Порядок проведения консервации банков второго уровня



жүктеу 49.02 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі49.02 Kb.

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ КОНСЕРВАЦИЯЛАУЫН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

(«Қазақстан Банктері» журналы, №9, 2007ж.)
Н.Н. Әжіметов

(Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Қаржы ұйымдарын тарату Департаментінің Тарату рәсімдерін ұйымдастыру басқармасының Уақытша әкімшіліктердің және тарату комиссиялардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің маманы)

Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақты дамуының маңыздылығы мен басымдылығын сезініп, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әрі қарай дамудың негізгі міндеттерінің біріне - банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді қояды.

Қаржылық жағдайды күшейту және сауықтыру, сондай-ақ банк жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті орган (Агенттік) банктерге қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа іс-шараларын жүргізеді, бұл консервация болып табылады.

Консервация режимі жүйелі (жүйелі 3 ай ішінде) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін орындамаған жағдайда не «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының (бұдан әрі – ҚР Заңы) негізінде енгізіледі және банктің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Консервациялау режимі уәкілетті органның уақытша әкімшілікті тағайындауды көздейді, оның мақсаты банктің өз міндеттемелерін уақтылы және толық орындауға қабілеттілігін қалпына келтіру, жұмысындағы жөнсіздіктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын және банктің ішкі құжаттарын бұзушылықтарды жою.

Консервациялау кезеңінде уақытша әкімшілік кейбір операцияларды тоқтата тұрады, бірақ банкті сауықтыру үшін қаржылық, заңды және басқа рәсімдерді жүргізеді. Консервация бойынша барлық іс-шаралар тікелей банк есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, мысалы, Агенттіктің 09.11.2004ж. № 307 қаулысымен банкті қаржылық сауықтыру мақсатында «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ консервациялау режимі енгізілген. Агенттік уақытша әкімшілікті тағайындады, оған банкті басқару жөніндегі өкілеттіктері ауысты. «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ уақытша әкімшілігі ҚР Заңының 65-бабының негізінде 09.11.2004ж. бастап клиенттердің банк шоттарынан шығыс операцияларын тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Осы шектеу консервациялаудың барлық кезеңінде қолданыста болды. Банктің капиталдануына қатысуға қажетті құжаттармен және іс жүзіндегі әрекеттермен растай отырып, ниет білдірген әлеуетті инвесторлардың болмауына байланысты, сондай-ақ консервация қаржылық жағдайын сауықтыруға және жұмыс сапасын жақсартуға әкелмегенін ескере отырып, банк заңнамалығымен көзделген ұлттық және шетел валютасында операцияларды жүргізуге берілген лицензия Агенттік Басқармасының 02.06.2005ж. № 172 қаулысына сәйкес қайтарып алынды.

1 жылғы дейінгі мерзімге тағайындалатын уақытша әкімшілік:

1) консервация кезеңіндегі негізгі іс-шаралар жоспарын бекітуді қоса алғандағы банк қызметінің барлық мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға;

2) қажет болған жағдайда консервация кезеңіне банктің қабылданған депозиттер бойынша міндеттемелерін толығымен немесе ішінара тоқтата тұруға;

3) қажет болған жағдайда банк жасаған банктің қаражат салуын көздейтін шарттарды бұзуға не оларға бір жақты тәртіппен ставкаларды, тарифтерді және қолдану мерзімін қоса алғандағы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

4) банктің атынан кез келген шарттарға, құжаттарға қол қоюға және банктің мүддесі бойынша оның атынан талап қоюға;

5) жұмыстан шығару, лауазымын төмендету немесе лауазымынан уақытша шеттету, қызметкерлердің арасында міндеттерді бөлу туралы бұйрықтарды қоса алғанда бұйрықтар шығаруға;

6) кредитор мен борышкер бір тұлға болып келетін жағдайда өзара талаптарды есепке алуды жүргізуге құқылы.

Консервация жоспары мыналарды көздеуге тиіс:



  • Банктің есебі баланстан тыс жүргізілетін барлық активтеріне және мүлкіне , оның ішінде кепілдік мүлікке және олар бойынша құқық берілетін құжаттарға түгендеу жүргізу, баланстық және баланстан тыс шоттарындағы іс жүзіндегі қалдықтарды анықтау (банкті косервациялау кезінде); сондай-ақ меншікті активтер мен міндеттемелерді түгендеу;

  • тиімді басқару құрылымын және қызметкерлердің санын анықтау;

  • банктің қызметіне байланысты бұрын жасалған шарттардың мақсатқа лайықтылығын анықтау және банктің мүдделеріне сәйкес келмейтін шарттарды бұзу бойынша шаралар қабылдау;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарияланған акциялар (басқа бағалы қағаздар шығарылымы туралы) санын ұлғайту жөнінде және оларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастыру туралы шешім қабылдау арқылы банкті капиталдандыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

  • активтердің сапасын мерзімі өткен несиелік және дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша, банктік заемдар жөніндегі шарттар бойынша және банк үшін құндылығы жоқ басқа активтер бойынша талап ету құқықтарын беру бойынша жұмыс жүргізу, кез келген қаржыландыруды жүзеге асыруын тоқтату, өтімді активтердің көлемін ұлғайту арқылы активтердің сапасын жақсарту;

  • шығыс операцияларын жүргізуді бақылауға алу, бар тарифтерді, сыйақы ставкаларын, банктік операциялар бойынша комиссиялық алымдарды, еңбек ақы төлеу шығыстарын және амортизациялық аударымдарды қайта қарау арқылы банктің кірістілігін ұлғайту;

  • банктегі тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беру және оларды жақсарту бойынша шараларды іске асыру;

  • Банктің қаржылық жағдайын сауықтыруға бағытталған өзге де іс-шаралар. Банктің уақытша әкімшілігі (уақтыша басқарушы) уәкілетті орган белгілеген мерзімде консервациялау жоспарына сәйкес қажетті іс-шараларды өткізіп, уәкілетті органға жасалған жұмыс туралы есебін ұсынуға тиіс.

Банкке келтіріген залала үшін уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушы) басшысы және мүшелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікте болады.

Банктің консервациясы уәкілетті орган белгілеген консервациялау мерзімі аяқталған соң немесе уәкілетті органның консервациялауды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін тоқтатылады.

Қаржылық жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты банк консервациясының тоқтатылуы (оның ішінде мерзімнен бұрын) осы банке қатысты уәкілетті орган не уақытша әкімшілік белгілеген шектеулердің тоқтатылуына әкеледі.

Банктің консервациясы оның қаржылық жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына әкелмеген жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Банкті банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру түріндегі санкциялар қолдануға құқылы. Мысалы, 2004 жылғы 09 қарашадан бастап енгізілген және үш рет мерзімі созылған «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ консервация режимі қалған нәтижелерге әкелмеді. Банкті сақтап қалуға жасалған барлық әрекеттер сәтсіздікпен аяқталды. «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ іс жүзіндегі жағдаймен танысқанда қомақты шығындар талап етілетіні анықталды және инвесторлар тарапынан нақты ұсыныстар болмағандықтан «Қазақстан Наурыз Банкі» АҚ таралуы шарасыз факті болды.



Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы банк жүйесінің және әрбір дара банктің экономика, мемлекет және халық үшін маңызы өте зор, ол құндылықтардың бірі болып табылады: егер банк қиындықтарға ұшырған жағдайда, онда оны қалпына келтіру дұрыс жұмыс істеуге кедергі болатын қолданыстағы заңнама бұзушылықтарын жою (Заң шегінде) бойынша мүмкіндігінше барлық шараларды қолға алу қажет. Және егер банкті стратегиялық инвесторға сату ықтимал және тартымдырақ болса, онда банкті қалпына келтіру және өтімділігін көтеру дербес міндеттің құндылығына ие болады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет