ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша



жүктеу 1.94 Mb.
бет2/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Алматы, 2012 ж.




  1. Оқытушы туралы мәліметтер:

  • Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы

  • «Қаржы» кафедрасы

  • Тел: 3095815

  • Уақыты: бекітілген сабақ кестесіне сәйкес

2. Пәннің предреквизиті : «Ақша, несие, банктер» пәні, «Экономикалық теория», «Экономикалық ілімінің тарихы», «Қаржы тарихы» пәндерінен студенттер танысқаннан кейін оқытылады, ол алған білімін баянды етуге және қаржы-несие профилі бойынша профессионалды маман дайындығынан кейін өтеді.

3. Пәннің постреквизиті: «Ақша, несие, банктер» пәні «Банк ісі», «Ақша-несиелерді реттеу», «Банктегі есеп жүргізу және есеп беру», «Қаржылық бақылау және аудит» және басқа пәндердің алдында жүргізіледі.

4.Пәннің сипаттамасыАқшаның, несиенің, банктің түрлері, формалары, теориялары, жүйесі, атқаратын қызметтері, айналысы мен айналымы, заңдары мен реформалары.

5. Пәнді оқыту мақсаты

Студенттерге ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесін, халықаралық несие – есептік және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру негіздерінің толық білім жүйесін қалыптастыру;

- Ақшаның, ақша айналымының, банктік және биржалық қызметтің маңызын беретін түсіндірме – терминологиялық аппаратты ұсыну;

- Барлық түсініктердің өзара байланысын, олардың ішкі логикасын ашу.

6. Пәнді оқыту міндеттері

- Ақша теориясы бойынша студенттерге қажетті теориялық білімнің минимумын ұсыну;

- Оларда, экономиканың ақша-несие саласындағы болашақ қызметі үшін тәжірибелік дағды қалыптастыру;

- Ақша және несие түсініктерінің мәнін, ақша айналымы және несие сферасындағы экономикалық заңдардың көріну нышандарын меңгеру;

- Экономика және әлеуметтік сферадағы ақша, несие және банктердің атқаратын ролін анықтау;

- Дамыған елдер, ТМД елдерінің ақша және несие жүйесін, Орталық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің атқаратын қызметтері мен жүргізетін операцияларын оқып меңгеру;

- Қазіргі таңдағы ақша айналымы мен несие жүйесінің мәселелерін анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар жасауға бейімдеу;

7.1 Тараудың атауы


    1. « Ақша, несие,банктер» пәнінің мазмұны



      Тақырып атаулары

      Тақырыптың мазмұны

      Сағат саны

      1-бөлім. Ақша, несие, банктер туралы негізгі түсініктер

      1

      Ақшаның мәні және оның атқаратын қызметтері

      Ақша түсінігі және оның пайда болуының қажеттілігі. Ақшаның пайда болу


      табиғаты бойынша рационалистік және эволюционистік теориялары. Ақшаның тауарлы табиғаты. Тауардың қарама-қайшылықтары және құн формаларының дамуы. Құнның салыстырмалы және эквиваленттік формасы - құнның екі қарама-қарсы жақтары. Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Ақшаның тарихи, қоғамдық және экономикалық категория ретіндегі жаратылысы туралы.

      Ақшаның қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі құралы ретінде және баға масштабы. Баға – құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның орындалуы.

      Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналысы заңы. Шаруашылық айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау. Ақша айналысының тұрақтылығының негізі. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Төлем айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақшаның қор жинау немесе қазына жасау ретіндегі қызметі. Қоғамда қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

      Ақшаның дүниежүзілік қызметі. Ақшаның дүниежүзілік қызметіндегі формаларының дамуы. Дүниежүзілік ақшаның құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор жинау құралы ретіндегі қызметтері. Ұлттық валюталарды және халықаралық есеп бірліктерін дүниежүзілік ақша қызметінде қолдану. Алтынның демонетизациялану процесі. Алтынның қазіргі кездегі рөлі.



      2

      2.

      Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі

      Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет етуші ақшаның формалары: толық құнды, толық құнсыз – қағаз және несиелік ақшалар. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша айналысы. Ақшалай және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақшалар айналысы. Несиелік айналыс құралдары. Қағаз ақшалар айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы және ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері. Қолма-қолсыз есеп айырысу формалары. Инфляция. Инфляцияның түрлері және оның пайда болу себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күресу әдістері.

      2

      3.

      Ақша реформалары және валютаны тұрақтандыру әдістері

      Ақшалай дағдарыстар. Ақша реформаларының тарихи маңызы. КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы, оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.


      2

      2-бөлім. Несие және несие жүйесі

      4.

      Қарыз капиталы, пайыз және несие

      Несиелік қатынастардың пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және қоғамдық ұдайы өндіріс – несиелік қатынастардың даму негізі. Несиеге деген қажеттілікті тудыратын негізгі және айналым қорларының (капиталдың) айналу заңдылықтары. Несиелік капиталдың құрылу көздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы ерекшеліктер. Несиенің мәні және оның өзіндік экономикалық категория ретіндегі сипаттамасы.

      Несиелік капитал мен несие қорларының (несиелік ресурстардың) сипаттамалары, олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер. Несиелік капитал мен несиелік ресурстар нарығы.

      Несиелік проценттің экономикалық мәні. Тауар өндірісі мен несиелік қатынастар – несиелік проценттің даму негізі. Несиелік процент бойынша қарым-қатынастар субъектілері. Процент мөлшерін анықтаушы факторлар. Проценттік қойылымдар, түрлері және олардың ерекшеліктері. Қарыз алушылар мен қарыз берушілеріне байланысты процент төлеу көздері.

      Несиенің атқаратын қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша құралдарын қайта бөлу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастыру, айналыс шығындарын үнемдеу қызметі.

      Несиелік капиталды орталықтандыру және шоғырландыруды жылдамдатудағы қызметі.

      Несие формалары. Банктік несие – несиенің неғұрлым кеңірек дамыған формасы. Банктік несиенің түрлері, оның біздің еліміздегі және шетелдегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және оның әртүрлі елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие. Халықаралық несие.




      2

      5.

      Несие жүйесі. Несиелік мекемелердің түрлері

      Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық элементтері. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік институттар.

      Банктік мекемелердің түрлері. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер.

      Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, экономикадағы рөлі және оның атқаратын қызметері. Банк жүйесінің түрлері.

      Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету механизмі. Бірінші және екінші деңгейдегі банктердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесін құру және даму ерекшеліктері.

      Экономикасы дамыған елдердің банк жүйесі және қызмет ету ерекшеліктері.


      2

      6.

      Банктік емес несиелік мекемелердің мәні және түрлері.

      Маманданған несиелік-қаржылық институттар, олардың типтері мен қызмет ету спецификасы. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, факторингтік, лизингтік, пошталық-жинақтау компаниялары, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктері. Экономикасы дамыған елдердегі арнайы несиелік-қаржылық мекемелердің түрлері.

      2

      3-бөлім. Банктер және банк жүйесі

      7.

      Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы.

      Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы оның ролі.

      “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы Заңы.

      Қазақстан Республикасының Орталық банкі – Ұлттық банк. ҚР Ұлттық Банкі, оның құрылымы, заңды статусы және есеп беруі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік ақша-несие саясатын жасау және оны жүргізу. Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасау.


      Ұлттық банктің капиталы, резервтері мен табысы. Ұлттық банкпен басқаруды ұйымдастыру. Ұлттық банктің жоғары басқару органдарын құру тәртібі және олардың өкілеттілігі


      2

      8.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің функциялары мен операциялары.

      Ақша-несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, дефляциялық және селективтік. Ақша айналысын басқару. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекіту. Ақша-несие саясатының жүзеге асыратын операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу.

      Бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.

      Банктердің алған қарыздарының жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенциялар жүргізу. Депозиттік саясат. Ұлттық банк – «банктердің банкі». Ұлттық банк – Үкіметтің басты банкирі, қаржылық кеңесшісі және агенті.


      2

      9

      Коммерциялық банктер, атқаратын қызметтері мен олардың қызметін ұйымдастыру

      Коммерциялық банктердің құқықтық статусы. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі атқаратын қызметтері. Банк қызметін ұйымдастыру принциптері. Банк қызметін құру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі.



      2

      10

      Коммерциялық банктердің активті және пассивті, комиссиондық-делдалдық операциялары.

      Банктердің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы. Пассивті операциялар. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының құрылымы. Депозиттер, түсінігі және оның түрлері.

      Банктердің активті операциялары. Несиелік операциялар. «Несиелік желі» түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кепілдікке ала отырып, берілетін ссудалар. Вексель және басқа бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. Инвестициялық, факторингтік, лизингтік, консорциялдық операциялар. Банктердің комиссиондық-делдалдық және сенім (траст) операциялары.

      Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.


      2

      4 бөлім. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

      11

      Бағалы қағаздар нарығы.

      Бағалы қағаздар жалған капиталдың бір формасы ретінде және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемлекеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысын тіркеу тәртібі.

      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдесіндегі Заңы.




      2

      12

      Қор биржалары

      Қор биржасының пайда болуы және дамуы. Қор биржасын ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикасы дамыған елдерде қор биржасымен басқару. Қазақстан Республикасының қор биржасы, мақсаттары мен қызмет түрлері. Қор биржасы мүшелерінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

      ҚР-да бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзін-өзі реттеуші ұйымдары, кәсіби қызметтері. Брокерлік және диллерлік қызмет. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.




      2

      5 бөлім. Халықаралық валюталық-несиелік қатынастар

      13

      Халықаралық

      валюталық-несиелік институттар.



      Қор биржасының пайда болуы мен дамуы. Дамыған нарықты елдердегі қор биржаларын басқару мен ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының қызметі мен мақсаты. Қор биржасы мүшелерініңміндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер.

      Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Оның кәсіби мамандары: брокерлер мен диллерлердің қызметі. Бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлары.



      2

      14

      Халықаралық

      валюталық-несиелік институттар.



      Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық және халықаралық, дүниежүзілік. Валюта жүйесінің элементтері.

      Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму сатылары: 1867 ж. Париж конференциясы, 1922 ж. Генуя, 1944 ж. Бреттон-Вудс, 1976 ж. Ямайка конференциялары.

      Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші факторлар: инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер.

      Валюта курсының экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Шетел валютасымен несиелеу және есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Валютамен халықаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі.

      Валюталық саясат және банктің валюталық-қаржылық портфелін басқару.

      2005 жыл 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



      2


      15

      ҚР-дағы халықаралық қаржылық институттардың қызметі

      Халықаралық валюталық қор (ХВҚ–МВФ), оның атқаратын қызметтері мен міндеттері.

      Әлемдік Банк Тобы, оның құрылымдық бөлімдері: халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК–МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА–МАР), инвестициялардың кепілдігі жөніндегі көп жақты агенттік (КЖКА-МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ-МБРР).

      Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеттері мен мақсаттары, оның ұйымдастырылу құрылымы мен басқарылуы.

      Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ-ЕБРР) мақсаттары мен қызметтері.




      2




      Барлыгы




      30


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет