Потанин атындаѓы жалпы орта білім бетерін мектеп



жүктеу 46.76 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі46.76 Kb.

Потанин атындағы жалпы орта білім бетерін мектеп

«МИФ» кеші



Жауапты мұғалімдер: Агыбаева А.Ш.

2015-2016 оқу жылы



«МИФ»кеші

Тақырыбы: «МИФ»кеші

Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
2 - жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «МИФ кеші» атты сайысқа қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыста Қыздар және Ұлдар командасы білімдерімен, тапқырлығымен, іскерліктерімен сынға түскелі отыр.
1 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену, жалықпау
Сәт – сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:


  • Таныстыру

  • Сұрақтар

  • Бейне сұрақ

  • Кім жылдам?

  • Логика

  • Капитандар сайсы “Полиглот”

  • Чёрный ящик (қара қорап)

  • Флешмоб (үй тапсырмасы)

9. Қорытынды.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер– деп,
әділқазы алқаларымен таныстырайық:
1 11 «А» сынып оқушылары Бекбер Мөлдір, Тохтарханов Ербол
2. Каиргожина Р.А.
3.Сейтова М.О.

4. Пусырханов Б.Т.


1 - жүргізуші: Таныстырып топтарын,
Ұрандарын айтады,
Көрерменге білдіріп
Әділ баға алады.2 - жүргізуші: Көрермендер тынысым,
Озар, қалар, қалыс кім.
Бүгінгі сайыс топтары,
Сіздерменен таныссын.деп «Таныстыру» кезеңін бастайық!

1. «Ұлдар» тобының таныстыруы:


Біздің ұран – Біз күшпіз тартамыз,
тебеміз, әлемге тартылыс береміз,
әділдік жолына сенеміз!
- Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!
2. «Қыздар» тобының таныстыруы:

­_____________________________

2 - жүргізуші: «Кім жүйрік ойға, сол алда» деп, логикалық сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс жауапқа 1ұпай.
1.«Қыздар» тобына сұрақтар:



  1. Сұрақтар.

1 топ

1. Заттың үш күйі /қатты, сұйық, газ/.

2. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? /9,8 м/с2/.

3. Су неше градуста қатады?/100/.

4. Жұмыстың өлшем бірлігі /Дж/.

5. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы /принтер/.

6. Компьютердің ең негізгі құрылғылары /жүйелік блок, пернетақта, монитор/.

7. Компьютерден өшірілеген құжаттар қайда сақталады?

8. Пифагор теоремасы / с222/.

9. Қандай сандар 0-ден үлкен /оң сандар/.

10. Шеңбер сызатын құрылғы /циркуль/.

2. «Ұлдар» тобы

2 топ


  1. Ток күшін өлшейтін құрал /амперметр/.

  2. Жердің серігі /ай/.

  3. Астрономия нені зерттейді?/ аспан денелерін/.

  4. Энергияның өлшем бірлігі /Дж/.

  5. Компьютердің ең басты бөлігі, миы /процессор/.

  6. Сурет салуға арналған бағдарлама /Paint/.

  7. Экран мен көздің арақашықтығы неше см болу керек?/60-70см/.

  8. Қандай барлық санға қалдықсыз бөлінеді?/0/.

  9. Бұрышты өлшейтін құрал /транспортир/.

  10. 25 санының квадраты нешеге тең?/625/.

2 - жүргізуші: Ағатын мөлдір бұлақтар


Білімнен кім бар жырақтар?
Тақтаға қарап үңілсең,
Сырлы сауал сұрақ бар.
экрандағы номерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.
(Экраннан бейне сұрақтар)

2 - жүргізуші:


Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер... деп, сайысымыздың келесі бөлімі «Кім жылдам» сайысын бастайық. Экранда көрсетілген әріптерге МИФ пәндеріне қатысты сөздер құрастырамыз. Уақыт кетті (4 мин)

Терминдерден құралған,


Ақ тілекті тыңдайық!
Алғыр, өткір жандардың,
Білімін біз сынайық. - деп
Келесі сайысымыз «Логикалық сұрақтар» Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.

Логикалық сұрақтар.

1топ.


1) Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса, не қалады? /ауа/.

2) Қандай үш сандарды қосқанда және көбейткенде бірдей жауап шығады /1х2х3/ /1+2+3/.

2 топ.

1) Термометр аяз болған соң 3градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? /3градус/.



2) Бөлмеде әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?/4мысық/.

Ал енді капитандар сайысы «Палиглот». Шарты: Экрандагы сұрақ беріледі. Сол сұрақтың жауабын үш тілде айту керек.

Заттың агрегаттық күйлері\

Жауабы: қатты, сұйық, газ. Твердое, жидкое, газообразное, Solid/ liquid /gas


  • Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы?

Жауабы: тышқанғ мышка, mous


  • 51+49=100

Жүз, сто one huugrad

Келесі сайысымыз «Черный ящик (қара корап)

Сайыстың шарты: Қорапта бір зат жасырылған. Ол затқа біз сипаттама береміз. Ал сендер қорапта қай зат жасырылғанын тауып айту қажет.

Чёрный ящик

1)

Bill English деген ғалым бұл құрылғыны халық назарына шығарған. 40 жылдан кейін миллиондаған адамдардың нағыз көмекшісіне айналған. Бұл құрылғының екі батырмасы бар. Ортаңғы бөлігінде айналдыру жолағы бар. Компьютерге қажетті құрылғылардың бірі.



/Мышка/

2)

а) Бұл ғалымды «сэр» деп атаған

б) Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған

в) Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы

г) Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген

/Исаак Ньютон/.

Ал, енді соңғы сайысымыз үй тапсырмасы «ФЛЕШМОБ»

Әділ қазылар өз шешімін шығарғанша, ортада Каллемов Алмас

Ал, енді кешіміздің жеңімпазын анықтау үшін әділ – қазыларға сөз беріледі.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,


Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай,
уақытында МИФ пәндерінің сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін көп оқып, ізденуіміз керек. Бүгінгі уақытта еліміздің, жеріміздің көркеюіне білімі мен қабілеті бірге ұштасқан біз - жастар еліміздің болашағымыз, дей келе, бүгінгі МИФ атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.
Каталог: uploads -> konspekt -> fizika
fizika -> Сабақтың білімділік мақсаты : Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау
fizika -> Кгу «сш №4 с дмц» г. Текели Алматинская область Пән: физика, 10 сынып
fizika -> Ақмола обылысы
fizika -> 7а сынып №31 сабаќ
fizika -> Сыныбы: 8 Пәні: физика
fizika -> Сабақтың тақырыбы : Рентгендік сәулелер
fizika -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі ортадағы электр тогы
fizika -> Сабақтың тақырыбы: Хлорсутек
fizika -> Сабақтың тақырыбы : Тұрақты электр тогы тарауына қайталау Сабақтың мақсаты
fizika -> Күні: 6. 02. 2013ж Сыныбы: I. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет