Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің құпия деректерінің таралып кету оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден

Аталған министрлік деректер және оларды қорғау туралы қолданыстағы заңнаманың бұзылғанын атап өтеді.

“Интернет желісінде дербес деректерді (оның ішінде медицина қызметкерінің құпиясын) тарату бойынша жарияланған ақпаратқа байланысты келесіні хабарлаймыз, аталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны байқалады. Бүгінгі таңда Министрлік осы мәселе бойынша түсініктеме беру үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сауал жолдады”, – делінген министрліктің сәрсенбіде таратқан ақпаратында.

  • Дубайға және өзге елдерге сапарлар ұйымдастырған: Танымал блогерлер шенеуніктерге интимдік қызмет көрсетіп келген
  • "Күнәлары үшін жауап береді": Қостанайда 10 жастағы оқушы мектепте атыс болатынын хабарлаған

Осы оқиғадан жапа шеккен студенттерге қайырылған министрлік оларды тиісті өтінішпен жүгінуге шақырды.

“Көрсетілген тізімдерде Сіздің дербес деректеріңіз болған жағдайда, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін бұзушылық бойынша материалдарды қоса бере отырып, Министрлікке тиісті өтінішпен жүгінуіңізді сұраймыз”, – деп қосты министрлік өкілдері.

Бұған дейін Алматыдағы жоғарғы оқу орны "пәк" қыздардың тізімін жариялап жібергені белгілі болған. Кейін бұл мәселеге байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.