Алматыда қатты жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтар қаладағы жер сілкінісі 4 балл болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, қаладағы жер сілкінісі шамамен 6 балл болған.

Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6,7 балл.

Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл.

Жер сілкінісі 00:09-да тіркелген. Алматыда жерасты дүмпуі 4 балл болып сезілген.

Тұрғындардың сөзінше, жер сілкінісі Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында, Қырғызстан аумағында да сезілген.

"Сейсмикалық стансалар желісі "NNTSSN и I" ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 23 қаңтар 2024 ж. Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан”, – деп мәлімдеді сейсмологтар.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы MPV 6.7. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,22°. 1,78° В Тереңдігі 65 км.

Сейсмологтардың мәліметінше жер сілкінісі 4 балл сияқты сезілген.

Оқырмандар жер сілкінісі қайталанғанын жазуда.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.