін маңыздысы – басқа адамнын текстіне қарап жұмыс жасай алуы, бірақ, тек оқып қана қоймай, материалға қысқаша талдау жасай алуы. Меңгерген материалының негізінде өзінің жеке текстін жасай алуға үйрену. Бұл жұмыс рефераттар, баяндамалар мен эсселер жазу арқылы орындалады. Негізгі әдебиет құралдарымен қоса, қосымша кітаптар ұсынылған дұрыс, ол талданушы материалды сауатты түрде ұсынумен қатар, дәлелдемелер жасауға, қарсы пікір білдіруге және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.

Студенттердің текстпен жасайтын жұмыстарының қатарына мыналарды да жатқызуға болады:


  • Маркерлік белгілер қолдану;

  • Текстте бұрыннан белгілі ақпараттар кездескен жағдайда, оларды «жалауша» белгісімен оқшаулау;

  • «+» белгісімен жаңадан алынған ақпараттар, жаңалықтар белгіленеді. Белгілер текстпен танысқаннан соң, студент бұл текстпен алғашқы рет кездесіп тұрған жағдайда ғана қойылады.

ЭССЕ ЖАЗУ.

Эссе дегеніміз тақырып бойынша оған қатысты еркін талқылама жасау. Жалпы көлемі 5-7 бет.

Бағалану критерийлері мыналар болып табылады: зерттелген материалдың онда көрініс таба алу дәрежесі, мәселеге тоқталғандағы өзіндік ерекшелігі, дәлелдемелері, өз көзқарасын, пікірін нақты және толық ұсына алу қабілеті.

ЭССЕ құрылымы:



  • Кіріспе. Белсенділігі, тақырыпқа байланысты пікірлер таласы және сөздер мен сөз тіркестерінің құрастырылу деңгейі. Тақырыпты қарастыру құрылымы. Негізгі бөлімге көшу дәрежесі.

  • Негізгі бөлім. Талқылаулар, талқылау кезінде қолданылған негізгі түсініктерге автор (2-3) анықтама шығаруы қажет. Талқылауларды қолдайтын факттер немесе мысалдар – дәлелдемелер мен қолдаулар. Контраргументтер немесе қарама-қарсы талқылаулар қарастыру (неге олар әлсіз екендігі айқындалады, бірақ, автордың пікірі өз күшінде қалады)

  • Қорытынды. Меңгерілген талқылауларды қайталау. Негізгі ұсынылып отырған талқыламаны қорғаушы дәлелдемелерді қорытындылайтын бір-екі ұсыныс. Ұсынылып отырған талқыламаны қабылдамаған жағдайдағы салдарлары туралы жалпы ескертпелер мен берілген ұсыныстардың пайдалылығы туралы жалпы қорытынды жасау.


ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мұндай оқыту әдісін жалғыз бір ғана топқа жасауға немесе топ ішінде коммуникацияны дамыту үшін қолданылуы мүмкін. Студенттер топ болып ойлану (бірдей тәжірибенің болуымен байланысты пайда болған) немесе тәртіп стереотипін өңдеуі қажет.

Сабақ кезінде келесідей оқыту әдістерін қолдануға болады:



  • Мақалалар оқу.

  • Рөлдік ойындар және импровизациялар.

  • Үлестік ойындар.

  • Дебаттар.

  • Қателерді табу.

  • Зерттеулер (жобалар).

  • Интернет.

  • Әлеуметтік оқытуды белсенді тәсілдері.(психограмма, радиотеатр, әлеуметтік-психологиялық тренинг, артметодтар)

  • Кейс-стади.

  • Топпен пікірталастар.

  • Сабақ кезіндегі сұхбаттар.

  • Құрылымдық сабақтар.

  • Топ бойынша турнирлер.

  • Бұл бағыт ашық түрде талқылаулар жасауға, өз пікірін таластыруға, дискуссия жасауға және пайда болған келіспеушіліктерді дау-жанжалсыз шешуге үйретуді білдіреді.

Оқытушы теорияның қажеттілігін, оқу сатыларын (бастапқы, ілгері), көлемін және бағалану критерийлерін анықтауы тиіс.

КЕЙС ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Оқытушы мұндай кейстерді жасау кезінде қоршаған орта өзгерістерін есепке ала отырып, әртүрлі сыртқы көздер ақпараттарын, әртүрлі нақта немесе ойлап табылған, мысалға алынған деректерді қолдана алады. Ақпарат өзіндік мәселеге қатысты және сонымен қатар, жалпыланған теориялық материалдардан құралуы қажет. Студенттер бұл жағдайда, сынды талдау жасайды және жеке дербес өз бетімен қосымша ақпараттық ізденіс жасауы қажет. Ақпарат көздері ретінде – кезеңдік басылымдардағы мақалалар, мамандандырылған және бизнес-конференциялардан алынған ақпараттар, студенттер мен түлектердің жеке байланыстары және т.б. бола алады.

Кейс дегеніміз нақты бір жағдайды бейнелеуді білдіреді. Мысалы: нақты бір факторлар мен жағдайларды сипаттау, автор жағынан ешқандай баға берілмейді, біржақты дұрыс шешімі жоқ. Шығарма стильі рәсімделген, академиялық немесе қарапайым сөздер қолданысымен жасалуы тиіс. Кейстің құрылымы – уақытша, сюжетті, түсіндірме болып бөлінеді.

Кейс түрлері:



  • Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер;

  • Түрлендірілген кейстер;

  • Стратегиялық кейстер;

  • Тактикалық кейстер;

Дәстүрлі «гарвардтық» кейстер дегеніміз компаниямен тығыз байланыста қызметшілік ету негізіндегі шынайы ақпараттар толық жинағы болып табылады. Нақты бір компаниянын нақты бір мәселесі бейнеленеді, мәселе мен онын шешімін нақты дәл сипаттау, бірақ, мәселе толық анықталмаған болуы мүмкін. Ақпараттар әртүрлі деңгейдегі менеджерлермен ұсынылады.

Кейсте қаржылық ақпараттар болғанымен, пайдалы қосымша ақпарат болмауы мүмкін, жанама сұрақтардың мазмұнысыз-ақ жалпы көлемі қомақты болады.

Тактикалық кейстерде – басты мақсат – студентті компания шаруашылығына квалификацияланған талдау жасауға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың белгілі бір сферасының белгілі бір мәселесіне қатысты болады. Жалпы көлемі – 5-6 ұсыныстан тұратын 2 бет көлемінде. Сонымен қатар, қосымша ескертпелер бейнеленеді: сұрақтарға жауап беру кезінде жанама облыстарынан қосымша ақпараттар мен толықтырулар қажет.

Мұндай кейстің құрылымында компанияға қысқаша сипаттама келтіріп кету қажет. Шаруашылығының бөлек элементтеріне толық сипаттама (мысалы – жарнама, технологиялары, персоналды дайындау), сонымен қатар, талқылауға ұсынылатын сұрақтар көрсетіліп кетеді.

Стратегиялық кейстер – олардың негізгі мақсаты – логиканы дамыту, негізделген шешімдер қабылдауға, белгісіздік шарттарында талдау жасау негізінде стратегиялар өңдеп шығаруға үйрету. Негізгі мазмұны шаруашылықтың әртүрлі сфераларына қатысты болады. Жалпы көлемі 2-200 бет.

Кейстің бұл түрінің құрылымы мынадай:



  • Басы – қызмет етуші тұлғалардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, компаниянын жалпы сипаттамасы, уақытша параметрлері, қойылған мәселеге қызметкерлердің атынан әртүрлі жан-жақты көзқарастар.

  • Негізгі бөлім – тарихы, сыртқы ортасы, ішкі ортасына кеңірек сипаттама.

  • Қорытынды – мәселені шешуде немесе шешімдер қабылдаудағы мерзімділіктің жағдайын белгілейтін сценарий.

  • Қосымшалар – тарихындағы негізгі даталар, ұйымдастырушылық схемасы, қаржылық есептерінен деректер, статистика, фотографиялық суреттер.

Тәжірибе сабағында кейстерді талдаудын негізгі жолдары:

  • Бастапқы саты – кейс материалына қысқаша шолу, басты сөздерді бөліп алу, «не болып жатыр?» жалпылама сұрақ қою, оқыған, алған ақпараттары туралы алған әсерлерін, болуы мүмкін өзгерістер, белгілі бір ойларға беретін келісімі немесе келіспеушілігі (қарсылығы) туралы сұрау және нәтижесінде оқытушы мен студенттер жалпылама қорытындылайды.

  • Ілгеріленген оқыту сатысы – шаруашылық тәжірибесін зерттеу, терең талдау жасау, даму шарттары мен уақытша контексттерді есепке алу, таңба-белгілеріне көңіл бөлу. Сырттай бақылаушылардың көзқарасын бағалау, талдау кезінде статистикалық тәсілдерді қолдану, логикалық теректер құрастыру, сандарға сынды көзқараспен қарау, өзінің жеке өмірлік тәжірибесін қолдану, «Ал, егер, жағдай басқаша болса...?» дегендей сұрақтар қою.

Сонымен қатар, кейстерді талдау кезінде оқытушы негізгі әдіс-тәсілдерді: қойылған сұрақтарды, сабақта меңгерілген тәжірибені, нақты сұрақтарды, жағдайлар тізбегін, ішкі және сыртқы аудит және т.б. қолдана алады.

10.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары

Бірінші семестр аралық бақылау сұрақтары:

  1. Ақшаның обьективті қажеттілігі неде?

  2. Ақшаның пайда болу себебі?

  3. Ақша түрінде қандай тауарлар қолданылды?

  4. Ақша дегеніміз не?

  5. Ақшаның қандай формаларын білесін?

  6. Ақшаның қандай түрлері бар және олардың қандай айырмашылықтары бар?

  7. Толыққұнды және толыққұнсыз ақшалар дегеніміз не және олардың қандай өзгешеліктері бар?

  8. Несиелік ақшалар дегеніміз не және қандай түрлері бар?

  9. Несиелік ақшалардың қағаз ақшалардан қандай айырмашылығы бар?

  10. Электронды ақшалар дегеніміз не және олардың ерекшелегі неде?

  11. Ақша қандай қызметтер атқарады?

  12. Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі?

  13. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі?

  14. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі?

  15. Ақшаның жинақтау және қорлану ретіндегі қызметі?

  16. Ақшаның әлемдік ақша ретіндегі қызметі?

  17. Баға масштабы дегеніміз не?

  18. Ақшаның экономикадағы ролі?

  19. Ақша айналысы дегеніміз не?

  20. Ақша айналыс заңы нені білдіреді?

  21. Айналыстағы ақша массасы қалай анықталады?

  22. Ақша агрегаттары дегеніміз не?

  23. Ақша айналымы дегеніміз не және оның құрылымы?

  24. Тауар айналымы дегеніміз не және оның ақша айналымынан айырмашылығы қандай?

  25. Ақша айналымын ұйымдастырудың қандай принциптері бар?

  26. Қолма-қолсыз ақша айналысының қандай артықшылықтары бар?

  27. Қолма-қол ақша айналысының артышылықтары мен кемшіліктері қандай?

  28. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың негізгі принциптері қандай?

  29. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың қандай негізгі формалары бар?

  30. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу қалай жасалады?

  31. Чектер дегеніміз не және олардың қандай түрлері бар?

  32. Вексель дегеніміз не және олардың қандай түрлері бар?

  33. Пластикалық карточкалардың қандай түрлерін білесін?

  34. Пластикалық карточкалардың банктік карточкалардан айырмашылығы?

  35. Ақша-несие саясаты дегеніміз не?

  36. Ақша жүйесі дегеніміз не?

  37. Ақша жүйесінің қандай түрлері және олардың қандай элементтері бар?

  38. Ақша эмиссиясы дегеніміз не?

  39. Ақшаның металл теориясы дегеніміз не?

  40. Ақшаның номиналистік теориясы дегеніміз не?

  41. Ақшаның сандық теориясы және оның өкілдері және олардың идеялары?

  42. Монетаризм дегеніміз не?

  43. Инфляция дегеніміз не?

  44. Инфляцияның қандай түрлері мен формаларын білесін?

  45. Инфляцияның салдары қандай?

  46. Инфляцияның пайда болу факторлары қандай?

  47. Инфляцияны реттеу әдістері қандай?

  48. Инфляцияға қарсы қандай шаралар бар?

  49. Ақша реформасы не үшін жүргізіледі?

  50. 1993 жылы Қазақстандағы ақша реформасы қалай жүргізілді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет