Постановление Правления алматы қаласы город Алматы Жоба



жүктеу 35.93 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі35.93 Kb.
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы





город Алматы


Жоба


«Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру

қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8591 тіркелген, 2013 жылғы 6 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 134 (2335) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларында:

2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Есепті тоқсан соңындағы динамикалық резервтің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Динамикалық резервтің мөлшері былайша айқындалады:

1) 2014 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсандар соңындағы динамикалық резерв Қағидалардың 2-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген 2013 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.

2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резервті есептеу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағына сәйкес айқындалған АПШ көрсеткішінің мәні 2013 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсандар соңындағы динамикалық резервті есептеу кезінде егер АПШ-тың мәні теріс болса, нөлге тең болып танылады;

2) 2015 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсандар соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес есептелген 2014 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады;

3) 2016 жылғы бірінші, екінші, үшінші, төртінші тоқсандар соңындағы динамикалық резерв осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес есептелген 2015 жылғы төртінші тоқсанның соңындағы динамикалық резерв мөлшерінде айқындалады.».

2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы, осы қаулының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Осы қаулының 1-тармағының бесінші – оныншы абзацтары 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Б. Сұлтанов _______________

­­­­20__ жылғы «___» _________





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет