Алматылық тұрғыны әлеуметтік желіде “Қуандық Бишімбаев сотта телефон пайдаланды” деп жазба жариялағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Трансляциядан скриншот

Ислам Угушев есімді желі қолданушысы Instagram парақшасында Қуандық Бишімбаевтың сотта телефон пайдалануы мүмкін екенін айтып, болжам жасаған. 

“5 сәуірде ел назарын аударған сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың телефон пайдаланғаны туралы болжам жасап, видео жарияладым. Осы сөзім үшін 55 мың теңге көлемінде айыппұл салды”, – деп жазды Ислам Угушев.

Полиция жазба авторын анықтады.

“Ол жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Бишімбаев әйелінің мүшкіл хәлін көре тұра не себепті жедел жәрдем шақырмай, көріпкелге хабарласқанын түсіндірген еді.

Айта кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ислам Угушев (@ugushev_i)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.