Порядок и процедура создания уполномоченной организации



жүктеу 21.18 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі21.18 Kb.



Уәкілетті ұйымды құру тәртібі мен рәсімі

Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының №57-III Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабында көзделген, оның ішінде резидентте ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясының, айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiгiнің болуы, сондай-ақ уәкілетті ұйымның біліктілік талаптарына сәйкес келуі, оның ішінде айырбастау пунктінің саны ескеріле отырып, ақшалай нысандағы жарғылық капиталды қалыптастыру үшін Ұлттық Банк белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшердегі ақшалай нысандағы жарғылық капиталдың болуы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 3-тармағына сәйкес уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады.
Ереженің 6-тармағына сәйкес осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес жеке және заңды тұлғалары уәкілетті ұйымның құрылтайшылары болып табылады.

Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясынан айырылған уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) болып табылған тұлға Ұлттық Банк филиалының шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиядан айыру туралы тиісті шешімінің күнінен бастап үш жыл өткенге дейін уәкілетті ұйымның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) бола алмайды.

Уәкілетті ұйымдарды құру тәртібі, сондай-ақ айырбастау пунктін лицензиялау және тіркеу рәсімі, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі Қағидаларда көзделген, оның мәтіні Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz → «Нормативтік құқықтық база» → «ҚР Заңдары және ҚҰБ НҚА» → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» → «Қағидалар».

Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 928 Жарлығымен бекітілген «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген, ол мына мекенжай бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz → «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі → «Мемлекеттік қызметтер стандарттары»→ «Айырбастау пунктін тіркеу және қайта тіркеу».


Толық ақпарат алу қажет болған кезде Сіз құрылғалы отырған уәкілетті ұйымның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгіне аласыз.

Аумақтық филиалдардың орналасқан жері туралы ақпарат және байланыс деректері Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz → «Ұлттық Банк туралы» → «ҚҰБ құрылымы» → «Филиалдар» → «Аумақтық филиалдар».

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет