ПоәК «Салықтық менеджмент» пәні бойынша



жүктеу 1.44 Mb.
бет4/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1 тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік салықтық менеджмент

1. Салықтық менеджментінің теориялық аспектілері

2. Мемлекеттік салықтық менеджментті қалыптастыру және дамытудың теориялық негізі

3. ҚР мемлекеттік салықтық менеджментті ұйымдастыру

1с. Салық – мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қызметін қамтамасыз ету мақсатында заңды және жеке тұлғалардан, оларға тиесілі ақша қаражаттарының мемлекет иелігіне өту нысанында алынатын міндетті, тұрақты, жеке қайтарымсыз төлем.

Салықтың мәні – міндетті төлем түрінде жалпы ішкі өнімнің белгілі бір бөлігінің қоғам пайдасына басыбайлы берілетін (отчуждение) алым.

Төлем ретіндегі салықтың айрықша белгілері болып келесілер табылады:



  • міндеттілік;

  • жеке (дербес) қайтарымсыздық;

  • меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы заңды және жеке тұлғаларға тиесілі ақша қаражаттарының басыбайлы мемлекетке берілуі;

  • мемлекеттің қызметін қаржылық қамтамасыз етуге бағытталуы.

Салықтарды басқару немесе салық менеджменті қаржыны басқаруды жалпы жүйесінің құрамдас бір бөлігін қарастырады.

Салық менеджменті – бұл салық саясатын жүзеге асыру мақсатында салық жүйесіне салық механизмінің ықпал ету әдістерін пайдалану жолымен басқару процесі.

Салық менеджментінің мақсаты –мемлекет пен шаруашылық субъектілерінің салық саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Салық менеджментінің объектілері болып келесілер табылады:



  • салықтық әкімшілендіру;

  • салықтық жоспарлау;

  • салық есебі.

Салықтық әкімшілендіру келесілерді қарастырады:

  • салық төлеушілерді салықтық есепке қою және олармен шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті басқа да міндетті ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді орындау;

  • салық төлеушілермен салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерін орындау бойынша заңдық және нормативтік актілерді белгілеу;

  • салықтарды төлеу мерзімін өзгерту тәртібін реттеу;

  • салық төлеушілерден салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауды бақылау және қамтамасыз ету.

Салықтық жоспарлау – мемлекет және басқарудың шаруашылық субъектілерінің деңгейінде жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Мемлекеттік салықтық жоспарлау – бюджеттің кіріс баптарының жалпы құрылымын дайындау бойынша басқарудың атқарушы органдарының іс-әрекетінің жиынтығы, болашаққа және ағымдағы жылды есептей отырып, бюджетке салық түсімдерді бағалау. Корпорациялық салықтық жоспарлау – мекеменің бюджетке төленетін салықтық төлемдерді азайту мақсатында салық заңдарын барынша тиімді пайдалануға бағытталған нысаналы мақсаттағы қызметі.

Салық есебі – ҚР Салық кодексіне сәйкес таңдалған табыстар мен шығындарды анықтау әдістерінің, оларды тану, бағалау мен бөлудің, сондай-ақ салық салу мақсаты үшін басқа да қажетті салық төлеушінің қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің есебінің жиынтығы.

«Салықтық жоспарлау» түсінігі – қаржылық-құқықтық актідегі салықтық төлемдерді жоспарлаумен мүлдем байланысты емес.

Шетел тәжірибесінде, салықтық жоспарлау – салық төлеуші өзінің салықтық міндеттерін қысқартудың заңды әдісін білдіреді. С.В.Жестков жазғандай: «Салықтық жоспарлаудың мәні – бұл салық төлеуші өзінің салықтық міндеттерін барынша азайту үшін заңмен рұқсат етілетін барлық әдістер мен тәсілдерді қолдану болып табылады».

Салықтық жоспарлауды, біздің елімізде, мемлекетті алдап, салық төлеуден жалтару деп ұғынады. Әрине, мұнда, мемлекет өзінің мүддесін тек жеке тұлғадан ғана емес, сонымен қатар, қоғамнан да жоғары қоюға ұмтылады. Сонымен қатар, жеке меншікке негізделген нарықтық экономика жағдайында, салық төлеуші, - әдебиеттерде көрсетілгендей, - өзінің меншігін сақтау үшін және бюджетке түсетін төлемдерді азайту үшін, барлық мүмкіндіктерді қолдануы қажет.

Шетел тәжірибесінде, «салықтан бас тарту» (tax evasion), «салықтан жалтару» (tax avoidance) және «салықтық жоспарлау» (tax hianning) түсініктерін былай ажыратады:

Салықтан жалтару – салықтық жүкті (ауыртпалықты) азайту немесе оны мүлдем жоюға бағытталған салық төлеушінің әрекеті.

Салықтан жалтару заңды және заңсыз болуы мүмкін.

Бірінші жағдайда біз салықтық жоспарлауды, ал екінші жағдайда салықтан бас тартуды иеленеміз.

Салықтан бас тарту – заңсыз әрекеттер мен әдістерді қолдана отырып, салықтық міндетті толық не жартылай орындамауға бағытталған салық төлеушінің әрекеті.

Салық төлеуден бас тартуда, салықтық міндеттеме, салық төлеушінің салық міндеттерінің белгілі бір көлемін көрсететін, нақты факт болып табылады және ең алдымен, төлеуге қажетті салықтың көлемін көрсетеді. Алайда, салық төлеуші салықты мүлдем төлемеуге немесе оның салықтық міндеттемесінде көрсететін сомадан аз мөлшерде төлеуге ұмтылады. Әдетте, салық төлеушінің мұндай әрекеті салықтық құқық бұзушылықты қалыптастырады.

Кейде мемлекет өзі салық төлеушіні салық төлеуден бас тартуына итермелейді, яғни оған көптеген салықтық жүктемелерді арттыра отырып.

Әдебиеттерде жазылғандай: «салық төлеушінің салықтық жүктемелерге, салық ставкаларының өсуіне, салық органдарының тарапынан бақылау нысандары мен әдістерінің дұрыс жетілмеуі (техникалық себептері) және салықтардың төленген және төленбеген экономикалық салдарын салыстыруына (экономикалық себептері) жауапты реакциясы жатады».

Салықтық жоспарлау – заңды әрекеттер мен тәсілдерді қолдана отырып, салықтық міндеттемелерді азайту не одан мүлдем бас тартуға бағытталған салық төлеушінің әрекеті.

Салықтық жоспарлау салықтық заңнан туындайтын келесі мүмкіндіктер негізінде жүзеге асырылады:


  1. Заңда белгіленген мүмкіндіктер, яғни салықтық жеңілдіктер түрінде болуы керек;

  2. Салық төлеуші есебіне саналатын, заңдағы екі мағыналы, түсініксіз, нақты емес сөздерден туындайтын мүмкіндіктер.

«Салық жүйесі қаншалықты жетілгендігімен, салық салу объектілерін ұстап қаламын деген салық басшылары, оны жіберіп алып отыр. Салық төлеуші, заңды бұзбай-ақ салықтан жалтаруға тырысып жатыр. Мұндай жалтару, моральдік талаптарға сәйкес келмейтін, түрлі нысандарда көрсетіледі», - дейді әйгілі француз қаржыгері Поль Мари Годме.

Американдық сот қазысы Лирнда Хэндтің сөзі: «... Салықты барынша аз төлеп, қызметін жүзеге асырғанның еш сөкеттігі жоқ. Бүгінде барлығы – кедей де, бай да солай жасайды, және барлығы да дұрыс істейді, себебі заңмен белгіленгеннен артық ешкім де төлемеу керек: салық ерікті қайыр көрсету емес, бекітілген төлем болып табылады».


2 тақырып. Салықтық жоспарлау мен болжамдау салық механизмі элементі ретінде

1. Салық механизмінің экономикалық мазмұны

2. Салық механизмінің мәні және құрылымы

3. Салықтық жоспарлау мен болжамдау салық элементі ретінде



Салық механизмі - салықтың ұйымдық—құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

Салық механизмі – бұл ұйымдық-экономикалық категория ретінде осы ұғымды түсіндіретін салық теориясының аясы, сәйкесінше, ұлттық табыстың бөлігінде өндірісте жасалынған бөлігін қоғамдастыру кезінде қалыптасатын қайта бөлу қатынасы кезіндегі объективті қажетті басқару процесі. Салық салу механизмі салықтарды белгілеудің принциптерінен, нысандары мен әдістерінен, оларды өзгерту мен күшін жоюдан, оларды төлеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардан тұрады.

Бұл процесте қалыптасатын қатынастың барлық саласын үш қосалқы жүйемен шектеуге болады: салықтық жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау.

Салық саясатының мәнін ашудың әдістемелік негізі мен алғышарты болып салықтық қатынастар, ол олардың негізі – мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша мемлекет пен шаруашылық субъектілер арасындағы қатынастар табылады.

Салықтық қатынастарды басқаруда әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық тәсілдер, нормалар, құралдар, нысандар және т.б. пайдаланылады. Салықтық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін бекіте отырып, мемлекет оларды заңдарда және басқа нормативтік актілерде рәсімдейді, ЖІӨ-ді алу тәсілдерін, төлем түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін, салық салу әдістерін және т.б. анықтайды. Мемлекет өзінің салық саясатын салық механизмі, оның тұтқалары, бөлімшелері мен элементтері арқылы жүзеге асырады.



  • Құқықтық реттеу және регламентеу мемлекеттік басқару органдары іске асыратын салықтық реттеуді ұйымдастыру бойынша заңдық актілерді жасап шығару мен қабылдауды білдіреді. Регламенттеуші құжаттар болып – салықтар туралы заңдар, әр қаржы жылына қабылданатын бюджет туралы заң және осындай басқа да нормативтік құжаттар табылады. Қаржы министрлігі, жергілікті қаржы және салық органдары жұмыс істеп тұрған заңдар мен Үкіметтің қаулылары негізінде, оларға берілген өкілеттік шегінде салықтық тәртіпті сақтауды, мемлекеттің экономикалық дамуының сол кездегі жағдайының талаптарына жауап беретін экономикалық саясат жүргізуге мүмкіндік жасайтын салықтық қатынастарды ұйымдастырудың бірыңғай ережелерін белгілейтін нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды жасап шығарады.

  • Салықтық жоспарлау – мемлекеттік билікпен, объективті экономикалық заңдарды ескере отырып, барлық салалар мен аймақтардың дамуын баланстау, экономиканың дамуының мақсатты бағытталуына сәйкес процестерді координациялау арқылы экономиканы реттеуі. Салықтық болжамдау жоспарлаумен біріге отырып, өткен кезеңдегі шаруашылық-ұдайы өндірістік жағдайларды бағалауды қамтамасыз етеді; экономикалық дамудың перспективаларын айқындайды; салық салу концепциясын жасайды; салық салу процедурасын заң түрінде белгілеп және салықтар бойынша бюджетті бекітеді.

  • Салықтық реттеу инвестициялық процестерге, салалардағы технологиялардың жаңаруына, бюджеттің тепе-теңдігін, ішкі салықтық аударымдардың өзін-өзі реттеуі экономикалық әсер етуді қамтамасыз етеді.

Нарық жағдайында салықтық реттеу нарықтық реттеу сипатын алады және өндірушілер мен тұтынушылардың өзара еркін қарым-қатынасын білдіреді. Өндірушілердің жекелеген және олардың қызығушылықтарының қарама-қайшылықтары салдарынан жоятын құбылыстардан қашу мүмкін емес.

Нарықтық қатынастар бір жағынан жекелеген субъектілердің өндірісін қатаң бәсекелестік жағдайында дамытуға, ал басқа жағынан - өндірілген тауарлар массасының қажеттіліктер мен өткізу мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі нәтижесінде жекелеген кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуіне әкеледі. Осыдан өндірістегі тоқтап қалулар мен нарықтың дағдарыстық үрдістерінің алдын-алу үшін, мемлекеттік реттеу қажеттілігі келіп шығады және мұнда экономиканың динамикалық дамуының реттеуіші болып салық механизмі табылады.



  • Салықтарды басқару - ерекше әдістер мен тәсілдер, оның ішінде екі жағы бар – жеңілдіктер мен санкциялар секілді, салықтық ынталандырушылар арқылы, мамандар аппаратымен жүргізіледі.

  • Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында, өз қызметін нарықтық шаруашылық жағдайында жүргізіп отырған мемлекеттердің тәжірибиесін ескере отрып, салықтар бойынша басқарушылық шешімдерді ғылыми негіздеу аса маңызға ие. Шаруашылық субъектілерін қатаң регламенттелген орталықтандырылған басқарудың орнына, салықтар нысанындағы сан-алуан жанама қаржылық құралдар қолданыла бастады. Олардың көмегімен қаржы ресурстарының – шаруашылық субъектілердің де, мемлекеттің де жалпы көлемі реттеледі. Салықтарды басқару салықтық тәртіпті сақтауға, өндірістің дамуын ынталандыруға бағытталған.

  • Салықтық бақылау заңды және жеке тұлғалардың бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар мен төлемдердің есептелуінің дұрыстығын, уақтылы және толығымен түсуін қамтамасыз етеді.

  • Бұл звенолар мен жүйелердің спецификасын теориялық анықтау, экономикалық теорияның фундаменталды негіздеріне бағынады; олардың барлығы нақты экономикалық базис тұғырында дамушы, ұдайы өндірістік қатынастардың қосындысы болып табылады.

  • Бірақ практика салықтық жоспарлау, реттеу, басқару және бақылаудың теориялық анықталатын сфераларына өз өзгерістерін енгізеді. Сондықтан салық механизмі нақты салықтық іс-әрекеттердің жиынтығы, яғни салық заңдарының негіздерінің шарттары мен жүзеге асыру ережелерінің жиынтығы ретінде қарастырылуы қажет.

  • Салық механизмі салықтық қатынастар жүйесін субъективті регламенттеудің экономикалық тұтқасы ретінде көрінеді. Оның әрекеттерінің экономикалық заңдарға бағынуы салықтық қатынастарды реттеуде субъективизмді шегеріп тастайды. Сондықтан әрбір практикалық іс-әрекет жасауда, яғни салық теориясының негізгі приципиалды талабын бұзбау үшін заңды сақтау қажет. Салық салу процессінің субъективті және объективті бастаулары жалпы бір болып табылады.

  • Салық механизмі – салық салуды басқару негіздеріне, салық құқығына сүйене отырып, салықтық қатынастарды бір тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді. Кез-келген салықты қалыптастыруда қолданылатын нақты салық режимі тек салық заңдарына ғана емес, оларға арнап шығарылатын нұсқаулықтарға да тәуелді.

  • Оптималды салық механизмін қабылдау әртүрлі салықтарды таңдауды, сонымен бірге оларды есептеу және бюджетке төлеу бойынша сәйкес нормалар мен ережелермен қамтамасыз етуді білдіреді. Мұнда салық жеңілдіктері мен санкициялары да өте маңызды. Олар салықтық реттеудің бастапқы негізі, сонымен бірге бірдей дәрежеде салықтық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

  • Практикада салықтар категориясының ішкі потенциалын іске асырудың экономикалық-құқықтық әдісі ретінде қалыптасатын салық механизмі, ұдайы өндірістік мақсаттарға жұмыс істейді, мемлекеттік, корпоративтік және жеке экономикалық мүдделердің арасындағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізуге көмектеседі.

3 тақырып. Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлау

  1. Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлаудың мәні мен мақсаты. Ағымдағы және перспективтік салықтық жоспарлау мен болжамдау

  2. Бюджеттік-салықтық болжамдау мен жоспарлауды есептеудің кезеңдері

1с. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты салықтардың функциялары кеңейді, олардың бюджеттік процестегі және жалпы ұлттық экономикадағы ролі мен маңызы айтарлықтай өсті. Осыған байланысты бөлек шаруашылық субъектілер деңгейінде де, сол смяқты макро деңгейде де салықтық жоспарлау мәселесі ерекше өзекті бола бастады.

Салықтарды жоспарлау – тиісті немесе шоғырландырылған бюджетке белгілі бір уақыт аралығында салықтардың экономикалық негізделген мөлшерінің түсуін анықтау бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының және салық төлеушінің қызметін бейнелейтін салық процесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ нақты шаруашылық субъектілерінің төлеуге тиісті салықтарының көлемі. Сонымен, салықтарды жоспарлауды мемлекет және жергілікті билік органдары тұрғысынан олардың уәкілетті органдары атынан, сол сияқты нақты шаруашылық субъектісі тұрғысынан, яғни макро және микро деңгейде қарастыруға болады.

Салықтық жоспарлау мен болжамдау тек салық процесінің ғана емес, жалпыжоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Жалпы жоспарлау макро. Сол сияқты микро деңгейде салықтық жоспарлауға негіз болып табылады. Салықтық жоспарлаудың нәтижелілігі мен дәлдігі жалпы жоспарлаудың ғылыми негізділігіне байланысты.

Салықтық жоспарлау бюджет процесімен тығыз байланысты. Бюджет процесі – бұл бюджет жүйесін басқару және қаржы-бюджет саясатын жасау мен жүзеге асыру бойынша атқарушы және заңды билік органдарының қызметі. Қаржы-бюджет саясаты бюджет жүйесін басқару мен билік органдарының өз функцияларын орындау үшін қаржы қатынастарын пайдалану бойынша олардың іс-әрекеттері мен шараларының жиынтығы түрінде қарастырылуы мүмкін. Бүгінгі қоғамда маңызды қаржылық қатынастар қатарына мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастар жатады. Бұл қатынастардың негізгі бөлігі заңды және жеке тұлғалармен өздерінің салық міндеттемесін орындауы табылады. Салықтар бюджеттің негізгі кіріс көзі болып табылатындықтан, салық салу және бюджеттік процес бөлінбейтін бірлікте қарастырылады.

Салықтық және бюджет процесінің бірлігі жиынтық қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу, қайта бөлу және пайдалану процесін басқару болып табылады. Қаржылық жоспарлау объектісі – мемлекеттің, отандық шаруашылық субъектілердің, халықтың қаржы-несие мекемелеріне салған ақша қаражаттары.

Салықтық жоспарлау мен болжамдау процесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Салықтық болжамдау салықтық жоспарлау алдында жүзеге асырылады және салықтық жоспарлау салықтық болжамдау нәтижелерін түзету негізінде жүзеге асырылады.

Макродеңгейде салықтық жоспарлау келесі мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет:



  • қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге салық саясатын жасау;

  • елдің, жергілікті билік органдарының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасау;

  • алдағы жылға және болашаққа республикалық, жергілікті бюджеттердің жобаларын уақытылы және негізді құрастыру;

  • тиісті бюджеттерді орындау кезірде саяси, экономикалық және әлеуметтік қажетті шешімдерді қабылдау;

  • ұлттық экономиканың дамуы мен барлық шаруашылық субъектілердің қызмет етуі үшін қалыпты жағдай жасау;

  • салық төлеуші үшін салық ауыртпалығын анықтау және т.б.

Макродеңгейде салықтық болжамдау мен жоспарлау кезінде келесі ақпараттар қолданылады:

  • ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды болжамдық макроэкономикалық кғөрсеткіштері: ІЖО өсуі (төмендеуі), таза ұлттық өнім, жалпы экономика және салалар бойынша ұлттық өнім, халықтың табысы, төлем балансы, республика экономикасының даму көрсеткіштері;

  • инфляцияның болжамды деңгейі, ІЖО салықтар мен алымдардың үлес салмағы;

  • өнеркәсіп өнімдерінің маңызды түрлерін шығару көлемі;

  • салық жүйесіндегі өзгерістер (жаңа салықтарды еңгізу және юас тарту, салық салынатын базаны, салық ставкаларын және салық жеңілдіктерін өзгерту);

  • жұмыс істеуге қабілетті халықтың саны, жұмыс істейтіндер саны, зейнеткерлердің саны және т.б.

Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы салық түсімдердің жалпы сомасын, сондай-ақ салықтар мен алымдардың бөлек топтары мен түрлерін есептеуге негіз болады, атап айтсақ, ЖІО көрсеткіші негізінде салық сүсімдердің жалпы мөлшері болжанады, себебі осы көрсетіш салық базасын қалыптастырады.

Таза ұлттық өнім мен ұлттық табыс көрсеткіштері, ЖІО көрсеткішін толықтыра отырып, сәйкесінше жанама және тікелей салықтардың түсуін болжамдауға мүмкіндік береді.

Халық табысы мен табыс көрсеткіштері тиісінше жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ әлеуметтік салық мөлшерін анықтайды.

Төлем балансын қалыптастыратын көрсеткіштер көмегімен сыртқы экономикалық факторлардың жалпы салық базасының, сол сияқты экспорт пен импортқа бағдарланған салаларды қалыптастыруға ықпал етуі анықталады, сол сияқты ҚР кеден шекарасы арқылы тауарларды алып өту кезінде жиналатын салық көлемі жоспарланады.

Бүгінде салықтық жоспарлауды жетілдірудің перспективті бағыты болып салық әлеуеті негізінде бюджеттің нақты салық базасының сандық бағалау әдістемесін дайындау және пайдалану табылады.

Салық әлеуеті – бұл қолданыстағы салық заңдылығы жағдайында блгілі бір уақыт аралығында (әдетте, қаржы жылы) белгілі бір аумақтағы салық түсімдерінің барынша жоғары мүмкін сомасын бір адам басына шаққандағы сомасы. Басқаша айтқанда, бұл – аумақтардың бюджеттерінің барынша мол салықтық кірістерін қамтамасыз етудегі әлеуетті мүмкіндігі.

Салықтық жоспарлауды макродеңгейде жүзеге асыру – ҚР Қаржы министрлігіне және басқа да экономикалық ведомстволарға, сондай-ақ жергілікті орғандардың қаржы органдарына жүктеледі.

Макродеңгейде салық төлемдерін болжамдау мен жоспарлау кезінде, бір жағынан мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға, екінші жағынан – ұлттық экономиканың дамуы мен барлық шаруашылық субъектілерін қалыптастыру үшін қалыпты жағдай жасауға мүмкіндік беретін ортаны табу болып табылады.

Салықтық жоспарлаудың ұзақтылығына және мақсатына қарай ағымдағы (жедел, қысқа мерзімді) немесе тактикалық және перспективтік (орта, ұзақ мерзімді) немесе стратегиялық болып бөлінеді.

Жедел салықтық жоспарлау айға немесе тоқсанға арнап жүзеге асырылады. Ол экономикалық жіктеме қимасында қаржыландыру лимитін анықтау үшін жақын уақытта салықтың түсуін нақты бағалауды жүзеге асыруға арналған.

Қысқа мерзімді салықтық жоспарлау кезекті жылға биліктің тиісті деңгейлерінің бюджеттерінің жобасын жасау үшін негіз болып табылады. Оған негіз болып алдағы жылға елдің әлеуметтік-экономикалық болжамының көрсеткіштері қызмет атқарады, сондай-ақ жалпы, сол сияқты бөлек салықтар бойынша ағымдағы жылы салықтық түсімдерді талдауды қоса.

Ағымдағы салықтық жоспарлауды жүзеге асыру процесінде негізінде тактикалық міндеттер шешіледі, ол арқылы салықтық жоспарлау стратегиясын жасау үшін маңызды алғышарттар жасалады.

Бұл стратегия орта және ұзақ мерзімді салықтық жоспарлау процесінде анықталадыү

Ағымдағы салықтық жоспарлау бір жылға ғана арнап жасалатын және бекітілетін тиісті бюджеттердің жобаларын жасау үшін негіз қызметін атқарады. Бұл жоспарлау кезінде салықтардың жалпы жиынтығының, сол сияқты бөлек салық түрлерінің де мөлшері анықталады және егжей-тегжейлі талданады. Перспективті жоспарлау кезінде салық түрлері бойынша бөлу жоқ, ол барлық салық жиынтығын қамтиды. Сонымен қатар, салықтық жоспарлау процесінде салық органдарының бақылау жұмысын жетілдіру бойынша, сондай-ақ елдегі және аймақтардағы жалпы экономикалық жғдайларды жақсарту бойынша, кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жасалады. Ол салықтың қосымша түрін жоспарлау үшін негіз болып табылады.

Сонымен, макроэкономикалық деңгейде салықтық жоспарлау процесі тиісті билік органдарының бюджеттеріне алдағы түсімдер мөлшерін анықтау болып табылмайды. Бұл экономикадағы барлық резервтерді анықтау және жұмылдыру, жақын болашаққа және перспективада жалпы мемлекеттік және салалық міндеттерді шешу процесі. Салық түсімдерін жоспарлау елдегі және аймақтардағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси процетердің, олардың дамуының перспективалары мен қарқынын терең талдауды, салық заңдары аясындағы терең білімінің болуын талап ететін күрделі әрі жауапты жұмыс.

Тек сол жағдайда ғана алдағы кғезеңге салық түсімдерінің мөлшерін нақты бағалауға болады және осы негізде барлық деңгейдегі бюджеттерді уақытылы және сапалы жасау және бекітуді қамтамасыз етеді.

2с. Салықтық болжамдарды орта мерзімді кезеңге құру сатылары болып мыналар табылады:

1. Аумақтық меншіктің табыстылығын бағалау (аймақтардың қаржылық қамтамасыз етілу және бюджеттің тиімділігі коэффициенті қолданылады), салалардың техникалық жаңаруға қажеттілігі, аймақтың мамандандырылуы, еңбек ақының жағдайы, аймақтың ресурст базасы, аумақтардың экспорттық-импорттық операцияларға қатысуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы, көлікті магистралдармен қамтамасыз және т.б. бұл мәліметтер аймақтың жиынтық табысының әдістемелік есебінің ақпараттық базасын, оның экономикалық, қаржылық және салықтық әлеуетін құрайды.

2. Аймақтың экономикалық өсу қарқынын есепке ала отырып, салық түсімдерінің көлемін болжамдау. Бұл мәліметтердің бюджеттің барлық деңгейлерін кезекті қалыптастыру кезінде мәні артады, себебі оларға аймақтардың субвенция және трансферттік қаржыландыру сияқты мемлекеттік ресурстарға мұқтаждығы барынша айқын көрінеді. Аймақтың әлеуетін білу салық салудың жеңілдікті режимін барынша дәл қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл салық заңдылығын жетілдіру мәселесін шешу кезінде маңызды.

3. Мүлік түрлері мен ресурстарды жаппай т.гендеу негізінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін болжау. Аумақ меншігін пайдаланудан алынатын қаражат үлесін анықтау және оны ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға жұмсау. Меншікке қатысты жалпымемлекеттік, корпоративтік және жеке экономикалық мүдделерге объективті қажетті түзету еңгізу.

4. Бюджет тапшылығы сомасын, инфляция деңгейін, баға индексі және нарықтық индикаторлар сомасын өсіру.

ҚР мемлекеттік бюджетті кірістерінде салықтық түсімдерді жоспарлау мен болжамдау ҚР Қаржы Министрлігі Салық Комитетінің талдау және болжамдау департаментіне жүктелген.

4 тақырып. Салықтық жоспарлаудың жалпымемлекеттік сатылары

1. Салықтық болжамдаудың орта мерзімді кезеңге құру сатылары

2. Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен болжаудың принципиалдық нұсқамалары мен әдістері

1с. Салықтық болжамды орта мерзімді кезеңге құру сатылары болып мыналар табылады:


  1. Аумақтық меншіктің табыстылығын бағалау (аймақтардың қаржылық қамтамасыз етілу және бюджеттің тиімділігі коэффициенті қолданылады), салалардың техникалық жаңаруға қажеттілігі, аймақтың мамандандырылуы, еңбек ақының жағдайы, аймақтың ресурс базасы, аумақтардың экспорттық-импорттық операцияларға қатысуы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы, көлікті магистралдармен қамтамысз ету және т.б. Бұл мәліметтер аймақтың жиынтық табысының әдістемелік есебінің ақпараттық базасын, оның экономикалық, қаржылық және салықтық әлеуетін құрайды.

  2. Аймақтың экономикалық өсу қарқынын есепке ала отырып, салық түсімдерінің көлемін болжамдау. Бұл мәліметтердің бюджеттің барлық деңгейлерін кезекті қалыптастыру кезінде мәні артады, себебі оларда аймақтардың субвенция және трансферттік қаржыландыру сияқты мемлекеттік ресурстарға мұқтаждығын барынша айқын көрсетеді. Аймақтың әлеуетін білу салық салудың жеңілдікті режимін барынша дәл қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл салық заңдылығын жетілдіру мәселелсін шешу кезінде маңызды.

  3. Мүлік түрлері мен ресурстарды жаппай түгендеу негізінде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін болжау. Аумақ меншігін пайдаланудан алынатын қаражат үлесін анықтау және оны ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға жұмсау. Меншікке қатысты жалпымемлекеттік, корпоративтік және жеке экономикалық мүдделерге объективті қажетті түзету енгізу.

  4. Бюджет тапшылығы сомасын, инфляция деңгейін, баға индексі және нарықтық индикаторлар сомасын өсіру.

ҚР мемлекеттік бюджеті кірістерінде салықтық түсімдерді жоспарлау мен болжамдау ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің талдау және болжамдау департаментіне жүктелген.

2с. Әр деңгейдегі бюджеттерге салықтық түсімдердің нақты сомасын есептеуде маңызды үш принципиалды нұсқаманың маңызы зор:

1 Салық төлеушілердің бюджетпен өзара қатынасындағы жағымды және жағымсыз көріністерін, осы өзара қатынастардың дамуының заңдылықтарын белгілеуді егжей-тегжейлізерттеу.

2. Салық салудың барлық жүйелерінің, қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштеріне оның бөлек элементтері мен бөлек салықтарының ықпалын анықтау мақсатымен бюджеттік-салықтық қатынастардың жүйесіне факторлық талдау жүргізу.

3. Болжанбаған экономикалық, қаржылық, бюджеттік және салықтық жағдайдың пайда болуының, салық төлеушінің мақсаты мен бюджет мақсаты арасындағы алшақтықтың ықтималдығын болжамды бағалау.

Бүгінгі күні салық ғылымы бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемін жоспарлаудың арнаулы әдістемелерін жасамаған. Тәжірибеде салықтық жоспарлау процесінде жалпыға белгілі және кең көлемде пайдаланылатын келесідей дәстүрлі әдістері қолданылады:

Баланстық, сараптамалық бағалау, корреляция (өзара байланыстылық), саралау (ранжирование), хронологиялық қатарлар құру, факторлық талдау және т.б.

Әйтсе де салықтық жоспарлауда салық заңдылығын анықтауда және олардың негізінде қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын ескеретін перспективтік салық тұжырымдамаларының жобасын жасауда айрықша тәсілдерді қолданған жөн.

Статистикалық зерттеудер өткізу кезінде бүгінгі күні қолданылып жүрген сандық әдістердің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады:


  1. Көп өлшемді әдістер, бірінші кезекте факторлық және кластерлік талдау. Олар негізінде көптеген өзара өзгермелер жататын, шешімді негіздеу үшін қолданылады, мысалы, өндірістің техникалық деңгейіне байланысты жиынтық өнім көлемін анықтау.

  2. Кері үдемелі (регрессивтік) және корреляциялық әдістер салық органдарының қызметін сипаттайтын өзгермелердің топтарының өзара байланысын белгілеу үшін қолданылады.

  3. Имитациялық әдістер маркетингтік жағдайға ықпал ететін өзгермелер жай талдамалы шешім логикасына әсер етпеген жағдайда қолданылады.

  4. Шешім қабылдау стратигиясының теориясы дайындаған әдістер. Оларға ойын теориясының, жаппай қызмет көрсету теориясының, стохаостикалық бағдарламалау әдістері жатады. Салық саясатының өзгерістеріне салық төлеушінің әсер етуінің стохаостикалық бейнелеу үшін қолданылады.

  5. Операцияларды зерттеудің негізделген (детермикалық) әдістері, бірінші кезекте желілік және желілік емес бағдарламалау. Бұл әдістер өте көп өзара байланысты өзгермелер болып, оңтайлы шешім табу қажет болған кезде ғана қолданылады.

Жоғарыда аталған зерттеу әдістері статистикалық талдаудың кейбір әдістерінің құрамдас бір бөлігі ретінде не болмаса талдаудың дербес құралы ретінде қолданылады. Бұл әдістердің мүмкін болатын қосымшаларының бірі болып салық органдары қызметкерлерін оңтайлы жүктемесін таңдау, салық қызметкерлерінің кәсіби көшіп қонуын барынша азайту және т.б. табылады.

Жоғарыда аталған зерттеу мен жоспарлау әдістерімен шектелмейді, олардың бүгінде ғылымда белгілі 65 астам түрлері қолданылады. Бұл әдістердің барлығы арнайы бағдарламалық құралдарды қолданады. Салықтық зерттеулерді компьютерлеу бюджеттердің барлық деңгейлерін атқару процесінде туындайтын салық салынатын базаны таңдауға, салықтық жағдайлардың барынша мүмкін сандарын есептеуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Жоспарлау әдісін теориялық тұрғыдан таңдау салық түріне немесе салықтық топқа, не болмаса салық төлеушінің тұрпатына (типіне) байланысты болмайды. Салықтық жоспарды дайындау кезінде бастапқы кезде қойылған мақсат маңызды. Салықтық жоспарлаудың қандай да бір әдісін таңдау қызметкерлердің біліктілігінің деңгейіне және салық әкімшілігінің техникалық жабдықталуына байланысты.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықтық жіктеме базасында бөлек салық бойынша және ұқсас салық топтары бойынша салық түсімдерінің көлемін жоспарлауға болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер тұрпаты бойынша құрастырылған арнаулы компьютерлік бағдарламалар салық және салық топтары құрылымы аясында кодтандырылған. Бұл ағымдағы және перспективтік салық жоспарын жедел құрастыруға мүмкіндік береді.


5 тақырып. Корпоративтік салық менеджменті

1. Кәсіпорында корпоративтік салық менеджментінің қажеттілігі.

2. Корпоративтік салық менеджменті басқару қызметінің бір түрі ретінде

3. Салықтарды төлеуден жалтару.


Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Респуликасы резидент-заңды тұлғалары төлейді. Арнаулы салық режімін қолданушы заңды тұлғалар-шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші- заңды тұлға, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпорациялық табыс салығын төлейді. Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды. Негізгі шектерде бұл механизм заңдамаға сәйкес мынаған саяды. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер, соның ішінде кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары бойынша коммерциялық емес ұйымдар да, бюджет ұйымдары да төлейді.

Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушілерінің табыстарының барлық түрлері қамтылады:



  • тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;

  • үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

  • міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыстар;

  • күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;

  • мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

  • ҚР-ң заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;

  • борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар;

  • кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар және басқа да табыстың түрлері.

Алынған жылдық жиынтық табыс түзетілуі, яғни салық төлеушінің бұл табысынан мыналар алынып тасталынуы тиіс:

1) ҚР-ғы төлем көзінен бұрын салық салынған, ҚР-ң резидент-заңды тұлғасынан алынған дивидендтер;

2) эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі,

3) қор биржасының ‘A’және ‘B’ ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен алынатын табыс;

4) мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек ретінде алынған және мақсатты түрде пайдаланған мүліктің түрі;

6) мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құрал-жабдықтардың құны;

7) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.

Бейрезиденттердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер б/ша салық салынуға тиіс:

1) дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлық ақылары- 10%;

3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары б/ша төленетін сақтық сыйлық ақылары-5%;

4) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар-5%;

5) жоғарыда 1-4 тармақшаларда көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстары –20%;

Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.

Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұмдама б/ша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.


6 тақырып. Корпоративтік салықтық жоспарлау

1. Корпоративтік салықтық жоспарлаудың мазмұны және түрлері

2. Салық төлемдерін төмендету механизміне салыстырмалы сипаттама

1с. Бизнсетің сапалық және сандық параметрлерінің өсуіне қарай ол ақпараттардың күн сайын үдеп келе жатқан ағымын өңдеу үшін қаржы және салық қатынастарын басқарудың құрылымдалған нысанына мұқтаж күрделі организмге айналды. Корпоративтік салықтық жоспарлау салық міндеттемелерін оңтайландыруда бизнестің пайдалылығына тікелей үлес қосады.

Корпоративтік салықтық жоспарлауды қаржы менеджментінің негізгі функцияларының бірі ретінде қарастыруға болады. Сонымен, түрлі шығындар (қаржылық, материалдық, еңбек және т.б.) қандай бизнес болмасын оның бастапқы негізі, ал коммерциялық кәсіпорынның негізгі мақсаты олардың өтімділігі және табыс табу болып табылады. Тек болжамды табыс пен өтімділік мерзімі кәсіпкерлікте қандай да бір мақсатқа сай шығын шегудің критерийі болып табылады.

Салықтық шығындар табыс табуға бағытталмаған, олар корпорация қаражатының бір бөлігін мемлекет пайдасына еріксіз алу болып табылады. Салықтар қайтарымсыз негізде алынады, яғни кәсіпорын бұл төлемдерден ешқандай қайтарым көрмейді.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы «корплрациялық салықтық жоспарлау» түсінігіне қызығушылықтың өсуін қамтамасыз етеді, яғни экономикалық және құқықтық көзқарас тұрғысынан салық сипатындағы төлемдердің көлемін жоспарлы және негіздемелі төмендету және корпорацияның салық ауырпталығын азайту.

Бүгінде корпорациялық салықтық жоспарлаудың принципиалдық екі тәсілін бөліп көрсетуге болады:



  • ел ішіндегі салықтық жоспарлау;

  • ұлттық аумақтар шекараларынан тыс салықтық жоспарлау (халықаралық салықтық жоспарлау).

Мұндай бөлудің негізінде салықтық орта және салықтық тәуекел жатыр.

Ұлттық шекара ішінде салықтық орта мен салықтық тәуекел барлық салық төлеушілер үшін шамамен біркелкі. Сондықтан шешім қабылдау алдында бизнесте бірінші кезекте экономикалық және саяси ой пікірлер басшылыққа алынады. Халықаралық салықтық жоспарлау кезінде, керісінше, экономикалық-саяси ой пікірлер бизнеске шешім қабылдау кезінде басты рол атқармайды. Халықаралық салықтық жоспарлау елдер арасындағы салық салудағы ерекшеліктерге негізделеді. Тәжірибеде заңды және жеке тұлғалар ішкі де сол сияқты халықаралық салықтық жоспарлау әдістерін бірдей көлемде қолдана алады.

Көптеген ғылыми әдебиет көздерінде салықтық жоспарлауды ұйымдардың салық төлемдерін азайтуға немесе оңтайландыруға бағытталған қызметі түсіндіріледі.

Экономикалық әдебиеттерде көбіне салықтық жоспарлау деп ұйымның бюджетке түсетін салық төлемдерін азайту мақсатымен қолданыстағы салық заңдылығындағы барлық нюанстарды максималды пайдалануға бағытталған нысаналы қызметі түсіндіріледі. Сонымен қатар салық төлеушінің бұл қызметі салық заңдарын бұзуға емес, керісінше, қолданыстағы барлық жеңілдіктер мен салық құқығының ерекшеліктерін өз пайдасына заңды түрде пайдалануға бағытталған.

Кәсіпорындағы салықтық жоспарлаудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:


  • кәсіпорынның әрбір салық бойынша және жалпы жоспарда жоспарлы кезеңдегі мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелерін анықтау;

  • өнімнің жоспарлы өзіндік құнын есептеу;

  • кәсіпорынның қаржы жоспарын дайындау;

  • жоспарлы кезеңде кәсіпорындағы (салық ауырпалығының) ауырлығын анықтау;

  • кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарын жасау.

Салықтық жоспарлау мақсаты тек қана салық төлемдерін азайту емес, сондай-ақ кәсіпорында жоспарлаудың жалпы ғылыми деңгейін көтеру, яғни өндіріс тиімділігін көтеру болып табылады.

Кәсіпорында салықтық жоспарлау стратегиялық және тактикалық (ағымдағы) болып бөлінеді.

Стратегиялық жоспарлау кәсіпорынды құру және тіркеу кезеңінде жүзеге асырылады және салық міндеттемелерін болашақта барынша азайтуға бағытталған. Бұл кезең өзіне шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысанын таңдауды, кәсіпкерлік қызметтің түрі мен пішінін (профиль), шаруашылық субъектісінің, оның бөлімшелері немесе еншілес ұйымдарының орналасқан орнын, олардың тіркелуін біріктіреді. «Салық шұраттары» (налоговый оазис) – оффшорлық аумақтарды, еркін экономикалық және сауда аймақтары мен «салық баспаналарын» пайдалану мүмкіндіктері талданады. Бұл кезеңде шешім тек салық салудың барынша жеңілдікті режимі ұстанамы тұрғысынан ғана емес, сол сияқты алынған табысты бір елден екіншісіне аударудың, салық несиесін алудың, екі жақты салық салудан қашудың барынша тиімді шарттары мен басқа да мүмкіндіктерді есепке ала отырып қабылданады. Бұл кезеңде сондай-ақ капиталды орналастыру, инвестициялық саясат, қаржыландыру стратегиясы да дайындалады.

Тактикалық салықтық жоспарлау салықтардың нақты түрлерінің мөлшерін оңтайландыру үшін заңда қарастырылған барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кезекті қаржы жылына немесе орташа кезеңдегі болашаққа оларды есептеуді ұйымдастыру процесі.

Микродеңгейде тактикалық жоспарлаудың негізгі бағыттары келесі суретте көрсетілген.

1-сурет – Микродеңгейде тактикалық жоспарлау бағыттары


Кәсіпорын қызметінің тәжірибесінде салық төлемдерін оңтайландырудың елеулі мүмкіндіктері есеп саясатын қалыптастыру кезінде ашылады. Есеп (бухгалтерлік және салықтық) кәсіпорында бекітілген есеп саясаты ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Есеп саясаты кәсіпорында есеп қалай жүргізілуі қажет екенін белгілейтін негізгі құжаттардың бірі болып табылады. Онда шешілуі үшін қолданыстағы заңдылықта бірнеше нұсқасы қарастырылатын мәселелер ғана бейнеленуі қажет.

Есеп саясатын дайындау барысында бухгалтер, онда бухгалтерлік, сол сияқты салықтық есепті жүргізудің әдістерін анықтауы қажет.

Салықтық есеп деп белгіленген тәртіпте топтастырылған бастапқы құжаттар мәліметтері негізінде белгілі бір салық бойынша салық базасын анықтау үшін ақпараттарды талдап қорыту жүйесі түсіндіріледі.

Салықтық есепті ұйымдастыру жүйесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:


  • салық және есеп қызметінің уәкілеттілігі мен жауапкершілігін бөлудің жалпы принциптерін анықтау;

  • ұйымның салықтық есебін жүргізу жүйесінде салықтық және есеп қызметінің іс-әрекетін бейнелейтін бірыңғай ішкіфирмалық құжаттар жүйесін құру.

Тіркелген активтер (негізгі құралдар мен МЕА) бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу Салық кодексінде қарастырылған амортизацияның шекті нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар салық төлеуші ағымдағы жылдағы залалды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін үш жылға дейінгі мерзімге ауыстыруға құқылы, бұл болашақтағы салық салынатын табыс мөлшерін азайтады.

Салықтық жоспарлау үшін бірінші кезекте жоспарлы салық салынатын базаны білу қажет, ал оны кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының болашақтағы жоспарынсыз анықтау мүмкін емес. Бұл жоспардың негізі (іргетасы) болып өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру жоспары, яғни өндірістік бағдарлама табылады. Салықтық жоспарлаудың объективтілігі мен дәлдігі көп жағдайда өндірістік бағдарламаның ғылыми негізділігіне байланысты. Бұл кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқа бөлімдері (өзіндік құн бойынша жоспар, күрделі салымдар бойынша жоспар, ғылыми-техникалық прогрес бойынша жоспар, еңбек және кадрлар бойынша жоспар және т.б.) өндірістік бағдарламаға тікелей тәуелді. Бұл салықтық жоспарлау жалпы жоспарлаудың құрамдас бөлігі екендігінің бір дәлелі болып табылады.

2с. Қазіргі уақытта салық төлемдерін азайтудың негізгі үш механизмін бөліп көрсетуге болады:



  • Tax evasion (салық төлеуден жалтару);

  • Tax avoidance (салықты орағытып өту);

  • Tax Planning (салықтық жоспарлау).

Бұл аталған үш механизм де салық төлеушілер тарапынан белсенді түрде қолданылады. Корпорациялық салықтық қолдану тәжірибесіне талдау жүргізу көрсеткендей, негізінен барлық әдістер, механизмдер, тәсілдер мен амалдар бір-бірімен тығыз байланыста, кешенді қолданылады, оларды «таза күйінде» қолдану бөлек операциялардың жекелеген мысалдарында немесе жекелеген жағдайларда ғана шектеулі көлемде ғана байқалады.

Tax evasion, немесе салықтан жалтару, бұл заңсыз, қылмыстық сипаттағы салықтық төлемдерді азайту тәсілі, яғни оны қолданған жағдайда қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. Корпоративтік салықтық жоспарлаудың осы механизмінің ерекше белгісі заңға қарсы келу, оны қасақана бұзу болып табылады. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін, аталған механизм әлі де жиі қолданылады. Бұл келесідей объективті себептермен туындайды:

  • салық ауыртпалығының жоғарылығы;

  • қылмыс жасаудағы жазасыздыққа сенімділік;

  • салық қызмет органдарындағы жемқорлық, сыбайластық;

  • салық жеңілдіктерінің болмауы немесе қысқаруы;

  • ірі кәсіпорындардағы статистикалық қателіктер мен қате есептеулер.

Сонымен қатар келесідей амалдар қолданылады:

  • салық салу объектілері жөнінде ақпаратты жасыру;

  • салық төлеуші ретінде тіркелуден бас тарту;

  • салық есебі мен есептемесі құжаттарын бұрмалау және т.б.

Tax avoidance, немесе салықты орағытып өту механизмін қолданған кезде, салық төлеуден жалтарудан ерекшелігі сол, салық төлеуден жалтарудан ерекшелігі сол, салық төлеудің қажеттілігі табылады, әйтсе де салықты төлемеудің немесе оны мүмкіндігінше аз көлемде төлеудің қандай болмасын заңды мүмкіндіктері іздестіріледі. Мұнда келесі амалдар енеді:

  • салық төлеу қажеттілігіне әкелетін мәмілелер жасаудан бас тарту;

  • табысты жеңілдіктер берілген нысандарда ғана қасақана және бағытталған формада алу;

  • салық төлеушінің елден салық резиденттігін өзгерту мақсатында шығуы.

Tax Planning немесе салықтық жоспарлау да өзінің міндеті ретінде салықтарды заңдытүрде оңтайландыру, әйтсе де бөлек мәмілелерге қатысты қолданылатын салықты орағытыпөтуден ерекшелігі сол, ақша қаражаттарының ағымы мен табысты ұлғайту кезінде салық сомасының азаюына әкелетін кәсіпорынға қатысты қолданылатын салық режиміне сәйкес, кәсіпорынның экономикалық іс-әрекетінің стратегиясы мен тактикасын жүзеге асыру, кәсіпкерлік құрылымын ұйымдастыру түсіндіріледі.

Американдық сот қазысы Лирнда Хэндтің сөзі: «... Салықты барынша аз төлеп, қызметін жүзеге асырғанның еш сөкеттігі жоқ. Бүгінде барлығы – кедей де, бай да солай жасайды, және барлығы да дұрыс істейді, себебі заңмен белгіленгеннен артық ешкім де төлемеу керек: салық ерікті қайыр көрсету емес, бекітілген төлем болып табылады».


7 тақырып. Салықтық бюджеттендіру және ұйымның салықтық бюджеті

1. Кәсіпорында салықтық бюджеттендіру түсінігі және қажеттігі.

2. Корпоративтік салықтық бюджетті қалыптастыру.

3. Корпоративтік салықтық бюджеттендірудің салықтарды, салықтық төлемдерді және салықтық қарыздарды бюджеттендірумен өзара байланысы.


1.Корпоративтік табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады:

1-нұсқа: есептік кезеңде тапсырылған салық деклорацияларының мәліметтер жиыны пайдаланылады.

Тб=Де*Ia/100%*Iб/100%*Cop

Мұнда:


Тб - корпоративтік табыс салығының болжамы

Де - есепті жылдағы салық салынатын табыс көлемі

Ia - ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі

Iб - жоспарлы жылғы тұтынушылық бағалар индексі

Сор - есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі

2-нұсқа: әрбір аймақтағы ірі салық төлеушілер бойы копорациялық табыс салығының есептелінген және төленген сомасы мен салық деклорациялар бойынша жылдық артық-ауыз нәтижесі және алым-салық қалдықтар сомалар әзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланылады.

Тб=Co*Iб/100%*Ik/100%*Cop

Тб - корпоративтік табыс салығының болжамдық сомасы

Со - ағымдағы жылғы салықтың күтілетін сомасы

Iб - жоспарлап отыратын тұтынушылық бағалар индексі

Ik – жоспарлап отыратын өндіріс көлемнің индексі

Сор -есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі

Дивидендтерден, сый берулерден резидент еместердің қызметін көрсету бойынша қазақстандық көздерден түсетін табыстарынан түсетін салықтарды болжау негізінде олардың ақырғы 2жыл бойы түсімдерін динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық парометрлерінің өзгерістер бойынша жоспарланады.

Шикізат секторы ұйымдары бойы заңды тұлғадан түсетін корпорациялық табыс салығының болжамы сол ұйымдар тізіміне кіретін әрбір салық төлеушілер бойынша бөлек есептеу арқылы анықталады. Олардың есептеу формулалары келесілер:



  1. Тө=(Oiө*Біө)+(Oэ*Бэ)+(Отмд*Бтмд)*Кт

Тө - өнім сатудан табыс, мың. тг

Оіө - ішкі нарықтағы өнім көлемі, мың тонна

Оэ - экспортқа сататын өнім көлемі, мың тонна

Отмд - ТМД елдеріне сататын өнім көлемі, мың тонна

Біө - ішкі нарықтағы өнімнің сату бағасы, доллор.1тонна

Бэ - экспортқа сататын өнімнің бағасы, доллор.1тонна

Бтмд - ТМД елдеріне сататын өнімнің бағасы, доллор.1 тонна

Кт - АҚШ доллорына қатысты теңгелердің курсы



  1. Cт=(Тнс+Тбс)-Ш

Cт - салық салатын табыс

Тнс -негізгі сатудан түскен табыс

Тбс -басқа да сатудан түскен табыс

Ш - шегерімдер

3. КТС=Ст*30/100%

КТС-корпорациялық табыс салығы

Ст - Салық салатын табыс

30% - корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі

Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжау үшін салық органдарына тапыратын салық деклорацияларының мөлшерлемелері пайдаланылады.

Оа=Cж/То*100%

Оа - салық алудың орташа пайызы

Сж - есепті жылдағы төлем көзінен салықтық жеке табыс сомасы

То - есепті жылдағы салық салатын табыстардың есептелген сомасы

Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Сж=Tk*I/100%*Oa/100%

Сж - төлем көзінен салынатын табыс салағының болжамы

Тк - ағымдағы жылда салық салатын табыстардың күтілетін сомасы

I - жоспарлап отыратын жылдағы тұтынушылық бағадар индексі

Оа -салық алудың орташа пайызы

Адвокадтар мен жеке нотариаттардың табыстары бойынша жеке табыс салық сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Сжт=Tk*I/100%*Oc/100%

Cжт - төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығының болжамдық сомасы

I - жоспарлап отырған жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі

Тк -ағымдағы жылда күтілетін салық салынатын табыс сомасы

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын болжау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалдарды өндіріс активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәмілелер пайдаланылады.

См=(Қнқ*K/100%)*Cс/100%

Cм - мүлік салығының болжамдық сомасы

Қнқ - салық салынатын негізгі құралдар мен материалды емес активтердің орташа жылдық құны

Сс - салық мөлшерлемесі

Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығында және кәсіпкерлік іс-әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндігі уәкілетті органдардың мәліметтер негізінде анықталады.

См=Қнқ*Cc/100%

Cм - мүлік салығының болжамды сомасы

Қнқ -әрбір жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша уәкілетті орган тағайындайтын салық салынатын мүлік құны

Сс - салық мөлшерлемесі

Көлік құралдары салығының болжамы, көлік құралдарының двигатель көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына байланысты түрлері және топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі.

Ск=Kc*AEK*Cc*K/100%

Ск - көлік құралдары салығының болжамдық сомасы

АЕК -жоспорлап отырған жылға айлық есептік көрсеткіш

Сс - салық мөлшерлемесі

К- пайдалану мерзіміне байланысты түзету коэффиценті

Әлеуметтік салық мөлшерлемесін болжау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық деклорацияларының мәліметтерін пайдаланады.

Со=Ән/Tн*100%

Со - салықтың орташа мөлшерлемесі

Ән -әлеуметтік салықтың есепті жылда түсетін нақты сомасы

Тн - есепті жылдағы салық салатын табыс көлемі

Әж=Ta*Iб/100%*Со/100%

Әж -әлеуметтік салықтың болжамдық сомасы

Та -ағымдағы жыл бойынша салық салатын табыстың сомасы

Тб -жоспарлы жылдағы тұтынушылық бағалар индексі

Со -әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі

Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық сомасын келесі формула арқылы анықталады:

Жж=Аж*Со*К

Жж -жер салығының болжамдық сомасы

Аж - жер учаскесінің алқабы

Со -әрбір жер категория бойынша орташа базалық мөлшерлеме

К-заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалатын коэффицент

Орманда пайдаланғаны үшін төлемақы болжамдық сомасы уәкілетті органдардың орман шаруашылығы бойынша дайындаған мәліметтер негізінде келесі формула арқылы есептеледі:

Та=OK*Co


Та -орманды пайдаланғаны үшін болжамдық төлемақы

ОК -ағаш дайындау мен басқа да орман пайдалану түрлерінің көлемі

Со -бекітілген орташа мөлшерлеме
Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы

Су русурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізгі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арналған су пайдалану түрлуріне байланысты.Үкімет тағайындаған мөлшерлерді қолдану арқылы келесі формуламен есептелінеді:

Тс=Cп*С

Тс - су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы



Сп - алынған пайдадан су көлемі

С - төлемақы мөлшерлемесі

8 тақырып. Кәсіпорындағы ішкі және сыртқы салықтық жоспарлау


1. Ішкі салықтық жоспарлау: жалпы және арнаулы әдістер.

2. Кәсіпорындағы сыртқы салықтық жоспарлау: қажеттілігі мен әдістері.

3. Салықтарды минимизациялау мақсатында жіктеу.


1с. Ішкі салықтық жоспарлауға географиялық (бір мемлекеттің шегінде, сол сияқты одан тысқары жерде де) айырмашылықтарын пайдаланумен байланыссыз барлық әдістерді жатқызуға болады. Оның негізгісі болып табылатын теориялық базисіне тоқталайық. Салықтық жоспарлаудың негізгі тәсілдерінің келесі жіктемесі төмендегідей:

1. Экономикалық-құқықтық. Оларға жататындар: қызмет түрлерін таңдау, қызметтің кейбір түрлері салықтың кейбір түрлері бойынша елеулі жеңілдіктерге ие.

2. Ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау. Негізінен қатысушыларға дивиденд төлеу немесе басқа да төлемдер бөлігінде маңызы зор.

3. Негізгі операцияларды таңдау және негізгі келісім шарттарды дайындау мен оларды құқықтық рәсімдеу. Көп жағдайда салықтық төлемдердің көлемі шарттың таңдалған түріне (олардың азаматтық-құқықтық рәсімделуіне) айтарлықтай байланысты.

9 тақырып. Салықтық оңтайландыру және компаниядағы салықтық оңтайландыру принциптері


1. Салықтық оңтайландырудың тиімділігі.

2. Компанияда салық салуды оңтайландыру принциптері.



Салықтық түсімдерді бағалау және болжау (жоспарлау) үшін салықтық база, бюджет жүйесіне түсімдер туралы берілгендерді жан – жақты және көп факторлы талдауды, сонымен қатар әлеуметтік – экономикалық тенденциялардың дамуына талдау жасайды.

Салық тәжірибесінде салықтық түсімдерді болжаудың әр түрлі әдістерімен қолданылады:



  • салықтық түсімдердің детерменистік болжауы;

  • салықтық түсімдердің динамикасы негізінде олардың уақытша көрсеткіштерінің болжауы;

  • бір неше өзгермелі көрсеткіштер моделімен қолдану арқылы болжау.

Тәжірибеде салықтық түсімдердің детерменистік болжауы жиі тұрде салықтық түсімдердің шартты әдіс болжауымен және «салықтық калькулятор» әдіс арқылы іске асырылады.

Шартты әдіс ірі түсімдердің болжамды көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады және салық салу база бойынша салықтық түсімдердің өзгеруін бағалауда негізделінеді. Болжаудың шартты әдісінің екі типі бар:



  • Салықтық түсімдерді болжаудың статистикалық әдісі;

  • Салықтық түсімдерді болжаудың динамикалық әдісі.

Салықтық түсімдерді болжаудың статистикалық әдісі салықтық базаға, әсіресе салықтың құрылымына тікелей факторлардың әсер етуін есепке алуға бағытталған.

«Салықтық калькулятор» әдісі корпоративтік табыс салығын және пайдаға салықты модельдеуде көп қолданылады. «Салықтық калькуляторды» құру кезінде қарапайым салық төлеуші моделі мен іріктелген моделі қолданылады. Бұл модель әр бір салық төлеушіге салық заңдылығы өзгеруінің ықпалын талдауға мүмкіншілік береді.

Салықтық түсімдерді нақты болжау – салық органдарының тиімді жұмыс істеуінің манызды шарты. Салық комитеті қызметкерлері ағымдағы болжаумен және қараныстағы аумақтық салық комитеттері үшін айлық тапсырмаларды қалыптастырумен жиі айналысады. Ай аяғына көрсеткіштерді болжаудың негізі болып өткен айда қалыптасқан көрсеткіштер табылады. Салықтық мүмкіншілікті бағалау мен болжау бюджет жүйесінің әр бір деңгейіне салықтық түсімдерді жоспарлау процессін жетілдіруге, салықтық мүмкіншілік пен аумақтың салықтық белсенділігін анықтау мен салыстыруға мүмкіндік береді.

10 тақырып. Шаруашылық субъектілердің салық ауыртпалығын жоспарлау құралдары



1. Салық ауыртпалығы және кәсіпорында салықтық жоспарлау бойынша шараларды дифференциациялау.

2. Кәсіпорындарда салық ауыртпалығының көлемін бағалау және талдау.

3. Кәсіпорында салық ауыртпалығын анықтау әдістемесі.


Салық әкімшілігінің манызды қызметі болып салықтық жоспарлау табылады. Салықтық жоспарлау қаржы – бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Оның негізгі мақсаты болып бюджеттік қажеттілікті қамтамасыз ету (салық төлеушілерден қаржылық ресурстарды өндіріп алу көлемін анықтау арқылы) және салықтық реттеу мен салықтық бақылауды оңтайландыру табылады.

Салықтық жоспарлаудың негізгі тасырмасы болып бюджет жүйесінің кіріс бөлігін қалыптастыру бойынша қойылған тапсырмалардың сапалық және саналық параметрлерің қамтамасызету.

Салықтық жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:


  • Стратегиялық жоспарлау

  • Ағымдағы жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз болжау, негізгі мақсаты болып салықтық потенциалды болжау мен бағалау және бюджеттің барлық деңгейіне салық түсімдерін болжау табылады.

Салықтық әкімшілікте ағымдағы жоспарлау неғұрлым нақты тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Әсіресе:



  • салықтыр мен алымдардың түрлері бойынша салықтық базаны анықтау;

  • кірістердің көлемін есептеі және әр бір салық бойынша жиналуын анықтау;

  • әр бір салық бойынша салықтық берешектің жағдайын анықтау және тағы да басқалары.

Салықтық жоспарлауда әр түрлі әдістер қолданылуда. Олар мына факторлардан тәуелді болады:

  • Салықтық түсімдердің деңгейі;

  • Салықтық түсімдердің көлеміндегі маусымдық өзгерістер;

  • Салықтық түсімдердің әр түрлі оқиғалардан тәуелділігі (саяси жағдайдағы өзгерістер, салық кодексінің өзгеруі және тағы да басқалары).

Салықтық жоспарлаудың тәжірибесінде келесі нысандар кен тараған:

  • Тренд немесе экстрополяция әдісі

  • Эксперттік әдіс

Тренд немесе экстрополяция әдісі - анықталған өткен кезенде салық түсімдердің хабары негізінде іске асырылады.

Эксперттік әдіс – салықтарды болжау негізінде жүзеге асырылады.

11 тақырып. Ұйымның есеп саясаты және салықтық жоспарлау



1. Компанияның тиімді есеп саясатын жасаудың мақсаты мен міндеттері.

2. Есеп саясатының салық салу мен компанияның қаржылық жағдайымен өзара байланысы.

3. Салықтық оңтайландыру мақсатындағы есеп саясатының көрсеткіштері.


Кәсіпорын қызметінің тәжірибесінде салық төлемдерін оңтайландырудың елеулі мүмкіндіктері есеп саясатын қалыптастыру кезінде ашылады. Есеп (бухгалтерлік және салықтық) кәсіпорында бекітілген есеп саясаты ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Есеп саясаты кәсіпорында есеп қалай жүргізілуі қажет екенін белгілейтін негізгі құжаттардың бірі болып табылады. Онда шешілуі үшін қолданыстағы заңдылықта бірнеше нұсқасы қарастырылатын мәселелер ғана бейнеленуі қажет.

Есеп саясатын дайындау барысында бухгалтер, онда бухгалтерлік, сол сияқты салықтық есепті жүргізудің әдістерін анықтауы қажет.

Салықтық есеп деп белгіленген тәртіпте топтастырылған бастапқы құжаттар мәліметтері негізінде белгілі бір салық бойынша салық базасын анықтау үшін ақпараттарды талдап қорыту жүйесі түсіндіріледі.

Салықтық есепті ұйымдастыру жүйесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:


  • салық және есеп қызметінің уәкілеттілігі мен жауапкершілігін бөлудің жалпы принциптерін анықтау;

  • ұйымның салықтық есебін жүргізу жүйесінде салықтық және есеп қызметінің іс-әрекетін бейнелейтін бірыңғай ішкіфирмалық құжаттар жүйесін құру.

Тіркелген активтер (негізгі құралдар мен МЕА) бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу Салық кодексінде қарастырылған амортизацияның шекті нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар салық төлеуші ағымдағы жылдағы залалды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін үш жылға дейінгі мерзімге ауыстыруға құқылы, бұл болашақтағы салық салынатын табыс мөлшерін азайтады.

Салықтық жоспарлау үшін бірінші кезекте жоспарлы салық салынатын базаны білу қажет, ал оны кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының болашақтағы жоспарынсыз анықтау мүмкін емес. Бұл жоспардың негізі (іргетасы) болып өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру жоспары, яғни өндірістік бағдарлама табылады. Салықтық жоспарлаудың объективтілігі мен дәлдігі көп жағдайда өндірістік бағдарламаның ғылыми негізділігіне байланысты. Бұл кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқа бөлімдері (өзіндік құн бойынша жоспар, күрделі салымдар бойынша жоспар, ғылыми-техникалық прогрес бойынша жоспар, еңбек және кадрлар бойынша жоспар және т.б.) өндірістік бағдарламаға тікелей тәуелді. Бұл салықтық жоспарлау жалпы жоспарлаудың құрамдас бөлігі екендігінің бір дәлелі болып табылады.

12 тақырып. Халықаралық салықтық жоспарлау.

1. Салықтар және халықаралық сауда.

2. Халықаралық салық салу механизмін дайындау кезіндегі амалдар.

3. Мемлекеттің салықтық құқығын қорғау ережесі.

1с. Кейбір экономикалық дамыған елдерде (мысалы, АҚШ-да, Германияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда корпорациялардың пайдаға салынатын салық кей жағдайларда 40-50 % жетуі мүмкін). Жоғары салық ауыртпалығы салық төлеушілерді салықты үнемдеудің қандай да бір механизмдерін іздеуге итермелейді. Салық төлемдерінің мөлшерін төмендетудің негізгі тәсілдердің бірі әлемнің дамыған елдерінде салық салудың түрлі деңгейін пайдалану болып табылады.

Қандай елде болмасын ұлттық салық заңдылығының өзіндік ерекшелігіне қарай айтарлықтай қолайлы болатын салық салу режимі, қызмет түрі болады. Ал кейбір мемлекеттер барлық мемлекеттің саясатын шет елдің фирмаларына салық салудың барынша жұмсақ режимін немесе оларға үлкен көлемде салық жеңілдіктерін бере отырып, өзінің салық юрисдикциясына тартуға бағыттаған. Салық баспанасы немесе салық айлағы деп аталатын елдерге шетелдік қомпаниялар өз капиталдарын аударуды және сонда өзінің қаржылық қызметін жүзеге асырады.

Салық баспанасынан салық айлағын ажырата білу керек. Салық айлағы – салық салудың жеңілдікті тәртібі (тұрақты немесе уақытша) әрекет ететін бір мемлекеттің шегіндегі аумақ. Салық айлақтарына порттар, экономикалық аймақтар, еркін кәсіпкерлік аймағы және т.б. кіреді. Бұл аймақтарда шетелдік инвестициялар мен кәсіпкерлік қызметті тартуды ынталандыратын салық салудың ерекше режимі әрекет етеді.

А. Козырин “салық баспанасы” мен “салық айлағы” ұғымдарын терминологиялық бөлуді тиімді деп санайды, себебі жеңілдікті салық режимін қалыптастырудың құқықтық көздерінің түрлілігін көрсету қажет: салық баспанасы жағдайында халықаралық немесе шетелдік құқық; салық айлағы жағдайында – ұлттық құқық. А. Козырин барлық офшорлық мемлекеттерді екі топқа бөледі. Біріншісіне, оның пікірінше, жеңілдікті салық салу арқылы шетел капиталынтарту саясатын белсенді жүргізетін дамушы бірқатар елдерді жатқызуға болады. Екінші тобына кіретін елдерде табыстың кейбір түрлеріне қатысты туындайтын салық салудың салыстырмалы жеңілдігімен сипатталады және ішкі заңдылықтардың ерекшеліктерімен шарттастырылған.

Салық баспаналары ішінде шетел капиталын тарту мақсатында салықты болмашы мөлшерде алатын немесе оларды алудан мүлдем бас тартатын негізінен өнеркәсіптік дамудың төмен деңгейі тән, бірқатар елдер ерекшеленеді. Бұл елдердің өздерінің әл-ауқатын түгелімен офшорлық режимді ұсынуға және офшорлық мәмілелерге қызмет көрсетуге құрылған. Олардың көпшілігі аралдарда орналасқан (Багам, Кайман, Бермуд аралдары және т.б.), сөйтіп бұл құбылыстың атының пайда болуына негіз болған (off-shore – ағылшын тілінен аударғанда – жағалаудан тыс, шекарадан аулақ).

“Офшор” термині XX ғасырдың 50-жылдары АҚШ-ның шығыс жағалауындағы газеттердің бірінде алғаш жарияланған. Онда географиялық талғамалық жолымен үкіметтік бақылаудан қашқан қаржы ұйымы жөнінде айтылған. Басқаша айтқанда, компания АҚШ үкіметі бақылауға және реттеуге алмақшы болған қызметін салық климаты қолайлы аумаққа аударған. Сондықтан А. Троценко мен Е. Карманованың пікірінше, “офшор” термині – бұл құқықтық ұғым емес, экономика-географиялық ұғым.

2с. Офшорлық юрисдикциялардың қызмет етуінің негізгі шарты болып кәсіпорын офшорлық аймақта тіркеліп, аталған аумақта шаруашылық қызмет атқармаса және жергілікті ресурстарды пайдаланбайтын болса, салықтарды жеңілдікті ставка бойынша төлеуге құқық алады. Сәйкесінше, офшорлық механизмді пайдалануың мәні салық салудың жоғары деңгейлі юрисдикциясынан салық салудың төмен деңгейлі юрисдикциясына объектілерін құқықтық аударуды білдіреді.

Офшорлық механизмдерді қолдану және капиталды ұлттық салық салудан қорғау үшін құқықтық алғышарттар болып мемлекеттің салықтық егемендігінің аумақтық шектеулілігі табылады. Салық баспанасы болып табылатын елдердің заңдылығы бойынша компанияны тіркеу кезінде салық салудың дербес субъектісі (офшорлық компания деп аталатын) пайда болады; сәйкесінше салық баспанасының резиденті ретінде онда пайда болған барлық пайда немесе табыстар “жеңілдікті” салық шарттарында салық салуға жатады. Субъектіні офшорлық аймақта тіркеу арқылы салық салуды басқа елге құқықтық көшіру және офшорлық компания құрылтайшысы елдің бақылауынан кетуін білдіреді. Офшорлық компанияны құруды халықаралық және ұлттық құқықтың рұқсат етілген жалғандығы деп атауға болады.

Елді офшорлық аймаққа айналдырудың келесі әдістері бар:



  1. салықтарды толық алып тастау;

  2. тіркелген жылдық салық төлемін белгілеу;

  3. төменгі салық ставкасын белгілеу;

  4. салықтардың жоқ кезінде компанияны тіркегені үшін тіркелген төлемақыны белгілеу;

  5. салықтардың жоқ кезінде басқа да айрықша шарттарын енгізу (мысалы, банк шотын ашу үшін төлемақы) және басқа.

Салық баспаналарына басқа да талаптар қойылды, бірінші кезекте банктік және коммерциялық құпияны сақтау. Басқа елдермен ақпараттарды ұсыну туралы келісімшарттардың болмауы маңызды, валюталық бақылау, саяси тұрақтылық, кәсіпкерліктің қауіпсіздігі мен тиімділігінің кепілдігіне біршама босаңдау.

Офшорлық аймақтардың шетелдік инвесторларды тартатын келесі ерекшеліктері:



  • пайдаға салынатын салықтың мүлем болмауы немесе өте аз мөлшерде, табысты әкетуге салынатын салықтың болмауы;тіркеу процедурасы мүмкіндігінше оңайлатылған;

  • валютаны әкелу және әкетуді шектеудің жоқтығы;

  • фирманы басқару процедурасы шекті жеңілдетілген және көбінесе шартты түрде;

  • салық және кеден заңдылығын бұзу қылмыс болып саналмайды.

Офшорлық аймақтардың қызмет етуінің маңызды шарты олардың саяси тұрақтылық болып табылады. Бірқатар африкандық мемлекеттердің, бұрынғы КСРО елдерінің, Пакистанның, Ливанның және т.б. аумағындасалық баспаналары мен салық айлақтары бар, әйтсе де тұрақты ішкіұлттық және ішкісаяси тартыстар, кей жағдайларда әскери әрекеттердің ашылып тұруы бұл аймақтардың дамуына және әрекет етуіне мүмкіндік бермейді.

3с. Салық жеңілдіктерін беру арқылы офшорлық аумақтар қаржы капиталын тартады және оны пайдалану арқылы салыстырмалы экономикалық өсуге қол жеткізеді. Мұнай саясат табиғи ресурстары жоқ немесе елеусіз ғана мөлшердегі экономикалық әлеуеті баршағын мемлекеттердің өмір сүруінің лайықты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Офшорлардың қарқынды дамуына ұлтаралық корпорациялардың пайда болуы ықпал етті. Өздерінің өндірістік және өткізу филиалдарының халықаралық желілеріне сүйеніп, пайданы салық деңгейі төмен елдерге аудару мүмкіндіктеріне ие болды. Шетелдік филиалдар мен еншілес фирмалар жүйесін құру және олардың негізінде ірі фирмаішілік операциялар жүргізу офшорлық қызметтің мүмкіндіктерін пайдалану үшін кең перспективалар ашты.

Ресей экономисі А. Горбунов қызметіне қарай офшорлық компаниялардың келесі стандартты тұрпаттарын (типтері) бөліп көрсеткен:



Холдингтік тұрпаттағы компаниялар:

  • оперативтік-холдингтік компаниялар;

  • инвестициялық компаниялар;

  • жылжымайтын мүлікке иелік ететін компаниялар;

  • кемелерге иелік ететін компаниялар;

  • интелектуалдық меншік объектілеріне иелік ететін компаниялар.

Сауда-делдалдық фирмалар:

  • экспорттық-импорттық фирмалар;

  • сатып алу және дистрибюторлық фирмалар.

Дистрибюторлық фирмалар - өнімді өндіруші кәсіпорындардан көтере сатып алып, кәсіпорынға өткізуші тәуелсіз делдал фирма.

Қаржы саласындағы компаниялар:

  • офшорлық банктер;

  • қаржы делдалдық компаниялар;

  • сақтандыру компаниялары.

4с. Офшорлық механизмдерді кең көлемде қолданудан өндірісі дамыған елдер миллиардтаған салық түсімдерінен айырады. Нәтижесінде, барлық осы қаражаттар офшорлық орталықтарда шоғырландырады, сонан соң «отанына» оралады, әйтсе де енді олар салықтық және басқа да жеңілдіктерді ала отырып, «шетелдік инвестиция» ретінде қайтады. Қазына бұл жағдайда екі рет ұтылады: алдымен ұлттық табыс шетелге салық төленбей әкетілсе («салықтық шайылу»), сонан соң қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер алуды талап етеотырып қайтады.

«Салықтық еліктірудің» салдарын бастарынан кешіріп отырған өндірісі дамыған мемлекеттер капитал мен салықтардың жылыстауымен саяси, құқықтық және экономикалық әдістермен күресуде. Мысалы, халықаралық офшорлық аймақтарда құрылған фирмалар үшін «қолайсыз» бедел жасау. Мұндай фирмалар кеден жеңілдігіне, арзан несиелерге немесе басқа да мемлекеттік қолдауға ие бола алмайды. Кей жағдайларда олар үшін инвестицияның заңдылығын арнайы растауын талап етіледі.

Сонымен қатар, ұлттық салық заңдылықтарында капиталдың «резиденттілігі» принципі белгіленеді, оған сәйкес мемлекет өзінің салықтық юрисдикциясының ел шекарасының аумағынан тыс жерлерге таралуын жүзеге асырады. Капиталдың қозғалысымен байланысты лицензиялау, капиталды шетке шығаруға салықтар енгізіледі және т.б. мемлекеттер аумағында өздерінің салық айлақтары мен орталықтары (Нью-Йорктегі офшорлық банктік аймақ, Лондондағы, Париждегі, Майндағы Франкфурттегі, Монреалдегі офшорлық аймақтар) және т.б. құрылады.

Жалпы пікірлер бойынша АҚШ-тағы ең жоғары салықтар Нью-Йоркте. Нәтижесінде көптеген орташа және ірі корпорациялар өздерінің кеңселерін көрші штаттарға көшіре бастаған. Өте жоғары салық ауыртпалығы едәуір көлемде баға белгілеуге әсер етеді; сондықтан Нью-Йорк тұрғындары сауда жасауға көрші штат Нью-Джерсиге баруды дағдыға айналдырған. Ақшаның көрші штатқа ағуын тоқтату және жергілікті сауда инфрақұрылымын қолдау мақсатында Нью-Йорк губернаторы эксперимент ретінде «салықсыз күнді» енгізді. Әрбір осындай күннен қала қазынасы 21 млн. Долларды жоғалтады екен.

5с. Жалпыға танымал «салық ұжмағы» болып Антиль аралдары табылады. Бұл офшорлық аймақта мүлдем салықтар қолданылмайды, ал құрылтайшы жөніндегі мәлімет және офшорлық компаниялар туралы ілеспе мәліметтер толығымен құпия. Қызметтің аталған түрінен түскен түсім есебінен бюджеттің ¼ қалыптасады, жұмыс істейтін халықтың 7% офшорлық компаниялар қызмет көрсетуге тартылған.

Сақтандыру бизнесінің әлемдік орталығы болып Бермуд аралдары табылады. Сақтандыру төлемдеріне жеңілдікті салық салу аралдарға мыңнан астам сақтандыру және инвестициялық компанияларды тартты.



Офшорлық аймақтар жер шарының бірнеше нүктесіне шоғырланған.

Кариб бассейні:

  • Багам аралдары (табыс салығы, корпорацияларға салық салу, тауарларды сатуға салынатын салықтар, мұраға беру және сыйға тартуға салынатын салықтар жоқ, жыл сайынғы 100 АҚШ доллары болатын 396 банк тіркелген);

  • Вергин аралдары (жыл сайынғы алым 300 АҚШ доллары);

  • Кайман аралдары(коммерциялық құпияны қатаң сақтау, құрылтайшылар жөнінде құпияны сақтау, салықтар мүлдем жоқтың қасы, 56 банк тіркелген).

Офшорлық аймақ статусын, сондай-ақ Барбадос және Гренадада иеленген.

Жерорта теңізі бассейні:

  • Андорра (корпорацияларға салық салынбайды, табыс салығы мен табыс көздеріне салық салынбайды);

  • Гибралтар (табыс салығы 2%, жыл сайынғы алым 225 фунт стерлинг, мәміледен алынатын салық 0,25%, аймақ кеме иелері мен жылжымайтын мүлік иелері, инвестициялық холдинг және сауда-делдалдық операцияларға барынша қолайлы);

  • Монако (жеке тұлғаларға салық салынбайды, шетелдік фирмалар үшін пайдаға салынатын салық 8% белгіленген);

  • Кипр (гректер жағындағы аралдарда шетелдіктерден салық 5%);

  • Италяндық анклав Сан-Марино (салық 23%).

Анклав – аумағын басқа мемлекеттердің аумағы жан-жағынан қоршап тұрған мемлекет не соның бір бөлігі.

Еуропалық офшорлық аймақтар:

- Швейцария (ел саяси тұрғыдан тұрақты, капитал қозғалысының халықаралық орталығы, көптеген салық айлақтары, мысалы, Цуг қаласы, пайдаға салынатын салық 9,8% құрайды);

- Люксембург (холдингтік компаниялардың қызметіне салық салынбайды, ҚҚС жоқ, банк ісінің халықаралық орталығы);

- Лихтенштейн (делдалдық фирмалар құрылады, банк құпиясы қатаң сақталады, капиталға салынатын салық жылына 0,1%);

- Ла-Манш бұғазының аралдары – Гернси және Джерси (ішкі мәмілелер мен операциялардан 20 пайыздық салық алынады, «офшорлық» мәмілелер үшін жыл сайынғы алым 500 фунт стерлинг);

- Мэн аралы (табыс салығы жоқ, мәмілелерге салынатын салық 0,25%, әлемнің ірі сақтандыру компанияларына арналған);

- Сан-Марино (компаниялардың сомалық салық ауыртпалығы 23% артпайды);

- Ирландия.

Араб офшорлық аймақтары:

- Ливан

- Біріккен Араб Әмірлігі (салықтар жоқ, Таяу шығыстағы компаниялық мәмілелерді жүзеге асыру үшін база, қаржы орталығы);

- Бахрейн.

Африкалық офшорлық аймақтар:

- Сейшель аралдары (шетелдік салымшыларға салық салынбайды);

- Либерия.

Азия-Тынық мұхит аймағының офшорлық аймақтары:

- Аомынь (Португалияның Қытайдағы иелігі).

- Сянган (бұрынғы Гонконг, 250 банк, 50 мың фабрика мен зауыттар жинақталған, ішкі мәмілелер мен операциялардан 15 пайыздық салық алынбайды, шетелдік мүлікке салық салынбайды);

- Сингапур

- Малайзия

Филиппиндер

13 тақырып. Халықаралық салықтық келісімдер және олардың халықаралық салықтық жоспарлаудағы ролі

1. Салық салу аясындығы халықаралық ынтымақтастық мақсаттары

2. Халықаралық келісімшарт түрлері

3. Халықаралық қосарлы салық салу

1с. Түрлі елдердің өзара экономикалық қатынасы кезінде олардағы салық жүйелері арасында бірқатар ерекшеліктердің бар екендігі анықталды. Екі жақ арасында оңтайлы ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін әрбір елдің салық жүйесін құруда халықаралық қатынастарда ұқсастықпен өзара түсіністікті анықтау қажет.

Халықаралық салықтық қатынастар - бұл салық заңдылығын қолдану аясынан өзара реттеуге байланысты елдер арасындағы қатынастар.

Көптеген елдерде шет мемлекеттерде жұмыс істейтін резиденттер мен аталған елде жұмыс жасайтын шетел тұлғалары үшін салық режимін реттейтін салық ережелері бар. Түрлі елдерде салық жүйесі біркелкі болмағанына қарамастан олардың арасындағы ұқсастық пен өзара байланыс болуы қажет.

Салық төлеушімен алынатын барлық табыс түрлері осы елмен құқықтық байланыс салдарынан салық салуға жататын ел салық салуға мүмкін, мұнан басқа салық төлеуші табыс салуды қамтамасыз етіп отыратын елдің басқару шығындарына қатысуы қажет. Сондай-ақ бұл аумақта қосарлы салық салуға мүмкіндік пайда болды.

Салық аясында халықаралық ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - қосарлы салық салу мен салық төлеушілерді кемсітушілікті жою. Мұнан басқа келесідей мақсаттар маңызды болып табылады:

* Салық жүйелері мен салық саясатын үйлестіру

* Фискалды саясат пен салық заңдылығын сәйкестендіру

* Қосарлы салық салу мәселелерін шешу

* Салық салудан жоғалтуды болдырмау немесе алдын алу

* Салық төлеуші резиденттерді кемсітуді болдырмау

* Инвестициялық қызметке салық салуды үйлестіру.

Халықаралық экономикалық интеграция(бірігу) ұлттық салықтық құқықпен салық саясатын үйлестіру қарқынын арттырады.

Үйлестіру – бұл түрлі елдердің салық жүйелерін сәйкестендіру мен өзара сай келуіне әкелу процесі.

Еуропа экономикалық қауымдастығы мүшелерінің (Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Испания, т.б.) салық заңдылықтарын сәйкестендіру туралы ереже 1957ж. Рим шартымен айқындалған. Біркелкі нарықта қалыптастыру процесінде бұл елдер бастапқы фискалдық саясатты (кедендік одақ шегінде) сәйкестендіруге бағытталды. Содан соң қосарлы салық салу проблемаларын шешуге салық салудан жалтарудың алдын алу және салықтық кемсітушілік бойынша шарттарды жоюға көшті.

Еуропалық Одаққа мүше елдердің салық заңдалықтарын ұйғару барысында жанама салықтарды алуды міндетті әрі біртіндеп үйлестіру жүргізілді. Кейбір акциздердің(шай, тұз, кант) мүлдем күшін жойды. Басқа да жанама салықтар бірыңғай ставкада алына бастады. Жалпы салықтық саясатқа біртіндеп өтуден бірыңғай салық режимі бар аумақты құру идеясы туындады. 2003жылдың аясында Еуроодақ корпоративтік салық салуды үлестіру жөніндегі жұмыстарды жүргізе бастады. Ал 2005жылы Еуроодақ аумағында Еуроодақтың басқа елдерінде алынатын өз азаматтарының табысы жөнінде одақтағы әрбір елдің салық органдарының хабардарлығын қарастыратын инвестициялар жөніндегі бағыттама әрекет ете бастады. Еуроодақта бірыңғай Еуропалық табыс салығы енгізілді.


2с. Қандай елде болмасын халықаралық құқық нормаларын жқзеге асыру нысандары болып табылатын салық салу мәселелері бойынша тиісті келісімдер мен шарттар табылды. Халықаралық салықтық заңдылық жүйелерінде елдер арасында жасалған барлық келісім шарттарды бірнеше түрлерге бөлді:


Халықаралық шарт түрлері





1-сурет. Халықаралық келісімшарт түрлері.

Әрбір елде салық салу аясындағы қатынастар ұлттық заңдылық нормаларымен және халықаралық құқық нормаларымен реттеледі. Ұлттық құқықтық жүйелер, мемлекет ішіндегі заңдар немесе халықаралық келісімдер қайсысының құқықтық күшінің басымдылығына қарай ерекшленеді. Салықтық келісімдерге ұлттық заңдылықтардың ықпалын анықтау үшін аталған елде халықаралық шарттардың құқықтық мәртебесін білу маңызды. Егер келісімдер ұлттық заңдылықта инкорпорацияланған жағдайда онымен күші тең болатын болса, бірқатар қиындықтар тудырады. Мұндай мәселелерді шешуге мемлекет 2 принципті ұстанады:

1. Аталған принциптердің ішінде көп жағдайда халықаралық шартқа біріктірілетіндердің заңдарын бұрын қабылданған мемлекетішілік заңдарды ығыстырады.

2. Осы принципке сәйкес бірінші кезекте жалпы нормалар емес арнайы нормалар әрекет етеді. Бұл ереже халықаралық салықтық келісімдердің тәртібін жоятын ұлттық заң шыққанға дейін қолданылады.

Қазақстанда мемлекетішілік заңдар емес халықаралық келісімдердің маңызы зор. Салық кодексінде: «Егер Қазақстан республикасының халықаралық шарттарында осы кодексте немесе оған қатысты салықтар жөніндегі басқада нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқадай ережелер мен нормалар көрсетілген жағдайда Қазақстан республикасының халықаралық шарттарындағы ережелер нормалар қолданылады.

Салық заңдылығы жүйесіндесалық салу бойынша халықаралық келісімдерді 4 топқа бөлуге болады:

1. Жалпы сипаттағы халықаралық келісімдер - елдер арасында экономика саяси және әлеуметтік ынтымақтастық аясында жасалатын халықаралық келісімдер. Бірақ ұлттық заңдылықтарда немесе басқа шаруашылық халықаралық шарттарда қолданылатын мемлекеттердің салық салуға жалпы көз карастары мен принциптері белгіленеді. Мұндай принциптер тікелей қолдануға арналмаған. Себебі олар жалпы кепілдемелік сипатта болады.

2. Салықтық келісімдер - бұл екі немесе одан да көп жақты сипаттағы халықаралық шарттар. Әйтсе де салық салу мәселесіне өзінің ықпал ету дәрежесіне қарай келесідей өзіндік ерекшеліктерге ие болуы мүмкін:

* Конвенциялар(келісім шарттар)- бұл тікелей және жанама салық салуға қатысты кепілдемелік сипаттағы халықаралық келісімдер. Олар үкіметаралық мәмілелерді тарифтеу мәселелерін қозғайды. Оған «М», ретінде қолданыстағы ГАТТ (тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім) деп аталатын келісім шарт табылды.

* Шектеулі салық келісімдері - бұл нақты бір салық түріне салық төлеушіге немесе салық салу объектісіне қатысты қолданылатын халықаралық келісімдер.

* Салық салу бойынша әкімшілік көмек беру туралы келісімдер - бұл экономикалық салада ынтымақтастықта болған мемлекеттерде қосарлы салық салу шарттарын жою үшін осы немесе басқада елдерде салық салудың ерекшеліктерін түсіндіру бойынша бір-біріне қызмет көрсетуге міндеттелетін халықаралық келісімдер. Қазақстанда мұндайға «М»,ретінде 1992жылы қабылданған ТМД- ға қатысушы елдер арасында өзара қатынасты реттеу туралы келісімді атауға болады. Мұндай келісімдер АҚШ пен Канада, Ұлыбритания мен Германия арасында бар.

3. Арнайы келісімдер - бұл сауда экономикалық қызмет аясында ынтымақтастықтағы елдер немесе бөлек халықаралық ұйымдары үшін қолайлы салық режимдерін немесе жеңілдіктерді белгілейтін халықаралық шарттар. АҚШ- тағы Ню-Йорк қаласындағы БҰҰ- ның штаб пәтері осы елдегі қолданыстағы салықтардан босатылады. 1992жылы «ТМД елдері өзара қатынастарды реттеу туралы келісімдерде» 11 ел саудадан түсетін табысқа қосарлы немесе көп реттік салық салуды жою бойынша шараларды қабылдауды мінбеттелінді. Мазмұны жағынан аталған құжат тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдер үшін салықтық режим және жеңілдіктер туралы келісімдер қарастырылған. Сондай-ақ осылармен бірге салықтық мәселелер шешілетін шарттарға тауарлар мен қызметтер үшін барынша қолайлы режимді қарастыратын сауда шарттары жатады.

Әдетте арнайы салық режимдерін белгілі бір халықаралық қызмет түрлері үшін белгілейді:

* Халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы

* Халықаралық инвестициялық қызмет

* Халықаралық несие қатынастары

* Шет мемлекет аумағында тұратын жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерді халықаралық өткізу(сату, жүзеге асыру).


Салық салудың арнаулы режимін енгізудің себептері болып әртүрлі мемлекеттерде орналасқан көзлерден алынатын табыстардың үлесін анықтаудың қолданыстағы қиыншылықтары табылады. Мұндай режимдер халықаралық сауда қатынасына қызмет көрсету аясында елдердің халықаралық белсенділігін ынталандыру мақсатында белгіленеді.


Қосарлы салық салуды

жою әдістері




Елдер арасындағы түрлі бағыттардағы келісім шарттар жасау




Елдер арасында бір жақты ұлттық заң актілерін жасау

↓ ↓

Бөлу әдісі




Салықтық есепке

алу





Салық жеңілдіктері

↓ ↓ ↓

Мемлекет өз елі ішінде қандайда бір объекті салық салудан босатылады, өйткені оған басқа елде салық салынады.




Өз елі ішінде алдағы салықтық төлемдер есебіне шетелде төленген салықтарды есепке алу жүзеге асырылады.




Шетелде төленген салық өз елінің ішінде салық салуға жататын табыс сомасынан шегеріліп тасталады.

3с. Халықаралық қосарлы салық салу - бұл бір төлеушіні екі немесе одан да көп елде ұқсас салықтармен салық салу. Нәтижесінде салық төлемдерінің ұқсастығы салық салу объектілері мен субъектілерінің және салық төлеу мерзімінде сәйкестілік туындайды. Қосарлы салық салу кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін тежейді және тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне әкеледі. Әрбір ел өзінің юристтерін құқықтық тұрғыдан азаматтық не болмаса аумақтық негізде жүзеге асырылады. Қосарлы салық салудың әлеуетті мүмкіндігі бөлек бір елдердің өзара байланыссыз заңдылық нормалары болғанда салық юристтеріне талаптар болған жағдайда туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет