Қарағанды ​​облысындағы тас жолда ірі жол апаты болып, жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Қарағанды ​​облысы жол полициясы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұловтың айтуынша, жол апаты 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында болған.

"Қарағанды-Теміртау тас жолында ауа-райының нашарлауына байланысты "Алматы-Астана" бағытындағы жолаушылар автобуысы және 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты орын алды", – делінген полиция хабарламасында.

Зардап шеккен жолаушыларға Теміртауда медициналық көмек көрсетілуде. Жолда қалған адамдарға Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, патрульдік және әкімшілік полиция полкінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Барлығы қалаға жеткізіледі.

Таңертең Орталық Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттар ашық болған. Алайда желдің күшеюі мен қар жағдайды айтарлықтай қиындатқан. Қазір тас жолдағы көріну деңгейі өте төмен. Жолдар жабылды.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Темиртау | Казахстан 🇰🇿 (@temirtau.city)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.