Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Танымал әндердің орындаушысы, белгілі әнші Индира Расылхан жеке қміріндегі қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің жұбайы өнер саласынан алыс болатын.

“Біз деген ақылдымыз. Күйеуді кінәлауға дайын тұрамыз. Ол жалқау болып туған, мамасының баласы, мәселені шеше алмайды, бала-шағасын ойламайды” деп мін тағамыз. Ал өзіміз ақылдымыз, сұлумыз, жауаптымыз, отбасы мен бала-шағаны ғана ойлаймыз. Өзім жайлы айтатын болсам, ұзақ әңгіме болып кетейін деп тұр. Қысқасы, бір-біріміздің орындарымызды алмастырып алдық. Оған мәселені шешуге мүмкіндік бермедім. “Өзім-өзім” деп мойныма көп жауапкершілік алып қойыппын. Біздегі мәселе осы болды. Көп қателік әйелдің тәкәппарлығынан болады. Мен күйеуімнен жасап шығарамын деп тиеді. Адамды өзгерту мен оны жасап шығару мүмкін емес”, – деп ақыл айтады әнші. 

Сондай-ақ, күйеуінің балаларымен де қарым-қатынасын жасырмады. 

“Балаларым толық емес отбасында өсіп жатыр деп санамаймын. Оларға стресс салмауға тырыстық. Мен қалай дұға жасадым, қарым-қатынасымыз да сондай болды. Ол кісі балаларын назардан тыс қалдырған емес. Оларға қамқор болды. Мәселе менде еді. Лидер болып кеттім. Қазір дым білмейтін ақымақпын. Әлеміміз бөлек болды. Ішкі әлем сай келмесе қиын. Оны мен кезінде келтіріп аламын деп ойлағанмын. Бірақ қателесіппін”, – деп жазды өнер иесі. 

Еске салайық, әнші өнерден кеттім деп ресми жарияласа да, сахнаға шығып оқырмандарынан сөз естігенін жазған болатынбыз. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.