Положение



жүктеу 251.05 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі251.05 Kb.



«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN

ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ



«KEGOC» АҚ Директорлар

кеңесінің шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
2010 жылғы 8 маусымдағы

3 хаттама




«KEGOC» АҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ

ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫСЫ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


Астана 2010 ж.
МАЗМҰНЫ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ …………………………………………………………………2


2. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ, БОСАТУ, СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ ……………………………2-4
3. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ………………………………4
4. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ………………………….4-8
5. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ …………………………………………….8
6. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ………...8-9
7. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ МЕН ОНЫҢ АППАРАТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ …………………………………………..9
8. ЕРЕЖЕНІҢ ЗАҢДЫ КҮШІ ……………………………………………9-10
9. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР (1-ҚОСЫМША) ……………………………………………………….11-14
10. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (2-ҚОСЫМША) …..15

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


  1. Осы «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының корпоративтік хатшысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,

«KEGOC» АҚ-ның Жарғысына (бұдан әрі - Жарғы), «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқа да ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.

  1. Ереже Қоғамның Корпоративтік хатшысының (бұдан әрі – Корпоративтік хатшы) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен міндеттемелерін, жауапкершілігін, оны тағайындау тәртібін, сыйақы беру шарттарын, сондай-ақ Корпоративтік хатшы Қызметінің құрылуы мен қызметін айқындайды.

  2. Корпоративтік хатшы лауазымы Қоғамның лауазымды тұлғалары мен органдарының Қоғамның Жалғыз акционерінің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға кепілдік беретін корпоративтік басқару ережелері мен рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі..

  3. Корпоративтік хатшы – Директорлар кеңесінің не болмаса Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылмайтын Қоғамның қызметкері, оны Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді. Өз қызметінде Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынады.

  4. Корпоративтік хатшыға Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған рәсімдерді Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының сақтауын, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен ережелерін және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын ұстануын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктеледі. Корпоративтік хатшы Қоғамның органдары арасында ақпаратты тиімді алмасуға көмектеседі және Директорлар кеңесі мен Қоғамның Басқармасының мүшелері үшін басқарудың барлық мәселелері бойынша кеңесші функциясын атқарады.

  5. Қоғамның Корпоративтік хатшысы Қоғамның Директорлар кеңесі отырыстарының дайындығы мен өткізілуін бақылауды, Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысына материалдар дайындаудың қамтамасыз етілуін бақылайды, оларға қол жеткізілуіне бақылау жүргізеді.

  6. Корпоративтік хатшы өзінің қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының (бұдан әрі – Заңнама), Жарғының, осы Ереженің, Қоғамның басқа да құжаттарының нормаларына, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.


2. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ БОСАТУ, СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ


  1. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданған Директорлар кеңесінің шешімдерімен тағайындалады.

  2. Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы мәселе Директорлар кеңесінің күндізгі отырысына шығарылады. Корпоративтік хатшы лауазымына кандидат (-тар) көрсетілген отырысқа міндетті түрде қатысуы тиіс.

  3. Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешімінде Корпоративтік хатшының өкілеттік мерзімі, лауазымдық айлық ақының мөлшері мен сыйақы беру шарттары да көрсетіледі.

  4. Корпоративтік хатшы лауазымына кандидат ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес конкурстық іріктеу рәсімдерінен өтуі тиіс.

  5. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша кандидатуралардың әр қайсысына қатысты Директорлар кеңесіне электронды және қағаз тасымалдағыштарда мына құжаттар ұсынылуы тиіс:

1) осы Ереженің 1-қосымшасына сай кандидат туралы мәліметтер;

2) Қоғамға үлестес болуы (болмауы) туралы ақпарат;

3) бұрын Кандидат жұмыс істеген ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және мүмкін болған жағдайда кәсіби ұйымдардың беделді мүшелерінен екі ұсыным хат;

4) кандидаттың Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындалуына жазбаша келісімі.



  1. Директорлар кеңесінің тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеті ұсынылған құжаттарды қарайды және Директорлар кеңесіне Корпоративтік хатшы лауазымына кандидат (-тар) жөніндегі өзінің ұсынымын береді.

  2. Директорлар кеңесі және/немесе Директорлар кеңесінің тағайындау және сыйақы жөніндегі комитеті Корпоративтік хатшы лауазымына тиісті кандидатты тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты сұрата алады.

  3. Корпоративтік хатшы лауазымына мына талаптарға сай келетін адам тағайындалады:

1) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы;

2) кем дегенде бес жыл кәсіби жұмыс тәжірибесінің, соның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында немесе басшы қызметінде кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы. Корпоративтік хатшының біліміне қойылатын талаптар осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген;

4) Қоғамға үлестестігінің болмауы;

5) кіршіксіз іскерлік дәрежесінің болуы, сондай-ақ кәсібилік, адалдық, нақтылық, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, өзінің біліктілігін арттыруға деген талпыныс, тіл табыса білушілік, жауапкершілік, дауға қатысушылар арасында корпоративтік жанжалдарды реттей алу сияқты жеке қасиеттерінің болуы;

6) ұйымдастырушылық және талдай алу қабілеттері мен дағдыларының болуы;

7) компьютерде жұмыс істей алу дағдыларының болуы;

8) Қоғам қызметінің ерекшелігін білуі.



  1. Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілік жай дауысымен қабылданған Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшыны тағайындау, өкілеттігінің мерзімін айқындау, сондай-ақ Корпоративтік хатшының лауазымдық айлық ақысының мөлшерін және оған еңбек ақы мен сыйлықақы төлеу шарттарын айқындау туралы шешім қабылдайды.

  2. Корпоративтік хатшының лауазымдық айлық ақысының мөлшері мен сыйақы беру шарттарын Директорлар кеңесі Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгілейді.

  3. Корпоративтік хатшыға басқа ұйымдарда немесе басқа ұйымдардың органдарында жұмыс орындау мен лауазым атқаруға тек қана Қоғамның Директорлар кеңесінің келісімімен ғана рұқсат беріледі.

  4. Қоғам мен Корпоративтік хатшы арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жарғыға және Басқарма төрағасы мен Корпоративтік хатшы арасында жасалған еңбек шартымен реттеледі.

  5. Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және онымен жасалған шартты бұзу туралы шешімді Заңнамамен белгіленген тәртіпте, соның ішінде Еңбек кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес (егер бұл Корпоративтік хатшымен жасалған еңбек шартында көзделген болса) қабылдауға құқылы.

  6. Жаңа Копоративтік хатшыны сайлау туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі Корпоративтік хатшының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір айдан кеш емес мерзімде қабылдайды. Жаңа Корпоративтік хатшыны тағайындау туралы шешім сол уақытта жұмыс істеп жүрген Корпоративтік хатшының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаумен қатар бір уақытта қабылдануы мүмкін.

  7. Жаңадан тағайындалған Корпоративтік хатшыға оның алдында болған Корпоративтік хатшы істерді, құжаттарды және құжаттардың деректер базасын электронды және (-немесе) қағаз тасымалдағыштарда табыс етеді. Істерді табыс ету жаңа Корпоративтік хатшыны тағайындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде қабылдау-беру актісі бойынша жүзеге асырылады. Актіде міндетті түрде істерді табыс ету негіздемесі, табыс ету күні, табыс етілетін құжаттың атауы мен құрамы, орындалу сатысында тұрған және жаңадан тағайындалған Корпоративтік хатшы орындауы тиіс істердің тізімі (іс-шаралардың, іс-қимылдардың, сұраулардың) көрсетілуі тиіс.


3. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ


  1. Корпоративтік хатшының міндеттері оның қызметі аясында мыналар болып табылады:

1) Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласында саясат пен тәжірибені жетілдіруді қамтамасыз ету;

2) Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;

3) Қоғам туралы маңызды ақпараттың сақталуын, ашылуын және ұсынылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық айқындықтың жоғары деңгейін сақтап тұруды қамтамасыз ету;

4) Қоғам мен Жалғыз акционер арасындағы, сондай-ақ Қоғамның органдары арасындағы анық және тиімді өзара байланысты қамтамасыз ету.


4. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ


  1. Қоғамның органдарының, лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғамның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен тәжірибені жетілдіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мына функциялар жүктеледі:

1) Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы Заңнаманы, Қоғамның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын орындауын, сақтауын мониторингтеу;

2) мемлекеттік органдардың талаптарына, корпоративтік басқару саласындағы Заңнама ережелеріне байланысты мәселелер бойынша Қоғамның лауазымды тұлғаларына кеңестер беру және кеңес беруді ұйымдастыру;

3) Директорлар кеңесін Қоғамда анықталған корпоративтік басқару саласындағы Іскерлік этика кодексі нормаларын бұзушылықтар туралы хабардар ету;

4) Қоғамның корпоративтік басқару саясаты мен тәжірибесін әзірлеуге, сақтауға және мерзімді түрде қайта қарауға қатысу;

5) Қазақстан Республикасындағы, шетелдердегі корпоративтік басқару саласындағы қолданылып жүрген тәжірибені, үрдістерді, даму перспективаларын мониторингтеу мен талдау және Қоғамның лауазымды тұлғаларына, тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына талдамалық анықтамаларды, ақпаратты, ұсынымдарды енгізу (жіберу);

6) Қоғамда корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіруге бағытталған шешімдерді ұсына отырып, Директорлар кеңесі үшін Қоғамдағы корпоративтік басқарудың жай-күйі туралы, Қоғамның корпоративтік басқару саласындағы Заңнама талаптарын, Қоғамның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және ішкі құжаттарын орындау туралы есеп дайындау;

7) Жалғыз акционердің, Қоғамның қызметіне мүдделі тұлғалардың болжамдарын және онда қабылданған корпоративтік басқару жүйесін талдау.


  1. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мына функциялар жүктеледі:

1) Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне Қоғамда қолданылатын Директорлар кеңесі мен Қоғамның басқа да органдарының қызметі ережелерін түсіндіру, Қоғамның лауазымды тұлғалары мен ұйымдық құрылымы туралы ақпаратты, оның ішкі құжаттары және Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін тиісінше орындауы үшін мәні бар басқа да ақпаратты ұсынуы;

2) Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін Қоғамның органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен танысу кездесуін ұйымдастыру;

3) ұйымда Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету;

4) Директорлар кеңесінің төрағасымен бірге Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарының жобасын тиісті жылға отырыстарды өткізу кестесіне сәйкес әзірлеу;

5) отырстарды өткізу нысаны жөнінде ұсыныс жасай отырып, Директорлар кеңесі отырыстарының күн тәртібі жобаларын дайындау және оларды Директорлар кеңесінің төрағасына ұсыну;

6) Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдарды тиісінше дайындауды қамтамасыз ету, соның ішінде материалдарды дайындау рәсімдерін сақтау, Қоғамның лауазымды тұлғаларымен, ішкі аудит қызметімен, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен және қызметкерлерімен алдын ала талқылау (алдын ала талқылауларды ұйымдастыру);

7) Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін барлық қажетті материалдарын уақтылы жіберу, сондай-ақ отырысқа шақырылған адамдарды хабардар ету;

8) Директорлар кеңесінің отырысын Заңнаманың, Қоғамның Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес хаттамалау, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің Директорлар кеңесінің шешімдеріне (хаттамаларына) уақтылы қол қоюын қамтамасыз ету;

9) Директорлар кеңесінің отырысында болмаған Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің шешімдерін, хаттамаларын жіберу;

10) Директорлар кеңесінің отырыстарды өткізу және шешімдер қабылдау рәсімдерін сақтауын қамтамасыз ету, Директорлар кеңесі шешім қабылдау үшін қажетті Заңнаманың, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарына түсіндірме беру;

11) Директорлар кеңесінің шешімдерін тиісті органдарға және Қоғамның лауазымды тұлғаларына жіберу, олардың орындалуын бақылау және Директорлар кеңесін Директорлар кеңесі белгілеген тәртіпте орындау нәтижелері (барысы) туралы хабардар ету;

12) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін бюллетендер дайындау, бюллетендерді жіберу мен жинауды жүзеге асыру, Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібі мәселелері бойынша дауыс беру қорытындыларын шығару;

13) Директорлар кеңесінің мүшелеріне олар сұратқан құжаттар мен ақпаратты ұсыну (ұсынуды қамтамасыз ету);

14) Директорлар кеңесі төрағасына Корпоративтік хатшы өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін барлық факторлар туралы хабарлау;

15) Қоғамның жылдық есебін дайындауға қатысу;

16) Директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты тиісті мемлекеттік органдарға беру үшін қажетті ақпаратты Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте жинау және есепке алу;

17) Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін ұйымдастыра отырып, алып жүру, соның ішінде материалдар дайындауды және отырыстар өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету, хаттамалар жүргізу, комитеттердің ұсынымдарын, қорытындыларын сақтау және оларды Директорлар кеңесінің төрағасына ұсыну;

18) Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің атына келіп түскен барлық хат-хабарларды есепке алу және сақтау, келіп түскен сауалдарға жауаптар дайындауды қамтамасыз ету.




  1. Қоғам туралы маңызды ақпараттарды сақтауды, ашып көрсетуді және ұсынуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ ақпараттық айқындықтың биік деңгейін ұстау үшін Корпоративтік хатшыға мына функциялар жүктеледі:

1) Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгіленген Қоғам туралы ақпаратты сақтау және ашып көрсету (ұсыну) тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

2) Қоғамның ақпаратты Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгілен тәртіпте уақтылы ашып көрсетуін бақылау;

3) Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғамның міндетті түрде сақтауға, оған қол жеткізуге, олардың көшірмелерін беруге жататын құжаттарын есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету;

4) Жалғыз акционерге оның мүддесін қамтитын ақпаратты Заңнамаға, Қоғамның Жарғысына, ішкі құжаттарға, Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

5) Директорлар кеңесі мүшелерінің, атқарушы органдардың басшысы мен мүшелерінің олардың құзырындағы мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға мүдделілігі туралы ақпаратты есепкем алу мен сақтауды қамтамасыз ету;

6) ақпарат саясатын (ақпаратты ашып көрсету туралы ережелер), Қоғамның коммерциялық және басқа да құпия ақпаратын сақтау туралы ережелерді әзірлеуге қаитысу;

7) Қоғамның веб-сайтының уақтылы және сапалы толықтырылуын, Директорлар кеңесі мен атқарушы органға оның сапасы мен ақпараттылығын арттыру жөнінде тиісті ұсыныстардың (ақпарат) енгізілуін бақылауды жүзеге асыру.


  1. Қоғам мен Жалғыз акционердің арасындағы, сондай-ақ Қоғамның органдары арасындағы анық және тиімді өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Корпоративтік хатшыға мына функциялар жүктеледі:

1) Заңнамамен, Қоғамның Жарғысымен және ішкі құжаттарымен белгіленген Қоғам туралы ақпаратты ашып көрсету мен сақтау (ұсыну) тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2) Жалғыз акционерден келіп түскен хаттарды (өтініштерді, талаптарды) тиісінше есепке алуды қамтамасыз ету, оларды Қоғамның тиісті органдарының уақтылы қарауын және есептерді дайындауды бақылауды жүзеге асырады;

3) Заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғамның міндетті сақтауға, оларға қол жеткізуге, олардың көшірмелерін ұсынуға жататын құжаттарын есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету. Көрсетілген құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде Корпоративтік хатшы куәлендіреді;

4) Қоғамның органдары арасында ақпарат алмасу арналарын құруға және тиімді қолдануға көмектесу;

5) Қоғамның тиісті органдарын ықтимал және нақты корпоративтік даулар мен мүдделер қайшылығы туралы хабардар ету және Қоғамның корпоративтік даулар мен мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте оларды шешуге қатысу.


  1. Басқа да функциялар:

1) өз құзыры шегінде, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционердің тапсырмасы бойынша іскерлік хат алмасуды жүргізу және лауазымды тұлғалармен, жалғыз акционермен, Қоғамның органдарымен, құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғалармен іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыру;

2) Қоғамның бекітілуі Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің құзырына жататын ішкі құжаттары жобасын дайындау және оны дайындауға қатысу;

3) Жалғыз акционердің шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

4) сыртқы аудиторлар мен мемлекеттік органдар Қоғамға жүргізген тексерістерінің нәтижелерін Директорлар кеңесіне, қажет болған жағдайда Комитеттеріне жеткізу;

5) Корпоративтік хатшының Заңнамамен белгіленген басқа да функциялары.



  1. Осы Ереженің аталған бөлімінде көзделген функцияларды орындауды Корпоративтік хатшы дербес түрде де, егер болған (құрылған) жағдайда Корпоративтік хатшы Қызметінің қызметкерлеріне тиісті нұсқау беру арқылы да жүзеге асырады.


5. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ ҚЫЗМЕТІ


  1. Корпоративтік хатшы Қоғамда өз қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін Корпоративтік хатшы Қызметі (бұдан әрі – Қызмет) құрылуы мүмкін. Қызмет Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  2. Қызмет Директорлар кеңесінің шешімімен құрылады және таратылады. Қызметтің штаттық саны Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінің тиісті мәселелер жөніндегі материалдарында Корпоративтік хатшының пікірі ұсынылуы тиіс.

  3. Қызметке басшылық етуді Корпоративтік хатшы жүзеге асырады. Қызметтің қызметкерлері тікелей Корпоративтік хатшыға бағынады.

  4. Қызмет қызметкерлерін Корпоративтік хатшының ұсынымы (қолдаухаты) бойынша атқарушы органның басшысы лауазымға тағайындайды және босатады.

  5. Қызмет қызметкерлері осы Ереженің негізінде жасалған еңбек шарттарына және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етеді.

  6. Қызмет қызметкерлері өзіне жүктелген міндеттерді орындауы үшін жеткілікті болып табылатын тиісті біліктілігі мен дағдылары болуы тиіс.

  7. Қызмет қызметкерлері Қоғамда басқа функцияларды бір уақытта қатар алып жүре алмайды, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Корпоративтік хатшының келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істей алмайды.


6. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


  1. Корпоративтік хатшының мыналарға құқығы бар:

1) түсіндіру қажет болған жағдайда Корпоративтік хатшы Қоғамның лауазымды тұлғаларынан, Ішкі аудит қызметінің басшыларынан, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдар (ақпарат) сұратуға және алуға;

2) ескертулер мен ұсыныстар беру құқығымен Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер жөніндегі материалдардың ұсынылған пакетінің толықтығын тексеруге;

3) Директорлар кеңесі мүшелерінен атқарушы органның басшысынан Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы есепті сұратуға және алуға, орындау мерзімін орындамаған немесе бұзған жағдайда шешімдердің орындалмау немесе уақтылы орындалмау себептерін жазбаша түсіндіруді сұратуға;

4) Жалғыз акционердің құқықтарының бұзылуына немесе корпоративтік даулар мен мүдделер қайшылығының туындауына әкеліп соқтыратын жағдаяттарға байланысты Директорлар кеңесінің мүшелерінен және атқарушы органның басшысынан ақпарат пен түсіндірмелерді сұратуға.

5) хаттамаға, хаттамалардан үзіндіге қол қоюға және оларды Корпоративтік хатшының мөрімен бекітуге (куәлендірілетін құжаттаманың әр парағына қол қою қажет болған жағдайда).



  1. Корпоративтік хатшы мынаған міндетті:

1) қызметін жүзеге асырған кезде Заңнаманың, Қоғамның Жарғысының, Корпоративтік басқару кодексінің, Іскерлік этика кодексінің, осы Ереженің, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын сақтауға;

2) Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындауға;

3) Директорлар кеңесінің алдында өз қызметі туралы есеп беруге;

4) Корпоративтік хатшы функцияларын орындау кезеңінде және Корпоративтік хатшы ретінде өкілеттігін тоқтатқаннан кейін кем дегенде үш жыл ішінде мәліс болған Қоғам туралы және оның үлестес компаниялары туралы ақпараттың, инсайдерлік ақпараттың құпиялығын сақтауға.
7. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


  1. Корпоративтік хатшы, Корпоративтік хатшы Қызметінің қызметкерлері Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерінде әрекет етуі, өз міндеттерін адал атқаруы тиіс.

  2. Корпоративтік хатшы, Корпоративтік хатшы Қызметінің қызметкерлері Заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте мыналар үшін:

1) өзіне жүктелген міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді тиісінше орындауға;

2) олардың әрекетімен (әрекетсіздігімен) Қоғамға келтірген залалдарына жауапты болады.



  1. Корпоративтік хатшының, Корпоративтік хатшы Қызметі қызметкерлерінің жауапкершілігі олармен жасалған еңбек шарттарында (немесе еңбек шартына қосымша келісімде) тіркеледі.

  2. Директорлар кеңесі және/немесе Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің корпоративтік дауларды жою не болмаса ықтимал корпоративтік даулардың алдын алу жөніндегі шаралардан бас тартуы оларды Корпоративтік хатшы хабардар еткеннен кейін соңғысын корпоративтік дауларды шешуді ұйымдастырудан босатады.

8. ЕРЕЖЕНІҢ ЗАҢДЫ КҮШІ


  1. Ережені бекіту, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қоғамның Директорлар кеңесінің құзырында болады.

  2. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғы мен Кодексінің өзгеруі нәтижесінде Ереженің жекелеген нормалары оларға қайшы болған болса, Ереженің аталған нормалары күшін жоғалтады және Ережеге өзгерістер енгізу сәтіне дейін Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық актілерін, Жарғыны және Кодексті басшылыққа алады.



1-қосымша





Кандидаттың суреті

Корпоративтік хатшы лауазымына кандидат туралы мәлімет


  1. Жалпы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты







(жеке куәлігімен (паспортымен) толық сәйкес болуы тиіс, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда олар қашан және қандай себеппен өзгергенін көрсету керек)

Туған күні мен туған жері



Тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірлері







(нақты мекен-жайы, елді-мекеннің кодын қоса алғанда, қызметтік, үй, қатынас телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

Шетел азаматты болған жағдайда шетелдік жұмыс күші ретінде тартуға берілген рұқсаттың нөмірі мен қолданылу мерзімі көрсетіледі

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері



Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағасы, әпкесі, балалары), сондай-ақ жұбайының туыстары (ата-анасы, әпкесі, ағасы, балалары) туралы мәліметтер):





ТАӘ

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қатынастары












заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:





Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Сіздің қатысу үлесіңіз бен сомаңыз















  1. Кәсіби деректер:

Білімі







(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімнің атауы, орналасқан жері, оқу кезеңі, берілген біліктілігі, білімі туралы дипломның деректемелері көрсетіледі)

Қосымша білімі, соның ішінде біліктілікті арттыру курстары, арнаулы тренингтер мен семинарлар, ғылыми дәрежесі)







(оқу орнының атауы мен орналасқан жері, оқу кезеңі, білімі туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректемелері көрсетіледі)

Корпоративтік құқы пен басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі









(корпоративтік даму және активтерді басқару блогының корпоративтік заңгері және/немесе маманы лауазымдарында жұмыс істеген жылдарының саны көрсетіледі)

Басқарушы лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі







(жұмыс істеген жыл санын көрсету керек)

Жетістіктері







(аталған мәселе бойынша ақпарат, мысалы, ғылыми жарияланымдардың атауы, ғылыми әзірлемелерге, заң жобаларына қатысуы және т.б.)

Кәсіби ұйымдардағы мүшелігі







(аталған мәселе бойынша ақпаратты, мысалы, Корпоративтік хатшылар, Тәуелсіз директорлар қауымдастығы көрсетіледі)

Аталған мәселеге қатысы бар басқа да ақпарат







(кандидаттың кәсіби құзыретін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер (соңғы жұмыс орнынан бастап барлық өткен жұмыс орындарын санамалап көрсетіңіз):



Ұйымның атауы:
Мекен-жайы:
Құрылымдық бөлімше:


Ұйым қызметінің бағыты:


Лауазымның атауы:

Ай/жыл басы

Ай/жыл соңы

Лауазымдық міндеттері:

Жұмыстан босау себебі:













(қажеттілігі бойынша жол қосыңыз)
3. Тіл дағдылары (меңгеру дәрежесін көрсетіңіз: қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы, еркін):


Тіл

Меңгері дәрежесі

оқу

сөйлеу

жазу

Қазақ










Орыс










Ағылшын










Басқасы (көрсетіңіз)










4. Компьютерде жұмыс істеу дағдылары:

Операциялық жүйелер (қажеттісін белгілеңіз):

1) Windows XP 

2) Windows 2000 Professional 

3) Windows NT 4.0 Workstation 

4) Windows 3.11/95/98/Me, MS DOS 

5) RedHat 64 bit 



Бағдарламалар (қажеттісінің астын сызыңыз)

1) MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Access,Visio, Outlook, Microsoft Project )

2) Lotus (LotusNotes, Lotus-123, Organizer) қосымшасы

3) Internet-браузерлер (MS Internet Explorer, Mozilla Firefox, Netscape және т.б.)

4) Adobe (Acrobat Reader, Photoshop және т.б.

5) WinRAR, AutoCAD, ABBYY Lingvo, PROMT

6) басқалары (атап көрсетіңіз)
5. Басқа мәліметтер:


Белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынып тасталмаған экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, коррупциялық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жасалған басқа да қылмыстары үшін сотталғандығының болуы


Иә/жоқ

Заңнаманы бұзғаны үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттемелерді орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы


Иә/жоқ, егер «иә» болса, онда ықпал ету шарасын кім қолданғанын, күнін көрсетіңіз

Бұрын банкрот болып танылған не болмаса оған қатысты еріксіз тарату, тоқтатып қою, акцияларын еріксіз сатып алу туралы шешім қабылданған ұйымның басшы қызметкері болып танылуы

Ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі

Аталған мәселеге қатысы бар басқа да ақпарат

(еркін түрде көрсетіледі)

Мен (Корпоративтік хатшының тегі, аты, әкесінің аты) __________________ ____________, осы ақпаратты егжей-тегжейлі тексердім және ол дұрыс және толық болып табылатынын растаймын және мен ұсынған дұрыс емес мәліметтердің болуы мені ____________________________ тағайындауға деген келісімді қайта қарау (кері қайтару) үшін негіз болып танылатынын мойындаймын (қолы, күні).



2-қосымша
Корпоративтік хатшыға қойылатын талаптар

Корпоративтік хатшы білуі тиіс:



Корпоративтік басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, атап айтқанда:

Азаматтық кодексті, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, акционерлердің құқықтарын айқындайтын және акционерлік қоғам органының қызметін, бағалы қағаздар эмиссиясы мен айналымының тәртібін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Еңбек, монополияға қарсы (Қоғамның қызметін монополияға қарсы ведомствалар реттеген жағдайда), әкімшілік заңнамасының, сот тәжірибесінің негіздерін.

Акционерлік қоғам органдарының өзара іс-қимыл ережелері, атап айтқанда:

Акционерлік қоғам органдарының отырыстарын дайындау және өткізу, олардың өзара іс-қимыл тәртібін.



Корпоративтік басқару тәжірибесін көрсететін негізгі нормативтік құжаттар.

Корпоративтік басқару кодексін,

Қазақстан Республикасының заңнамасы, қор биржасы талаптарына сәйкес ақпаратты ашып көрсету тәртібін,

корпоративтік даулар мен мүдделер қайшылығын реттеу тәртібін,

ақпаратты техникалық қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды,

корпоративтік тәртіптің этикалық стандарттары.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет