Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Анықталғандай, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған. 

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", – делінген сот ақпаратында. 

"Соттатып пайда таппаймын": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған азаматты кешіретінін айтты

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген. Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған. 

Күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланып, ол 1 ақпанда Қарағандыдан 200 шақырым жердегі қыстауда ұсталды. Ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.