Правила закупок товаров, работ и услуг Акционерным обществом «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и организациями пятьдесят и более процентов акций (долей участия) которых прямо или косвенно принадлежат ао «Самрук-Казына»



жүктеу 0.91 Mb.
бет2/5
Дата07.05.2019
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5
3. Сатып алу тәсілдері
17. Өнім берушіні таңдау мынадай:

1) тендер өткізу:

ашық;

жабық;

екі кезеңді (ашық, жабық);

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;

4) тауар биржалары арқылы;

5) бір көзден сатып алу тәсілдермен жүзеге асырылады.

Осы Қағиданың 1) және 2) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын сатып алу Қордың басқармасы анықтайтын тәртіппен электрондық сатып алу арқылы жүргізілуі мүмкін.
18. Сатып алу тәсілін Тапсырыс беруші Қағиданың негізінде дербес таңдайды. Сатып алу тәсілін анықтаған кезде Тапсырыс беруші Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымынан (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар), Холдингке кіретін ұйымдардан, отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуда басымдық беру қажеттілігін басшылыққа алуы қажет.
19. Тапсырыс беруші Холдингке кіретін ұйымдар үшін бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы. Тендерлік құжаттамадағы техникалық ерекшелікті (техникалық тапсырманы), төлем талабын және сатып алу туралы шарттың жобасын сатып алу өткізілетін барлық ұйымдармен бірыңғай ұйымдастырушы келіседі.

Жүргізілген сатып алу қорытындылары бойынша Холдингке кіретін ұйымдар бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы таңдаған өнім берушімен сатып алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
20. Орталықтандырылған сатып алу өткізу кезінде:

1) Қор Холдингке кіретін ұйым үшін бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы;

2) Қор Холдингке кіретін барлық немесе бірнеше ұйымдар үшін Қор Басқармасының шешімі негізінде бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауға құқылы.

Бұл жағдайларда, тендерлік құжаттамадағы техникалық ерекшелікті (техникалық тапсырманы), төлем талабын және сатып алу туралы шарттың жобасын сатып алу өткізілетін барлық ұйымдармен бірыңғай ұйымдастырушы келіседі.

Жүргізілген орталықтандырылған сатып алу қорытындылары бойынша Холдингке кіретін ұйымдар бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы таңдаған өнім берушімен сатып алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
4. Тендер өткізу тәсілімен сатып алу
Жалпы ережелер
21. Тендер өткізу тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өткізіледі.
22. Тендер тәсілімен сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші құқыққа қабілетті (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық іс-әрекетке қабілетті (жеке тұлғалар үшін) болуы қажет.
23. Тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде:

1) біртекті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді біртектілік бойынша лоттарға бөлуге міндетті;

2) біртекті жұмыстарды, қызметтерді Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада біртекті жұмыстарды, қызметтерді беру оларды орындау, көрсету орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті;

3) біртекті тауарларды Тапсырыс беруші тендерлік құжаттамада біртекті тауарлардың түрлері және/немесе оларды беру орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

Осы тармақта белгіленген талаптар тендер тәсілімен кешенді жұмыстарды сатып алуға және жеке және шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аудиті бойынша қызметтерді орталықтандырылған сатып алуға қолданылмайды.
24. Тендерге қатысуға өтінімдерді қарау, салыстыру және бағалау, сондай-ақ тендер жеңімпазын айқындау Қағиданың 23-тармағында көрсетілген жағдайларда, тендерлік құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
Ашық тендер өткізу тәсілімен сатып алу
25. Ашық тендер тәсілімен сатып алу рәсімі мынадай дәйекті
іс-шараларды өткізуді көздейді:


1) ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу туралы шешім қабылдау, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту;

2) ашық тендер тәсілімен сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру және аптасына кемінде 3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялау;

3) тендерлік құжаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру, әлеуетті өнім берушілерге тендерлік құжаттаманы беру және тендерлік құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу;

4) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясы хатшысының қабылдауы және тіркеуі;

5) ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу бойынша тендер комиссиясының отырысы, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдеу, ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін тендер комиссиясының қарауы;

6) ашық тендердің қорытындыларын шығару, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттама ресімдеу;

7) ашық тендердің қорытындылары туралы хаттаманы Тапсырыс берушінің веб-сайтына және Қор анықтаған веб-сайтқа орналастыру;

8) ашық тендердің қорытындылары туралы ақпаратты аптасына кемінде
3 (үш) рет басылып шығатын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарайтын мерзімді баспа басылымында жариялау;


9) ашық тендер жеңімпазымен сатып алу туралы шарттар жасасу.
Тендерлік комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы)
26. Ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім Тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе олар уәкілеттік берген өзге тұлғаның бұйрығы түрінде ресімделеді.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін Тапсырыс беруші тендерлік құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құруға (сарапшыны тартуға) құқылы.
27. Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын тендерлік комиссия төрағасының орынбасары орындайды. Тендерлік комиссияның құрамы кемінде бес адам болуға тиіс.

Тапсырыс берушінің бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары немесе өзге басшысы тендерлік комиссияның төрағасы болады.

Тендерлік комиссияның құрамына тендерлік комиссияның мүшелері ретінде Қор Басқармасы анықтаған жағдайларда және тәртіппен қоғамдық бірлестіктердің және қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері енгізілуі қажет.
28. Тендерлік комиссияның төрағасы:

1) тендерлік комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды;

2) тендерлік комиссияның отырыстарында төрағалық етеді;

3) Қағидада көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.


30. Тендерлік комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және Қағиданың 79, 80-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін (егер тендер өткізілмеген жағдайда) не тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.
30. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия құрамының көпшілігі қатысқан кезде жүргізіледі және отырысқа қатысқан тендерлік комиссияның құрамы және тендерлік комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Тендерлік комиссия құрамының қандай да бірі қатыспаған жағдайда, тендерлік комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, оның болмау себебі көрсетіледі.

Тендерлік комиссия құрамының қарапайым көпшілігі болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші кворумға қол жеткізу мақсатында тендерлік комиссияның қандай да бір қатыспаған құрамының орнын басқамен ауыстырады. Қатыса алмаған тендерлік комиссия хатшысын және (немесе) сарапшыны ауыстыруды Тапсырыс беруші міндетті тәртіппен жүргізеді.
31. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, ол қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Тендерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы тендерлік комиссия құрамының кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

Тендерлік комиссияның қандай да бір құрамының мүдделер қақтығысы болған жағдайда, осы адам тендерлік комиссияның хатшысын бұл туралы хабарландырады, ол туралы ашық тендер қорытындылары туралы хаттамада жазба жасалады.


32. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

Тендерлік комиссияның хатшысы:

1) тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, тендерлік комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;

2) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, ашық тендердің қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;

3) тендерге қатысуға өтінімдерді ашқан сәттен бастап ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;

4) осы Қағидада көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


33. Тапсырыс берушіде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге сарапшыларды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуға құқылы.

Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.


34. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.


35. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол тендерлік құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны тендерлік комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.

Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.


36. Тапсырыс беруші анықтаған немесе Тапсырыс беруші үшін Сатып алуды ұйымдастырушы анықтаған жағдайда, ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу жүргізу, тендер комиссиясының, қажет болған жағдайда сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) бекіту, тендер комиссиясының хатшысын белгілеу, тендерлік құжаттаманы бекіту туралы шешім бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе олар уәкілеттік берген өзге тұлғаның бұйрығы түрінде ресімделеді.

Бұл орайда, тендерлік құжаттамадағы техникалық ерекшелік (техникалық тапсырма), төлем талабы және сатып алу туралы шарттың жобасы Тапсырыс берушімен келісіледі. Тендерлік комиссияның құрамына Тапсырыс берушінің өкілі міндетті түрде енгізіледі.
37. Кез келген мүдделі тұлғаның конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссияның отырыстарына қатысуға құқығы бар. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерлік комиссияның отырыстарын аудио және бейнежазуға рұқсат етіледі.
Тендерлік құжаттама
38. Тендерлік құжаттамада мынадай мәліметтер:

1) Тапсырыс берушінің атауы мен орналасқан жері;

2) белгіленген тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы/белгіленген тәртіпте бекітілген қажетті бөлім жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшеліктерін қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, ал қажет болғанда – нормативтік техникалық құжаттаманы көрсету;

3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, қызметтердің көлемі;

4) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны және талабы;

5) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімі (кестесі), ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтерді көрсетудің сапасына кепілдік беру;

6) төлем жасау шарттары және елеулі шарттары көрсетіле отырып, сатып алу туралы шарттың жобасы;

7) бағалаудың барлық өлшемдерінің сипаттамасы және бағаны шартты түрде төмендетуге немесе ұлғайтуға ықпал ететін тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін салыстыру;

8) баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар:

әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тасымалдауға және сақтандыруға шығыстар, кедендік баждарды, басқа да салықтарды, алымдарды төлеу, сондай-ақ тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету талаптарында көзделген өзге де шығыстарды қамтылған, ҚҚС есептемегенде, олардың бірлігіне баға, сондай-ақ жалпы бағасы көрсетілуі қажет;

9) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы көрсетілетін валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында баға ұсынысын бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағам;

10) әлеуетті өнім берушілер өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірге орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі (егер тендерлік құжаттамада жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушыларды) тартуға әлеуетті өнім берушінің құқығы көзделген жағдайда);

Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірге орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірге орындауға) жиынтықта жұмыстардың (құрылыс құны), қызметтердің үштен екі бөлігінен көбін беруіне жол бермейді.

11) тендерге қатысуға өтінімдер жасалатын және табыс етілетін тілге қойылатын талаптар;

12) тендерге қатысуға өтінімді енгізудің талаптары, қамтамасыз етудің мазмұны мен түрлері (егер тендерлік құжаттамада тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді көзделетін жағдайда);

13) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өз өтінімін оны берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті сілтеме жасау;

14) тендерге қатысуға өтінім салынған конвертті табыс етудің тәртібі, тәсілі, орны мен соңғы мерзімі және тендерге қатысуға өтінімнің қолданыста болуының талап етілетін мерзімі;

15) тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу талабы (егер тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен кездесулер өткізу көзделген жағдайда), сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрата алатын тәсілдер;

16) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні және уақыты;

17) тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, тендерге қатысуға өтінімдерді қарау, тендерге қатысуға өтінімдерді бағалау мен салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;

18) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің талаптары, түрлері, көлемі (сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын) және оны енгізудің тәсілі (егер тендерлік құжаттамада сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді көзделетін жағдайда);

19) тендер тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын, ҚҚС-ны есептемегенде, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер;

20) жариялануға жататын ақпаратты орналастыру жоспарланған веб-сайттың электрондық мекен-жайы;

21) тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі мен мерзімі;

22) тендер қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт жасасудың тәртібі;

23) дұрыс емес ақпаратты әлеуетті өнім берушінің беру, әлеуетті өнім берушіні сенімсіз деп тану салдарлары туралы ақпарат;

24) әлеуетті өнім берушілердің өткізілген сатып алуға байланысты құқықтары бұзылған жағдайда, өтініш жасау үшін электрондық почтаның мекен-жайы және телефондардың нөмірлері қамтылуға тиіс.

Тендерлік құжаттамада негізгі (орнатылған) жабдықты жете буып-түю, жаңғырту және жете жарақтандыру үшін тауарларды сатып алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, тауарлық белгілерге, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауына, патенттерге, пайдалы модельге, өнеркәсіп үлгілеріне, тауарды шығарған орынның атауына және өндірушінің атауына нұсқамалардың мазмұны, сондай-ақ жеке әлеуетті өнім берушіге сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің қажеттілігін анықтайтын өзге сипаттамалар көрсетілмейді

Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін сатып алудың талаптары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
39. Тендерлік құжаттамада тендерге қатысуға тек:

1) отандық тауар өндірушілер;

2) Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар);

3) жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша – отандық кәсіпкерлер жіберілетіні көзделуі мүмкін.


40. Тендерлік құжаттамада бағаны шартты түрде төмендетуге ықпал ететін тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалау мен салыстырудың мынадай міндетті өлшемдері көзделеді:

1) әлеуетті өнім беруші сатып алынатын тауардың отандық тауар өндіруші болып табылады және Холдингтің Отандық тауар өндірушілерінің тізілімінде бар (бағаны 10%-ға шартты түрде төмендету);

2) әлеуетті өнім беруші Холдингтің Адал өнім берушілер тізбесіне сәйкес адал өнім беруші болып табылады (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету);

3) әлеуетті өнім беруші мүгедектер ұйымы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлға) болып табылады және Холдингтің тиісті тізілімінде тұрады (бағаны 5%-ға шартты түрде төмендету);

4) әлеуетті өнім берушіде берілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау – беру актілерінің тиісті түпнұсқасымен немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерімен расталған соңғы 10 жыл ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы (жұмыс тәжірибесінің 3 жылы үшін бағаның 1,5%-ға және әрбір 1 жылғы жұмыс үшін 0,5%-ға, бірақ 5%-дан аспайтын шартты түрде төмендету);

5) өткізілетін сатып алудың тиісті мәніне мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджменттің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) әлеуетті өнім берушіде болуы (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету);

6) өткізілетін сатып алу мәні болып табылатын әлеуетті өнім берушінің тауарында қазақстандық қамту (әрбір 1% қазақстандық қамту үшін 0,1%-ға бағаны шартты түрде төмендету), ол жалғыз, стандартты емес, сериялық емес тауарды немесе тапсырыспен шығарылатын тауарды шығарған кезде тиісті уәкілетті орган берген тауардың шығу сертификаты (СТ KZ нысандары) немесе өтініш-декларация негізінде анықталады;

7) ұсынылған жұмыстарда немесе қызметтерде қазақстандық қамтудың пайыздық мәні көрсетілген, әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы не оған уәкілетті тұлға қол қойған жұмыстарда немесе қызметтерде қазақстандық қамту үлесі бойынша әлеуетті берушінің міндеттемесі (әрбір 1% қазақстандық қамту үшін 0,1%-ға бағаны шартты түрде төмендету).

8) мемлекеттік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушіде экологиялық менеджменттің сертификатталған жүйесі болуы (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету);

9) мемлекеттік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушіде еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі менеджментінің сертификатталған жүйесі болуы (бағаны 1%-ға шартты түрде төмендету).

Бағаны шартты төмендетуге әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды әлеуетті өнім берушілер бермеген жағдайда, тендерлік комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдікті қолданбайды, бұл ретте бағаны шартты төмендетуге әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеу мұндай өтінімді қабылдамау үшін негіздеме болып табылмайды.

Консорциумның тендеріне қатысқан жағдайда, тендерлік комиссияның бағаны шартты түрде төмендетуіне әсер ететін міндетті бағалау өлшемдері мен әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерін салыстыру - консорциумға қатысушылардың консорциалдық келісімімен анықталған консорциумға бас қатысушыға ғана қолданылады.
41. Тендерлік құжаттамада тендерге қатысушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:

1) тендерге қатысуға өзінің өтінімін өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің;

2) оны тендердің жеңімпазы деп таныған жағдайда, тендердің қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімде Тапсырыс берушімен шартты жасасатындығының және егер сатып алу шарттарында осындай қамтамасыз ету көзделген жағдайда авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді және (немесе) сатып алу туралы қасмтамасыз етуді енгізетіндігін кепілі ретінде банк кепілдігі түрінде немесе тапсырыс беруші анықтаған өзге де түрде енгізуі көзделуі мүмкін.

Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тендерлік құжаттамада анықталған, бірақ Тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасында осы тауарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін көрсетілген сомадан 1 (бір) пайыздан аспайтын мөлшерде енгізіледі. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерге қатысуға өтінімнің қолданылатын мерзімінен кем болмауы қажет.


42. Әлеуетті өнім беруші енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге мынадай:

1) өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін тендерге қатысуға өз өтінімдерін осы әлеуетті өнім беруші қайтарып алуы;

2) тендердің қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;

3) сатып алу туралы шарт күшіне енген және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тендердің жеңімпазын енгізу;

4) тендерге қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады.

Салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге тендерге қаптысуға өтінімді қамтамасыз ету тендердің жеңімпазы авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізген және (немесе) тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарт орындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде қайтарылады.
43. Әлеуетті өнім беруші енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мынадай:

1) әлеуетті өнім беруші өтінімді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімін қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

2) тендердің жеңімпазы деп белгіленген әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған;

3) тендердің жеңімпазы сатып алу туралы шартты жасасып, авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) сатып алу туралы шартты орындау туралы тендерлік құжаттамада белгіленген талапты орындамаған не уақытылы орындамаған;

4) салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе сатып алу туралы шарт жасасып, авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) сатып алу туралы шартты орындау туралы тендерлік құжаттамада белгіленген талапты орындамаған не уақытылы орындамаған жағдайлардың бірі болған кезде қайтарылмайды.
44. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді:

1) Холдингтің тиісті тізілімінде тұрған мүгедектер ұйымдары (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мүгедек жеке тұлғалар);

1) отандық тауар өндірушілер (олар өндіретін тауарларды беруге тендерге қатысқан кезде);

3) Холдингке кірмейтін ұйымдар енгізбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет