Портфелі Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу арқылы тәрбиелеу үдерісін жетілдіру Сыныптың тәрбие жүйесі



жүктеу 116.77 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі116.77 Kb.


Сынып жетекшінің әдістемелік жинақ

портфелі

Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу арқылы тәрбиелеу үдерісін жетілдіру

Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.

Тәрбие жүйесі не үшін қажет?

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.


Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:

- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;

- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);

- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.


Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:

1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.

2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .

3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .

4. Оқушыларды мәңгілік ,басым құндылықтарға бағыттау .Олар: Отан,отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілілк, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.

Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;

- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;

- бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);

- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту


Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:

  1. жеке дара-топтық;

  2. құндылық-бағдарлы

  3. атқарымдық-әрекеттік

  4. кеңістіктік-уақытты

  5. диагностикалық-нәтижелілік

Жеке-дара-топтық компонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:

сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,

пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.

Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.



Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады:

  • Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;

  • Мақсат, міндеттері;

  • Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы

  • Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.

Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.

Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:

  • Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;

  • Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері

  • Сыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,

Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.

Кеңістіктік-уақытты компоненті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

  • Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;

  • Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;

  • Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;

  • Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне кедергі жасап, ешқандай жетістікке қол жеткізе алмайды.

Диагностикалық-нәтижелілік компонеті. Ол келесі бөліктерден тұрады:

    • Тәрбие жүйесі нәтижесінің (әсерінің) көрсеткіштері;

    • Тәрбие жүйесі нәтижесін анықтаудың әдісі мен тәсілдері



Тәрбие жүйесі нәтижелілігінің келесі көрсеткіш өлшемдерін алуға болады.

  • Оқушылардың тәрбие көрсеткіштері;

  • Сыныптағы оқушының өз-өзін жайлы сезіну деңгейі;

  • Сыныптың тіршілік-әрекетімен оқушы мен ата-анасының қанағаттануы ;

  • Сыныптың ұжым ретінде қалыптасуы;

  • Сыныптың абырой беделі;

  • Сынып ұжымының жеке даралық қасиеттерінің көрініс табуы. Осы көрсеткіштерді анықтауға сәйкес әдіс-тәсілдер анықталып, қортынды шығарылады. Сонымен, сыныптың тәрбие жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері мен оның ішкі мазмұн, мағынасы туралы таныстырылды. Жүйе мағынасы туралы түсінік сіздерге сынып қауымдастығында оқушыны тәрбиелеу үлгісін құруға көмектеседі.



Тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуында келесі 4 кезеңді атауға болады:

1-кезең – жүйені жобалау (бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін,мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2 кезең – жүйенің қалыптасуы (бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекші мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.);

3 кезең - жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы,өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 кезең – жүйе жұмысын аяқтау немесе қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің,әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сынып тіршілік-әрекетін жаңарту).
Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу жоспары


Жұмыстың негізгі бағыттары

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

1. Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу













2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау













3. Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет













Сынып жетекшінің сыныптың тәрбие жүйесін құруда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен әрекет түрін келесі кестеде көрсетілген:

Әркеттің негізгі бағыттары

Міндеттері

Міндеттерді жүзеге асыру құралдары

Сынып оқушыларын, олардың қарым-қатынасын,бір-бірімен тілдесуін, сыныптағы әрекетін зерттеу

1. Сынып оқушыларының қызығушылығын,қажеттілігін, икемділігін,басқа жеке ерекшеліктерін зерттеу

2.Сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін, бір-бірімен қалыптасқан өзара қарым-қатынас жаңдайын анықтау

3. Сыныптың жалпы тіршілігіне қатысы бар ата-аналардың,басқа да адамдардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау

4.Тәрбие жұмысының әсерін, тиімділігін анықтау.



1. Сауалнама,танымдық-дамыту ойындары , қоғамдық белсенділігін, шараларға қатысу себебін зерттеу әдісмемесі ,қызығушылығы мен әуестігінің картасын құру.

2.Танысу, өзінің қабілетін, мүмкіндігін ашуға бағытталған сынып сағаттары


3.Социометрия әдісі арқылы сынып белсенділері мен қамтылмай қалған оқушыларды,жалпы сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін анықтау классе.

4.Сыныптың шығармашылық бірлескен әрекеттері (танымжорық, мерекелер, қойылым дайындау т.б)

5.Тест, сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен, жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау .


2. Сынып қауымдастығының тіршілік әрекетін, келешегін, мақсат, міндеттерін жобалау, бағытын анықтау

1. Сынып ішіндегі күнделікті әрекетті,тіршілікті оқушыларға жағымды етіп ұйымдастыру арқылы сынып бейнесін қалыптастыру

2. Мектептің тәрбие кеңістігінде сыныптң орнын анықтау.

3. Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін анықтау


1.Оқушыларды ұйымдастыру, әрекетке баулу ойындары .Ұжымдық-шығармашылық шаралар. «Мен оқығым келетін сынып» атты жобалар мен идеялар байқауы.

2.Қызығушылық,әуестікті дамытатын ойындар.Ата-аналар жиналысы «Мектеп + отбасы + балалар = ?», Сыныптың ережесін қабылдау, рейтинг көрсеткіштерін әзірлеп, шығару.



3.Сыныпты ұжым ретінде қалыптастырудағы, топтастырудағы, дамуға қолайлы орта құрудағы біріккен әрекет

1. Сыныптың ішінде эмоционалдық- психологиялық жағымды ортаның қалыптасуына атсалысу

2.Сынып ұжымында тәрбие жүйесінің үлгісін байқап көру.



1. Танымжорықтар, мектептен тыс мекемелермен біріккен әрекеттер, Сынып белсенділеріннің жұмысын ұйымдастыру, қортындылау.

2.Сайыстар мен байқауларға қатысу.

3. Қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру,қатысу.

4.Қоғамдық маңызы бар әрекеттерге белсене қатысу



Тәрбиелеу мақсаты: Жан-жақты үйлесімді дамыған, әлеуметтік бағытталған, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны тәрбиелеу

Әртүрлі жастағы балалар үшін басты әлеуметтік құзіреттілік негізіндегі тәрбие мақсаттары:



Оқушылар дың әлеуметтік құзіреттілік тері

1-4 сынып


5-7 сынып


8-9 сынып


10-11 сынып



Танымдық

Қызығушылық,құмарлықты дамыту

Танымдық қызығушылық,ықыласты дамыту

Танымдық белсенділікті дамыту

Танымдық белсенділікті қалыптастыру

Қоғамдық

Мектеп пен отбасына сыйластықты дамыту

Адамдарға сыйлыстықты, қадірлеуді дамыту

Қоғам мен билікке құрметті дамыту власти

Азаматтық ұстанымын қалыптастыру

Еңбек

Еңбексүйгіштікті дамыту

Еңбекке қызығушылықты дамыту

Еңбекке қажеттілікті дамыту

Кәсіби өз орнын табуға дайын болу қабілетін қалыптастыру

Экологиялық

Табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту

Экологиялық сауаттылықты дамыту

Экологиялық мәдениеттілікті дамыту

Экологиялық қажеттілікті,мұқтаждықты қалыптастыру

Көркемдік

Сұлулық сезімін дамыту,баулу

Көркемдік талғамды дамыту

Көркемдік мәдениеттілікті дамыту

Ақиқатқа, болмысқа көркемдік қарым-қатынасты қалыптастыру

Жеке дара

«Мен - адаммын» ұғымын дамыту

«Мен - тұлғамын ұғымын дамыту

Өзін-өзі және өзара сыйластықты дамыту

Жеке дара және дүниеге көзқарасын қалыптастыру арқылы өз болмысын анықтау


Тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру шарттары:

  • Әрекет пен шаралардың жүйелілігі,оқушыларды өз бетімен әрекет етуге бағыттау, тұлғалық жақтарын дамыту;

  • Жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;

  • Қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.


Сыныптың тәрбие жоспарын құру технологиясы

1-қадам Сыныптың ерекшелігін анықтау,тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін айқындау.

2-қадам Тәрбие бойынша сәтсіз өткен шаралар мен әрекеттерге талдау жасау, кемшіліктерді анықтау. Онсыз алдағы міндеттерді белгілеу мүмкін емес.

3-қадам Сыныппен алдағы күтілетін келеңсіздіктерді, мәселелерді анықтау. Ол мәселелерді сипаттау міндетті емес, бірақ көре білу асқан шеберлік



4-қадам Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін негіздеу Сыныптағы тәрбие міндеттерін айқындағаннан кейін, оны жүзеге асыру әрекетін, түрін жоспарлаймыз. Тәрбиелеу іс-әрекетінің әдісі мен тәсілін дұрыс таңдау және оны оқушыға қызықты етіп өткізу, тәрбиенің тиімділігі мен басты мақсатқа қол жеткізуге жетелейді.

5-қадам Оқушының жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын есепке алу,талдау

6-қадам Ата-аналармен жұмыс түрін бекіту

7-қадам Тәрбие жұмысы мақсат міндеттерінің жүзеге асуын бағалаудың көрсеткіштерін анықтау.



Тәрбие жұмысының тиімділігі қойылған мақсат, міндеттердің және қол жеткізген нәтиженің арақатынасын салыстыру өлшемі арқылы анықталады. Ал тиімділікті зерттеу алдағы жұмысқа түзетулер мен жаңалықтар енгізу үшін жасалады.
Каталог: files -> blogs
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы
blogs -> Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
blogs -> Оқу әдістемелік кешен Қазақстанның физикалық географиясы
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы Химия пәні бойынша дидактикалық материалдар 9-сынып
blogs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
blogs -> Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования методическое пособие


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет