Постановление Правления 2016 жылғы Алматы қаласы № город Алматы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 188.33 Kb.
Дата08.10.2018
өлшемі188.33 Kb.
түріПостановление

Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2016 жылғы _________


Алматы қаласы





______
город Алматы


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің брокерлік

қызметінің қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидалары бекітілсін.

2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев







Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы _________
№ ___ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

брокерлік қызметінің қағидалары

Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі брокерлік қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының қаржы нарығында брокерлік қызметті (бұдан әрі – брокерлік қызмет) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.


1. Жалпы ережелер
1. Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы брокерлік қызметі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), Ұлттық Банк туралы заңның және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарымен реттеледі және жүзеге асырылады.

2. Ұлттық Банктің брокерлік қызметі Бағалы қағаздар рыногы туралы заңымен реттелмеген бөлігінде Ұлттық Банктің ішкі құжаттарымен және брокерлік қызмет көрсету туралы шарттармен реттеледі.

3. Қағидалардың мақсаты үшін Ұлттық Банктің брокерлік қызметі деп клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға бағытталған қызмет түсініледі.

4. Қағидаларда Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:

1) биржа нарығы – сауда-саттықтарды тікелей жүргізу арқылы оларды ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықтарды ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастардың жиынтығы;

2) биржадан тыс нарық – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының сауда-саттықтарды ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылмайтын қатынастарының жиынтығы;

3) есеп айырысу бөлімшесі – Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын бөлімшесі;

4) инвестициялық кіріс – активтердің ақшалай көрсетілген, оларды инвестициялау нәтижесінде алынған өсімі;

5) клиент – Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес Ұлттық Банкпен брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлға;

6) клиенттің бұйрығы – қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға клиенттің нұсқауы бар өтінімі;

7) мүдделер қақтығысы – Ұлттық Банк бірмезгілде брокер және қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болған кезде Ұлттық Банк пен оның клиентінің мүдделері өзара сәйкес келмейтін жағдай;

8) сауда бөлімшесі – Ұлттық Банктің қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын бөлімшесі;

9) сыртқы қаржы нарығы – шет мемлекеттік заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында мәмілелер жасау процесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы;

10) ішкі қаржы нарығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері арасында мәмілелер жасау процесінде қалыптасқан қатынастардың жиынтығы.



2. Ұлттық Банк пен клиент арасында брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасау тәртібі

5. Брокерлік қызмет көрсету туралы шартты Ұлттық Банк клиентпен Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде қаржы құралдарымен өзара байланысты бір немесе бірнеше мәмілелер жасау мақсатында немесе клиентке брокерлік қызмет көрсету мақсатында жасайды.

6. Әлеуетті клиент брокерлік қызмет көрсету туралы шартты жасау үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды:

1) клиенттің бұйрығына қол қоюға уәкілетті әлеуетті клиенттің қызметкерлерінің қол қою үлгілері және мөр таңбасы (ол бар болса) бар нотариат куәландырған құжат үш данада;

2) клиент заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы не оның көшірмесін ұсынады.

7. Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Тараптардың келісулері бойынша брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа Қағидаларға қайшы келмейтін қосымша талаптар қосылады.

Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт ол жасалғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей кейіннен брокерлік қызмет көрсету туралы шарттың тұпнұсқасымен ауыстыра отырып, факсимильдік көшірмелерді алмасу арқылы жасауға рұқсат етіледі.

8. Ұлттық Банк брокерлік қызмет көрсету туралы шартты жасау кезінде әлеуетті клиентке мүдделер қақтығысының ықтимал туындауы туралы жазбаша хабарлайды.

Әлеуетті клиент брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда өзінің әлеуетті клиент және Ұлттық Банк бірмезгілде брокер және қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болған жағдайда брокер ретінде Ұлттық Банк арасында мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін екені туралы хабардар екенін растайды.

9. Әлеуетті клиентпен брокерлік қызмет көрсету туралы шартты әзірлеу мен жасауды және сыртқы қаржы нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінде банк шоттарын ашуды сауда бөлімшесі жүзеге асырады.

Клиенттердің бұйрықтарын қабылдауды және Ұлттық Банктің атынан және клиенттердің атынан қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды, брокерлік қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес хабарламалар беру мен брокерлік қызмет көрсетуді сауда бөлімшесі жүзеге асырады.

10. Ішкі қаржы нарығында қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін ағымдағы шоттар, қосалқы шоттар, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссиялар есептеу мен есептен шығару үшін шоттар ашуды, клиенттің қаржы құралдарын есепке алуды есеп айырысу бөлімшесі жүзеге асырады.


3. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау тәртібі
11. Клиент қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін клиенттің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұйрығы Ұлттық Банкке ұсынылады.

Клиенттің бұйрығына клиент немесе оның өкілі қол қояды, мөрдің бедерімен (ол бар болса) расталады және брокерлік қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімде екі данада Ұлттық Банкке ұсынылады.

12. Сауда бөлімшесі клиенттің бұйрығын алғаннан кейін клиенттің бұйрығына қол қойған тұлғаның өкілеттігін және клиент бұйрығының Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және клиент бұйрығының клиенттің алғаны туралы белгі қойылған екінші данасын қайтарады.

13. Сауда бөлімшесі:

1) Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмеген;

2) қаржы құралдарымен мәміле Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес келмеген жағдайда;

3) клиенттің шотында операция/мәміле орындау үшін қажетті ақша немесе қаржы құралдары болмаған;

4) операцияның/мәміленің тиісті орындалуын қамтамасыз етуге клиенттің мүмкіндігі болмаған жағдайда клиенттің бұйрығын орындауға қабылдамайды.

14. Ұлттық Банк брокерлік қызмет шеңберінде жасайтын қаржы құралдарымен мәмілелер биржалық және сол сияқты биржадан тыс нарықтарда жасалуға тиіс.

15. Сауда бөлімшесі тиісінше мәміленің жасалғаны расталғаннан кейін не клиенттің бұйрығын алғаннан кейін себептеріне көрсете отырып клиентке қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау туралы немесе жасауға мүмкін еместігі туралы уақтылы хабарлайды.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің брокерлік

қызметінің қағидаларына

1-қосымша

Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт

Алматы қ. 20__ жылғы «____» _________

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Ұлттық Банк» деп аталады, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ұлттық Банкi туралы заң) негiзiнде iс-әрекет жасайтын ________________ арқылы бiр жағынан және __________________________, бұдан әрі «Клиент» деп аталады, _____________ негiзiнде iс-әрекет жасайтын ___________________ арқылы екiншi жағынан, бұдан әрi бірігіп – Тараптар деп аталады, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының ______________ № ____ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің брокерлік қызметінің қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа ала отырып, осы Брокерлік қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер жайында жасады:



  1. Шарттың мәні

1.1. Ұлттық Банк Клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет көрсетуді Шартта айқындалатын талаптармен және тәртіппен Клиент бұйрығына сәйкес қамтамасыз етеді.

1.2. Клиентке қаржы нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет көрсетуге мыналар кіреді:

1) Клиент бұйрығы негізінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау және орындау;

2) Клиентке ақпараттық және консультациялық қызмет көрсету;

3) Клиентке қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар беру.

1.3. Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген қызметті көрсету кезінде Ұлттық Банк Клиентке осы Шартқа сәйкес жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша пайда алуға немесе зиянның болмауына кепілдік бермейді.

1.4. Ұлттық Банк қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүдделер қақтығысының болуын болжайтын болса, қаржы құралдарымен осындай мәмілелерді жасау туралы әлеуетті Клиентке ұсынымдар бермейді.

1.5. Клиент Ұлттық Банктің бірмезгілде брокер және қаржы мәміленің тарабы болып табылатын қаржы құралдарымен жекелеген мәмілелер бойынша мүдделер қақтығысының болуы туралы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес растаманы ресімдеу арқылы өзінің хабардар екендігін растайды. Клиенттің қаржы құралдарымен осындай мәмілелеріне қатысты клиенттік тапсырысын беруі Клиенттің қаржы құралдарымен осындай мәмілелердің талаптарын түсінгенін және қабылдайтынын білдіреді.
2. Клиенттің құқықтары мен міндеттемелері
2.1. Клиент:

1) Клиенттің бұйрығын Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімдеуге;

2) қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған Клиенттің бұйрығын мыналарда:

аукцион өткізу күні Алматы уақыты бойынша сағат 10.30-дан кешіктірмей мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру бойынша аукционда;

қаржы құралдарымен мәмілелер жасау күні Алматы уақыты бойынша сағат 14.00-ден кешіктірмей биржалық қаржы нарығында;

қаржы құралдарымен мәмілелер жасау күні Алматы уақыты бойынша сағат 15.00-ден кешіктірмей биржадан тыс қаржы нарығында ұсынуға;

3) Клиенттің бұйрығын ұсыну күніне қарай қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қажетті ақшаның және қаржы құралдарының болуын қамтамасыз етуге;

