Положение об информационной политике ао «Холдинг



жүктеу 168.44 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі168.44 Kb.

«Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамы

Директорлар Кеңесінің 2009 жылғы «29» қазандағы

№ 8 хаттама шешімімен

Бекітілді
«ПАВЛОДАР ӘУЕЖАЙЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

(2016 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша)
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының ақпараттық саясаты (бұдан әрі – Ақпараттық саясат) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына (бұдан әрі - Заңнама), «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Жарғысына және корпоративтік басқару Кодексіне сәйкес жасалған.

2. Ақпараттық саясат Қоғамның Жалғыз акционері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қоғам қызметіне мүдделі және басқа да тұлғалар үшін ақпаратты ашудың басты қағидаларын анықтайды (бұдан әрі – бірлесіп аталатын «Ақпарат алушылар»).

3. Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашудың мақсаты Ақпарат алушыларға олармен ақылға салынған шешімдер қабылдау және әрекет жасау үшін, сондай-ақ Қоғамның жағымды беделін оның ақпараттық ашықтығы мен айқындығын арттыру жолымен қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну болып табылады.

Ақпараттық саясат Қоғамның жағымды беделін қалыптастыруға, активтер бағаларының өсуіне және инвестицияларды тартуға мүмкіндік беруі тиіс.

4. Қоғамның Ақпараттық саясатының басты қағидаттары:


  • ақпаратты берудің жүйелілігі, уақыттылығы және жеделдігі;

  • ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы, толымдығы, дәлдігі, нақтылығы және қайшылықсыздығы;

  • Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен, корпоративтік басқару Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс) және ішкі құжаттарымен белгіленген нормалар мен талаптарды есепке алумен Ақпарат алушылардың ақпаратты алу құқықтарының теңдігі;

  • Қоғамның ашықтығы мен оның мүдделерінің сақталуы арасында саналы теңгерімін сақтау.

5. Қоғам, өзі жөніндегі жағымсыз ақпаратты ашудан, егер Ақпарат алушылар үшін мұндай ақпарат маңызды болып табылса бас тартпайды.

6. Ақпаратты ашу тәртібі Ақпарат алушыларға ақпаратты ашу мәселелерін реттейтін Қоғамның жеке ішкі құжатында анықталады.

7. Қолданылатын, бірақ Ақпараттық саясатта анықталмаған терминдер Заңнамада, Қоғам Жарғысында, Кодексінде және іскерлік айналым қағидаларында қолданылатын мағынада болады.
2. САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМІ
8. Ақпараттық саясатты іске асыру үшін Қоғам:

1) Заңнама, Қоғамның Жарғысы, Кодексі және ішкі құжаттар талаптарына сәйкес ашылуы міндетті ақпараттардың (мәліметтердің) есебін жүргізеді;

2) Қоғамның ақпараттық айқындығы мен ашықтығын жоғарылату мақсатында Қоғаммен қосымша ашылатын ақпараттардың (мәліметтердің) тізімін анықтайды;

3) Қоғаммен міндетті тәртіпте және өз еркімен ашылатын ақпаратты Ақпарат алушыларға ашу тәртібін белгілейді;

4) Заңмен қорғалатын коммерциялық, қызметтік, басқа да құпияларды біріктіретін, олардың жариялануы (берілуі, жайылып кетуі) Қоғам мүддесіне зиян келтіруі мүмкін мәліметтердің тізімін анықтайды, және олардың сақталуы коммерциялық құпияның қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қажетті шараларды белгілейді;

5) Қоғам туралы ақпаратты жаю және пайдалануға төмендегілер арқылы бақылау жүйесін орнатады:

- ақпаратты жаю тәсілдерін, формаларын және тәртібін анықтау;

- ашуға жататын ақпаратты әзірлеу және жаю үшін жауапты тұлғаларды анықтау;

6) Қоғам туралы ақпаратты тиісті түрде ашуды және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін Қоғам органдарының, лауазымды тұлғаларынң және қызметкерлерінің құзыретін және жауапкершілігін анықтайды.


3. ҚОҒАМ ОРГАНДАРЫ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

9. Директорлар Кеңесі Қоғам Басқармасымен бірлесіп, Ақпараттық саясатты әзірлейді, мерзімді қайта қарайды және тұрақты жетілдіреді.

10. Қоғам туралы ашылатын ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілігін Қоғамның органдары өздерінің құзыреті шегінде көтереді.

11. Басқарма Қоғам жөніндегі ақпарат пен есептілікті ұйымдастыру және оларды Ақпарат алушыларға уақытылы беруге жауапты болады.

12. Қоғамның лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен ақпаратты ашу Заңнамаға, Жарғыға, Ақпараттық саясатқа және басқа да ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

4. АҚПАРАТТЫ АШУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
13. Ақпараттандыру барысында Қоғам келесі коммуникативтік құралдарды (қалыптарды) қоса, бірақ олармен шектелмей қолданады:

Жазбаша құжат, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұранымдарға жауаптар, басылымдар (хабарламалар), Қоғамның қызметі туралы кітапшалар, есептеп, Қоғамның ықзметкерлеріне арналған материалдар қоса, бірақ онымен шектелмей;

Ауызша хабарлама, сұхбаттар, пресс-конференциялар, Қоғам ішіндегі және қоғамнан тысқары өтетін кеңестерде және қоғамдық іс-шараларда сөз сөйлеуді қоса, бірақ онымен шектелмей;

Дыбыс-бейне жазбасы, бейнероликтер, ұжымдық бейнефильмдер, радио- және телебағдарламаларда сұхбат беру немесе сөз сөйлеу, Қоғамның ішінде және Қоғамнан тысқары өтетін кеңестерде, қоғамдық және өзге іс-шараларда (конференцияларда) қолданылатын слайдтар мен көрнекі құралдарды қоса, бірақ онымен шектелмей;

Электронды тасығыштарда жолданылатын (берілетін) материалдар, CD-ROM дискілерінде, USB құрылғысында, электронды пошта бойынша қоса, бірақ онымен шектелмей.

14. Ақпаратты ашу Қоғаммен келесі тәсілдер арқылы ақпаратты жаю жолымен жүзеге асырылады:

1) Заңнамен, Қоғам Жарғысымен, Кодексімен және ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте Ақпарат алушыларға ақпаратқа жол ашу;

2) бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау;

3) Интернет желісіндегі (бұдан әрі – Қоғамның веб сайты) www.airport.pvl.kz мекенжайы бойынша Қоғамның веб-сайтында орналастыру;

4) Қоғамның ішкі ресурстарында орналастыру («Microsoft Outlook» және басқа бағдарламалық өнімдер);

5) Ақпарат алушылармен кездесулер өткізу;

6) Заңнамамен, Қоғам Жарғысымен және ішкі құжаттарымен көзделген өзге тәсілдермен.



5. АҚПАРАТТЫ АШУ ТӘРТІБІ
15. Қоғамның қызметі туралы жарияланатын ақпарат үш топқа бөлінеді:

Жалғыз акционерге ашуға жататын мәліметтер;

Өкілетті мемлекеттік органдарға міндетті және қатаң белгіленген тәртіпте ашуға жататын мәліметтер;

Мүдделі және өзге де тұлғаларға ашылатын мәліметтер.


5.1. Жалғыз акционерге ақпаратты ашу.

16. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қоғам Заңнамамен, Қоғам Жарғысымен, Кодексімен, осы Ақпараттық саясатпен және басқа да ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте Қоғам туралы ақпаратқа Жалғыз акционердің қолжеткізуін қамтамасыз етеді.

17. Ақпаратты және құжаттарды дайындау Қоғамның директорлар Кеңесімен, Басқармасымен және Корпоративтік хатшысымен жүзеге асырылады.

18. Корпоративтік хатшы Жалғыз акционердің жолданымдарының есебін жүргізеді және ақпаратты Жалғыз акционерге уақытында беруді қамтамасыз етеді.

19. Жалғыз акционерге келесілерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей ұсынылатындар:

1) кез келген ақпарат, соның ішінде Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын ақпараттар;

2) Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын акционерлердің жылдық жалпы жиналысының құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдар;

3) Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексерістер нәтижелері;

4) Жарғыға, Заңнамаға, Жалғыз акционердің және директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес басқа ақпарат.

20. Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын ақпарат тізімі, және оны ұсыну тәртібі «Ақционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) және Жарғыда анықталған.



5.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпаратты ашу

21. Қоғам Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына заңнамамен белгіленген тәртіпте ақпаратты ашады.

22. Қоғам келесі мемлекеттік органдарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, ақпаратты ашуды жүзеге асырады:

бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау саласындағы өкілетті мемлекеттік органға;

салық салу мәселелері бойынша өкілетті мемлекеттік органға;

статистика жөніндегі өкілетті мемлекеттік органға.

23. Бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау саласындағы өкілетті мемлекеттік органның талаптарына сәйкес, Қоғам заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі сипаттағы ақпаратты ашады:

1) үлестес тұлғалар туралы мәліметтер;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару аңдатпасы;

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп.

24. Қоғамның Жалғыз акционерімен және лауазымды тұлғаларымен олардың үлестес тұлғалары жөніндегі ақпараттың берілу тәртібі Жарғымен белгіленеді.

25. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы ақпаратты жинау және тікелей есебін Корпоративтік хатшы жүзеге асырады, және Басқарма төрағасының қолы қойылған тиісті ақпаратты бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалауын жүзеге асырушы мемлекеттік органға жібереді.

26. Заңнамамен көзделген жағдайларда, мемлекеттік органдардың өтінімдеріне сәйкес, Қоғам өз құзыреті шегінде оларға тиісті ақпаратты ұсынады.

Егер, осындай ақпаратты беру Қоғамға заңнамамен жүктелмеген жағдайда, және егер де өтінім мәні тиісті мемлекеттік органдар құзыретінің шегінен асса, сұратылып отырған ақпаратты беру мақсаттылығы туралы шешім әрбір нақты жағдайда Қоғамның атқарушы органымен дербес қабылданады.

Құпия ақпарат мемлекеттік органдарға заңнама және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптары ескеріліп, беріледі. Бұл ретте Қоғам ақпарат берілетін мемлекеттік органдардан ақпараттың құпиялылығын қорғау жөніндегі міндеттерді сақтауды талап етуге құқылы.

27. Мемлекеттік органдарға ашылатын ақпарат тізімі қолданыстағы Заңнаманың өзгеруіне байланысты ауысып тұруы мүмкін.

28. Міндетті тәртіпте ашуға жататын құжаттарға, материалдарға және ақпаратқа қолжеткізімділік олардың көшірмелерінің Қоғамның (Басқарманың) атқарушы органының орналасу орнында орналасуы жолымен жүзеге асырылады.
5.3. Ақпаратты Мүдделі және басқа да тұлғаларға ашу

29. Қоғам Мүдделі тұлғаларға олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын ақпаратқа қолжетімділігін Заңнамаға, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес, уақытылы және тұрақты негізде қамтамасыз етеді.

30. Қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, шығарылу және қайта құрылу) жағдайында Қоғам өзінің барлық кредиторларына қайта ұйымдастырылуы жөнінде жазбаша хабарландыру жібереді және тиісті материалдарды бұқаралық ақпараттар құралдарына орналастырады.

31. Кредиторларды ақпараттандыру мақсатында Қоғам заңнамамен анықталған мерзім ішінде, Қоғаммен ірі мәміле жасалғандығы туралы директорлар Кеңесі шешім қабылдағаннан кейін мәміле туралы бұқаралық ақпараттар құралдарына мемлекеттік және өзге тілдерде жариялайды.

32. Қоғам қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың ахуалы туралы толық және расталған ақпаратты алуға құқықтары бар. Қызметкермен оның функционалдық міндеттерін орындауға қатысы бар аталмыш ақпаратты, сондай-ақ басқа ақпарат Қоғамның ішкі құжаттарымен анықталған тәртіпте еңбек шартына қол қойылғаннан кейін қызметкердің мәліметіне жеткізіледі.

33. Мемлекеттік органдар болып табылмайтын өзге ұйымдардың сұраныстары бойынша Қоғам Заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген шектеулерді есепке алып қана ақпаратты бере алады.

34. Қоғамның аудиторлық ұйыммен, консалтингілік компаниялармен (кеңесшілермен), рейтінгілік агенттіктермен қарым-қатынасы барысында ақпаратты ашудың тәртібі Заңнамамен, Қоғамның ішкі құжаттарымен және көрсетілген ұйымдармен жасалынған шарттармен анықталады.

6. ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ АҚПАРАТТЫ АШУ
35. Корпоративтік басқарудың тиісті тәжірибесі Қоғамның абырой-беделін нығайтуға көмектеседі. Қоғамның жағымды беделі мен имиджі оның активтерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

36. Қоғам өзінің қызметі туралы Қазақстан Республикасы ішіндегі, және оның шегінен тысқары жұртшылықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыруға ұмтылады. Бұл Қоғам туралы жағымды әлеумет пікірін (жағымды беделін) қалыптастыруға және инвесторлар мен жұртшылық тарапынан сенімнің күшеюіне септігін тигізуі мүмкін.

37. Қоғам жария ақпаратты берудің келесі жолдарын қолданады:

1) конференциялардағы, бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жарияланымдар, сұхбаттар, мақалалар;

2) көпшілік алдындағы жылдық есеп беру, жылдық қаржы есеп-қисабы, кітапшалар, ірі мәмілелер туралы ақпарат;

3) Қоғамның веб-сайтын қолдау.

38. Қоғам жыл сайын Медиа-жоспарын бекітеді, осыған сәйкес, бұқаралық ақпараттар құралдарында мақалалардың, сұхбаттардың, баспасөз хабарламалардың, жылдық қаржы есеп-қисап, және басқа да қажетті ақпараттардың, сонымен қатар радио және телебағдарламаларға қатысулардың жарияланымы жүзеге асырылады.

39. Қоғам, сонымен бірге жариялануға арналған ақпараты бар пресс-релиздерді - бұқаралық ақпараттар құралдарына арналған қысқа арнайы хабарламаларды орналастырады. Пресс-релиздің басты мақсаты - жаңалықты төмендегідей етіп жариялап, оның:

бұқаралық ақпараттар құралдарында толық немесе ішінара жариялануы;

қоғамды қызықтыруы керек.

Интернет желісіндегі Қоғамың веб-сайтына орналастырылады.

40. Қоғамның қызметкерлері Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте Қазақстан аумағында және оның шегінен тыс аумақтарда өткізілетін конференцияларға қатыса алады.

41. Қоғам жыл сайын өзінің қызметі туралы жылдық есебін шығарады.

42. Қоғамның жылдық есебі мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша құжат формасында шығарылады.

Қосымша ретінде жылдық есептің нұсқасы Қоғамның веб-сайтында орналастырылады.

43. Жылдық есепті Қоғамның веб-сайтына шығарылымы және орналастырылымы Қоғамның қызметі туралы жылдық есепті Жалғыз акционерге жолдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жылдық есептің шығарылымы мен орналастырылымының ең соңғы мерзімі – 1қазан.

44. Жылдық есеп Жалғыз акционерге жіберіледі, сондай-ақ инвесторлармен, шетел мемлекеттерінің және өзге мемкелекеттерге сапарлардың ресми делегацияларымен ресми кездесулерін өткізу кезінде пайдаланылады.

45 тармаққа директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес өзгертулер енгізілді (16.01.2016 ж. № 01/16 хаттама)

45. Жылдық қаржы есеп-қисабы Жалғыз акционердің бекітуінен кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында жарияланатын және елу мың данадан кем емес таралыммен бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланады.

46. Қоғам сондай-ақ, өзінің қызметі туралы кітапшалар шығаруға құқылы.

47. Қоғаммен ірі мәміленің жасалғандығы туралы хабарлама бұқаралық ақпараттар құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

48. Қоғам тұрақты негізде www.airport.pvl мекенжайы бойынша веб-сайтын қолдайды.

49. Ақпарат мен материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде бір уақытта орналастырылады.

50. Қоғам белгіленген тәртіпте веб-сайтының уақытылы, толық және сапалы жаңартылуына жауапкершілікті Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне бекітеді.

51. Заңнама талаптарына сәйкес Қоғаммен көпшілікке ашылатын ақпаратқа қосымша түрінде, Қоғамның веб-сайтында келесідей ақпарат пен құжаттар орналастырылады:

Қоғамның тарихы;

Қоғам меншігінің құрылымы;

Қоғамның ұйымдық құрылымы;

Корпоративтік басқару жүйесі;

Негізгі ұжымдық құжаттар (Жарғы, Қоғамның органдары туралы ережелер, және т.б.);

Қоғам дамуының стратегиясы және стратегиялық бағыттары;

Қоғамның есептері;

Өңдірістік қызмет.

Сатып алулар туралы ақпарат;

Қоғамның кадрлық саясаты туралы ақпарат;

Елеулі ұжымдық оқиғалар;

Орындалуында Қоғамның мүддесі бар ірі мәмілелер туралы және Қоғамның үлестес тұлғалары туралы ақпарат;

Оқиғалар күнтізбесі;

Менеджмент жүйесі;

Қоғамның таңдауы бойынша ашылатын басқа ақпарат.

52. Қоғамның елеулі ұжымдық оқиғалары туралы хабарламалар Жалғыз акционер, Мүдделі және өзге де тұлғалар үшін маңызы зор.

Осы мақсатта Қоғам көрсетілген ақпаратты жедел тәртіпте өзінің веб-сайтында орналастыру бойынша шаралар қабылдайды.

53. Қоғамның елеулі ұжымдық оқиғалары туралы хабарламалар:

1) Қоғамның қайта құрылуы туралы мәліметтер;

2) Қоғамның Жарғысына өзгерістердің енгізілуі туралы мәліметтер;

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер;

4) Қоғамның лауазымды тұлғаларының өзгеруі туралы мәліметтер;

5) Қоғамның аудиторлық ұйымының өзгеруі туралы мәліметтер;

6) Мәміле фактісі туралы немесе нәтижесінде Қоғам активтерінің құны 25 және одан да көп пайызын құрайтын мүлігі Қоғаммен сатып алынатын немесе иесіздендірілетін өзара байланысты мәмілелер жиынтығы туралы мәліметтер;

7) Қоғамға тиесілі активтердің барлығынан жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтердің бөлігін немесе бірнеше бөліктерін беру жолымен құрылуына немесе басқа заңды тұлғалардың қызметіне Қоғамның қатысуы жөніндегі шешімін қабылдау туралы мәліметтер;

8) акциялар бойынша есептелген және (немесе) төленген дивидендтер туралы мәліметтер;

9) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тоқтата тұру және жаңарту туралы, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуінің күші жойылғандығы туралы мәліметтер;

10) Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес басқа да ақпарат.


54. Елеулі ұжымдық оқиғаның басталу сәті болып табылады:

1) Қоғамның қайта ұйымдастырылуы туралы мәліметтер үшін – бірігу, қосылу, бөлісу, бөліну, қайта құру нәтижесінже құрылған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы өкілетті мемлекеттік орган шешімінің күні;

2) Жарғыны қабылдау, Жарғыға өзгертулер/толықтырулар енгізу туралы мәліметтер үшін – Қоғам Жарғысын жаңа редакцияда тіркеу, Жарғыға өзгертулер/толықтырулар енгізу туралы өкілетті мемлкеттік орган шешімінің күні;

3) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару туралы мәліметтер үшін – эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі туралы өкілетті мемлекеттік орган шешімінің күні;

4) лауазымды тұлғаның ауысуы туралы мәліметтер үшін – лауазымды тұлғаны тағайындау туралы тиісті орган шешімінің күні;

5) Қоғамның аудиторлық ұйымының ауысуы туралы мәліметтер үшін – шарт жасалуының күні;

6) Мәміле фактісі туралы немесе нәтижесінде Қоғам активтерінің құны 25 және одан да көп пайызын құрайтын мүлігі Қоғаммен сатып алынатын немесе иесіздендірілетін өзара байланысты мәмілелер жиынтығы туралы мәліметтер үшін – шарт жасалуының күні;

7) Қоғамға тиесілі активтердің барлығынан жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтердің бөлігін немесе бірнеше бөліктерін беру жолымен құрылуына немесе басқа заңды тұлғалардың қызметіне Қоғамның қатысуы жөніндегі шешімін қабылдау туралы мәліметтер үшін – Жалғыз акционердің шешім қабылдаған күні.

8) акциялар бойынша есептелген және (немесе) төленген дивидендтер туралы мәліметтер үшін – дивидендтерді есептеу және төлеу туралы Жалғыз акционердің шешім қабылдаған күні;

9) Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, эмиссиялық қағаздарды орналастырудың және эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысының мемлекеттік тіркеуін тоқтата тұру, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің тіркеуін және бағалы қағаздардың орналастыруын жаңарту, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуінің күші жойылғандығын мойындау, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жою туралы мәліметтер үшін – өкілетті мемлекеттік орган немесе соттың тиісті шешімінің күні.

55. Елеулі ұжымдық оқиға туралы хабарлама түріндегі ақпаратты ашу елеулі ұжымдық оқиғаның басталу сәтінен 5 жұмыс күн ішінде Қоғамның веб-сайтында елеулі ұжымдық оқиға туралы хабарламаны жариялау жолымен Басқарма төрағасының немесе Қоғамның басқа өкілетті тұлғасының бұрыштамасы негізінде жүзеге асырылады.

56. Елеулі ұжымдық оқиға туралы хабарламаға Басқарма төрағасы немесе Қоғамның басқа да өкілетті тұлғасы қол қойылады.

57. Елеулі ұжымдық оқиға туралы хабарламаның мәтіні Интернет желісіне жарияланған күннен бастап 6 айдан кем емес уақыт ішінде Интернет желісіндегі веб-сайтында қолжетімді болуы тиіс.

58. Әрбір елеулі ұжымдық оқиғаға жеке хабарлама құрылады.



7. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫМЕН, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫ АШУ
59. Ақпаратты ашу бойынша Қоғам органдарының, дауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің құзыреті мен жауапкершілігі Қоғамның Заңнамасы мен ішкі құжаттарында анықталған.

60. Қоғамның директорлар Кеңесінің төрағасы директорлар Кеңесімен қабылданған шешімдерді ресми түрде түсініктеме беруге, сондай-ақ мемлекеттік құпияның, қызметтік, коммерциялық немесе Қоғам заңымен қорғалатын басқа да құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды ұстануды есепке алып, директорлар Кеңесінің отырыстарында қаралған мәселелер бойынша директорлар Кеңесінің көзқарасын баяндауға құқығы бар.

61. Директорлар Кеңесінің және оның Комиттерінің мүшелері директорлар Кеңесінің (комитеттерінің) отырыстарында қаралған мәселелер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік құпияның, қызметтік, коммерциялық немесе Қоғам заңымен қорғалатын басқа да құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды ұстануды есепке алып, Қоғамның директорлар Кеңесі (комитеттері) отырысында қабылданған шешімдер бойынша өзінің көзқарасын көпшілікке баяндап өтуге құқылы.

