2023 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстан автобизнесіндегі кейінгі 10 жылда алғаш рет Chevrolet бренді айына 5 796 көлік сатып рекорд орнатты. 

Арнайы акцияның арқасында 6 мыңға жуық қазақстандық жылдың соңғы айында жаңа автокөлігін сатып алып, 7 млн теңгеге дейін үнемдеді.

Қазақстандағы Chevrolet дистрибуциясының алдын ала деректері бойынша, 2023 жылғы ең танымал үлгілер қатарына халықтық брендтің екі өкілі кірді. Chevrolet Cobalt (30 425) 3 жылдан бері ресми нарықта ең көп сатылған көлік ретінде дәстүрлі түрде көш бастап тұр. Ал 2023 жылы жарты жыл ішінде Chevrolet Оnix седанының 6 мыңы нарыққа шықты. Бұған бағаның тиімді екені ғана емес, заманауи опциялық жабдықтау да септігін тигізді. 2023 жылдың ортасында таныстырылған седан бірден сатып алушылардың жүрегін жаулап, сатылымға шыққан алғашқы айда Қазақстандағы ең көп сатылып жатқан үлгілердің қатарында екінші орынды иеленді.

2024 жылғы 17 қаңтарда Chevrolet бренді достық Quryltaı ұйымдастырып, мұнда былтыр брендтің маркетинг жобаларын сәтті жүзеге асырған блогерлер, журналистер мен серіктестер қатысып, өткен жылды қорытындылады. 

Кездесудің маңызды сәттерінің бірі 2023 жылы бренд үлгісін таныстыруға ауқымды үлес қосқан адамға Chevrolet Jūldyzy марапатын тапсыру салтанатты рәсімі болды. Марапат елде халықтық бренд жобаларын жүзеге асыруда креатив және тиімді тәсілдерді ұсынған блогерлер мен БАҚ өкілдеріне бірнеше санат бойынша табысталды. 

"Chevrolet-ні таңдаған барлық қазақстандықтарға сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Chevrolet ең ірі Allur автомобиль компаниясының құрылымында жұмыс істеген жылдары шынымен халықтық брендке айналды. Бұған 2022 жылғы нәтижемен салыстырғанда сатылымның 33,6% өскені дәлел. Біз алдағы уақытта да отандастарымыздың барлық талаптарына сай келу үшін қызықты іс-шаралар ұйымдастыруды, тиімді бағдарламалар жүргізуді, көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз"– деп атап өтті Chevrolet Kazakhstan маркетинг және клиенттік дистрибуция қызметі департаментінің директоры Юлия Кронгарт.

Кездесу барысында марапаттау рәсімінен бөлек автомобиль индустриясы саласындағы жылдың алдын ала қорытындысы жасалып, Chevrolet брендінің Қазақстанның автомобиль нарығындағы жетістіктері көрсетілді. Іс-шара Алматыда тау баурайындағы табиғаты ғажап алаңда өтті.

Chevrolet автокөлік брендінің дистрибуторы 2020 жылғы мамырдан бастап Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіреді. Chevrolet бренді – 2021 жылдан бері ресми нарықта ең көп сатылған автокөліктердің бірі.  

2022 және 2023 жылдары екі жыл қатарынан Chevrolet Cobalt "Қазақстанның үздік тауары" көрме-байқауының Қостанай облыстық кезеңінің "Халыққа арналған үздік тауар" номинациясында жеңіске жетті. Өз қалаңыздағы дилерлік орталықтың мекен-жайын ресми сайттан таба аласыз.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.