Практикалық (семинарлық) сабаққа



жүктеу 1.03 Mb.
бет1/7
Дата05.01.2018
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

№ 1 басылым 09.06.2016


Ф Р 042-1.02-2015-01

Практикалық (семинарлық) сабаққа әдістемелік нұсқау

Факультет: Тарих-педагогика

Кафедра: Педагогика

Практикалық (семинарлық) сабаққа

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Пән атауы: «Кәсіби қазақ (орыс) тілі»

5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Семей 2016

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы

Кошкимбаева Р.Х _____________ «31.08» 2016ж.

Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру дәне басқару» пәні бойынша практикалық (семинарлық) сабақты 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне өткізуге арналған (барлық формада білім алатын студенттерге)
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Әдістемелік нұсқау «Педагогика» кафедра отырысында қарастырылды

Хаттама «31» 08. 2016 жыл, № 1.


Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
Әдістемелік нұсқау Тарих-педагогика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама «31» 08. 2016 жыл, №1
Төрайымы ______________ Абишева Ш.Ш

Мазмұны



1

Мазмұны

3

2

Кіріспе

4

3

Негізгі бөлім

8

4

Ұсынылатын әдебиеттер

20


Кіріспе

Бүгінгі таңдағы жоғары білім берудің басты міндеттердің бірі іргелі білімді меңгерген, бастамашыл, нарық және қоғамның өзгермелі талаптарына бейімделе алатын бәсекеге қабілетті жаңа тұрпатты маман дайындауды көздейді. Заман талабына сай жоғары оқу орындарында маманның үш тілде кәсіби құзыретті болуына мән беріліп, кәсіби тілін үш тілде ауызша сөйлеуге, сауатты жазуға, кәсіби термин мағынасын түсініп, іс-әрекетте дұрыс қолдануға үйретуде «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізілуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (2010) болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби қазақ тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білуі мектепке дейінгі педагогика, оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру әдістемесі бойынша маңызды мәліметтерді қазақ тілінде түсіне білуге төселдіру мақсат етіліп отыр.

Студенттің сөздік қорының қазақша кәсіби лексикамен толығуы оның кәсіби біліктілігінің артуының, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуының, шығармашылық-интеллектуалдық қабілетінің дамуының негізі болып табылды.

Бұл пәннің мазмұны болашақ мектепке дейінгі білім беру мамандарының қазақ тіліндегі әдебиетпен жұмыс жасауына, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуде қолданатын түсіндірмелі аппаратпен танысуына мүмкіндік береді. Кәсіби қазақ тілін оқыту үдерісінде студенттер мектепке дейінгі білім беру саласындағы қазақ тіліндегі мәтіндерді меңгеріп, мазмұнын әңгімелеу түрінде жеткізе білу, құзыреттілігіне ие болады.

Пәнді оқыту мақсаты:

«Кәсіби қазақ тілі» пәні болашақ мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласында қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:


    • Студенттерге қазақ тілінде мектепке дейінгі білім берудегі түсіндірмелі аппараттың негіздерін беру;

    • Студенттерге кәсіби қазақ тіліндегі мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы барысында қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып сөйлеу біліктілігін қалыптастыру;

    • Қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана аалу біліктілігін қалыптастыру;

    • Кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге, оны тілдік-жағдаяттық негізде меңгеруге дағдылану;

    • Тілдік тұлғаның қатысымдық құзіреттілігін дамыту;

    • Күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлеуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты іс-қағаздарды жазуды үйрету.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

білу:

    • Қазақ тілінде мектепке дейінгі педагогика ғылымының терминдері мен түсініктемелерін білуі;

    • Кәсіби әрекетінде қазақша қарым-қатынас әдебін жүзеге асыру, әңгімелеу, әңгімелесу, сөйлеуге қатысу, өз ойын дәлелдей білу қабілетінің болуы.

    • Кәсібіне байланысты жинаған қазақ тіліндегі сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірін нақты, анық жеткізу;

орындай алу:

    • Кәсіби қазақ тілінің жазбаша түрін (іс-қағаздарының түрі анықтама-ақпараттық құжаттар-түсініктеме, мәлімдеме, анықтама, қызметтік хаттарды орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормаларды сақтай отырып сауатты жазуға толтыруға, т.б.) қолдану дағдысы.

  • Кәсіби термин мен терминдік тіркестердің этимология, шығу төркінін білу, мағыналарын түсінуі;

  • Арнайы қазақ тіліндегі әдебиеттерден мектепке дейінгі білім берудің басты мәселелерін түсінуі тиіс.

  • Өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдылары болуы тиіс.

дағдысының болуы:

  • «Кәсіби қазақ тілі» курысын меңгеру негізінде студент мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелері жөнінде қазақ тілінде өзінің ой-пікірін жеткізу;

  • Кәсіби қазақ тілінің ауызша түрін (кәсіби қарым-қатынас әдебі, келіссөздер, телефон сұхбаты, жиналыс, жиындарда сөйлеу, монологтік, диалогтік сөйлеуін жетілдіру т.б.) қолдану.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет