12 ақпанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәжіліс алаңында 10 ақпаннан бастап Қазақстанда киіктің популяциясын реттеу тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ru.wallpaper.mob.org
Мәжіліс алаңында министр мұндай шешімнің отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, талқылаудан кейін қабылданғанын түсіндірді.
"Қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық”, – деді Ерлан Нысанбаев.
- Қазақстанда 2024 жылы тағы 300 мың киік ату ұсынылып отыр
- Қазақстанда алдағы уақытта киіктерді қолға үйретіп, етін консервілеуді жоспарлап отыр
Сондай-ақ ол Қазақстанда реликттік бөкен популяциясы жаңадан көбеюі болжанғанын түсіндірді.
"Былтырғы киік төлінің санын ескере отырып, биыл мамыр айында мұқият егжей-тегжейлі санақ жүргізіледі. Болжам бойынша, 40% өсті деп айта аламын. Жалпы төлдеу кезінде есепке алсақ. Былтырғы киік төлі бойынша популяция шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Сонымен қатар киік төлі бойынша пессимистік болжамды алсақ та – бұл 30% болса, тағы да плюс шамамен 700–750 мың бас болады деп күтеміз”, – деді министр.
Министр 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз екенін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әуесқой аңшыларға киік атуға рұқсат берілетіні туралы жазған едік.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.