62. Қоғамның Басқарма төрағасы ақпарат және есептілікті ұйымдастыруға және оларды тиісті мемлекеттік органдарға ұсынудың уақыттылығына, осындай ақпарат пен есептіліктің жай-күйі мен дұрыстығына, сондай-ақ Жалғыз акционерге, кредиторларға, өзге мүдделі тұлғаларға және бұқаралық ақпараттар құралдарына Қоғам қызметі туралы мәліметтердің ұсынылуына жауапты.

63. Басқарма төрағасы және Қоғам Басқармасының мүшелері (өз құзыреті шегінде) Қоғам қызметімен байланысты мәселелер бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеуді жүзеге асыруға айрықша құқыққа ие.

Аталмыш тұлғалар Қоғамның әкімшілік қызметкерлеріне Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте Қоғам атынан мемлекетте және шетелде өткізілетін конференцияларда, кеңестерде, семинарларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмыс органдарының отырыстарына, өзге қоғамдық іс-шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеуге (ақпарат беруге), пресс-конференциялар, телефон, видео байланыс арқылы өтетін конференцияларға қатысуға, сұхбат беруге, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қоғам заңнамасымен қорғалатын басқа да құпияның сақталуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақталуын есепке алып, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпараттар құралдарына, қаржы және инвестициялық компаниялары үшін түсініктемелерімен сөз сөйлеуге құқылы.

Қоғам атынан көпшілік алдында сөз сөйлеуге белгіленге тәртіп бойынша өкілеттігі жоқ тұлғалар Қоғамның қызметіне қатысты түсініктемелер және сұрақ жауаптар және сауал салуға құқықтары жоқ.

64. Корпоративтік хатшы заңнамамен, Қоғам Жарғысымен, Ақпараттық саясатымен және өзге де құжаттарымен белгіленген тәртіпте ақпаратты Қоғаммен уақытылы ашылуына бақылауды жүзеге асырады.

65. Қоғам қызметкерлері сөз сөйлеулерінің әзірленген басылымдары/мәтіндері міндетті түрде Басқарма төрағысымен және/немесе Қоғам қызметін ақпараттық жарыққа шығару мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарма мүшесімен келісіледі.

Корпоративтік хатшы және Ішкі аудит қызметінің басшысы материалдарды жариялауға бағыттағанға немесе радио-телебағдарламаларда көрсеткенге дейін Басқарма Төрағасына және/немесе Қоғамның қызметін ақпаратты жарықтандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарманың мүшесі жарияланатын материалдарды немесе сөз сөйлеулердің мәтінін ұсынулары қажет.

66. Пресс-релиз бұқаралық ақпараттар құралдарына беріледі және оның Қоғамның веб-сайтына Басқарма төрағасымен және/немесе Қоғамның қызметін ақпаратты жарықтандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарманың мүшесімен, және құзыретін жаңалық хабарлау мәні кіретін Басқарма мүшесімен келісілгеннен кейін ғана орналастырылады.

67. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғамның қызметі туралы ақпаратты Ақпараттық саясатқа толық сәйкестікте ашулары тиіс.




8. ӨЗГЕ ЕРЕЖЕЛЕР
68. Өзге тұлғалардан алдын ала Қоғаммен қабылдануы тиісті ақпаратты Қоғаммен ашудың қажеттілігі туындаған жағдайда, Қоғам осындай ақпаратты уақытылы алу және тұрақты жаңарту үшін барлық шараларды қабылдайды.

69. Қоғам заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен көзделген тәртіпте құпия және/немесе жасырын мінезді ақпараттың қорғанысын жүзеге асырады.

70. Ақпаратты ашу кезінде Қоғамға және/немесе Жалғыз акционерге зиян келтірілуіне әкеп соққан заңнаманы, Қоғам Жарғысын, Ақпараттық саясатын және ішкі құжаттарын бұзған жағдайда, кінәлі тұлғалар заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

71. Заңнаманың, Жарғының, Кодекстің өзгеруі жағдайында, Ақпараттық саясат нормалары заңнамаға және Қоғамның аталмыш құжаттарына қайшы келмейтін бөлігінде әрекет етеді.









Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет