ПоәК «Салық және салық салу» пәні бойынша



жүктеу 2.09 Mb.
бет1/12
Дата01.10.2017
өлшемі2.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ







ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(ПОӘК)
«Салық және салық салу» пәні бойынша

«5В050900 -Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі Байдаулетова Гүлнұр Омарқызы
Кафедраның мәжілісінде талқыланып ұсынылған

қаулы № «________»____________________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________Бертаева К.Ж. э.ғ.д., профессор

Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған қаулы

№ 1 « » 2012 ж.

АЭСА Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ «_______ » _____________________________2012 ж.

ОӘК төрағасы, оқу жұмысының проректоры



___________________________ профессор Р.К.Машанова.

Мазмұны








Бет



Пәннің типтік оқу бағдарламасы






Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы






Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)






Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі






Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы






Дәрістер кешені






Семинар сабақтарының жоспары






Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулар






Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар






Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары






Сабақтарды бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз ету






Мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер мен лабораториялар тізімі





Типтік оқу бағдарламасы
САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБАХАТ

«Салық және салық салу » пәні «Қаржы және несие» «Бухгалтерлік есеп және аудит»,»Статистика», «Экономика», «Менеджмент» мамандақтарында бакалавриат бағытында оқитын студенттеріне арналады.

«Салық және салық салу» курсының негізгі мақсаты:

  • Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінуң теориялық аспектілерін оқып үйрену,яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан респуликасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын ашып қарастырып оқыту.

  • Салық салудың практикалық есептіліктерін терең қарастырумен қатар нақты салық түрлерінің практикалық есептелуін жетік меңгеру, салық заңдарын жан-жақты оқып-үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін оқып-білу. Қазақстан республикасының салық заңнамасына «бой алдыру».

Курс бағдарламасын оқып-үйренуге негізгі бағыт-бағдарлар:

  • Салықтардың қызмет етуі мен дамуының теориялық аспектілері;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуының кезеңдері;

  • Бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бюджетаралық бөлінуі;

Қазақстан Республикасының салық жүйесін де салықтардың негізгі топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизімінің ерекшеліктері;

  • Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына арнайы салық режимдерін қолдану ерекшеліктері;Қазақстан республикасындағы салық жүйесіндегі алымдар,баждар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеудің ерекшеліктері;

«Салық және салық салу» оқу пәні «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Макроэкономика », «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Қаржы» (теория және оны ұйымдастыру) сияқты оқу пәндерінің жалғасы болып келеді.

«Салық және салық салу» курсын оқып-үйренгеннен кейін студент салық салу теориясының теориялық негіздерін,ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін, экономиканы реттеудің салықтық тетіктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін білуі керек. Қазақстанның салық заңнамасына еркін түрде бейімделуі және нақты салықтың түрлерін тәжірибелік тұрғыда есептеп білуі қажет.



1-тақырып'>ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

1 БӨЛІМ. САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:

1-тақырып Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты.

2-тақырып ҚР салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.

3-тақырып Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.
2 БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

1-тақырып Көлік құралдарына салынатын салық.

2-тақырып Жер салығы.

3-тақырып Мүлік салығы.
3 БӨЛІМ. ТҰТЫНУҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

1-тақырып Қосылған құн салығы (ҚҚС).

2-тақырып Акциздер.
4 БӨЛІМ. ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

1-тақырып Корпоративтік табыс салығы.

2-тақырып Жеке табыс салығы.

3-тақырып шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері.

4-тақырып Әлеуметтік салық.

5-тақырып Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
5 БӨЛІМ. АРНАЙЫ САНАТТАРДАҒЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

1-тақырып Ойын бизнестеріне салық салу.

2-тақырап шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (АСР).

3-тақырып Шаруа немесе фермерлер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

4-тақырып Ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Салықтар мемлекет пайда болғаннан бастап қоғамдағы экономикалық қатынастардың қажетті буындарының бірі және кез-келген мемлекеттің өмір сүруінің қаржылық негізі болып табылады. Салықтарды және оларды ұйымдастыруды оқып-үйрену қажеттілігі де нақты осыған байланысты негізделеді.

«Салық және салық салу » курсы барлық экономикалық бағытында оқитын бакалавриаттар дайындауда арнайы оқу пәні болып табылады. Аталған пән алғы сөзде аталып өткендей, көптеген жалпы эономикалық және арнаулы оқу курстарымен өте тығыз байланысты.

«Салық және салық салу » пәнін оқу курсында салықтар мен заңды және жеке тұлғалардың бюджеттің табыс бөлігіне сәйкес деңгейде қалыптастыру мақсатында төлейтін басқа міндетті төлемдерді теориялық және практикалық тұрғыда үйрету болып табылады.

Курстың міндеті мемлекетіміздің салық саясатының қалыптасуынан бастап, салық жүйесінің құрылымы мен нақты бір маңызды салық түрлерінен салықтың алынуы бойынша студенттің теориялық және практикалық білімін кешенді қалыптастыру болып табылады.

Оқу курсының құрылымы төмендегідей болып келеді: салық салудың теориялық негіздері, меншікке салынатын салық, тұтынғанға салынатын салық, табысқа салынатын салық, арнаулы салық режимдері, Қазақстанның салық жүйесінде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.



Негізгі бөлім

1 БӨЛІМ. Салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері.

1-тақырып. Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты

Салықтардың пайда болуы мен қажеттілігі. Халық формасының эволюциясы. Салықтардың арнайы белгілеріне қарай жіктелуі. Салықтардың ұйымдастырушылық нысынының белгілері. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары. Салықтар-экономикалықкатегория ретінде.

Салықтардың қызмет етуінің себептері мен жағдайлары. Салықтардың міндеті. Салықтардың ұлттық табысты қайта бөлудегі рөлі. Салықтардың фискалдық мәні. Салықтарды экономикалық ынталандыру мақсатында қолданылуы.

Салық элементтері туралы ұғым. Салықты төлеу көзі. Салық слынатын және салық салынбайтын табыс. Салық салынбайтын минимум. Салық ставкасы және оның салық салу жүйесіндегі маңызы. Салық ставкаларының түрлері. Пропорционалды, прогрессивті салық салу. Оларды қолданудың экономикалық жағдайлары. Салық жеңілдіктері. Салықтық несие және олардың түрлері. Салық жеңілдіктерінің өндірісті ынталандыру мен кірістерді реттеудегі маңызы.

Салық салу принпринциптері, оларға сипаттама және салық салу жүйесін құрудағы рөлі. Вагнер принциптері. Нарықтық экономика жағдайында салық салу принциптерінің жүзеге асырылуы.

2-тақырып. ҚР салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.

«Салық жүйесі» ұғымының экономикалық мазмұны. Салық жүйесінің құрылымы. Үйлесімді салық жүйесінің ерекше сипаты,артылықшылығы меи кемшіліктері. Салық жүйесі функцияларына жалпы сипаттама. Салық салу міндеттемесінің принциптері. Салық салудың әділдігі принципі.

ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен реформалар кезеңдері. Салық жүйесінің дамуының әрбір кезеңіне баға беру. Бүгінгі салық реформасының концепциясы. ҚР бүгінгі салық жүйесінің дамуына сипаттама. ҚР-ның салық жүйесіндегі салықтардың түрлері мен міндетті төлемдер. Салықтардың жіктелуі.

Қазақстанның салық заңдылықтары. ҚР-да салықтарды бюджет жүйесінің буындары бойынша бөлу. Салық заңдылықтарына сәйкес салық төлеушілердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету.

ҚР-да салық жүйесін басқару. Салық жүйесі органының құрамы мен құрылымы. Салық қызметі органдарының міндеттері,құқығы және функционалдық міндеттемелері.
3-тақырып. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.

Салық саясатының экономикалық мазмұны. Салық саясатының мақсаты мен міндеттері. Салық саясатының мақсаты мен міндеттері. Салық саясатымемлекеттің экономикалық қаржылық және фискалдық саясаттың құрамдас бөлігі. Салық саясатының экономиканы дамыту дамыту ерекшеліктері мен өзара байланысы. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы мен ерекшкліктері. Салық саясатының типтері олардың нарықтық экономиканың даму үлгілерімен байланысты. Салық саясатының мемлекеттің ең негізгі экономикалық саястын жүзеге асырудағы рөлі. Қазақстанның бүгінгі салық саясаты және олардың тиімділігі.

«Салық механизмі» ұғымының экономикалық мәні. Салық механизмінің құрылымы. Салық механизмінің мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі рөлі. Салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама. Салықтық жоспарлау және болжау. Салықтық бақылау. Нарықтық экономикадағы салықтық реттеу. Нарықты мемлекеттік реттеудің түрлі типтері. Салықтар мемлекеттік реттеудің негізгі тетігі ретінде. Салықтық реттеудің міндеттері. Салықтық реттеу экономиканы қаржылық реттеудің нысаны ретінде. Салықтық реттеу тетіктері және оларға сипаттама.
2 БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР.

1-тақырып. Көліқ құралдарына салынатын салық

Меншікке салынатын салықтардың экономикалық мазмұны және табиғаты. Көлік құралдарына салынатын салықтардың жіктелуіне сипаттама. Көлік құралдарына салынатын салықтар реформалаудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары. Көлік құралдарына салынатын салықтар реформалаудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер.Салық салу объектісі. Салық ставкалары: құрылу ерекшеліктері және қолдану механизмі.

Көлік құралы салығынан босатылатын тұлғалардың категориясы. Көлік құралдарына салықта есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. Салықты төлеу мерзімдері. Салықты төлеу мерзімі кезіндегі көлік иелерінің жауапкершілігі. Салық есептілігі.

2-тақырып. Жер салығы.

Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттама. Жерге салық салу кезінде салықтарды реттеу функциясы. Салық салу мақсатындағы жер категориясы. Жер салығының төлеушілері. Салық салу объектісі және салық салу базасы. Жер салығын төлемейтін салық төлемейтін тұлғалар. Жекелеген жағдайларда жер салығын төлеушіні айқындау. Жер салығын алудың негіздері. Жер салығының салық ставкаларының құрылымы. Бонитет балы.

Ауылшаруашышылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары. Әр түрлі категориядағы жерлерге салық салу ерекшеліктері. Жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салу. Ауыл шаруашылығына арналған,а/шаруашылығы мақсаттары үшін пайдаланылатын жерлерге салық салу. Елді мекендердің жерлеріне үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда салық салу ерекшеліктері. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салық салу ерекшеліктері.

Жер салығының ставкасын реттеу; мәні, қажеттілігі және қолдану тәртібі.

Жер салығын есептеу және төлеу механизмі. Заңды тұлғалардың салығын төлеу мерзімі және есептеу тәртібі. Салық кезеңі. Салық есептілігі.

3-тақырып. Мүлік салығы

Мүлік салығының экономикалық мәні мен табиғаты. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу кезінде салық функцияларын өткізу.Мүлік салығының жіктелуіне жалпы сипаттама. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығының құрылу негіздері. Мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау. Салық салу объектісі. Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге салық салудың объекті бойынша салықтық базасы. Салықты есептеу және төлеу тәртібі. Салық кезеңі. Салық есептілігі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салық құрылымының ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер. Мүлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың категориялары. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау. Жеке тұлғалардың мүлік жеке тұлғалардың мүліктік салық салу объектісі. Салық базасы. Салық салу объектісі бойынша салық базасын анықтау тәртібі. Жеке тұлғалардың мүлкінің салық ставкасы және ерекшеліктері мен қолданылуы. Салықты төлеу мен есептеу тәртібі.
3 БӨЛІМ. Тұтынғанға салынатын салықтар.

1-тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС)

Тұтынғанға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен табиғаты. Қосылған құн салығының экономикалық мәні, жіктелуіне сипаттама. Қазақстанда ҚҚС енгізудің қажеттілігі мен алғы шарттары. ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚҚС негізгі құрылымы. ҚҚС төлеушілер:түзету тәртібі және салық есебінен шегерімдер. ҚҚС салу объектісі. Салық салынатын айналым. Салық салынбайтын айналым. Тауарды,қызмет көрсетулерді өткізу орны.

Салық салынатын айналын мөлшерін анықтау ерекшеліктері. Салық салынатын айналын мөлшерін қолдану механизмі және оның экономикалық мәні. ҚР ҚҚС төлеуші болып табылмайтын және қызметін жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алу кезінде салық салынатын айналымның ерекшеліктері.

ҚҚС ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Нөлдік ставка бойынша рөлі және экономикалық мәні. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарға сипаттама және нөлдік ставканы қолдану қажеттілігінің негізі. Нөлдік ставканы қолдану және ҚҚС босатудың арасындағы қағидалық айырмашылықтары.

Салық салынатын импорт. Салық салынатын айналым мөлшерін айқындау тәртібі. ҚҚС босатылған импорттық айналымдар.

Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС бойынша салық сомасын есептеу алгоритімі. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы. Есепке жатқызылмайтын ҚҚС. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету. ҚҚС салынбайтын өткізу бойнша айналымдар болған кезде ҚҚС есепке жатқызу тәртібі. Есепке жатқызылатын барабарлық (пропорциональный) және бөлек есептеу әдісі бойынша ҚҚС айқындау.

Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС есептеу тәртібі және төлеу мерзімі. ҚҚС бойынша салық кезеңі. Салық декларациясын тапсыру мерзімі.

2-тақырып. Акциздер

Акциздер мәні мен экономикалық табиғаты. Акциздер функциялары. Акциздердің даму эволюциясы. Акцизделетін тауарлар тізбесін айқындау ерекшеліктері: мақсаты, критерилері. Салық саясатын жүргізудегі акциздердің рөлі.

Қазақстанның салық жүйесіндегі акциздердің қызмет ету ерекшеліктері. Акцизді төлеушілер. Акциздік тауарлар тізбесі. Акциз ставкалары және оларды қолдану ерекшеліктері. ҚР-да өндірілетін,өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу. Салық базасы. Салық салу объектісі. Жеңілдіктер.

Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты. Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу тіртібі және мерзімі.



4 БӨЛІМ. Табысқа салынатын салықтар

1-тақырып. Корпоративтік табыс салығы

Қазақстанда заңды тұлғалардың табысына салық салудың дамуы. Корпоративтік табыс салығының экономикалық мазмұны мен слық жүйесіндегі алатын орны (КТС).корпоративтік табыс салығының құрылу негіздері. Салық салу объектілері және төлеушілер. Салық салу базасын анықтау тәртібі.

Жылдық жиынтық табыс: құрамы мен құрылымы. Жылдық жиынтық табысты түзету.

Оларды қолданудың ерекшеліктері мен шегерімдері, тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін көлемін айқындау механизмі. Тіркелген активтердің есебі. Салық мақсаты үшін амортизациялық аударымдарды есептеу тәртібі. Келесі шығыстар шегерімі – эксплуатацияға, ремонтқа,активтерді ұстауға кетеді. Тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер бар. Табыстар және шегерімдерді түзету. Табысқа салық салуды есептеу механизмі. Салық салынатын табыста азайту және салық төлеушілердің кейбір санаттарына салық салудан босату. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу тәртібі. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу.

Инвестициялық салық преференциялары. Салық преференцияларының салаларға орналастырылуы және экономикалық мазмұны. Преференциялардың объектісі. Преференцияларды қолдану әдістері. Преференция объектілерінің салықтық есепке алу ерекшеліктері.

Туынды қаржы құралдары. Свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыс. Своп бойынша табыс. Хеджерлеу операциялары бойынша салық есебінің ерекшеліктері. Салық есебінің базалық активті жеткізу жолымен атқарылатын кездегі ерекшеліктері.

«Залал» ұғымы. Салық мақсаты үшін залалдарды ауыстыру тәртібі. Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге КТС есептеу ерекшеліктері. Аванстық төлемдер:есептілігі және қолдану тәртібі. КТС төлеу мерзімдері. Салық кезеңі. Салық есептілігі. Төлем көзінен ұсталатын КТС ерекшеліктері.

ҚР арнайы экономикалық аймақтар: құру мақсаты,экономикалық талаптары және сипаттамасы. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу ерекшіліктері.



2-тақырып. Жеке табыс салығы

Азаматтардың табысына салық салу жүйесінің эволюциясы және экономикалық мазмұны. Жеке тұлғалардың табысына салық салудың негізгі принциптері. Жеке тұлғалардың табысына слық салудың негізгі принциптері. Жеке табыс салығының құрылу формалары.

Қазақстандағы жеке табыс салығы және оның дамуы. Жеке табыс салығының құрылу негізі.Жеке табыс салығын төлеушілер. ҚР-ның резиденті болып табылатын шет елдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері. Салық салу объектілері. Салық салуға жатпайтын табыстар. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері. Салық ставкалары. Салық кезеңі.

Төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың салықты төлеу тәртібі және есептеу ерекшеліктері. Қызметкердің табысы және оларға сипаттама. Салық шегерімдері. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері. Девиденттер,сыйақылар,ұтыстар түріндегі табыс. Стипендиялар. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс. Салық агентімен декларацияны табыс ету тәртібі.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардың түрлері. Мүлік табыс. Жеке нотариустар мен адвокаттардың табысы. Дара кәсіпкердің табысы. Дара кәсіпкердің табысы. Басқа табыстар.

Жеке табыс салығы бойынша декларация. Жеке резидент тұлғалардың санаттары бойынша ЖТС табыс ету міндеттері. Декларацияны табыс ету тәртібі және мерзімдері.



3-тақырып. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

Халықаралық салық салудың негізгі принциптері. Резиденттікті айқындау тәртібі. Резидент еместер. Резидент еместердің тұрақты мекемесі.

Резидент еместің ҚР-дағы табыстардың түрлері. Салық салынатын табысты айқындау.

ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына корпоративтік табыс салығын салуды есептеу және төлеуді анықтау ерекшеліктері. Таза табысқа салық салу тәртібі. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі. Резидент емес жеке тұлғалардың төлем көзінен табыс салығын есептеу , ұстау және аудару тәртібі.

ҚР-да тұрақты мекемесі жоқ резидент емес заңды тұлғалардың шет елдік қызметкердердің табыстарына салық салу тәртібі. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар табыс табыс ететін жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс ету. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету.

4-тақырып. Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықтың мазмұны және экономикалық табиғаты. Қазақстандағы әлеуметтік салықтың дамуы.Әлеуметтік салықтың элементтеріне жалпы сипаттама. Әлеуметтік салықты төлеушілер. Әлеуметтік салық бойынша салық салу объектісін анықтау. Әлеуметтік салық бойынша салық салынатын базаға жатқызылмайтын табыстар. Әлеуметтік салық ставкалары. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі. Арнаулы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің әлеуметтік салық бойынша салық есптілігін есептеу, төлеу және табыс ету ерекшеліктері. Әлеуметтік салық бойынша салық кезеңі. Декларацияны табыс ету тәртібі.

5-тақырып. Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

Рента салығының талаптары және экономиклық мазмұны. Экспортқа салынатын рента салығының элементтеріне сипаттама. Салық салу объектісі мен субъектісі. Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатына рента салығының есптеу және ставканы қолдану тәртібі. Экспортқа өткізілетін нөмірге рента салығы. Салық кезеңдері. Есептілікті табыс ету және төлеу мерзімі.

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және салық жүйесінің дамуы. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі оерацияларға жатпайтын қызметке салық салу. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері. Бонустар. Қол қойылатын бонус. Коммерциялық табу бонусы. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем. Мұнайға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы. Кең таралған пайдалы қазбаларға , жер асты сулары , емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі. Экспортталынатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын ренталық салықтың төлеушілері, салық объектілері және салық базасы. Ренталық салық ставкаларының құрылу негіздері. Есептеу мерзімі, төлеу уақыты және салықтық декларация.

Үстеме пайда салығының рөлі және экономикалық мазмұны. Салық базасы. Үстеме пайда салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі. Салық декларациясын табыс ету және салықты төлеу мерзімі.


Каталог: finance
finance -> ПоәК «Ақша, Несие, Банктер» пәні бойынша
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы
finance -> Мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
finance -> 1 требования к структуре умк дисциплины
finance -> Я, Винокуров Андрей, внутренний паспорт сн 795091, беру на себя финансирование поездки в Словакию на период с 02


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет