Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүк автомобильдерінің экономикалық контрабандасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

“Тергеу барысында қылмыстық топтың Қазақстанға жалған құжаттарды пайдалана отырып есепке қойылған заңсыз 45 жүк көлігі мен тіркеме кіргізілгендігі анықталды. Бұл мемлекетке 180 миллион теңге сомасына төленбеген кедендік төлемдер, сондай-ақ 205 миллион теңге сомасына тіркеу төлемдерін төлемеу түрінде залал келтірді”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары сотқа жолданды. Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

  • Полицейлер Indriver такси жүргізушілерін алдап келген қазақстандықты ұстады
  • "Талғамға сай жалатқыштар", "қуатылдым", "тіпті, бетер күшті", "әзірлеу майлықтары": Мұндай қате жазылған жарнамаларға кім жауап береді

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.

Бұған дейін Қазақстанда соңғы алты айда 36 қаржы пирамидасы анықталған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.