Танымал әнші Жазира Байырбекова әндерінің сабақ үстінде тыңдалатынын айтып, жеке парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы мектеп мұғалімі сабақ үстінде әншінің “Бесік жырын” тыңдатқан.

"№4 бастауыш мектептің 1"а"-сынып оқушылары. Сынып жетекшісі – Маржан Нұрланқызы. Оқушыларын ата-анасына, еліне, жеріне, қоғамға мейірімді болсын деген мақсатпен тәрбиелік мәні бар әндерді сабақтан соң немесе сабақтың алдында тыңдатады екен. Енді менің әндерім бала-бақшада ғана емес мектептерде оқушыларға да пайдасы тиіп жатқанына қуаныштымын. Қолдайтындарыңыз жүрек қойыңыздар”, – деп жазды әнші. 

  • Шымкентте сегізінші сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

  • Оқу-ағарту министрі оқушыларға телефон ұстауға неге тыйым салынатынын түсіндірді

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі тәрбиелік мәні бар әндерді балаларға көбірек тыңдату керек десе, енді бірі әнді жын-ойнаққа теңеген. “Баланың сабақ үстінде ән тыңдап отырғанының несі жақсы?!. Кезінде анамды әкесі Алматыға жібермеген екен, музыка жағына оқуға түсем дегенде, “керегі жоқ, жын-ойнақтың тірлігі, жаман жолға түсіп кетесің” деп. Ата-әжелеріміз қаламаған өнерді ұрпаққа насихаттаудың керегі жоқ. Одан да имандылыққа үйретсін. Былтыр Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с өмірбаянын үйреткен мұғалімге бәрі шулап еді. Ән тыңдағанын қолдап қалыпсыңдар”, деп жазды желі қолданушысы. “Жын-ойнақ деген шетелдің әндері, мына ән тап-таза қазақша ән емес па, олай шатаспаңыз”, “Баланың ән тыңдап өскені дұрыс, ата-әжеңіздің көзқарасы дұрыс емес”, “Дінді балаларға насихаттап керегі жоқ” деп жазып жатыр әншінің оқырмандары. 

Еске салайық, өнер иесі жақында қажылық сапардан оралғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.