Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Өңірлік жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, оқиға 14 наурыз күні түскі уақытта болған.

"Павлодар қаласы Дүйсенов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына төрт минуттың ішінде жетті", – делінген хабарламада.

№1 қалалық аурхананың дәрігерлерінің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. 18 жастағы бойжеткен жансақтау тағы жатқызылған. Жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алғаны анықталды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.