4) сыйақы өтеуден, сатудан, төлеуден немесе қаржы құралдарын қайтарудан алынған не аукционда өтінімдерді қанағаттандырмау нәтижесінде инвестицияланбаған ақшаны аудару бойынша қажетті нұсқаулықтарды Ұлттық Банкке ұсынуға;

5) осы Шарт бойынша ол алмасатын ақпараттың және құжаттардың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;

6) Ұлттық Банктен өткен айда көрсетілген брокерлік қызмет үшін шот-фактураны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ай сайын Ұлттық Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес Ұлттық Банкке ақы төлеуге;

7) Ұлттық Банктен шот-фактура алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ай сайын Шарт бойынша өткен айдағы міндеттемелерді орындау кезінде олар нақты жұмсаған шығысты өтеуге;

8) Шарттың 4.3-тармағында көзделген жағдайларда айыппұл және өсімпұл төлеуге;

9) Шарттың 8.1-тармағында көзделген жағдайларда қол қою үлгілері бар құжаттар ұсынуға міндеттенеді.

2.2. Клиент:

1) осы Шарттың 8.2-тармағында көзделген бір байланыс арнасы арқылы ақпаратпен (Клиенттің бұйрығын қоса алғанда) алмасуды кейіннен Клиент бұйрығының түпнұсқасын сауда бөлімшесіне екі данада ұсына отырып жүргізуге;

2) Клиенттің қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелеріне қатысты ақпарат алуға;

3) Ұлттық Банкте танысу үшін:

1) Қағидаларды;

2) банктік және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрайтын құжаттарды қоспағанда, Клиентке брокерлік қызмет көрсету үшін елеулі мәні бар өзге құжаттарды талап етуге құқылы.


  1. Ұлттық Банктің құқықтары мен міндеттемелері

3.1. Ұлттық Банк:

1) Клиент бұйрығының негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қағидалардың талаптарына сәйкес Клиентке брокерлік қызмет көрсетуге;

2) Клиент есебінен және оның мүдделерінде Клиенттің бұйрығына сәйкес инвестициялау үшін рұқсат берілген қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға;

3) қажеттілігіне қарай клиенттің бағалы қағаздарының номиналды ұстаушысы функциясын жүзеге асыруға;

4) клиенттің бағалы қағаздарын номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асырған кезде клиентке оның бағалы қағаздарға құқығын растайтын құжаттарды беруге, сондай-ақ қажет болған кезде клиентке қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді растайтын өзге құжаттарды беруге;

5) Клиентке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, Шартқа сәйкес жасалу болжанып отырған қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты шектеулер және ерекше талаптар туралы хабарлауға;

6) Клиентке қаржы құралдарымен мәміленің жасалғаны расталғаннан кейін оның жасалғаны туралы немесе мәмілені жасауға мүмкін болмауы расталғаннан кейін себептерін көрсете отырып қаржы құралдарымен мәміле жасауға мүмкін емес екені туралы хабарлауға;

7) тіркеушілердің және орталық депозитарийдің талабы бойынша ақпаратты жариялаған кезде және Клиенттің өзі Ұлттық Банкке өзі туралы мәліметті, сондай-ақ оларға берілген ақпаратты жариялау құқығын берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда Клиенттен алынған өзі туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.

3.2. Ұлттық Банк:

1) Клиент бұйрығын Ұлттық Банкке уақтылы бермеген немесе дұрыс ресімдемеген (Клиент бұйрығының Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес келмеген), сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келген жағдайда, оны орындауға қабылдаудан бас тартуға;

2) қоса алғанда, тарифтер қолданысқа енгізілген күннен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы Клиентке ол туралы хабарлай отырып тарифтерді біржақты тәртіппен өзгертуге;

3) Клиенттің бұйрығында көрсетілген қаржы құралдарымен мәміленің жалпы сомасы не онда көрсетілген бағалы қағаздардың саны Клиенттің Ұлттық Банктегі банктік шоттарында тұрған ақша сомасынан немесе Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шоттарда тұрған бағалы қағаздарынан асқан жағдайда Клиенттің бұйрығын орындамауға;

4) егер Клиент Шарт талаптарын орындамаса Клиенттің бұйрығын орындамауға, ал Клиент Шарт бойынша міндеттемелерін бес рет орындамаған жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

5) Клиенттен осы Шарттың 4.3-тармағына сәйкес сомаларды төлеуді талап етуге;

6) көрсетілген брокерлік қызмет үшін сыйақыны және Шарт бойынша міндеттемелерді орындау кезінде нақты келтірілген шығыстарды, сондай-ақ Шарттың 4.3-тармағына сәйкес сомаларды уақтылы төлемеген немесе төлемеген жағдайда Клиенттің банк шотынан акцепсіз тәртіппен ақша алуды жүргізуге

7) Клиентке Клиентке қызмет көрсетуге байланысты өзге де ақпараттық, талдамалық, консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Қаржы құралдарын өтеу, сату немесе бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Банктің кінәсынан болған сыйақыны төлеу нәтижесінде Клиентке тиесілі ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Ұлттық Банк әрбір кешіктірілген күн үшін аударуға тиісті соманың 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде жауап береді.

4.2. Ұлттық Банк эмитенттің, Қазақстан Республикасының Қор биржасының, Ұлттық Банктің Клиентке тиесілі бағалы қағаздарын сатып алуды жүзеге асырған қарсы әріптесі тарапынан немесе кез келген үшінші тараптан төлемді кешіктірген жағдайда жауапкершілікте болмайды. Бұл ретте Ұлттық Банк Клиентке үшінші тарап төлемді кешіктіру фактісін растайтын құжаттар ұсынады.

4.3. Шарт бойынша Ұлттық Банк міндеттемелерін орындау кезінде Ұлттық Банк нақты шеккен шығыстар және көрсетілген брокерлік қызмет үшін сыйақы төлеуді кешіктіргені үшін Клиент әрбір кешіктірілген күн үшін сыйақы сомасының 0,01% (нөл бүтін жүзден бір) мөлшерінде жауапкершілікте болады.
5. Төтенше жағдай
5.1. Еңсерілмейтін күшке жататын табиғи апаттар, авариялар, өрт, жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер, әскери іс-қимылдар туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын, Тараптардың Шарт бойынша өз функцияларын орындауына кедергі келтіретін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және құқықтық актілерін қабылдау, егер зардап шеккен Тарап осындай жағдай туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей және байланыс болған кезде орын алған жағдай туралы басқа Тарапқа хабарласа, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын тезірек жою үшін барынша тырысса өздеріне қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

5.2. Шарттың 5.1-тармағында көрсетілген еңсерілмейтін күш жағдайларының объектісі болған Тарап басқа Тараптың талабы бойынша уәкілетті органдар растаған болған оқиға туралы растау құжаттарды, сондай-ақ келтірілген зиян көлемін есептеуге байланысты кез келген құжаттаманы ұсынуға міндетті.

5.3. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауы еңсерілмейтін күш жағдайлары орын алған уақытқа тоқтатылады және олар тоқтағаннан кейін қайта жалғасады.

5.4. Шарттың 5.1-тармағында көрсетілген дүлей күш жағдайларының әрекеті тоқтағаннан кейін Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруға міндетті.


6. Дауларды шешу тәртібі
6.1. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар туындаған дауларды соттан тыс шешу үшін барлық шараларды қолдануға міндеттенеді.

6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге келе алмаған жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешілуі тиіс.


7. Шарттың қолданылу мерзімі
7.1. Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге жасалады. Шарт мәтінінің басында көрсетілген күн Шартқа қол қойылған күн болып саналады.

7.2. Әрбір Тарап Шартты бұзу болжанған күнге дейін басқа Тарапқа күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ете отырып Шартты бұзуға құқығы бар.

7.3. Егер Шартты бұзу сәтінде Клиенттің Ұлттық Банктегі шотында Клиентке тиесілі қаржы құралдары және ақша қалған жағдайда, олар Клиентке Шарт бұзылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Шартта көрсетілген деректемелер бойынша не Клиент жазбаша нысанда көрсеткен өзге деректемелер бойынша қайтарылуға тиіс.
8. Басқа да талаптар
8.1. Қол қою үлгілері бар құжатта көрсетілген тұлғалар сырқаттануына, демалыста, іссапарда болуына байланысты болмаған кезде, Клиент Ұлттық Банкке қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға уәкілетті тұлғаларға Клиенттің бірінші басшысының қолымен және мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылған сенімхат ұсынады. Бұл ретте қол қою үлгілері бар уақытша құжат ресімделуге тиіс. Қол қою үлгілері бар карточкада көрсетілген тұлғалар тізімі өзгерген кезде, Клиент Ұлттық Банкке қол қою үлгілері бар жаңа құжат ұсынады.

8.2. Тараптар клиенттің бұйрықтарын, кез келген хабарламалары мен құжаттарын жазбаша түрде немесе почта немесе электрондық байланыс, факсимильді хабарлама немесе өзге де ықтимал байланыс түрлері арқылы береді.

8.3. Шарттың 8.4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шартқа өзгерістер Шартқа қосымша келісім жасау арқылы ресімделеді, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

8.4. Атауы, орналасқан жері, деректемелері өзгерген жағдайда Тарап растама құжаттарды қоса бере отырып, тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.

8.5. Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда барлық құқықтар мен міндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.

8.6. Шарт төрт түпнұсқа дана етіп жасалған: екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде, олардың екі данасы (біреуі мемлекеттік тілде және біреуі орыс тілінде) Ұлттық Банкте қалады және екі данасы (біреуі мемлекеттік тілде және біреуі орыс тілінде) Клиентке тапсырылады. Әрбір данасының заң күші бірдей.

8.7. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
9. Тараптардың орналасқан жері және деректемелері


Ұлттық Банк

Ұлттық Банк атынан

_____________________


Клиент


Клиент атынан

__________________



Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің брокерлік

қызметінің қағидаларына

2-қосымша


Нысан

Мүдделер қақтығысының болуы жөнінде хабардар екені туралы растама


Клиент осымен брокерлік қызмет көрсету туралы жасалатын шарт бойынша мүдделер қақтығысының ықтимал туындауы туралы өзінің хабардар екендігін растайды және төменде баяндалған талаптарды толығымен қабылдайды.

Мүдделер қақтығысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржы құралдарымен бір уақытта брокер және мәміленің тарабы (қарсы әріптес, сатушы/сатып алушы, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті) болған жағдайда туындайды.

Ұлттық Банк мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүзеге асыру кезіндегі қаржы құралдарымен мәміленің тарабы болып табылады:


  1. Ұлттық Банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу/ сату кезінде;

  2. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алу/ сату кезінде;

3) РЕПО мәмілелерін жасау кезінде (тура және кері);

4) депозиттер қабылдау кезінде;

5) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде;

6) шетелдік валютамен мәмілелер жасау кезінде;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында жасалатын өзге операциялар мен мәмілелер жасау кезінде.

Ұлттық Банк мүдделі тарап ретінде Клиентке мүдделер қақтығысы орын алған жағдайда Клиент мүддесінің Ұлттық Банктің жүргізіп отырған мемлекеттік ақша-кредит саясатының мүддесінен жоғары қойылатынына кепілдік бермейді.

Ұлттық Банк Клиентке мүдделер қақтығысы орын алатын қаржы құралдарымен мәмілелер жасау кезінде ұсынымдар бермейді.

________________________________________

Клиенттің қолы, күні және мөрі (болған жағдайда)




Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің брокерлік

қызметінің қағидаларына

3-қосымша


Нысан


Клиент бұйрығы
№ ___________ 20___ жылғы «___»_____________
Клиент_______________________________________________________

Депо қосалқы шоты (ОБ) _________________________________________

Брокер (Ұлттық Банк) жүргізілетін мынадай операцияларды/мәмілелерді жүзеге асыруды сұраймыз:

мәміле түрі ___________________________________________

(сатып алу/сату, депозит, тікелей/кері репо және тағы сол сияқты)

қаржы құралы __________________________________________________

(валюта, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары және тағы сол сияқты)

қаржы құралының бағасы _________________________________________

(шамамен бағасы/бағамы/баға белгілеуі, баға/бағамы/баға белгілеу дәлізі)

сыйақы мөлшерлемесі (кірістілік) ______________________________________

қаржы құралының саны ______________________________________

мәміленің жалпы сомасы _____________________________________

депозитті орналастыру күні _______________________________________

депозитті аяқтау күні _____________________________________________

депозит бойынша сыйақы сомасы __________________________________

Клиенттің бұйрығын орындау мерзімі немесе күні _______________________

Клиенттің бұйрығының қолданылуының аяқталу уақыты __________________
Деректемелер _____________________________
Қосымша ақпарат (бағалы қағаздар бойынша):

Бағалы қағаздардың эмитенті ___________________

Ұлттық сәйкестендіру нөмірі_____________________

Шығару күні___________________ өтеу күні________________


Бірінші басшы ___________________ Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

Бас бухгалтер __________________ Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)


осы бөлікті сауда бөлімшесінің қызметкері толтырады

________________________

Клиенттің бұйрығын қабылдау күні және уақыты

____________________ Мөр



сауда бөлімшесі қызметкерінің тегі, аты орны (болған кезде)



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет